Галстена® (капли гомеопатические)

Производитель: Рихард Биттнер АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация препаратов для лечения заболеваний печени и желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010378
Информация о регистрации в РК: 13.12.2017 - 13.12.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Галстена®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гомеопатиялық тамшылар

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар - шұбар алатікен (Silybum marianum) D1 – 2 мл, дәрілік бақбақ (Taraxacum) D6 – 10 мл, үлкен сүйелшөп (Chelidonium) D6 – 10 мл, натрий сульфаты (Natrium sulfuricum) D12 – 10 мл, фосфор (Phosphorus) D12 – 10 мл

қосымша заттар: 43% этил спирті.

Сипаттамасы

Спецификалық иісі және дәмі жоқ, түссіз немесе сәл сарғыш түсті, мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр және өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған біріктірілген препараттар.

АТХ коды А05С

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қазіргі кезде гомеопатиялық медициналық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы олардың жоғары сұйылтылуына байланысты мәлімделген жоқ.

Фармакодинамикасы

Галстена® - тамшылары – бұл қабынуға қарсы, өт айдайтын, ауырғанды басатын, іш жүргізгіш, диуретикалық әсері бар, өт түзілуі мен шығарылуына ықпал ететін бірнеше гомеопатиялық дәрілердің спецификалық біріктірілімі.

Гомеопатиялық ем – жедел және созылмалы ауруларды емдеуге қажетті организмнің қорғаныс күшін нығайтуға ықпал ететін ем болып табылады.

Шұбар алатікен құрамында майлылығы жоғары май (25 % дейін), ақуыздар, шайырлар, шырыш, иіткіш заттар, флавоноидтар, флавонолигнандар (силибин, силикристин, силидианин), алкалоидтар (таксифолин), сапониндер, бояғыштар, квертецин, тирамин, гистамин, В, К тобының витаминдері, мырыш, селен, мыс және басқа да макро- және микроэлементтер бар.

Белсенді заттар өттің түзілуі мен шығарылуын, асқазан-ішек жолының секреторлық және қозғалғыштық қызметін күшейтеді, бауырдың жұқпаға қатысты және токсиндердің әртүрлі тегінің әсеріне қорғаныстық қасиетін арттырады.

Бақбақ гүлшоғыры мен жапырағы құрамында каротиноидтар, тритерпенді спирт, С және В2; В6 және Р витаминдері, темір, кальций, фосфор, марганец, мыс, бор, никель, титан, молибден және кейбір басқа элементтердің минералды тұздары бар. Бақбақ тамыры құрамында инулин көмірсуы 25 — 30%, 10 — 15% әртүрлі ақуыздық заттар, иіткіш заттар, майлылығы жоғары майлар бар. Тамырында сондай-ақ стериндер, органикалық қышқылдар, кальций және калий тұздары, шырышты заттар, шайырлар бар. Биологиялық белсенді заттардың өт айдайтын, іш жүргізгіш, диуретикалық әсері бар.

Сүйелшөп өсімдігінде алкалоидтар, флавоноидтар, сапониндер, органикалық қышқылдар, оның ішінде спецификалық хелидон, эфир майы (аздаған мөлшерде), А және С витаминдері, тамырында - 4,1 % дейін алкалоидтар болады. Сүйелшөп құрамында макро- және микроэлементтердің үлкен мөлшері бар. Сүйелшөп қабынуға қарсы, ауыруды басатын, тыныштандыратын қасиеттерге ие. Бауыр және өт қабы ауруларын емдеуде қолданылады.

Натрий сульфаты әртүрлі патологиялық жай-күйлерде натрий иондарының тапшылығының орнын толтырады. Натрий сульфаты дезинтоксикациялық, гидратациялайтын әсерін көрсетеді.

Фосфор өмірлік қажеттілігі бар затқа жатады, ол ағзаның барлық тіндерінің, әсіресе бұлшықет және мидың құрамына кіреді, зат алмасуының барлық түрлеріне қатысады, жүйке жүйесінің, жүрек бұлшықеттерінің қалыпты жұмысы үшін қажет.

Қолданылуы

- бауырдың жедел және созылмалы ауруларында (гепатит, гепатоз)

- өт қабының ауруларында (созылмалы холециститте, өт- тас ауруында , холецистэктомиядан кейінгі синдромда)

- ұйқы безі ауруында (созылмалы панкреатит).

Қолдану тәсілі және дозалары

Жедел және созылмалы гепатит

Жасы

Дозасы

Дозаны қабылдау

Ересектер

10 тамшы

Күніне 3 рет 2-3 апта бойына.

Қажет болған кезде емдеу курсын қайталауға болады

Жасөспірімдер және 5 –тен 12 жасқа дейінгі балалар

5-7 тамшы

2 –ден 4 жасқа дейінгі балалар

2-4 тамшы

1 жасқа дейінгі нәрестелер

1 тамшы

Өт шығару жолдарының дискинезиясы

Жасы

Дозасы

Дозаны қабылдау

Ересектер

10 тамшы

Күніне 3 рет 2-3 апта бойына.

Қажет болған кезде емдеу курсын қайталауға болады

Жасөспірімдер және балалар 12 жастан бастап

5-7 тамшы

Жедел және созылмалы гепатоз және бауыр циррозы, созылмалы панкреатит

Жасы

Дозасы

Дозаны қабылдау

Ересектер

10 тамшы

Күніне 3 рет 3 ай бойына.

Қажет болған кезде емдеу курсын қайталауға болады

Жасөспірімдер және балалар 12 жастан бастап

5-7 тамшы

Өт қабының созылмалы қабынуы, өт қабын хирургиялық емдеуден кейінгі өт-тас ауруы

Жасы

Дозасы

Дозаны қабылдау

Ересектер

10 тамшы

Күніне 3 рет 2- 3 ай бойына.

Қажет болған кезде емдеу курсын қайталауға болады

Жасөспірімдер және балалар 12 жастан бастап

5-7 тамшы

Емнің басында ересектер 10 тамшыдан және балалар 5-7 тамшыдан әрбір 30-60 минут сайын күніне 8 ретке дейін қабылдауы керек. Жай-күйі жақсарғанда дозасы күніне 3 ретке дейін азайтылуы тиіс.

Галстена® - тамшылары тамақтың алдында 30 минут бұрын немесе тамақ ішкеннен кейін кемінде 1 сағаттан соң қабылдануы тиіс.

1мл ішінде шамамен 25 тамшы бар.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға немесе толтырғыштың кез келгеніне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі уақытта басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Галстена® - тамшылардың бір дозасы (10 тамшы) құрамында 0.16 г этил спирті бар және сондықтан алкогольге тәуелділіктен зардап шегетіндер қабылдамауы тиіс.

Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ балалар мен бауыры ауыратын немесе эпилепсиясы бар емделушілерге тағайындаған жағдайда құрамында алкоголь бар екенін ескеру керек.

Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеу басында организмнің иммундық жүйесін көтермелеуден ағымдағы жағдайдың бастапқы асқынуы болуы мүмкін.

Ұзақ уақыт бақылаусыз ем жағымсыз әсерлердің туындауына себеп болуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат жүктілік және лактация кезеңінде пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып қана қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат бұралып кигізілетін пропилен қақпақты, полиэтилен тамшылатқышы бар қоңыр шыныдан жасалған құтыларға 20 немесе 50 мл-ден құйылған. Құтыға заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан және күшті электромагнитті өрістен қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Рихард Биттнер АГ

Фельдкирхен, Австрия.

Тіркеу куәлігінің иесі

Рихард Биттнер АГ

Вена, Австрия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Хербс Трэйдинг ГмбХ» өкілдігі Алматы қ-сы, Бегалин к-сі, 115

Телефон. тел +7(727) 390-98-93 факс (727) 291-65-11

Электрондық пошта: www.omegapharma.kz

 

 

Прикрепленные файлы

803293771477976983_ru.doc 57 кб
164140851477978156_kz.doc 68 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники