ВПРИВ

МНН: Велаглюцераза альфа
Производитель: Веттер Фарма-Фертигунг ГмбХ & Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Велаглюцераза альфа
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024128
Информация о регистрации в РК: 21.06.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ВПРИВ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Велаглюцераза альфа

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 400 ӘБ

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат – велаглюцераза альфа - 400 ӘБ (10.00 мг) *,

қосымша заттар: сахароза, натрий цитраты дигидраты, лимон қышқылы моногидраты, полисорбат 20.

* Мақсатты толтыру көлемі 4.4 мл жеткенде, әр құтының жалпы мөлшері 11 мг немесе 440 ӘБ велаглюцераза альфаны құрайды. Препаратты инъекцияға арналған 4.3 мл суды қосу арқылы дайындағаннан кейін, əр құтыдан 10 мг немесе 400 ӘБ велаглюцераза альфасы бар 4.0 мл ерітіндінің шығарылатын (номиналды) көлемі алынады; 1 мг велаглюцераза альфа 40 ӘБ велаглюцераза альфаға баламалы.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті жайма кесек түріндегі лиофилизацияланған масса. Дайындалған ерітінді: мөлдір немесе сәл бозаңданған, көзге көрінетін механикалық қосылыстарсыз түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Асқазан-ішек жолдарының ауруларын және зат алмасу бұзылуларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Ферменттік препараттар. Велаглюцераза альфа

АТХ коды A16AB10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың 1-ші типті Гоше ауруы бар ерлер мен әйелдерде көрініс берген фармакокинетикалық қасиеттерінде айқын өзгешеліктер анықталған жоқ. Фармакокинетикалық параметрлерін бағалау жүргізілген күндері пациенттердің ешқайсысында ВПРИВке қатысты антиденелердің өндірілуі тіркелмеген. Осылайша, велаглюцераза альфаның фармакокинетикалық бейініне антиденелердің жауабының әсерін бағалау мүмкін болмаған.

Сіңірілуі

ВПРИВтың қан сарысуындағы концентрациясы алғашқы 60 минуттық инфузияның 20 минуты ішінде жылдам жоғарылаған, содан кейін ол тұрақтанған, және Cmax, әдетте, инфузия басталғаннан кейінгі 40 минуттан 60 минутқа дейінгі аралықта жеткен. Инфузия аяқталғаннан кейін велаглюцераза альфаның сарысудағы концентрациясы 15, 30, 45 және 60 ӘБ/кг дозалары кезіндегі t½ 5-тен 12 минутқа дейінгі аралықтағы орташа көрсеткішінің бір фазалы немесе екі фазалы моделі бойынша төмендеуінің көрінісіне қарай жылдам төмендеген.

Таралуы

ВПРИВ шамамен дозасына тәуелді (яғни, алдыңғы қатарлы) фармакокинетикалық бейінін танытқан, және Cmax пен AUC (қисық астындағы ауданы) 15-60 ӘБ/кг аралығындағы дозасына пропорционал жоғарылаған. Тұрақты күйіндегі таралу көлемі дене салмағының 10%-ына жуығын құраған. Велаглюцераза альфаның сарысудағы жоғарғы клиренсі (орташа алғанда, 6,7-ден 7,6 мл/мин/кг дейін) велаглюцераза альфаның маннозалық рецепторлар арқылы макрофагтарға жылдам сіңірілуімен сәйкес келеді.

Шығарылуы

Педиатриялық бейінді (n=7, жас шамасы: 4 жастан 17 жасқа дейінгі) пациенттерде ВПРИВтің клиренсінің көрсеткіштері ауқымы ересек пациенттердегі (n=15, жас шамасы: 19 жастан 62 жасқа дейінгі) клиренсі көрсеткіштерінің ауқымы аясында қалған.

Фармакодинамикасы

ВПРИВ биологиялық тектегі түпнұсқалық орфандық дәрілік препараты болып табылады.

Гоше ауруы GBA геніндегі мутациялардан туындайтын аутосомалық-рецессивті ауру болып табылады, бұл лизосомалық фермент бета-глюкоцереброзидазаның тапшылығына алып келеді.

ВПРИВ препаратының әсер етуші заты велаглюцераза альфа болып табылады, ол адам жасушалары желісінде генді белсендіру әдісі технологиясы бойынша өндіріледі. Велаглюцераза альфа гликопротеин болып табылады. Оның мономерінің молекулалық салмағы шамамен 63 кДа, құрамында 497 аминқышқылы бар, олардың бірізділігі табиғаттағы адамда глюкоцереброзидаза ферментінде болатын аминқышқылды бірізділікке ұқсас. Оның құрамында 5 ықтимал N-гликозилдену бөлігі бар, олардың 4-еуі бос емес болып табылады. Өндіріліп шығатын велаглюцераза альфаның құрамында көбінесе, маннозаға бай гликандар болады, олар маннозалық рецептордың қатысуымен ферменттің фагоциттік нысана-жасушалармен интернализациясына ықпал етеді.

Велаглюцераза альфа лизосомаларда глюкоза мен керамид түзе отырып, жинақталған глюкоцереброзид мөлшерін азайта отырып және Гоше ауруының патофизиологиясына жағымды әсер ете отырып, глюкоцереброзидтің гидролизін жеделдететін фермент – бета-глюкоцереброзидазаның әсерін толықтырады немесе оның орнын басады. Велаглюцераза альфаның қолданылуы 1-ші типті Гоше ауруы бар науқастарда гемоглобин концентрациясы мен тромбоциттердің жалпы санының жоғарылауына, сондай-ақ, бауыр мен көкбауыр өлшемінің азаюына алып келеді.

Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі

Бұрын ем қабылдамаған пациенттерге жүргізілген зерттеулер

ВПРИВпен емдеу басталғаннан кейін 3 айдан соң-ақ гемоглобин концентрациясы көрсеткіштері мен тромбоциттер санының, сондай-ақ, 6-шы және 9-шы айларда бауыр мен көкбауыр көлемінің клиникалық тұрғыдан елеулі жақсаруы (бастапқы деңгейімен салыстырғанда) байқалады.

Препарат гемоглобин концентрациясы мен тромбоциттер саны көрсеткіштерінің жақсарғанымен, сондай-ақ бауыр мен көкбауырдың көлемінің төмендеуімен емдеудің барлық кезеңінде тұрақты клиникалық белсенділікті көрсетеді.

Имиглюцеразамен емдеуден ВПРИВ қабылдауға көшірілген пациенттерге жүргізілген зерттеулер

Имиглюцеразаны қолданып емдеуден ВПРИВ препаратымен емдеуге көшкен пациенттерде гемоглобин концентрациялары мен тромбоциттер саны 12 ай емдеу бойына емдік деңгейлерінде сақталған.

Бұрын имиглюцеразаны қабылдаған пациенттерде гемоглобиннің орташа концентрациясы мен тромбоциттер саны барлық зерттеу кезеңі бойына сақталды және қадағалау кезеңі бойына тура сол деңгейде қалды.

Педиатриялық бейінді пациенттер

4 жас пен 17 жас аралығындағы пациенттерде препаратты қолданудың тиімділігі ересек когортада және педиатриялық бейінді когортада жүргізілген бақыланатын зерттеулердің нәтижелерінен расталып отыр. Ересек және педиатриялық бейінді пациенттерде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігінің бейіні бірдей болды. Зерттеулерге 2 жас шамасындағы және одан үлкен пациенттерді қатыстыруға мүмкіндік болды, сонымен қатар, препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігінің бейіні 4 айдан 2 жасқа дейінгі пациенттердегідей болады деп шамаланады. Алайда, препаратты 4 жасқа толмаған балалар арасында қолдануға қатысты мәліметтер жоқ.

Қолданылуы

- 1-ші типті Гоше ауруы бар пациенттердегі ұзаққа созылатын ферменторынбасқан ем (ФОЕ) үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

ВПРИВ қолданып емдеу Гоше ауруы бар пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен жүруі тиіс.

Ұсынылатын дозасы препаратты екі аптада бір рет инфузиялық енгізгенде 60 ӘБ/кг құрайды.

Дозасын түзетуді мақсатты емдік әсеріне жетуі мен соны ұстап тұрудың нәтижелеріне қарай, әрбір жеке пациентке жекелей негізде жүргізуге болады. Клиникалық зерттеулер барысында препаратты екі аптада бір рет қабылдағанда 15-тен 60 ӘБ/кг дейінгі ауқымдағы дозаларының қолданылуы зерттелді. 60 ӘБ/кг асатын дозаларының қолданылуын зерттеулер жүргізілген жоқ.

Қазіргі кезде 1-ші типті Гоше ауруын емдеу үшін имиглюцеразаны қолданып ферменторынбасқан ем қабылдап жүрген пациенттер, тура сондай дозасы мен қолданылу жиілігін пайдаланып, ВПРИВ препаратын қабылдауға көше алады.

Пациенттердің айрықша топтары

Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы

Велаглюцераза альфаның фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына қатысты қазіргі кезде қолда бар ақпараттарға орай, бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес.

Егде жастағы (> 65 жас) пациенттер

Егде жастағы пациенттер қалған ересек пациенттердегі сияқты (15-тен 60 ӘБ/кг дейінгі) дозаларын қабылдауына болады.

Педиатриялық бейінді пациенттер

Жүргізілген клиникалық зерттеулердің нәтижелері балалар мен ересектердегі қауіпсіздігі мен тиімділігінің бейіні бірдей екендігін көрсетті.

Қолдану тәсілі

Тек венаішілік инфузия үшін.

60 минутқа созылатын венаішілік инфузия жүргізу арқылы енгізу керек. Тесіктерінің өлшемі 0,22 мкм сүзгі арқылы енгізу қажет.

Препаратты медицина қызметкерінің қадағалауымен үйде енгізу мүмкіндігін тек, кемінде үш инфузиясын қабылдап үлгерген және олар көтерімді болған пациенттер үшін қарастыруға болады. ВПРИВ препаратын енгізгенде шұғыл шараларды қолдану үшін тиісінше дайындалған маманның болуын қоса, тиісінше медициналық көмек көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Анафилаксиялық немесе басқа жедел реакциялар туындаған жағдайда, инфузияны дереу тоқтату және сәйкесінше медициналық көмек көрсетуге кірісу керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Дәрілік затты енгізер алдында дайындау және сұйылту жөніндегі нұсқаулық

ВПРИВ препаратын дайындау және сұйылту керек. Ол тек венаішілік инфузияға арналған. Құтының ішіндегісі бір рет пайдалануға арналған және тесіктерінің өлшемі 0,22 мкм сүзгі арқылы енгізіледі.

Асептика ережелерін сақтау керек!

ВПРИВ препаратын инфузия жүргізуге дайындау:

  • Пациенттің дене салмағы мен тағайындаған дозасын ескере отырып, ішіндегісін дайындау қажет болатын құтылардың керекті санын анықтап алу керек.

  • Тоңазытқыштан құтылардың қажетті санын шығарып алу керек. Ішіне 400 ӘБ препарат салынған әр құтының ішіндегісін инъекцияға арналған 4,3 мл стерильді суды қосу арқылы дайындау керек.

  • Дайындалғаннан кейін құтылардың ішіндегісін абайлап арластыру керек. Құтыларды сілкуге болмайды. Әр құтыда шығарылып алынатын керекті 4,0 мл көлемі (100 ӘБ/мл) болады.

  • Ары қарай сұйылтар алдында құтылардағы ерітіндінің сыртқы түрін тексеру керек. Ерітінді мөлдір немесе сәл бозаңданған, түссіз болуы тиіс. Ерітіндінің түсі өзгерген немесе оның ішінде бөгде қатты қосылыстар бары анықталса, оны пайдалануға болмайды.

  • Дәрілік заттың есептеп шығарылған көлемін құтылардың сәйкесінше санынан шығарып алу және инфузияға арналған 9 мг/мл концентрациялы (0,9%) натрий хлоридінің 100 мл ерітіндісінде сұйылту керек. Алынған ерітіндіні абайлап араластыру керек. Сілкуге болмайды. Инфузияны препарат сұйылтылғаннан кейінгі 24 сағат ішінде бастау керек.

  • Пайдаланылмаған дәрілік заттың қалған бөлігінің барлығын немесе қалдықтарын жергілікті талаптарға сәйкес жою керек.

    Жағымсыз әсерлері

    Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі

    Пациенттерде клиникалық сынақтар барысында туындаған анағұрлым күрделі реакциялар жоғары сезімталдық реакциялары болды.

    Анағұрлым жиі тіркелген жағымсыз реакциялар инфузия емшарасын жүргізумен байланысты реакциялар болды. Инфузия емшарасын жүргізумен байланысты реакциялардың анағұрлым жиі байқалған симптомдары бас ауыруы, бас айналуы, гипотензия, гипертензия, жүрек айнуы, шаршау/астения және пирексия/дене температурасының жоғарылауы болды (толығырақ ақпаратты «Айрықша нұсқаулар» бөлімінен қараңыз). Емдеудің тоқтатылуына әкеп соқтырған бірден-бір жағымсыз реакция инфузия емшарасын жүргізумен байланысты реакция болды.

    Жағымсыз реакцияларының тізбесі

    ВПРИВ препаратын 1-ші типті Гоше ауруы бар пациенттерде қолданғанда тіркелген жағымсыз реакциялар төменде атап келтірілген. Ақпарат жағымсыз реакциялардың туындау жиіліктеріне қарай, MedDRA жіктеуі бойынша шартты белгілерге сәйкес келтірілген. Жиілік санаттары "өте жиі" (≥ 1/10) және "жиі" (≥ 1/100 - < 1/10 дейін) ретінде белгіленген.

    Әр жиілік сатысы аясында жағымсыз реакциялар ауырлығының азаюы тәртібімен келтірілген. Дәрілік затқа жағымсыз реакциялар, препараттың клиникалық зерттеулер барысында қолданылуын қоспағанда, тіркеуден кейінгі кезеңде қолданылуы кезінде алынған хабарламалардан алынған ақпарат курсивпен бөліп көрсетілген.

    Жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін)

    • жоғары сезімтадық реакциялары (аллергиялық дерматит және анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялар жатады)

    • тахикардия

    • ентігу

    • гипертензия, гипотензия, қан кернеулері

    • жүрек айнуы

    • бөртпе, есекжем, қышыну

    • кеудедегі жайсыздық

    • ішінара белсенділенген тромбопластин уақытының ұзаруы, бейтараптандырғыш антиденелердің болуы

    Өте жиі (≥ 1/10)

    • бас ауыруы, бас айнауы

    • іш ауыруы/іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы

    • сүйектердің ауыруы, артралгия, арқаның ауыруы

    • инфузия емшарасын жүргізумен байланысты реакциялар, астения/шаршау, пирексия/дене температурасының жоғарылауы

    Педиатриялық бейінді пациенттер

    4 жас пен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысқан клиникалық зерттеулер барысындағы ВПРИВ препаратының қауіпсіздік бейіні тура ересек пациенттердегідей болды.

    Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер

    ВПРИВ препаратының жас шамалары 65 жастан асқан және одан үлкен пациенттер қатысқан клиникалық зерттеулер барысындағы қауіпсіздік бейіні басқа ересек пациенттердегідей болды.

    Күмәнді жағымсыз реакциялар туралы хабарлау

    Дәрілік затты тіркеуден кейін анықталатын күмәнді жағымсыз реакциялар туралы хабарлап отырудың маңызы зор. Бұл дәрілік затты қолданудың пайдасы мен қаупінің арақатынасын тұрақты түрде қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлерінен кез келген жағымсыз реакциялар туралы өздерінің ұлттық хабарлау жүйесі арқылы хабарлап отыру сұралады.

    Қолдануға болмайтын жағдайлар

    - препараттың әсер етуші затына немесе кез келген қосымша заттарына ауыр аллергиялық реакциялар

    Дәрілермен өзара әрекеттесуі

    Дәрілермен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.

    Айрықша нұсқаулар

    Жоғары сезімталдық

    Клиникалық зерттеулер барысында және препаратты тіркеуден кейінгі кезеңде қолдану кезінде анафилаксия көрінісіне сәйкес келетін симптомдарды қоса, жоғары сезімталдық реакциялары тіркелді. Жоғары сезімталдық реакцияларының көпшілігі, әдетте, инфузиядан кейінгі 12 сағат ішінде дамиды. Анағұрлым жиі тіркелетін жоғары сезімталдық реакцияларына жүрек айнуы, бөртпе, ентігу, арқаның ауыруы, кеудедегі жайсыздық (кеуденің қысылуын қоса), есекжем, артралгия және бас ауыруы жатады.

    Инфузия емшарасын жүргізумен байланысты реакциялар

    Инфузия емшарасын жүргізумен байланысты реакция – бұл ВПРИВ инфузиясы басталғаннан кейін 24 сағат ішінде дәрілік затқа туындайтын кез келген жағымсыз реакция.

    Пациенттерде клиникалық зерттеулер жүргізу барысында байқалған анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакциялар жоғары сезімталдық реакциялары болды.

    Анағұрлым жиі тіркелетін жоғары сезімталдық реакциясы симптомдарының тізбесіне жүрек айнуы, бөртпе, ентігу, арқаның ауыруы, кеудедегі жайсыздық (кеуденің қысылуын қоса), есекжем, артралгия және бас ауыруы кіреді. Жоғары сезімталдық реакцияларымен байланысты симптомдардан өзге, инфузия емшарасын жүргізуден туындаған реакциялар шаршау, бас айналуы, пирексия, артериялық қысымның жоғарылауы немесе қышыну түрінде көрініс беруі мүмкін. Бұрын ем қабылдамаған пациенттерде инфузия емшарасын жүргізумен байланысты реакциялардың көпшілігі емдеудің алғашқы алты айы ішінде туындаған.

    Жоғары сезімталдық реакциясын қоса, инфузия емшарасының жүргізілуімен байланысты реакциялардың профилактикасы және емі

    Емдеу кезінде, инфузия емшарасын жүргізумен байланысты реакциялар болған жағдайда, реакцияның ауырлығын ескеру және инфузия жылдамдығын баяулату, дәрілік заттарды, мысалы антигистаминдерді, ыстықты түсіретін дәрілерді және/немесе кортикостероидтарды қолдану, сондай-ақ/немесе емдеуді тоқтату және инфузия жүргізу уақытының ұзақтығын арттыра отырып қайта бастау сияқты шаралардың қолданылуын қарастыру керек.

    Анафилаксияны қоса, жоғары сезімталдық реакцияларының туындау қаупі салдарынан ВПРИВты енгізген кезде шұғыл шараларды қолдануға тиісінше дайындалған маманның болуын қоса, тиісінше медициналық көмек көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Ауруханада немесе үйде инфузия жүргізгенде анафилаксиялық немесе басқа жедел реакция туындаған жағдайда, инфузияны дереу тоқтату және сәйкесінше медициналық көмек көрсетуге кірісу қажет. Үйде инфузия жүргізген кезде анафилаксия туындаған пациенттер үшін, емдеуді клиника жағдайларында жалғастыру мүмкіндігін қарастыру керек.

    Велаглюцераза альфаға немесе ферменторынбасқан емнің басқа препараттарына жоғары сезімталдық симптомдары байқалған пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту керек.

    Алдын-ала антигистаминдерді және/немесе кортикостероидтарды қолдану бұрын симптоматикалық ем жүргізу қажет болған пациенттердегі кейінгі реакциялардың туындауының алдын алуы мүмкін.

    Иммуногенділік

    ВПРИВты қолданған кезде туындаған, емдеумен байланысты реакциялардың дамуында антиденелер белгілі бір рөл атқаруы мүмкін. Мұндай өзара байланыстылықты ары қарай зерттеп білу мақсатында, инфузия емшарасын жүргізумен байланысты ауыр реакциялар туындаған жағдайда, және емнің тиімділігі жеткіліксіз болған немесе төмендеген жағдайда, пациенттерде антиденелердің бар-жоқтығын тексеру және алынған нәтижелер туралы компанияға хабарлау керек.

    Натрий

    ВПРИВ препаратының бір құтысында 12,15 мг натрий бар. Мұны натрий тұтынылуы шектелген диета ұстап жүрген пациенттер ескеруі керек.

    Үйлесімсіздігі

    Үйлесімсіздігіне қатысты зерттеулер жүргізілмегендіктен, дәрілік затты басқа дәрілік заттармен араластырмау керек.

    Инфузияға арналған, дайындалған және сұйылтылған ерітіндінің тұрақтылығы

    Жарықтан қорғалған жерде, 2-8°С температурада 24 сағат ішінде қолданғанда препараттың химиялық және физикалық тұрғыдан тұрақты болып қалатындығы анықталған.

    Микробиологиялық тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі тұрғысынан, дәрілік зат дереу пайдаланылуы тиіс. Егер дәрі дереу пайдаланылмаса, пайдаланушы оның пайдаланылғанға дейін жарамды күйде сақталу ұзақтығы мен шарттарына, алайда, 2-8°С температурада 24 сағаттан асырмай сақталуына жауап береді.

    Жүктілік және лактация

    Бала туатын жастағы әйелдер

    Гоше ауруынан зардап шегіп жүрген жүкті пациенттерде жүктілік кезінде және босанғаннан кейін ауру белсенуі мүмкін. Гоше ауруы бар, жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер үшін, препаратты қолданудың қаупі мен пайдасының арақатынасын бағалау керек.

    Жүктілік

    ВПРИВтың жүкті әйелдерде қолданылуына қатысты мәліметтер жоқ немесе шектеулі. Жануарларға жүргізілген эксперименттердің нәтижелері жүктілікке, эмбрионның/шарананың дамуына, босануларға немесе постнатальді дамуға тікелей немесе жанама зиянды әсерінің бар екендігін көрсетпейді. Емнің жекелей қарастырылуын қамтамасыз ету үшін, әрбір жеке-дара жағдайда жүктілік ағымына және Гоше ауруы көріністерінің клиникалық белгілеріне мұқият мониторинг жүргізу қажет. Препаратты жүкті әйелдерге тағайындаған кезде сақтық таныту керек.

    Бала емізу

    Бала емізетін аналарға жүргізілген зерттеулер мәліметтері жоқ. Велаглюцераза альфа әйелдің емшек сүтімен бөлініп шығатын-шықпайтындығы белгісіз. Препаратты бала емізетін әйелге тағайындаған кезде сақтық таныту керек.

    Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

    ВПРИВ көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді немесе болар-болмас әсер етеді.

    Артық дозалануы

    Велаглюцераза альфа артық дозаланған жағдайлар болмаған.

    Велаглюцераза альфаның клиникалық зерттеулер барысында қолданылған ең жоғарғы дозасы 60 ӘБ/кг құраған.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    400 ӘБ препараттан сыйымдылығы 20 мл, бутилкаучук тығындармен тығындалған, құрамында фтор бар шайырмен қапталған және жұлынып алынатын «flip-off» типті пластик дискілермен жасақталған алюминий қалпақшалармен қаусырылған, түссіз боросиликат шыныдан (I типті) жасалған құтыларға салынған.

    1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

    Сақтау шарттары

    Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Сақтау мерзімі

    3 жыл

    Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы

    Өндіруші

    «Веттер Фарма-Фертигунг ГмбХ & Ко.КГ»,

    Моосвизен 2, 88214 Равенсбург, Германия

    Қаптаушы

    «ДХЛ Сапплай Чейн (Нидерланды) Б.В.»,

    Бейстерхёйзен, 11-27, Неймеген, 6546AR, Нидерланды.

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    «Шайер Фармасьютикалс Айреленд Лимитед»,

    5 Ривервок, Ситивест Бизнес Кампус, Дублин 24, Ирландия.

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «ВИВА Фарм» ЖШС,

    Қазақстан Республикасы, 050030, Алматы қ., 2-ші Остроумов к-сі, 33,

    тел: +7 727 383 74 63, факс: +7 727 383 74 56, e-mail: pv@vivapharm.kz

    Прикрепленные файлы

    ИМП_ВПРИВ_рус_обновл._04_.04_.19_Оконч_.docx 0.05 кб
    ВПРИВ_каз_17.04_.2019_.docx 0.05 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту