Гастал (таблетки для рассасывания)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Гастал
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Соруға арналған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: алюминий гидроксиді - магний карбонаты гелі –
450 мг,
магний гидроксиді - 300 мг,
қосымша заттар: маннитол (Е421), сорбитол (Е420), лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, натрий цикломаты, сахарин натрий, тальк, магний стеараты, пиперминт-хош иістендіргіші.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, шеттері кертілген, ақтан крем түске дейінгі таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Алюминий, кальций және магний препараттарының біріктірілімдері
АТХ коды А02AD
Фармакологиялық қасиеттері
Гастал - ішуге арналған біріктірілген антацидтік препарат. Гастал бос хлорлы сутек қышқылын бейтараптандырады, бұл асқазан сөлінің пептикалық белсенділігінің азаюына және диспепсиялық бұзылулардың жойылуына алып келеді. Гастал өзінің құрамына кіретін теңдестірілген екі белсенді компоненті арқасында препараттың жылдам және
ұзақ (2 сағат бойы) әсер етуіне ықпал етеді. Екіншілік аса жоғары сөліністі туғызбайды. Асқазанның шырышты қабығына зақымдаушы фактордың әсерін азайта отырып, сіңіретін және бүркемелеуші әсер береді.
Қолданылуы
-
өршу сатысындағы жедел және созылмалы гастритте
-
жедел гастродуоденитте
-
өршу сатысындағы асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруында
-
диафрагманың өңеш қуысы жарығында
-
рефлюкс-эзофагитте
Қолдану тәсілі және дозалары
Гастал ішуге арналған.
Таблетканы біртіндеп (бүтіндей жұтпастан) сорған жөн.
Ересектерге тамақтанудан кейін 1 сағаттан соң кешке ұйықтар алдында 2 таблеткадан күніне 3-5 рет қабылдау ұсынылады, тәуліктік дозасы 8 таблеткадан аспауы керек.
Емдеу ұзақтығы 2 аптадан аспауы тиіс, дәрігердің кеңесімен дозалаудың басқаша режимі тағайындалуы мүмкін!
Қыжыл кезінде тамақтануға байланыссыз осыған ұқсас дозалары ұсынылады.
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар – ересектерге арналған дозаның жартысын қабылдаулары керек.
Жағымсыз әсерлері
- сирек: диарея, іш қату
- айрықша сирек: аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
-
бүйрек қызметінің айқын бұзылулары
-
Альцгеймер ауруы
-
гипофосфатемия
-
6 жасқа дейінгі балалар
-
жүктілік
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Гестал индометацин, салицилаттар, аминазин, фенитоин, Н2-гистамин рецепторлары тежегіштері, дигоксин, дифлунизал, изониазид бета-адренбөгегіштері, тетрациклиндік және фторхинолондық қатардағы антибиотиктер, тікелей емес антикоагулянттар, темір препараттары, барбитураттар, майда еритін витаминдердің (оларды ГАСТАЛ қабылдауға дейін 1 сағат бұрын немесе 2 сағаттан соң қабылдау қажет) сіңуін төмендетеді және баяулатады. М-холинбөгегіштер асқазанның босауын баяулата отырып, Гасталдың әсерін күшейтеді және ұзартады. Гастал леводопа мен налидикс қышқылының әсерін күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Дене салмағы төмендеген науқастарға, бала емізетін аналар мен балаларға (6 жастан үлкен) ұзақ қолдануға болмайды. Препаратты қант диабеті және лактоза жеткіліксздігі бар науқастарға, 12 жасқа дейінгі және дене салмағы 50 кг кем балаларға, егде жаста сақтықпен тағайындау керек.
Бүйрек қызметі бұзылған науқастарда препаратты ұсынылған емдеу сызбасымен салыстырғанда жоғары дозада және ұзақ уақыт қолданылуын болдырмаған жөн. Препаратты дәрігердің тағайындауынсыз екі аптадан астам пайдалануға болмайды. Ұзақ уақыт қолданғанда фосфордың тамақпен жеткілікті түсуін қамтамасыз ету керек.
Лактация кезеңі
Лактация кезеңінде препаратты ұзақ қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Жедел артық дозалану симптомдары тіркелмеген.
Алайда препаратты нұсқаулықта көрсетілгеннен едәуір жоғары дозада қабылдау, препараттың жағымсыз әсерлерін күшейтеді.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем жүргізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
6 таблеткадан алюминий фольгадан және поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 немесе 5 немесе 10 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
Тeva Operations Poland Sp.z.o.o., Польша
Могильска к-сі 80
31-546 Краков, Польша.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Теva Pharmaceutical Polska Sp.z.o.o.», Польша
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
050000 Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 19,
Нұрлы Тау бизнес орталығы 1 В, 603 кеңсе
Телефон, факс (727) 311-09-15, 311-07-34
E-mail teva@teva.co.il