Витрум® Центури
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ВИТРУМ® ЦЕНТУРИ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: |
||
А витамині (ретинол ацетаты және бета-каротин) |
– 6000 |
ХБ 1 |
D3 витамині (холекальциферол) |
– 400 |
ХБ 2 |
Е витамині (альфа токоферол ацетаты) |
– 45 |
ХБ 3 |
С витамині (аскорбин қышқылы) |
– 60 |
мг |
фолий қышқылы |
– 200 |
мкг |
В1 витамині (тиамин гидрохлориді) |
– 1,5 |
мг |
В2 витамині (рибофлавин) |
– 1,7 |
мг |
В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді) |
– 3 |
мг |
В12 витамині (цианокобаламин) |
– 25 |
мкг |
никотинамид |
– 20 |
мг |
биотин |
– 30 |
мкг |
пантотен қышқылы (кальций пантотенаты) |
– 10 |
мг |
К1 витамині (фитоменадион) |
– 10 |
мкг |
кальций (кальций гидрофосфаты) |
– 200 |
мг |
калий (калий хлориді) |
– 80 |
мг |
фосфор (кальций гидрофосфаты) |
– 48 |
мг |
йод (калий йодиді) |
– 150 |
мкг |
темір (темір фумараты) |
– 9 |
мг |
магний (магний тотығы) |
– 100 |
мг |
мыс (мыс тотығы) |
– 2 |
мг |
мырыш (мырыш тотығы) |
– 15 |
мг |
хлоридтер (калий хлориді) |
– 72 |
мг |
хром (хром хлориді) |
– 100 |
мкг |
молибден (натрий молибдаты) |
– 25 |
мкг |
марганец (марганец сульфаты) |
– 2,5 |
мг |
селен (натрий селенаты) |
– 20 |
мкг |
никель (никель сульфаты) |
– 5 |
мкг |
кремний (натрий метасиликаты) |
– 10 |
мкг |
ванадий (натрий метаванадаты) |
– 10 |
мкг |
бор (натрий бораты) |
– 150 |
мкг |
1 – 2 мг ретинол ацетатына және 112 мкг бета-каротинге баламалы 2 – 10 мкг холекальциферолға баламалы 3 – 45 мг альфа токоферол ацетатына баламалы |
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты,
қабық құрамы: Опадрай II Сұр 40L17589 (бояғыш FD&C көк #2 (Е132), бояғыш FD&C қызыл #40 (Е129), бояғыш FD&C сары #6 (Е110), гипромеллоза, полидекстроза, титанның қостотығы (Е171), триацетин, полиэтиленгликоль).
Сипаттамасы
Бір жақ бетінде бөлетін сызығы бар, ашық-сұрдан күңгірт-сұр түске дейінгі қабықпен қапталған капсула тәрізді таблеткалар. Өзіне тән жеңіл иісі болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Минералды заттары бар поливитаминдер.
АТХ коды А11АА
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Витрум® ЦЕНТУРИ препаратының фармакологиялық әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылаулар жүргізу мүмкін емес; барлық компоненттерді маркерлер мен биозерттеулер көмегімен де бақылау мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Құрамында 50 жастан асқан адамдардың қажеттілігіне сәйкес келетін арнайы іріктелген дозаларда витаминдер мен минералды заттары бар біріктірілген препарат.
Бета-каротин А витаминінің ізашары болып табылады. Иммуномодуляциялайтын әсер көрсетеді, В- және Т-лимфоциттердің дифференцияциялануын стимуляциялайды, бос радикалдардың белсенділігін жоятын айқын қабілеті бар.
А витамині ақуыздардың, липидтердің, полисахаридтердің синтезіне қатысады; терінің, шырышты қабықтардың, сондай-ақ көру мүшесінің қалыпты функциясын қамтамасыз етеді.
D3 витамині кальций мен фосфор теңгерімін ұстап тұруда маңызды рөл атқарады. D3 витаминінің тапшылығы сүйек тініндегі кальций құрамының азаюына (остеопорозға) әкеледі.
Е витамині табиғи антиоксидант болып табылады. Қан ұйығыштығының жоғарылауына жол бермейді және шеткергі қан айналымына жағымды әсер етеді. Ақуыздар (коллаген, жиырылғыш ақуыздар), гемоглобин, коэнзим Q, гонадотропты гормондар биосинтезіне, тіннің тыныс алуына, тін метаболизмінің басқа да маңызды үдерістеріне қатысады, эритроциттер гемолизінің алдын алады, қылтамырлардың жоғары өткізгіштігіне және үзілгіштігіне кедергі жасайды.
С витамині тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттеуде маңызды рөл атқарады, коллаген синтезін қамтамасыз етеді, фолий қышқылы метаболизміне, липидтер және ақуыздар синтезіне, қан ұйығыштығына және тіндердің регенерациясына қатысады, стероидты гормондардың түзілуін стимуляциялайды, қылтамырлар өткізгіштігін қалпына келтіреді, жұқпаларға организмнің төзімділігін арттырады, қабыну реакцияларын азайтады; асқазан-ішек жолынан темірдің сіңірілуін жақсартып, оның жинақталуына мүмкіндік береді.
Фолий қышқылы қан жасушаларының қалыпты түзілуі үшін қажет, эритропоэзді стимуляциялайды, амин қышқылдарының синтезіне қатысады.
В тобының витаминдері организмдегі әртүрлі зат алмасу түрлерін реттейтін ферменттердің түзілуіне қатысады.
В1 витамині кофермент ретінде көмірсу алмасуына, жүйке жүйесі функциясына қатысады.
В2 витамині жасушалық тыныс алу және көру катализаторы болып табылады; ДНҚ қалыптасуында маңызды рөл атқарады, тіндер регенерациясы үдерістеріне (оның ішінде тері жасушаларының) ықпал етеді.
В6 витамині кофермент ретінде амин қышқылдары мен ақуыздар метаболизміне, нейромедиаторлар синтезіне қатысады.
В12 витамині фолий қышқылымен бірге нуклеотидтер синтезіне қатысады, жүйке қабығы жасушалары мен эритроциттердің қалыптасуына қатысады, паренхиматозды ағзалардың майлы жасушаларының жаңғыруына кедергі жасайды, организмнің өсуі үшін қажет.
Никотинамид тіндік тыныс алу үдерісіне, көмірсу және липидтер метаболизміне қатысады. Қантамырларды холестериннің жағымсыз әсер етуінен қорғайды.
Биотин көмірсулар мен май қышқылдары метаболизмінде маңызды рөл атқарады. Ферментті кешендердің құрылуына қатысады, карбоксилазалар коферменті болып табылады.
Пантотен қышқылы А коэнзимінің құрамдас бөлігі ретінде ацетилдену және тотығу үдерістерінде маңызды рөл атқарады; эпителий мен эндотелийдің құрылуына және регенерациялануына мүмкіндік береді.
К1 витамині қанның ұю жүйесінің компоненті болып табылады, қан ұю үдерісінің қалыпқа келуіне ықпал етеді.
Кальций сүйек тіндері мен тістің қалыптасуына, қанның ұюына, жүйке импульстерінің берілуіне, қаңқалық және тегіс бұлшықеттердің жиырылуына қатысады, жүрек қызметінің тұрақтылығын демеу үшін қажет. Ол сондай-ақ темірдің сіңірілуіне ықпал етеді.
Калий жасушаішілік осмостық қысымды ұстап тұруға, жүйке импульстарын өткізу үдерістеріне қатысады; бұлшықеттердің, соның ішінде миокардтің функциясында және метаболизмінде маңызды рөл атқарады.
Фосфор метаболизмдік үдерістерде, энергетикалық алмасуда, сүйек тінінің қалыптасуында, өсу үдерістерінде маңызды рөл атқарады. Ол ми, қаңқа және жүрек бұлшықеттерінің жұмысына, бірқатар гормондар мен ферменттердің түзілуіне қатысады.
Йод қалқанша без функциясына әсер етеді, қандағы холестерин мен бета-липопротеидтер концентрациясын төмендетеді.
Темір гемоглобин молекуласының бөлігі болып табылады, организмде оттегін тасымалдауға қатысады, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады, эритропоэзді стимуляциялайды.
Магний ақуыздар, майлар мен көмірсулар метаболизмі үшін өмірлік маңызы бар және энергияны өзгерту үдерістеріне қатысады. Нейрондардың қозғыштығын және жүйке импульсінің бұлшықеттерге берілуін төмендетеді, кофактор ретінде көптеген ферментативтік реакцияларға қатысады.
Мыс темірдің метаболизміне, ақуыз синтезіне, тіндік тыныс алуға, қанның түзілуіне, иммундық реакцияларға қатысады. Метаболикалық реакцияларға қатысатын ферменттердің құрамына кіреді.
Мырыш қаңқаның қалыпты қалыптасуы және тіндердің регенерациясы үшін қажет, инсулинді қоса, кейбір гормондардардың түзілуіне қатысады, нуклеин қышқылдарының, ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, май қышқылдарының метаболизміне қатысады.
Хром инсулиннің кофакторы болып табылады. Құрамында никотин қышқылы, глицин, глютамин қышқылы және цистеин бар инсулиндік кешеннің қосылуын жеңілдете отырып, инсулиндік рецепторлар кешенін құрайды. Май қышқылдарының түзілуіне және көмірсулардың ассимиляциясына қатысатын ферменттерді белсенді етеді.
Молибден тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады, ферментті кофактор ретінде әсер етуі мүмкін. Анемияның дамуына кедергі жасайды.
Марганец сүйек тінінің, бұлшықет рефлекстерінің дамуына ықпал етеді, жадыны жақсартады, жүйкенің қозғыштығын төмендетеді, көптеген ферментативтік реакцияларға кофактор ретінде қатысады.
Селен антиоксидантты қасиеттерге ие, бос радикалдардың түзілуіне жол бермейді; тіндердің созылғыштығын реттеуге қатысады.
Никель биологиялық жүйелер құрамына кіретін маңызды элемент болып табылады (ол спецификалық металлоферменттер құрамына кіреді деп болжанады).
Кремний дәнекер тінінің даму және функцияларын демеу үдерістеріне қатысады, коллагеннің биосинтезі және сүйектердің минералдану үдерісі үшін қажет.
Ванадий гемоглобиннің тұрақты күйде сақталуына мүмкіндік береді.
Бор паратгормонның белсенділігін және сол арқылы – кальций, магний, фосфор және холекальциферол алмасуын реттейді, постменопаузалық остеопороздың дамуына жол бермеуге ықпал етеді және бұлшықетті нығайтады.
Қолданылуы
-
50 жастан асқан адамдарда гиповитаминоздың және авитаминоздардың, минералды заттардың жетіспеушілігінің алдын алуда және емдеуде
-
қарқынды ақыл-ой және дене жүктемелерінде
-
теңдестірілмеген тамақтануда
-
бастан өткерген аурулардан кейінгі сауығу кезеңінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Тамақтан кейін күніне 1 таблеткадан.
Емдеу курсы 1 ай. Қайталау курстары дәрігердің ұсынуы бойынша.
Жағымсыз әсерлері
Болуы мүмкін:
-
препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
-
18 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Осы уақытқа дейін Витрум® ЦЕНТУРИ препаратының басқа дәрілік препараттармен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулері анықталған жоқ.
Құрамында ұқсас витаминдер мен минералдар бар препараттармен бір мезгілде қабылдағанда артық дозаланудың пайда болу қаупі күшейеді.
Препараттың құрамына темір және кальций кіреді, сондықтан тетрациклиндер тобының антибиотиктерімен және микробқа қарсы дәрілер – фторхинолон туындыларын бір мезгілде қолданғанда соңғыларының АІЖ сіңірілуі баяулайды.
Препараттың құрамына кіретін С витамині сульфаниламидтер тобына жататын микробқа қарсы дәрілердің фармакологиялық әсері мен жағымсыз әсерлерін күшейтеді.
Құрамында алюминий, кальций, магний, сондай-ақ колестирамин бар антацидтік препараттарды бір мезгілде қолданғанда препарат құрамына кіретін темірдің сіңірілуі төмендейді.
Витрум® ЦЕНТУРИ мен тиазидті диуретиктерді бір мезгілде қолданғанда гиперкальциемияның даму қаупі жоғарылайды.
Айрықша нұсқаулар
Препараттың ұсынылған дозасын арттырмау керек. Артық дозалануға жол бермеу үшін басқа ұқсас поливитаминді-минералды кешендермен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Несептің сары түске боялуы, нәжістің күңгірт түске боялуы мүмкін, бұл қауіпті емес, өйткені бұл препараттың құрамында, сәйкесінше, рибофлавин мен темірдің бар болуымен жүзеге асады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Ықпал етпейді.
Артық дозалануы
Витрум® ЦЕНТУРИ препаратын ұсынылған дозаларда және емдеу ұзақтығында қолданған кезде артық дозалану құбылыстары сипатталмаған.
Кездейсоқ артық дозаланғанда дереу дәрігерге қаралу керек.
Артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем ұсынылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтиленнен жасалған, әрі сол материалдан жасалған бұрандалы қақпағы және фольгадан жасалған сақтандырғыш клапаны бар құтыда қабықпен қапталған 30 немесе 100 таблеткадан. Құтыға заттаңба жапсырылады және полиэтилен үлбірмен тартып орайды.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 10 – 30 0С температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Юнифарм, Инк., АҚШ
Тіркеу куәлігінің иесі
Юнифарм, Инк., АҚШ
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасындағы «Юнифарм, Инк.» (АҚШ) өкілдігі
Алматы қ-сы, Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе
тел.: +7 (727) 244-50-04
факс: +7 (727) 244-50-06
info@unipharm.kz