Вокара®

Производитель: Рихард Биттнер АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний глотки
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020559
Информация о регистрации в РК: 15.05.2014 - 15.05.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Вокара®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гомеопатиялық тамшылар, 20 және 50мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар: Salvia officinalis D1 (дәрілік сәлбен) – 7 мл, Atropa Belladonna D6 (Кәдімгі итжидек) – 10 мл, Phytolacca americana D6 (Америкалық лак ағашы) – 10 мл, Lachesis mutus D12 (сурукуку жыланының уы) – 10 мл, Mercurius solubilis Hahnemanni D 12 (Ганнеман бойынша еритін сынап) – 10 мл

қосымша зат: этил спирті 43%,

Сипаттамасы

Сәлбеннің сәл ащы дәмі бар сәл сарғыш түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар

АТХ коды R02A

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қазіргі уақытта гомеопатиялық медициналық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы олардың жоғары сұйылтылуына байланысты хабарланған жоқ.

Фармакодинамикасы

Вокара® тамшылары – бұл бұрыннан бар түрлі жеке гомеопатиялық дәрілердің қоспасы. Бірін-бірі толықтыратын ингредиенттердің спецификалық біріктірілімі олардың тиімділігінде және бір бағыттық әсер береді.

Дәрілік сәлбен құрамында витаминдер, фитонцидтер, эфир майлары, алкалоидтар, флавоноидтар, органикалық қышқылдар, шайыр тәрізді және иіткіш заттар, табиғи антиоксиданттар бар, айқын қабынуға қарсы, микробқа қарсы, жалпы нығайтқыш қасиеттерге ие.

Кәдімгі итжидек құрамында алкалоидтар – негізінен атропин және гиосциамин бар. Органотроптық әсерге ие, ауыз қуысы мен тыныс алу органдарының қабыну ауруларында қолданылады.

Америкалық лак ағашы, тамырларының құрамында эфир және майлы майлар, сахароза, крахмал, тритерпеноидтар, сапониндер, стероидтар, фитолакцин, оксидаза, фитолак және құмырсқа қышқылы бар. Қабынуға қарсы, жалпы иммунитет стимуляциялайтын, ауыруды басатын, бактериостатикалық, жараны жазатын әсер көрсетеді, зат алмасуды жақсартады.

Сурукуку жыланының уы құрамында пептидтер, ферменттер мен түрлі ақуыздар бар, олардың ішінде барынша маңыздысы гемагглютинин протеиндері мен гемолизиндер болып табылады.

Емдік дозаларда шырышты қабықтың қанағыштығымен қабыну үдерістерінде қолданылады.

Ганнеман бойынша еритін сынап, емдік әсері сынаптың микробтық жасушасының сульфгидрильді тобын бөгейтінімен түсіндіріледі.

Қолданылуы

Кешенді емдеуде:

- ауыз қуысының және жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларында, соның ішінде тонзиллит, баспа, фарингит, стоматит, гингивит және ларингитте.

- созылмалы тонзиллит рецидивтерінің алдын алуда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 10 тамшыдан күніне 3 рет тағайындайды.

1 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға әдетте 5 тамшыдан күніне 3 рет тағайындайды.

Емнің басында әр 30-60 минут сайын қабылдануы мүмкін (күніне 8 реттен көп емес). Жағдайының жақсару белгілері пайда болғанда қабылдау жиілігі күніне 3 ретке дейін азайтылуы тиіс.

Вокара® - тамшыларының толық тиімділігін қамтамасыз ету үшін ас ішерге дейін 30 минут бұрын немесе тамақтанғаннан кейін кемінде 1 сағаттан соң қабылдау керек. Вокара® - тамшылары тамшыларды таза күйде немесе суда сәл еріту арқылы тікелей тілге тамызу, балалар үшін тек сұйылтылған күйде қабылдануы тиіс.

Жедел аурулармен ауыратын емделушілердің емдеу курсы әдетте 4 аптаны құрайды.

Созылмалы аурулармен ауыратын емделушілердің емдеу курсының ұзақтығы әдетте 6 аптаны құрайды.

Созылмалы тонзиллиті бар емделушілерге әдетте препаратты қабылдаудың профилактикалық курсын әдетте жылына 2 рет тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Анықталмаған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- 1 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі уақытта басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Құрамында 43 % спирт болуын есепке ала отырып, препарат бауыр аурулары немесе эпилепсиясы бар емделушілерге сақтықпен тағайындалады.

Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің басында организмнің иммундық жүйесін стимуляциялау салдарынан бұрыннан бар аурулардың бастапқы өршуі болуы мүмкін. Ұзақ уақыт бойы қадағалаусыз емдеу жағымсыз әсерлердің туындауына себеп болуы мүмкін.

Вокара® - тамшылары құрамында өсімдік компоненттері бар, сондықтан олар дәмі мен иісіне қарай ерекшеленуі және біраз бұлыңғыр болуы мүмкін. Бұл препараттың сапасы мен тиімділігіне ешқандай әсер етпейді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Вокара® - тамшылары көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ешқандай әсер етпейді. Бірақ препарат құрамында спирттің болуы жоғары зейін шоғырландыруды, жылдам қозғалысты және психикалық реакцияны талап ететін жұмыстарды орындағанда сақ болуды қажет етеді.

Артық дозалануы

Ешқандай артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Бұралатын қақпағы және полиэтиленнен жасалған тамшылатқышы бар қоңыр шыныдан жасалған құтыларға 20 немесе 50 мл препараттан салынған. Құтыға заттаңба жапсырылады.

1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан және күшті электромагнитті өрістен қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Ұйымның атауы және өндірушінің елі

Рихард Биттнер АГ

Фельдкирхен, Австрия.

Ұйымның атауы және тіркеу куәлігі иесінің елі

Рихард Биттнер АГ

Вена, Австрия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Хербс Трэйдинг ГмбХ» ҚР өкілдігі, Алматы қ., Бегалин к-сі 115

Телефон. тел +7(727) 390-98-93 факс (727) 291-85-34

Электронды поштасы: www.omegapharma.kz

Прикрепленные файлы

748602521477976722_ru.doc 56.5 кб
200356061477977876_kz.doc 62.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники