Витрум® Кардио
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ВИТРУМ® кардио
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
А витамині (ретинол пальмитаты) |
900.00 |
ХБ1 |
С витамині (аскорбин қышқылы) |
10.50 |
мг |
В1витамині (тиамин мононитраты) |
0.30 |
мг |
В2 витамині (рибофлавин) |
2.20 |
мг2 |
D3 витамині (холекальциферол) |
70.00 |
ХБ3 |
Е витамині (dl-альфа токоферол ацетаты) |
5.05 |
ХБ4 |
В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді) |
0.40 |
мг |
фолий қышқылы |
70.00 |
мкг |
В12 витамині (цианокобаламин) |
1.10 |
мкг |
никотинамид |
35.00 |
мг |
пантотен қышқылы (кальций пантотенаты) |
1.80 |
мг |
селен (натрий селенаты) |
10.00 |
мкг |
мырыш (мырыш тотығы) |
10.00 |
мг |
сұлының кебегі |
85.00 |
мг |
жолжелкен тұқымдық дақылдарының ұнтағы |
85.00 |
мг |
сояның лецитині |
52.00 |
мг |
хром ашытқысы |
9.00 |
мкг |
балық майы |
42.00 |
мг |
бета-ситостерол |
17.00 |
мг |
1 – 900 ХБ А витамині 0,495 мг ретинол пальмитатына сәйкес келеді
2 – таблетка ядросы мен қабығы құрамында болатын рибофлавиннің жиынтық мөлшері
3 – 70 ХБ D3 витамині 1,75 мкг холекальциферолға сәйкес келеді
4 – 5,05 ХБ Е витамині 5,05 мг dl-альфа токоферол ацетатына сәйкес келеді
қосымша заттар: кальций гидрофосфаты, кальций сульфаты, стеарин қышқылы, микрокристалды целлюлоза, кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы,
қабығы: гидроксипропилметилцеллюлоза, сары FD&C бояғыш #5
(Е102), титанның қостотығы (Е171), рибофлавин (Е101), көк FD&C бояғыш #2 (Е132), көк FD&C бояғыш #1(Е133), пропиленгликоль, триацетин.
Сипаттамасы
Жасылдан қошқыл-жасыл түске дейінгі қабықпен қапталған капсула пішінді таблеткалар. Өзіне тән иісінің болуына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа біріктірілімдегі поливитаминдер.
АТХ коды А11АВ
Фармакологиялық қасиеттері
Холестериннің қалыпты деңгейін ұстап тұруға және жүрек-қан тамыр жүйесінің жағдайын нығайтуға арналған витаминдер мен минералдардың бірегей кешені.
Фармакокинетикасы
Витрум® КАРДИО препаратының фармакологиялық әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық қадағалау жүргізу мүмкін емес; барлық компоненттерді маркерлер мен биозерттеулер көмегімен бақылау мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
А, С және Е витаминдері антиоксиданттық қасиеттерге ие, липидтерді тотықтану өзгерістерінен қорғайды және атеросклероздың дамуын болғызбайды.
D3 витамині сүйек тіні минералдануына қатысады, кальций мен фосфор метаболизмі үдерісінде маңызды рөл атқарады.
В1, В2, В6, В12 витаминдері, фолий қышқылы майлар мен көмірсулар алмасуы, тіндердің тыныс алуы үшін қажет. Олар әсіресе жүрек-қан тамыр аурулары қаупі мен жүйке жүйесі тарапынан болатын асқынуларда өте қажет.
Никотинамид қандағы липидтер деңгейі мен құрамына оң әсер етеді, май қышқылдарының биосинтезі мен жасушаішілік тыныс алуды қамтамасыз етеді.
Пантотен қышқылы май қышқылдары метаболизміне қатысады және липидтер алмасуын қалпына келтіреді.
Селен, мырыш микроэлементтері глюкозаның, майлардың қалыпты алмасуын, жүректің жұмысы мен тамырлар өткізгіштігін қамтамасыз ететін көптеген ферменттердің құрамына енеді.
Сұлы кебектері мен жол желкен тұқымдық дақылдарының ұнтағы – тағамдық клетчатканың көзі. Клетчатка фракциялары қан сарысуындағы холестерин мен глюкоза деңгейін төмендету қасиетіне ие, асқазан мен ішектің жұмысын жақсартады, арықтауға ықпал етеді.
Соя лецитині фосфолипидтер қоспасы болып табылады, олар май алмасуын қалпына келтіреді және жүйке жүйесінің жұмысына оң әсер етеді.
Хром ашытқылары құрамында органикалық хром бар, ол органикалық емес түріне қарағанда жақсы сіңеді. Хром көмірсулар мен липидтер метаболизміне қатысады, инсулиннің белсенділігін арттырады, глюкозаға төзімділікті жоғарылатады, осылайша жүрек-қан тамыр аурулары мен қант диабетінің даму қаупін төмендетеді.
Балық майы антиатеросклероздық және антитромбоздық әсері бар көпқанықпаған омега-3 май қышқылдарын жеткізеді.
Фитостеролдар, соның ішінде бета-ситостерол – өсімдік текті холестерин тәрізді заттар, олар бәсекелестік жолмен қан сарысуындағы холестерин деңгейін төмендетеді.
Қолданылуы
-
атеросклероздың алдын алуда
-
ересектердегі витамин жеткіліксіздігі мен минералдық заттар тапшылығының алдын алу және емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Қабылдаудың алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Алдын алу дәрісі ретінде күніне 1-3 рет 1 таблеткадан; емдік мақсатта – тамақтан кейін күніне 3 рет 1-2 таблеткадан.
Препаратты қабылдау курсы 30 күн. Қайталау курстары дәрігердің ұсынымы бойынша жүргізіледі.
Жағымсыз әсерлері
- болуы мүмкін: препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компонентеріне жоғары сезімталдық
-
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Витрум® КАРДИО препаратын құрамында А мен D витаминдері бар препараттармен бір мезгілде қабылдағанда артық дозалану қаупі күшейеді.
Құрамында никотин қышқылы немесе никотинамид бар препараттармен бірге қолданбау керек.
Сақтық шаралары
Ұсынылған дозадан асырмау керек. Емделу кезінде дәрігер тағайындаған емдәмді ұстану керек. Темекі шегу мен спирттік ішімдіктерді қабылдау витаминдер мен минералды затардың сіңуін төмендетеді.
Егер, Сізде жүректің жасанды жетекшісі бар болса, бұл туралы дәрігерге міндетті түрде хабарлаңыз және онымен кеңесіңіз.
Егер, Сіз артериялық қысымды немесе қантты төмендететін дәрілер қабылдап жүрсеңіз бұл көрсеткіштерді дәрігердің қадағалауымен бақылап отырыңыз.
Жүктілік және лактация
Жүктілік пен лактация кезеңінде тек дәрігердің тағайындауымен қабылдау керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Витрум® КАРДИО препаратын ұсынылған дозаларда және емдеу ұзақтығында қолданғанда артық дозалану құбылыстары сипатталмаған. Кездейсоқ артық дозаланғанда дереу дәрігерге көрініңіз.
Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық емдеу ұсынылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Қабықпен қапталған 30 немесе 100 таблеткадан полиэтиленнен жасалған, әрі сол материалдан жасалған бұрандалы қақпағы және фольгадан жасалған сақтандырғыш клапаны бар құтыда. 1 құты қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 10-нан 30 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Юнифарм, Инк., АҚШ
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасындағы «Юнифарм, Инк.» (АҚШ) өкілдігі
Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе
Телефон нөмірі: 8 (727) 244-50-04
Факс нөмірі: 8 (727) 244-50-06
Электронды поштасы: info@unipharm.kz
Сарапшы: