Витрум® Тинейджер

МНН: Поливитамины + Минералы
Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с другими минеральными веществами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012631
Информация о регистрации в РК: 21.08.2013 - 21.08.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Витрум® Тинейджер

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

A витамині (ретинол ацетаты)

3000

ХБ 1

D3 витамині (холекальциферол)

200

ХБ 2

Е витамині (dl-α-токоферол ацетаты)

10

ХБ 3

С витамині (аскорбин қышқылы)

100

мг

В1 витамині (тиамин мононитраты)

1.5

мг

В2 витамині (рибофлавин)

1.7

мг

В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді)

2

мг

В12 витамині (цианокобаламин)

6

мкг

Никотинамид

20

мг

Фолий қышқылы

400

мкг

Кальций пантотенаты

5

мг

Биотин

30

мкг

К1 витамині (фитоменадион)

10

мкг

Фосфор (кальций гидрофосфаты)

50

мг

Кальций (кальций карбонаты, кальций гидрофосфаты)

200

мг

Магний (магний тотығы)

50

мг

Темір (темір фумараты)

10

мг

Мыс (мыс тотығы)

2

мг

Мырыш (мырыш тотығы)

15

мг

Йод (калий йодиді)

150

мкг

Марганец (марганец сульфаты)

1

мг

Селен (натрий селенаты)

30

мкг

Хром (хром хлориді)

20

мкг

Молибден (натрий молибдаты)

20

мкг

1 - 10.32 мг ретинол ацетатына баламалы

2 - 5 мкг холекальциферолға баламалы

3 - 10 мг dl-альфа токоферол ацетатына баламалы

қосымша заттар: магний стеараты, кремнийдің қостотығы, ваниль, шоколадты хош иістендіргіш, мақта майы, гуар шайыры (Е412), какао ұнтағы, фруктоза, сорбитол, аспартам.

Сипаттамасы

Ашық-сұр-қоңырдан күңгірт-сұр-қоңыр түске дейінгі ашық және күңгірт теңбілдері бар дөңгелек пішінді шайнайтын таблеткалар. Өзіне тән тәттілеу иісі және дәмі бар.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Поливитаминдер.

Минералдық заттары бар поливитаминдер.

Басқа да минералдары және олардың біріктірілімдері бар поливитаминдер.

АТХ коды А11АА03

Фармакологиялық қасиеттері

ВИТРУМ® ТИНЕЙДЖЕР құрамында витаминдер мен минералдар бар біріктірілген препарат, метаболикалық әсер көрсетеді, қарқынды өсу және жыныстық жетілу кезеңінде зат алмасуын қалыптандырады.

Тамақтану тәртібі бұзылғанда, теңдестірілмеген және/немесе толыққанды емес тамақтану кезінде витаминдердің және микроэлементтердің нақтылы немесе салыстырмалы тапшылығын толықтырады.

А витамині әртүрлі заттардың (ақуыздардың, липидтердің, мукополисахаридтердің) синтезіне қатысады және терінің, шырышты қабықтардың және көру органының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

D3 витамині ағзадағы кальций мен фосфор теңгерімін ұстап тұруда маңызды рөл атқарады, сүйектердің қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.

Е витамині табиғи антиоксидант болып табылады. Қанның қатты ұюын болдырмайды және шеткергі қан айналымына қолайлы әсер етеді. Ақуыздар мен гемоглобин синтезіне, жасушалардың өсу үдерісіне, қаңқа бұлшықеттерінің, жүректің және қан тамырларының, жыныс бездерінің қызметтеріне қатысады.

С витамині бірқатар биологиялық белсенді заттардың тотығуына, дәнекер тіндердегі алмасудың реттелуіне, көмірсулар алмасуына, қанның ұюына және тіндердің регенерациясына қатысады, стероидты гормондардың түзілуін көтермелейді, қылтамырлардың өткізгіштігін қалыптандырады, ағзаның жұқпаларға төзімділігін арттырады, қабыну реакцияларын азайтады.

В тобының витаминдері ағзадағы зат алмасудың алуан түрлерін ретке келтіретін ферменттердің түзілуіне қатысады.

Никотинамид көмірсулар мен липидтер метаболизміне қатысады. Ағзадағы амин қышқылдары мен триглицеридтердің алмасуын реттейді. Қан тамырларын холестериннің жайсыз әсер етуінен қорғайды.

Фолий қышқылы қан жасушаларының қалыпты түзілуі үшін қажет, эритропоэзды көтермелейді, амин қышқылдарының синтезіне қатысады.

Кальций пантотенаты май қышқылдарының метаболизміне қатысады, липидтік алмасуды қалыптандырады және ағзадағы тотығу-тотықсыздану үдерістерін белсенділендіреді.

К1 витамині қанның ұю жүйесінің компоненті болып табылады.

Биотин көмірсулар мен май қышқылдарының метаболизмінде маңызды рөл атқарады.

Кальций сүйек тінінің және тістердің қалыптасуы үшін қажет, қанның қалыпты ұюына ықпал етеді.

Магний нейрондардың қозғыштығы мен жүйке импульсінің бұлшықеттерге берілуін төмендетеді, көптеген ферментативтік реакцияларда кофактор ретінде қатысады.

Фосфор метаболикалық үдерістерде, энергетикалық алмасуда, сүйек тінінің қалыптасуында, өсу үдерістерінде маңызды рөл атқарады.

Темір эритропоэзға қатысады, гемоглобин құрамында оттегінің тіндерге тасымалдануын қамтамасыз етеді.

Мыс тіннің тыныс алуына, қан түзілісіне, иммундық реакцияларға қатысады.

Мырыш нуклеин қышқылдарының, ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, май қышқылдарының метаболизміне, сондай-ақ гормондар метаболизміне қатысады.

Йод қалқанша без гормондарының синтезі үшін қажет.

Марганец бұлшықет рефлекстеріне әсер етеді, есте сақтауды жақсартады, жүйкенің қозғыштығын төмендетеді. Марганец – көптеген ферменттік жүйелердің жандандырушысы (барлық субжасушалық құрылымдарда және бүкіл тіндерде).

Селен қан түзілуін көтермелейді, ағзадан ауыр металдар иондарын шығаруға көмектеседі. Р450 цитохромының индукциясын ұстап тұрады, бір мезгілде пероксидазаны және глутатионредуктазаны (тиол топтарының синтезі, ЛАТ алдын алу) көтермелейді.

Хром инсулин кофакторы болып табылады. Инсулин рецепторларымен кешен түзіп, құрамында никотин қышқылы, глицин, глютамин қышқылы және цистеин бар инсулин кешенімен қосылуын жеңілдетеді. Май қышқылдарының түзілуіне және көмірсулар ассимиляциясына қатысатын ферменттерді белсенділендіреді.

Молибден ксантиноксидаза (пуриндердің, пиримидиндердің тотығуы – нуклеин қышқылдарының алмасуы, несеп шығару конкременттерінің түзілуі) және сульфатоксидаза (уытсыздану; ОЖЖ қызмет атқаруы) жандандырғышы. Анемияның дамуына кедергі келтіреді.

Қолданылуы

Балаларда және жасөспірімдерде витаминдер мен минералдық заттар тапшылығының алдын алуда:

  • қарқынды өсу және даму кезеңінде, соның ішінде әлсіреген немесе жиі ауыратын балаларда

  • жоғары дене және эмоциялық жүктемелерде

  • жайсыз экологиялық ортада өмір сүргенде.

Қолдану тәсілі және дозалары

12-ден 18 жасқа дейінгі балаларға – күніне 1 таблеткадан.

Тамақтанудан кейін таблетканы шайнау арқылы ішке қабылдайды.

Емдеу курсы 1 ай.

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттеріне аллергиялық реакция

  • несептің қарқынды сары түске боялуы қауіп төндірмейді, бұл препарат құрамында рибофлавиннің болуымен байланысты.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • А және Д гипервитаминозы

  • 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Артық дозалануды болдырмау үшін құрамында А, Е, D витаминдері бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылған дозадан асырмау керек. Препарат құрамында аспартам бар, бұл фенилаланиннің көзі болып табылады, сондықтан фенилкетонуриясы бар науқастарға қолдануға болмайды. Препарат құрамында сорбитол және фруктоза бар, сондықтан тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар емделушілерге қолдануға болмайды.

Артық дозалануы

артық дозалануы

Емі: ішке белсендірілген көмір қабылдау, асқазанды шаю, симптоматикалық емдеу.

Шығарылу түрі және қапталуы

30 немесе 60 таблеткадан полиэтилен құтыларда, сол материалдан бұралып жабылатын қақпағы және фольгадан жасалған сақтандырғыш клапаны бар. Құтыға желімденетін заттаңба жапсырып, құтыны полиэтилен үлбірімен тартып орайды және медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде,10 - 30 оС температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Юнифарм, Инк., АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Юнифарм, Инк.» (АҚШ) өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

Телефон нөмірі: +7 (727) 244-50-04

Факс нөмірі: +7 (727) 244-50-06

Электрондық пошта: info@unipharm.kz

 

Прикрепленные файлы

874286641477976835_ru.doc 62.5 кб
056380311477977996_kz.doc 71.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники