Гексорал® Табс Классик
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Гексорал® Табс Классик
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Апельсинді, лимонды, бал-лимонды, қарақарақатты соруға арналған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
2,4-дихлорбензил спирті 1.2 мг
амилметакрезол 0.6 мг
қосымша заттар:
- сахароза, сұйық глюкоза, лимон қышқылының моногидраты, натрий фосфаты рибофлавинінің бояғышы, қанық қызыл бояғыш (Понсо 4 R), жалбыз майы, анис майы, тәтті апельсин майы (апельсинді)
- сахароза, сұйық глюкоза, лимон қышқылының моногидраты, натрий фосфаты рибофлавинінің бояғышы, жалбыз майы, анис майы, концентрацияланған лимон майы (лимонды)
- сахароза, сұйық глюкоза, қанық қызыл бояғыш (Понсо 4 R), натрий фосфаты рибофлавинінің бояғышы, карамель бояғышы, жалбыз майы, лимон майы, балдың дәмін беретін зат (бал-лимонды)
- сахароза, сұйық глюкоза, лимон қышқылының моногидраты, қара ПН және қанық қызыл (Понсо 4R) (1.0 : 0.7) бояғыштарының қоспасы, жалбыз майы, қара қарақаттың дәмін беретін зат (қара қарақатты).
Сипаттамасы
Екі беті дөңес дөңгелек пішінді қызыл сары түсті таблеткалар (апельсинді).
Екі беті дөңес дөңгелек пішінді сары түсті таблеткалар (лимонды).
Екі беті дөңес дөңгелек пішінді қоңырқай-сары түсті таблеткалар (бал-лимонды).
Екі беті дөңес дөңгелек пішінді күлгін түсті таблеткалар (қара қарақатты).
Ауа көпіршіктері мен шеттері тегіс емес болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.
АТХ коды R02AA20Фармакологиялық қасиеттеріФармакокинетикасы
Жүйелі сіңірілуі төмендігіне байланысты Гексорал® Табс Классик фармакокинетикасы туралы деректер жоқ.
Фармакодинамикасы
ЛОР-практикада және стоматологияда жергілікті қолдануға арналған антисептикалық біріктірілген препарат. 2,4-дихлорбензил спирті бензол туындысы, амилметакрезол – фенол туындысы болып табылады. Препараттың белсенді компоненттері жергілікті антисептикалық және азғана жергілікті жансыздандыратын әсер туғызады; шырышты қабатқа адгезиясы әсерінің ұзаруына ықпал етеді. Гексорал® Табс Классик жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабықтарының тітіркену симптомдарын жояды, шырышты қабыққа деконгестивтік әсер көрсетеді, мұрынның бітелуін төмендетеді, тамақтың тітіркенуін және ауыруды жұмсартады.
Гексорал® Табс Классиктің әсер ету механизмі микробтық жасушалардың ақуыздары коагуляциясымен, сондай-ақ, жасуша жарғақшалары липидтерімен өзара әрекеттесуімен байланысты, бұл қоздырғыштарға қарсы тиімділігін анықтайды. Грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты белсенді, сондай-ақ, антимикоздық әсерге ие.
Қолданылуы
- ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы-қабыну ауруларында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға әр 2-3 сағат сайын 1 таблеткадан сору ұсынылады. Ең жоғарғы тәуліктік доза - 8 таблетка. Емдеу курсы – 5-7 күн.
Жағымсыз әсерлері
Сирек:
- аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 12 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа топтағы дәрілік препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты эпилепсияда, жүрек өткізгіштігі бұзылғанда, шокта, бауыр функциясы бұзылуында сақтықпен қабылдау керек.
Тамақтың ауыруы 2 күннен астам уақытқа созылғанда немесе бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу қатарласқанда дәрігермен кеңесу қажет.
Препарат құрамында қант бар, мұны қант диабеті бар науқастар, сондай-ақ, гипокалориялық емдәмде есепке алу керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті және бала емізетін әйелдер препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесуі қажет.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлік басқару және қозғалмалы механикалық жабдыққа қызмет көрсету қабілетіне әсері анықталған жоқ.
Артық дозалануы
Ұсынылған дозаларда қолданғанда препараттың артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға 4 таблеткадан салынған. 2, 3 немесе 4 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға 8 таблеткадан салынған. 2 немесе 3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде 30 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Юник Фармасьютикал Лабораториз» («Дж.Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.» фирмасының бөлімшесі), Үндістан
Нилам Сентер, «Б» қанаты, 4 қабат, Хинд Сайкл Роуд, Ворли, Мумбай – 400 030, Үндістан
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Джонсон Джонсон» ЖШҚ, Ресей
121614, Ресей, Мәскеу қ., Крылатская к-сі, 17, 2 құрылыс
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасындағы «Джонсон Джонсон» ЖШҚ филиалы 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42, 23-А павильоны
тел./факс: +7 (727) 2458810, 2458815
электронды поштасы: safetyru@its.jnj.com