Гексализ
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Гексализ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Соруға арналған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 5,0 мг биклотимол, 5,0 мг лизоцим гидрохлориді, 5,0 мг эноксолон
қосымша заттар: лимон майы, лимон қышқылының моногидраты, магний стеараты, гуммиарабик, сахароза, қызыл-сары бояғыш S (Е 110).
Сипаттамасы
Дөңгелек түрдегі, лимон иісі бар, сары-қызғылт-сары түсті таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.
АТХ коды R02АА20
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Шырышты қабықтар арқылы сіңуі өте баяу жүреді.
Фармакодинамикасы
Микробтарға қарсы, вирустарға қарсы және қабынуға қарсы әсері бар жергілікті қолдануға арналған біріктірілген препарат.
Биклотимол – бифенолдар туындысы, бактериостатикалық әсері бар, стафилококктар, стрептококктар және коринебактерияларға қатысты белсенді, жергілікті жансыздандыратын және қабынуға қарсы әсері бар.
Лизоцим - полипептидті муколитикалық фермент, микробтарға қарсы әсер етеді. Грамоң бактерияларға қатысты белсенді, грамтеріс микроорганизмдердің лизоцимге сезімталдығы аз. Организмнің спецификалық емес қорғаныс факторлары белсенділігінің артуына ықпал етеді, қабынуға қары және муколитикалық әсері бар. Лизоцим вирустарға қарсы белсенділік (вирустармен кешен түзеді) танытады. Организм қорғанысының табиғи факторларына жатады.
Эноксолон – глицирризин қышқылынан бөлінген кешенді тритерпен. Кортизолдың белсендігін жоятын 11-бета-гидроксистероиддегидрогеназаны тежейді. Қабынуға қарсы, микробтарға қарсы және вирустарға қарсы әсері бар.
Қолданылуы
Биклотимолға сезімтал қоздырғыштар туындатқан, ауыз қуысының, жұтқыншақ, көмейдің инфекциялық-қабынбалы ауруларында
Қолдану тәсілі және дозалары
Шайнамай, тәулігіне 6 – 8 таблеткадан баяу сору керек.
Емдеу курсы 5 күн.
Жағымсыз әсері
- аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа да жергілікті дәрілермен бір мезгілде қолданбау керек.
Айрықша нұсқаулар
Қант диабеті бар науқастарға бір таблеткадағы - 1,054 г қант мөлшеріне назар аудару керек.
Егер аурудың симптомдары 5 күн ішінде басылмаса, ем жүргізуді қайта қарастыру керек.
Жүктілік және лактация
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде, егер ана үшін күтілетін пайда ұрық және балаға деген қауіптен артқан жағдайда ғана қолдануға болады.
Автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий фольгадан және поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
3 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Лаборатории БУШАРА-РЕКОРДАТИ
Immeuble Le Wilson,
70 avenue du General de Gaulle – 92800 Puteaux, France/Франция
Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Орталық Азиядағы «ФИК Медикаль» (FIC MEDICAL) өкілдігі,
050000, Қазақстан, Алматы қ-сы, Төле би к-сі 69, 33 кеңсе,
тел.: +7 (727) 272 93 08, факс: +7 (727) 272 90 25
e-mail: fic_kz@ficmedical.kz, www.ficmedical.ru