Гексавит (драже)

МНН: Поливитамины
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019775
Информация о регистрации в РК: 01.04.2013 - 01.04.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Гексавит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Драже

Құрамы

Бір драженің құрамында

белсенді заттар:

ретинол пальмитаты (А витамині) 2,75 мг (5000 ХБ)

тиамин гидрохлориді (В1 витамині) 2,00 мг

аскорбин қышқылы (С витамині) 70,00 мг

рибофлавин (В2 витамині) 2,00 мг

пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) 2,00 мг

никотинамид 15,00 мг

қосымша заттар: ара балауызы, бидай ұны, күнбағыс майы, крахмал сірнесі, сахароза (қант), тальк, "Лимон" тағам хош иістендіргіші.

Сипаттамасы

Сарыдан-қызыл сары түске дейінгі, әлсіз өзіне тән иісімен шар пішінді драже.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Поливитаминдер

АТХ коды A11ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Кешенді поливитаминді препарат, оның әсер етуі құрамына кіретін витаминдер әсеріне негізделген.

Ретинол пальмитаты (А витамині) – майда еритін витамин, тотығу-тотықсыздану үдерісінде маңызды рөл атқарады, мукополисахаридтер, ақуыздар, липидтер синтезіне қатысады. Қалыпты спермато- және овогенезге, плацентаның дамуына, эмбриондық тіндердің, оның ішінде эпителиялық құрылымдар мен сүйек тіндерінің қалыпты дамуы мен жіктелуіне ықпал етеді. Қалыпты ымырттық және түрлі-түсті көруге қажетті көру пигменттерінің түзілуіне қатысады; эпителий тіндерінің тұтастығын қамтамасыз етеді, сүйектің өсуін реттейді.

Тиамин гидрохлориді (В1 витамині) коэнзим ретінде көмірсу алмасуына, жүйке жүйесінің қызметіне қатысады.

Рибофлавин (В2 витамині) - жасушалық тыныс алу мен көзбен көру үдерістерінің маңызды катализаторы.

Пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) – коэнзим ретінде ақуыздар алмасуы мен нейромедиаторлар синтезіне қатысады.

Никотинамид – тіндік тыныс алу үдерістеріне, май мен көмірсу алмасуларына қатысады.

Аскорбин қышқылы (С витамині) - бірқатар биологиялық белсенді заттардың тотығуына, дәнекер тіндердің компоненттерін реттеуге, көмірсу алмасуына, қанның ұйығыштығы мен тіндер регенерациясына (қалпына келу) қатысады, стероидты гормондардың түзілуін көтермелейді; қылтамырлар өткізгіштігін қалыпқа түсіреді.

Қолданылуы

- гипо-және авитаминоздардың алдын алу мен емдеуде

- жұмысы зейінді жоғары жұмылдыруды қажет ететін тұлғаларда көрудің өткірлігін жақсарту үшін

- жағымсыз эпидемиологиялық жағдайлар кезеңінде жұқпалы және салқын тию ауруларына организмнің қарсыласуын жоғарылату үшін

- ұзақ уақыт антибиотиктермен емдеуден және өткерген аурулардан кейінгі қалпына келу кезеңінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, астан кейін алдын алу мақсатында 1 дражеден күніне 1 рет; қалған жағдайларда – ересектер мен 7 жастан асқан балаларға 1 дражеден күніне 3 рет; 6-дан 7 жасқа дейін 1 дражеден күніне 2 рет. Емдеу курсы жекелей анықталады, орташа 1 айды құрайды.

Жағымсыз әсерлері

- мүмкін: аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кейбір компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балаларға.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

С витамині сульфаниламидтер тобынан микробтарға қарсы дәрілердің фармакологиялық әсерін және жағымсыз әсерлерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Несептің сары түске боялуы қаупі жоқ фактор болып табылады және препаратта рибофлавиннің болуымен түсіндіріледі.

Антибиотиктермен емдеуде Гексавиттің уақытылы тағайындалуы дисбактериоздың дамуының алдын алады және антибиотикпен емдеудің тиімділігін арттырады.

Дәрігердің нұсқауынсыз артық дозалану симптомдары даму мүмкіндігіне байланысты аталған дозаны жоғарылатуға, препаратты басқа дәрілік заттармен, әсіресе препарат құрамына кіретін, майда еритін витаминдермен (А витамині) бірге қабылдау болмайды.

Қант диабетімен аурулар

Драженің құрамына қант кіретін болғандықтан, инсулин қабылдайтын, қант диабетімен науқастарға НБ ескеріп, көмірсулар мөлшерін есепке алу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қажет кезде Гексавит препаратын дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қақпақпен жабылған полимер банкаларға 50 дражеден салынған. Банкаларды медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге топтық қаптамаға немесе тасымалдау ыдысына салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Телефон: (3854) 326-946, 338-719

Факс: (3854) 327-640

Тіркеу куәлігінің иесі

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Алтайвитамины» ЖАҚ

Мекенжайы: 659325, Алтай өлкесі, Ресей Федерациясы, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Телефон: (3854) 326-946, 338-719

Факс: (3854) 327-640

 

Прикрепленные файлы

477885151477976894_ru.doc 48 кб
612578471477978064_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники