Гамалате В6 (таблетки)

Производитель: Феррер Интернасиональ С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019526
Информация о регистрации в РК: 03.04.2018 - 03.04.2023

Инструкция

Саудалық атауы

 Гамалате В6

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

магний глютаматы гидробромиді 75.0 мг

γ-амин май қышқылы 75.0 мг

γ-амин-β-гидрокси май қышқылы 37.0 мг

пиридоксин гидрохлориді 37.0 мг

қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы,

поливинилпирролидон, примогель, магний стеараты, тальк, жүгері крахмалы.

қабықтың құрамы: титанның қостотығы Е 171, магний карбонаты, индигокармин (CI 73015) Е 132, эудрагит Е, аравия шайыры (Гуммиарабик), тальк, пропиленгликоль, карнауб балауызы, қант.

Сипаттамасы

Қабықпен қапталған көгілдір таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Психостимуляторлар және басқа да ноотроптар. АТХ коды N06B X

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гамалате В6 құрамында төрт компонент бар, оның үшеуі физиологиялық өнім болып табылады: γ-амин май қышқылы, γ-амин-β-гидрокси май қышқылы және пиридоксин гидрохлориді (ГАМҚ, ГАБГМҚ және В6 витамині). Бұл жағдайда экзогенді және эндогенді компоненттердің санын анықтау күрделілігінен классикалық фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Гамалате B6 препаратының әсері оның құрамына кіретін белсенді заттар әсеріне байланысты: ми қызметін сергітетін амин қышқылдары, γ-амин май қышқылы және γ-амин-β-гидрокси май қышқылы (ГАМҚ және ГАБГМҚ), әлсіз седативті зат - магний глютаматы гидробромиді (МГГ) және B6 витаминінің коферменті. Препарат мидың энергетикалық және нейрореттегіш белсенділігінің жоғарылауын туындатады. Препарат миға нейрореттегіш әсер етеді. Амин қышқылдары және B6 витамині ми метаболизміне қатысады және жүйке жасушаларының энергетикалық потенциалын жоғарылатады.

Қолданылуы

Мыналармен байқалатын функционалдық астенияда қосымша дәрілер ретінде тағайындалады:

- эмоционалдық тұрақсыздық - зейін шоғырландыру және жадының бұзылуы - депрессия және астения - бейімделу қабілетінің төмендеуі

Қолдану тәсілі

Ересектер: ішке тәулігіне 2 таблеткадан 2 - 3 рет.

Емдеу курсының ұзақтығы 2 айдан 18 айға дейін.

Жағымсыз әсерлері

- диспепсиялық бұзылулар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- балалық және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Препараттың уыттылығы төмендігінен тіпті емдік дозасын кездейсоқ жоғарылатқанда да улану ықтималдығы төмен.

Симптомдары – жағымсыз әсерлерінің күшеюі

Емдеу-симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

2 пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Феррер Интернасиональ, С.А. Испания

Гран Виа Карлос III, 94, 08028, Барселона.

Тіркеу куәлігінің иесі

Лаборатории Новаг С. А. Испания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР өкілдігі: «Медиал Ди энд Пи ЛТД»

Алматы қ-сы, Темекі зауыты көшесі, 20,

тел +77272954882/83, факс – 2954881

medial.office@gmail.com 

 

 

Прикрепленные файлы

708653801477976923_ru.doc 47.5 кб
984130661477978076_kz.doc 47 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники