Водорода перекись

МНН: Водорода пероксид
Производитель: Мicrohim
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hydrogen peroxide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025128
Информация о регистрации в РК: 10.08.2021 - 10.08.2026

Инструкция

Саудалық атауы

Сутегi асқын тотығы

Дәрілік түрі, дозалануы

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 3 %

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын дәрілер. Басқа антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Сутегі асқын тотығы.

ATХ коды D08AX01

Қолданылуы

беткейлік ластанған жараларды алғашқы өңдеуде, жараны іріңнен тазалауда

стоматит, баспа, гинекологиялық аурулар кезінде шырышты қабықтарды өңдеу үшін

беткейлік жаралардан капиллярлық қан кетуді, мұрыннан қан кетуді тоқтатуда

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

әсер етуші затқа немесе кез-келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Ерітіндінің көзге түсуінен аулақ болу керек.

Қуыстарды шаю үшін қолданбайды. Окклюзиялық таңғыштардың астына пайдалану ұсынылмайды. Препарат жарыққа және жылуда тұрақсыз.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Сутегі асқын тотығының ерітіндісі сiлтiлi ортада, металл тұздары, күрделі радикалдар, кейбір оксиданттар болғанда ыдырайды және белсенділігін жоғалтады.

Тағаммен және сусындармен өзара әрекеттесу түрлері

Анықталмаған

Арнайы ескертулер

Терінің, көздің және шырышты қабықтардың тітіркенуі (қосымша зат: натрий бензоаты)

Педиатрияда қолдану

Қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану

Қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты сыртқа қолдану көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар:

Енгізу әдісі және жолы

Жараларды өңдеу үшін ерітіндіні терінің зақымданған жеріне жағады.

Шаю үшін сутегі асқын тотығының бір ас қасығын бір стақан суда ерітеді.

Зақымданған жердің аппликациясы үшін сутегі асқын тотығының ерітіндісінде суланған дәке немесе мақта тампонмен өңдейді.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы қол жеткізген әсерге байланысты.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Анықталмаған

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну ұсынымдары

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігер немесе фармацевт кеңесіне жүгініңіз.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

жараны өңдеген кезде ашытуды сезіну

аллергиялық реакциялар

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат сутегі асқын тотығы 7.5 г-нан 11.0 г-ға дейін

(бастапқы препараттағы сутегі асқын тотығының нақты құрамына байланысты)

қосымша заттар: натрий бензоаты, тазартылған су

Сыртқы түрінің сипаттамасы

Мөлдiр, түссiз иiсi жоқ сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан полимерлі материалдан жасалған қақпақ-тамшылатқыш немесе механикалық сорғысы және бүріккіші бар қақпақпен тығындалған полиэтилен құтыда.

Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі қазақша және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Microhim» ЖШС, Қазақстан, 050011, Алматы қ., Стасов к-сі. 70, тел.: +7 777 355 41 30, 572202@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушы

«Microhim» ЖШС, Қазақстан, 050011, Алматы қ., Стасов к-сі. 70, тел.: +7 777 355 41 30, 572202@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекен-жайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Microhim» ЖШС, Қазақстан, 050011, Алматы қ., Стасов к-сі. 70, тел.: +7 777 355 41 30, 572202@mail.ru

Прикрепленные файлы

перекись_ЛВ_каз.docx 0.03 кб
перекись_ЛВ_рус.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники