Геделикс® (сироп, 100 мл)

МНН: Плюща листьев экстракт
Производитель: Кревель Мойзельбах ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Плюща листьев экстракт
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012401
Информация о регистрации в РК: 23.07.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Геделикс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат, 100 мл

Құрамы

100 мл шәрбаттың құрамында

белсенді зат шырмауық жапырақтарының сығындысы (2.2 – 2.9:1) - 0.8000 г,

қосымша заттар: макрогол глицерингидроксистеараты, жұлдызшалы бәден майы, гидроксиэтилцеллюлоза, сорбитолдың 70 % ерітіндісі, пропиленгликоль, глицерин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Сарыдан сары-қоңыр түске дейінгі өзіне тән иісі бар қоюлау сұйықтық. Бұлыңғырлануы және шөгінді түсуі мүмкін, бұл препараттың сапасына және әрекетіне әсер етпейді.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию және жөтел симптомдарын жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Шырмауық жапырақтарының сығындысы.

ATХ коды R05CA12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетикасы бойынша деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Геделикс® жөтелге қарсы шәрбат - бұл өсімдік текті дәрілік зат.

Қақырық түсіретін әсері, бронхтың шырышты қабығының секреторлық бронх безі парасимпатикалық жүйенің сезімтал талшықтары арқылы рефлекторлы стимуляцияланып, асқазанның шырышты қабығын тітіркендірумен жүзеге асады деп болжанады.

Қолданылуы

- тыныс алу жолдарының жедел қабыну ауруларын кешенді емдеуде

- бронхтың созылмалы қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішуге арналған.

Геделикс® жөтелге қарсы шәрбатын сұйылтпай қабылдау және сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішу (дұрысы су) ұсынылады.

Қабылдау ұзақтығы:

Геделикс® шәрбатын дәрігер кеңесін алмай қабылдау ұзақтығы жеті күннен аспауы тиіс.

Ересектер және 10 жастан асқан балалар:

1 өлшеуіш қасық (5 мл) шәрбаттан тәулігіне 3 рет

(тәулігіне 300 мг дәрілік өсімдік текті шикізатқа сәйкес);

4-тен 10 жасқа дейінгі балалар:

½ өлшеуіш қасық (2,5 мл) шәрбаттан тәулігіне 4 рет

(тәулігіне 200 мг дәрілік өсімдік текті шикізатқа сәйкес);

1-денжасқа дейінгі балалар:

½ өлшеуіш қасық (2,5 мл) шәрбаттан тәулігіне 3 рет

(тәулігіне 150 мг дәрілік өсімдік текті шикізатқа сәйкес)

Жаңа туғаннан 1 жасқа дейінгі балалар:

½ өлшеуіш қасық (2,5 мл) шәрбаттан тәулігіне 1 рет

(тәулігіне 50 мг дәрілік өсімдік текті шикізатқа сәйкес)

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

- аллергиялық реакциялар: ентігу, ісінулер, тері қызаруы, қышыну, Квинке ісінуі, есекжем, экзантема

Кейде

- асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары: жүрек айнуы, құсу, сезімталдығы жоғары емделушілерде іш өтуі.

Келтірілген жағымсыз реакциялардың немесе бұл нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз әсерлердің бірінің анық байқалуы жағдайында бұл туралы Сіз өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарлаңыз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- шырмауық жапырақтарына немесе Геделикс® жөтелге қарсы шәрбаты препаратының басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық (аллергиялар)

- аргининсукцинатсинтетаза ферментінің тапшылығы (мочевина алмасу циклының бұзылуы)

- жүктілік және лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Ерекше сақтық шаралары талап етілмейді.

Препараттың ұсынылатын тәуліктік дозасын асырмау керек.

Егер шағым ұзақ уақыт бойы сақталса немесе ентігу туындаса, температура жоғарылауында, сондай-ақ іріңді қақырық немесе қанды қақырық тастаса дереу дәрігерге қаралу керек.

Қант диабетімен науқастар үшін нұсқаулар:

Геделикс® жөтелге қарсы шәрбатының құрамында қант және алкоголь жоқ, және сондықтан қант диабетімен науқастарға және алкоголь қабылдауға болмайтын емделушілерге қолдануға ыңғайлы. 5 мл шәрбаттың құрамында 1,75 г сорбит бар, бұл шамамен 0,15 нан бірлігін құрайды (НБ). 1 нан бірлігі құрамында 12 г көмірсуы бар тағам мөлшеріне сай келеді.

Балаларда қолданылуы

Препарат 1 жасқа дейінгі балаларда дәрігер тағайындауы бойынша қолданылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Геделикс® жөтелге қарсы шәрбатын клиникалық зерттеулердің жеткілікті деректері болмауына байланысты жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ерекше сақтық шаралары талап етілмейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бірінші ашылуына бақылауы бар, бұралып жабылатын пластик қақпағы бар қоңыр шыны құтыларға 100 мл препараттан құйылады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және дозалайтын қасықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

150С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

5 жыл.

Ашылған құтының қолдану кезеңі - 6 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Кревель Мойзельбах ГмбХ»

Кревельштрассе 2

D-53783 Айторф

Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Кревель Мойзельбах ГмбХ», Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КФК Медсервис Плюс» ЖШС

050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Маметова к-сі, 54

Телефон/Факс: (727) 279 98 21

E-mail: pharmanadzor@medservice.kz

Прикрепленные файлы

721852951477976807_ru.doc 51 кб
233517411477977962_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники