Витрум® Суперстресс

МНН: Поливитамины + Минералы
Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с железом
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015021
Информация о регистрации в РК: 19.09.2014 - 19.09.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Витрум ® Суперстресс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

 

Е витамині (dl-α-токоферол ацетаты)

– 30 ХБ1

С витамині (аскорбин қышқылы)

– 500 мг

фолий қышқылы

– 400 мкг

В1 витамині (тиамин гидрохлориді)

– 15 мг

В2 витамині (рибофлавин)

– 10 мг

никотинамид

– 100 мг

В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді)

– 5 мг

В12 витамині (цианокобаламин)

– 12 мкг

биотин

– 45 мкг

пантотен қышқылы (кальций пантотенаты)

– 20 мг

темір (темір фумараты)

– 27 мг,

1 – 30 ХБ Е витамині 30 мг dl-α-альфа токоферол ацетатына баламалы

қосымша заттар: кальций сульфаты, микрокристалды целлюлоза, кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, стеарин қышқылы, магний стеараты,

қабығы: гипромеллоза, қызыл FD&C бояғыш #40 (Е 129), сары FD&C бояғыш #6 (Е 110), титанның қостотығы (Е 171), триацетин.

Сипаттамасы

Капсула түріндегі, күңгірт-қызыл түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Спецификалық иісі болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Поливитаминдер. Минералды заттары бар поливитаминдер. Темірі бар поливитаминдер.

АТХ коды А11АА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Витрум® СУПЕРСТРЕСС препаратының фармакологиялық әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылауларды жүргізу мүмкін емес; компоненттерінің барлығы маркерлер немесе биозерттеулердің көмегімен қадағалана алмайды.

Фармакодинамикасы

Е витамині табиғи антиоксидант болып табылады, липидтер асқын тотықтың тотықтануын болдырмайды. Ақуыздар (коллаген, жиырылу ақуыздары, шырышты қабық ақуыздары), Q коэнзим синтезіне, тіндік тыныс алуға, тіндік метаболизмнің басқа да үдерістеріне қатысады, жоғары өткізгіштік пен қылтамырлар жарылғыштығына бөгет болады.

С витамині биологиялық белсенді заттар қатарының тотығуына, дәнекер тіндер зат алмасуын, көмірсу алмасуын, қан ұюын және тіндер регенерациясын реттеуге қатысады, стероидты гормондар түзілуін көтермелейді, қылтамырлар өткізгіштігін қалпына келтіреді, организмнің жұқпаға төзімділігін жоғарылатады, қабыну реакцияларын азайтады.

Фолий қышқылы қан жасушаларын қалыпты түзілуі үшін қажет, эритропоэзді, лейкопоэзді, тромбоцитопоэзді көтермелейді, амин қышқылдары синтезіне қатысады. Зақымданған тіндер трофикасына және регенерациясына ықпал етеді.

В тобының витаминдері (В1 витамині, В2 витамині, В6 витамині, В12 витамині) организмде зат алмасудың әр қилы түрлерін реттейтін ферменттердің түзілуіне қатысады.

Никотинамид көмірсу мен липидтер метаболизміне қатысады. Организмде амин қышқылдары және триглицеридтердің алмасуын реттейді. Қан тамырларын холестериннің жағымсыз әсер етуінен қорғайды.

Биотин көмірсу және май қышқылдары метаболизмінде маңызды рөл атқарады.

Пантотен қышқылы коэнзим А құрамдас бөлігі ретінде ацетилдену және тотығу үдерістерінде маңызды рөл атқарады; эпителий мен эндотелийдің құрылуы мен регенерациясына ықпал етеді.

Темір эритропоэзге қатысады, гемоглобин құрамында тіндерге оттегін тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

Емдеу-алдын алу дәрісі ретінде ұсынылады:

  • гиповитаминозды, авитаминозды және әр түрлі аурулар жарақаттар, операциялардан кейінгі сауығу кезеңінде темір тапшылығының алдын алу мен емдеуде

  • жоғары психикалық және дене жүктемелері кезеңінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге тамақтанудан кейін күніне 1 таблеткадан. Емдеу курсы 1 ай. Қайталау курсы дәрігердің ұсынымы бойынша.

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін Витрум® Суперстресс препаратының басқа дәрілік препараттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Құрамында ұқсас витаминдер мен темір бар препараттарды бір мезгілде қабылдағанда артық дозаланудың туындау қаупі күшейеді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты көрсетілген дозадан арттырмау керек. Артық дозалануды болдырмас үшін басқа ұқсас поливитаминдік кешендермен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Нәжіс қара түске боялуы мүмкін, ол препаратта темірдің болуына байланысты.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Витрум® Суперстресс препаратын ұсынылатын дозалар мен емдеу ұзақтықтығында қолданғанда артық дозалану құбылысы сипатталмаған. Кездейсоқ артық дозаланған жағдайда дереу дәрігерге қаралу керек.

Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем ұсынылады.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қабықпен қапталған 30 немесе 60 таблеткадан сол материалдан жасалған қақпағы және фольгадан жасалған клапаны бар полиэтиленнен жасалған құтыда. Құтыға заттаңба жапсырып, полиэтилен үлбірмен тартып орайды.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 10 – 30°С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикадағы «Юнифарм, Инк.» (АҚШ) өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

телефон: +7 (727) 244-50-04

факс: +7 (727) 244-50-06

 

Прикрепленные файлы

265890361477976669_ru.doc 55.5 кб
642228761477977813_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники