ВИТРУМ® ПЕРФОМЕНС

МНН: Поливитамины + Прочие препараты
Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины в других комбинациях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012930
Информация о регистрации в РК: 23.10.2013 - 23.10.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Витрум® Перфоменс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

 

А витамині (ретинол ацетаты және β-каротин)

5000 ХБ1

D3 витамині (холекальциферол)

400 ХБ 2

Е витамині (d-α-токоферол ацетаты)

60 ХБ 3

С витамині (аскорбин қышқылы)

120 мг

фолий қышқылы

400 мкг

В1 витамині (тиамин мононитраты)

4.5 мг

В2 витамині (рибофлавин)

5.1 мг

В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді)

6 мг

В12 витамині (цианокобаламин)

18 мкг

никотинамид

40 мг

биотин

40 мкг

пантотен қышқылы (кальций пантотенаты)

10 мг

К1 витамині (фитоменадион)

25 мкг

кальций (кальций карбонаты және кальций гидрофосфаты)

100 мг

калий (калий хлориді)

80 мг

фосфор (кальций гидрофосфаты)

48 мг

йод (калий йодиді)

150 мкг

темір (темір фумараты)

18 мг

магний (магний тотығы)

40 мг

мыс (мыс тотығы)

2 мг

мырыш (мырыш тотығы)

15 мг

хлоридтер (калий хлориді)

72 мг

хром (хром хлориді)

120 мкг

молибден (натрий молибдаты)

75 мкг

марганец (марганец сульфаты)

4 мг

селен (натрий селенаты)

70 мкг

қалайы (қалайы хлориді)

10 мкг

никель (никель сульфаты)

5 мкг

кремний (кремний тотығы)

4 мг

ванадий (натрий метаванадаты)

10 мкг

бор (натрий бораты)

60 мкг

женьшень (америкалық женьшень түбірінің стандартталған сығындысы) 10%

50 мг

_______________________________________________________________________

1 – 1.55 мг ретинол ацетатына (4500 ХБ) және 300 мкг β-каротинге (500 ХБ) баламалы

2 – 10 мкг холекальциферолға баламалы

3 – 60 мг d-α-токоферол ацетатына баламалы

қосымша заттар: -

микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты,

қабығы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), триацетин, сары FD&C бояғыш #6 (Е 110), қызыл FD&C бояғыш #40 (Е 129).

Сипаттамасы

Бір жағында сызығы бар, ашық-қызғылт сарыдан күңгірт-қызғылт сары түске дейінгі қабықпен қапталған капсула пішінді таблеткалар. Өзіне тән ерекше иісі болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа біріктірілімдердегі поливитаминдер

АТХ коды A11AB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі, метаболизмі, таралуы және шығарылуы Витрум® Перфоменс өнімінің құрамына кіретін жекелеген құрамдас бөліктердің қасиеттеріне сәйкес келеді. Клиникалық бақылаулар жүргізуге мүмкіндік жоқ, құрамдас бөліктердің бәрі бірге маркерлердің немесе биозерттеулердің көмегімен анық болмайды. Осы себепке орай да, препараттың метаболиттерін табу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Фармакологиялық қасиеттері препараттың құрамына кіретін витаминдер, минералдық заттар, микроэлементтер және өсімдік текті құрамдастар кешенімен анықталады.

Витаминдер, минералдық заттар және микроэлементтер сапасыз ауқаттанудың, зиянды экологиялық факторлардың, стрестік ықпалдардың зардаптарын төмендетеді, ұзаққа созылған және ауыр сипатты ауруларда ағзаның қорғаныс күштерін белсенділендіреді.

Женьшень биологиялық белсенді заттар кешені (сапонин гликозидтері - гинсенозидтер, элеутерозидтер, пептидтер, эфир майлары, стирол, витаминдер және минералдар) адаптогенді, көтермелегіш және уытсыздандырғыш әсерлер иеленген. Ішкі секреция бездерінің жұмысын реттейді, артериялық қысымның, қандағы холестерин мен глюкоза деңгейінің қалыптануына ықпал етеді.

Қолданылуы

  • витаминдердің жоғары қажеттілігімен қатар жүретін жай-күйлер (сонымен қатар әртүрлі тектегі астениялық ахуалдар, жалпы әлсіздік және қатты қажу, иммунитеттің төмендеуі, созылмалы шаршау синдромы)

  • ұзаққа созылатын физикалық және психикалық жүктемелерде

  • қолайсыз экологиялық жағдайларда

  • ауыр сипатты аурулардан кейінгі қалпына келу кезеңі, химиялық ем заттарымен емдеу кезінде және одан кейін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге күніне 1 таблеткадан тамақтану кезінде. Емдеу курсы 1 ай. Қайталау курстары - дәрігер кеңесі бойынша.

Препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Жағымсыз әсерлері

  • ықтимал: препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар

  • жекелеген жағдайларда: ұйқының бұзылуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жүйке қозғыштығының жоғарылауы

  • ұйқы бұзылыстары

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ВИТРУМ® ПЕРФОМЕНС препаратының дәрілермен өзара әрекеттесуі сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылған дозалаудан асырмау керек. Осы препарат құрамына кіретін витаминдер, минералдар және өсімдік текті бөліктері бар басқа препараттармен, сондай-ақ айқын сергіткіш әсер иеленген препараттармен бірге қолдану ұсынылмайды.

Препарат артериялық гипертензиясы бар емделушілерге абайлап тағайындалады.

Жүктілік және лактация

Қазіргі уақытта жеткілікті нақты деректер жоқ болғандықтан, жүкті және бала емізетін әйелдерге препаратты қабылдауды қоя тұруға кеңес беріледі.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалану жағдайлары белгісіз.

Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 немесе 60 таблеткадан, сол материалдан жасалған бұралып жабылатын қақпағы бар, полимер қоспамен жабылған жұмсақ үлбірімен терможабыстырылып басылған алюминий фольгамен тұмшаланып жабылған полиэтиленнен жасалған құтыда. Құтының сыртына заттаңба жапсырады және полиэтилен үлбірмен тарттыра орайды.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 10 – 30 оС температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Юнифарм, Инк., АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Юнифарм, Инк.» (АҚШ) өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

Телефон нөмірі: +7 (727) 244-50-04

Факс нөмірі: +7 (727) 244-50-06

Электрондық пошта: info@unipharm.kz

 

 

 

Прикрепленные файлы

194190191477976800_ru.doc 66 кб
549557741477977960_kz.doc 92.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники