Водорода перекись-DF (раствор 3%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Сутегінің асқын тотығы - DF
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 3% ерітінді, 25 мл, 30 мл, 40 мл, 50 мл, 100 мл және 200 мл
Құрамы
100 мл препараттың құрамында:
белсендi зат - концентрацияланған сутегінің асқын тотығы (бастапқы субстанцияда сутегі асқын тотығының құрамы 27%-дан 40%-ға дейін) - 7,5-тен 11,11 г дейін (бастапқы субстанцияда сутегі пероксидінің нақты құрамына байланысты)
қосымша заттар: натрий бензоаты, тазартылған су.
Сипаттамасы
Түссіз, мөлдір, иіссіз немесе өзіне тән әлсіз иісі бар, әлсіз қышқыл реакциясы бар сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да антисептиктер және зарарсыздандырғыш препараттар
АТХ коды D08AX01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сутегінің асқын тотығы жарықтың әсерінен, қыздырғанда, оттегіні бөле отырып сілтілермен, тотықтыратын және қалпына келтіретін заттармен жанасқанда жылдам ыдырайды.
Фармакодинамикасы
Оксиданттар тобының атнисептикалық дәрісі. Зарарсыздандырғыш, иіссіздендіргіш, сондай-ақ гемостатикалық әсері бар. Сутегінің асқын тотығы зақымданған терімен және шырышты қабықтармен жанасқанда қанның құрамындағы фермент – пероксидаза су және белсенді оттегін түзе отырып сутегінің асқын тотығын ыдыратады. Бұл кезде көбік түзіледі, оның көмегі арқылы механикалық тазару және органикалық заттардың (протеиндер, қан, ірің) белсенділігі жойылады.
Препарат антисептикалық әсері арқылы стерилизацияламайды, оны қолданғанда микроорганизмдер мөлшері уақытша азаяды.
Қолданылуы
Мыналарды жууға және шаюға арналған дәрі:
- стоматиттерде
- баспаларда
- гинекологиялық ауруларда
- кішкентай беткейлік жараларда
- беткейлік жараларындағы ұсақ қылтамырлардан қан кеткенде
- мұрыннан қан кеткенде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен кез келген жастағы балаларға стоматитте, баспада, гинекологиялық ауруларда жуу және шаю үшін зарарсыздандырғыш, иіссіздендіргіш 0,2-0,3% ерітінді түріндегі дәрі ретінде (1 стақан суда 1-2 ас қасықтан), сондай-ақ тері жабындарын, жарақаттар мен ойық жараларды 1,5-3% ерітінді сіңдірілген тампонмен өңдеуге арналған.
Емдеу ұзақтығы қол жеткізген әсерге байланысты.
Жағымсыз әсерлері
- болуы мүмкін: жараны өңдеу кезінде шымылдатуды сезіну
- жекелеген жағдайларда: аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препарат сілтілі ортада кейбір оксиданттардың металл тұздары, күрделі радикалдары болған жағдайда тұрақсыз.
Айрықша нұсқаулар
Қуыстарды шаю үшін қолданылмайды.
Препарат жарық пен жылуда тұрақсыз.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға қарсы көрсетілімдер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Полимерден жасалған бұралып жабылатын қақпағы бар полиэтиленді құтыда 200 мл және полиэтиленді тамызғыш-құтыларда 25 мл, 30мл, 40 мл, 50 мл, 100 мл-ден.
Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге топтық ыдысқа салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727) 253-03-88.
Тіркеу куәлігінің иесі
«DOSFARM» ЖШС, 050034, Қазақстан, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3
Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-cі, 3, тел./факс: (727) 253-03-88, эл. мекенжайы: dosfarm@dosfarm.kz