Галстена® (таблетки подъязычные гомеопатические)

Производитель: Рихард Биттнер АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация препаратов для лечения заболеваний печени и желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010377
Информация о регистрации в РК: 29.11.2017 - 29.11.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Галстена®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гомеопатиялық тіл астына салатын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат –шұбар алатікен (Silybum marianum) D1 – 7,4 мг, дәрілік бақбақ (Taraxacum) D6 – 37,2 мг, үлкен сүйелшөп (Chelidonium) D6 – 37,2 мг, натрий сульфаты (Natrium sulfuricum) D12 – 37,2 мг, фосфор (Phosphorus) D12–37,2 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, жайпақ бетті, ақ түсті, бір бетінде сызығы бар, диаметрі 8.9-ден 9.2 мм-ге дейінгі және биіктігі 2.7-ден 3.3 мм-ге дейінгі таблеткалар; теңбілдері болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр және өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған біріктірілген препараттар.

АТХ коды А05С

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қазіргі кезде гомеопатиялық медициналық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы олардың сұйылтылуына байланысты мәлімделген жоқ.

Фармакодинамикасы

Галстена® - таблеткалары – бұл қабынуға қарсы, өт айдайтын, ауырғанды басатын, іш жүргізгіш, диуретикалық әсері бар, өт түзілуі мен шығарылуына ықпал ететін бірнеше гомеопатиялық дәрілердің спецификалық біріктірілімі.

Гомеопатиялық ем – жедел және созылмалы ауруларды емдеуге қажетті организмнің қорғаныс күшін нығайтуға ықпал ететін ем болып табылады.

Шұбар алатікен құрамында майлылығы жоғары май (25 % дейін), ақуыздар, шайырлар, шырыш, иіткіш заттар, флавоноидтар, флавонолигнандар (силибин, силикристин, силидианин), алкалоидтар (таксифолин), сапониндер, бояғыштар, квертецин, тирамин, гистамин, В,К тобының витаминдері, мырыш, селен, мыс және басқа да макро- және микроэлементтер бар.

Белсенді заттар өттің түзілуі мен шығарылуын, асқазан-ішек жолының секреторлық және қозғалғыштық қызметін күшейтеді, бауырдың жұқпаға қатысты және токсиндердің әртүрлі тегінің әсеріне қорғаныстық қасиетін арттырады.

Бақбақ гүлшоғыры мен жапырағы құрамында каротиноидтар, тритерпенді спирт, С және В2; В6 және Р витаминдері, темір, кальций, фосфор, марганец, мыс, бор, никель, титан, молибден және кейбір басқа элементтердің минералды тұздары бар. Бақбақ тамыры құрамында инулин көмірсуы 25 — 30%, 10 — 15% әртүрлі ақуыздық заттар, иіткіш заттар, майлылығы жоғары майлар бар. Тамырында сондай-ақ стериндер, органикалық қышқылдар, кальций және калий тұздары, шырышты заттар, шайырлар бар. Биологиялық белсенді заттардың өт айдайтын, іш жүргізгіш, диуретикалық әсері бар.

Сүйелшөп өсімдігінде алкалоидтар, флавоноидтар, сапониндер, органикалық қышқылдар, оның ішінде спецификалық хелидон, эфир майы (аздаған мөлшерде), А және С витаминдері, тамырында - 4,1 % дейін алкалоидтар болады. Сүйелшөп құрамында макро- және микроэлементтердің үлкен мөлшері бар. Сүйелшөп қабынуға қарсы, ауыруды басатын, тыныштандыратын қасиеттерге ие. Бауыр және өт қабы ауруларын емдеуде қолданылады.

Натрий сульфаты әртүрлі патологиялық жай-күйлерде натрий иондарының тапшылығының орнын толтырады. Натрий сульфаты дезинтоксикациялық, гидратациялайтын әсерін көрсетеді.

Фосфор өмірлік қажеттілігі бар затқа жатады, ол ағзаның барлық тіндерінің, әсіресе бұлшықет және мидың құрамына кіреді, зат алмасуының барлық түрлеріне қатысады, жүйке жүйесінің, жүрек бұлшықеттерінің қалыпты жұмысы үшін қажет.

Қолданылуы

- бауырдың жедел және созылмалы ауруларында (гепатит, гепатоз)

- өт қабы ауруында (созылмалы холецистит, өт- тас ауруы , постхолецистэктомиялық синдром)

- ұйқы безі ауруында (созылмалы панкреатит).

Қолдану тәсілі және дозалары

6 -дан 12 жасқа дейінгі балалар 3 ай бойына ½ таблеткадан күніне 2 рет қабылдаулары тиіс .

Ересектер мен жасөспірімдер 3 ай бойына 1 таблеткадан күніне 2 рет қабылдаулары тиіс.

Емдеудің басында жасөспірімдер мен балалар 1 таблетканы күніне 4 рет, 6 жастан асқан балалар ½ таблетканы күніне 4 рет қабылдауы тиіс. Жай-күйі жақсарғанда қабылдау жиілігі күніне 2 ретке дейін азайтылуы тиіс.

Галстена® таблеткалары тамақтан 30 минут бұрын немесе тамақ ішкеннен кейін кемінде 1 сағаттан соң қабылдануы тиіс. Таблетканы тіл астында толық ерігенше ұстап тұру керек.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылық, лактоза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы

- 6 жасқа дейінгі балалық жас

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі уақытта басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің басында организмнің иммундық жүйесін көтермелеуден ағымдағы медициналық жай-күйдің бастапқы асқынуы болуы мүмкін. Бұл жай-күй қауіпті емес. Ұзақ уақыт емнің талапқа сай болмауы зерттелетін препаратқа реакциялар туындатуы мүмкін (жаңа симптомдар).

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат жүктілік уақытында және лактация кезеңінде дәрігер ұсынуымен қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті (ПВХ/ПВДХ) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 12 таблеткадан салынған.

1 немесе 4 пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Рихард Биттнер АГ

Фельдкирхен, Австрия.

Тіркеу куәлігінің иесі

Рихард Биттнер АГ

Вена, Австрия.

Қаптаушы

Артесан Фарма ГмбХ & Ко КГ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Хербс Трэйдинг ГмбХ» өкілдігі Алматы қ-сы, Бегалин к-сі 115

Телефон. тел +7(727) 390-98-93 факс (727) 291-65-11

Электрондық поштасы: www.omegapharma.kz

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

371731061477976985_ru.doc 55 кб
616025931477978158_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники