Гастрокинд

Производитель: Дойче Хомеопати-Унион ДХУ-Арцнаймиттель Гмбх и Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты, применяемые при нарушениях функции кишечника
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022620
Информация о регистрации в РК: 30.12.2016 - 30.12.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Гастрокинд

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: Croton tiglium trit. D6 20.00 мг

Okoubaka trit. D4 20.00 мг

Veratrum album trit. D12 20.00 мг,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, тальк, магний стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ ауруларын және зат алмасудың бұзылуын емдеуге арналған әртүрлі басқа да препараттар.

АТХ коды A03AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гастрокинд емшектегі балаларда тамақтану түрін өзгерткеннен болатын бұзылуларды емдеуде өзін жақсы танытқан гомеопатиялық біріктірілген препарат болып табылады. Препарат кіші жастағы балаларда әртүрлі асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары кезінде де тиімді. Препараттың белсенді ингредиенттері метеоризм, іш қату, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу және диарея сияқты дағдылы симптомдарға қатысты тиімді.

Гомеопатиялық емнің ауруларды анықтау мен дәрілік препараттарды қолдану жағынан дәстүрлі медицинадан елеулі айырмашылығы бар. Гомеопатиялық дәрілер организмнің дербес қорғаныш механизмдерін көтермелейді және сонысымен өздігінен сауығу қабілетін белсендіреді. Организмнің гомеопатиялық дәріге жауап реакциясы жеке дара. Осыған байланысты нақты дозаларға фармакологиялық сипаттамаларын, фармакодинамикалық немесе фармакокинетикалық сипаттамаларын анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Әсер етпейді

Қолданылуы

- емшектегі балаларда тамақтану түрін өзгерткеннен болатын бұзылуларда. Емшекпен қоректендіруден бала тағамына ауысуда, қатты тағамды ендіру (мысалы, көкөністер, жемістер, ет), балабақша мен мектептің тамағын, саяхат кезінде таныс емес тағамды тұтынуда.

- кіші жастағы балаларда жүрек айнуы, құсу және диареямен қатар жүретін асқазан-ішек бұзылыстарында

Қолдану тәсілі және дозалары

Өзге нұсқаулар болмағанда Гастрокинд мынадай түрде қолданылады:

0-ден 1 жасқа дейінгі балалар:

- жедел симптомдарда әр сағат сайын 1 таблеткадан, бірақ күніне 6 таблеткадан көп емес;

- симптомдары бәсеңдегеннен кейін 1 таблеткадан күніне 4 рет.

1-ден 6 жасқа дейінгі балалар:

- жедел симптомдарда әр сағат сайын 2 таблеткадан, бірақ күніне 12 таблеткадан көп емес;

- симптомдары бәсеңдегеннен кейін 2 таблеткадан күніне 4 рет.

Таблеткаларды олардың ауызда баяу еруіне мүмкіндік бере отырып, тамақтануға дейін жарты сағат бұрын немесе одан кейін жарты сағаттан соң қабылдау керек. Емшек еметін балаларды емдегенде таблеткаларды шамамен 20 мл (2 ас қасықпен) қайнаған және суыған суда ерітуге болады. Жақсаруы 3 күн ішінде байқалмаса, дәрігермен кеңескен жөн. Гастрокинд қабылдауды ұмытып кеткен жағдайда, өткізіп алған дозаның орны толтыру үшін балаға екі еселенген доза беруге болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлері анықталмаған. Препарат компоненттерінің біріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Егер Сіз Гастрокинд препаратын қабылдағаннан кейін Сіздің балаңызда жағымсыз әсерлерінің белгілері байқалып келе жатқанына күдіктенсеңіз, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевке айтуыңыз керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің біріне аса жоғары сезімталдық

- галактозаны көтере алушылықтың сирек тұқым қуалайтын бұзылулары

- лопарилер (саамдар) лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Егер Сіздің балаңыз басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрсе немесе таяу арада қабылдаған болса, дәрігеріңізге немесе фармацевке айтыңыз. Бұл рецептісіз алуға болатын дәрі-дәрмектерге де қатысты.

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан оны қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімінде аталған науқастарға тағайындамаған жөн.

Жағдайы 3 күннен асқанда жақсармағанда, жай-күйі айқын болмағанда немесе жаңа симптомдар пайда болғанда дәрігерге көрініңіз, өйткені мұндай жағдайда дәрігерлік көмекті қажет ететін аурулар жайында сөз болуы мүмкін.

Емдеудің бастапқы кезеңінде науқастың жай-күйі уақытша нашарлауы мүмкін, өйткені гомеопатиялық дәрілерді қабылдағанда аурудың бастапқы өршуі байқалады. Мұндай жағдайларда Gastrokind қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

150 таблеткадан алюминий нығыздағыш дискісі және пластик бұрандалы қақпағы бар қоңыр шыны құтыда. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Контейнер алғаш ашылғаннан кейінгі қолдану мерзімі 12 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Дойче Хомеопати -Унион ДХУ- Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ,

Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия

Шығарылуын бақылайтын ұйым

Др. Пайтнер КГ нунмер ГмбХ & Ko, Австрия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы/Дәрілік затты қаптаушы ұйым

Дойче Хомеопати -Унион ДХУ- Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ,

Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия

Эксклюзивті өкілі

Альпен Фарма АГ

Берн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Альпен Фарма» ЖШС

Алматы обл., Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі,

Көкөзек ауылы, 1044 учаске

Тел./факс + 7 727 232-34-73,

+ 7 727 232-34-74

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты тұлғаның ұялы тел. +7 701 035 70 69.

E-mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com

Прикрепленные файлы

Гастрокинд_инструкция_рус.doc 0.05 кб
Гастрокинд_инструкция_каз.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники