Водорода перекись (раствор, 3%, 40 мл, Нурер ТОО)

МНН: Водорода пероксид
Производитель: Нурер ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hydrogen peroxide
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022996
Информация о регистрации в РК: 24.05.2017 - 24.05.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Сутегі асқын тотығы

Халықаралық патенттелмеген атауы

-

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 3% ерітіндіҚұрамы:

белсенді зат: 7,5-тен 11.0 г дейінгі сутегі асқын тотығы

қосымша заттар: натрий бензоаты, тазартылған су

Сипаттамасы

Түссіз, мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар

АТХ коды D08АХ01

Фармакологиялық қасиеттері

Оксиданттар тобындағы антисептикалық дәрі. Гемостатикалық әсерге ие. Зақымданған терімен және шырышты қабықпен сутегі асқын тотығы жанасқан кезде белсенді оттегі босап шығады, бұл ретте механикалық тазартулар жүреді және органикалық заттардың (протеиндер, қан, ірің) белсенділігі жойылады. Сутегі асқын тотығының антисептикалық әсері стерилизациялайтын болып саналмайды, қолданған кезде микроорганизмдердің мөлшерін уақытша ғана азайтады.

Қолданылуы Стоматит, баспа және гинекологиялық аурулар және басқалар кезінде, іріңді жараны өңдеген кезде шаю және жуу үшін дезинфекциялайтын, иісті кетіретін және антисептикалық дәрі ретінде сыртқа арналған дәрі. Беткейлік кесіктер кезінде қан тоқтататын дәрі ретінде қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа антисептикалық дәрі ретінде мақта немесе дәке тампонның көмегімен жараны шаю және өңдеу үшін, ауыз қуысы мен тамақты шаю үшін (1 ас қасық стақан суға, 1 стақан бір емшараға).

Жағымсыз әсерлері

- препаратқа жоғары сезімталдық реакциясы, күйдіру, қышыну, гиперемия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдық. Қуыстарға және терең жараларға енгізілмейді (эмболия болуы мүмкін).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сутегі асқын тотығы сілтілік ортада, құрамында металдың тұзы болғанда тұрақсыз.

Айрықша нұсқаулар

Ауыз қуысын шаюға болмайды. Көзге түсуінен сақтану керек.

Артық дозалануы

Сыртқа қолданған кезде осы уақытқа дейін байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

40 мл-ден 3% ерітінді МемСТ 16337-77 бойынша бұрандалы полиэтилен қақпағы бар полиэтилен тамшылатқыш-құтыда. Топтама ыдысқа (картон қорапқа) 144 құтыдан және 144 дана мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтан салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

«Нурер» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Маметова к-сі, 3-үй.

Тел.: 92-14-43, 71-27-12, 71-13-51

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нурер» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Маметова к-сі, 3-үй.

тел: (727)2712712 факс, 271-13-51.

Прикрепленные файлы

Водорода_перекись_инструкция_рус.doc 0.03 кб
Водорода_перекись_инструкция_каз.doc 0.04 кб
046973051498795259_ru.doc 35.5 кб
188004001498795293_ru.doc 35.5 кб
486788011498795825_kz.doc 44 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники