Витрум® Антиоксидант

МНН: Поливитамины + Минералы
Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с микроэлементами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012606
Информация о регистрации в РК: 02.09.2013 - 02.09.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Витрум® Антиоксидант

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

А витамині (ретинол ацетаты және бета-каротин1)

5000

ХБ2

Е витамині (dl-альфа токоферол ацетаты)

200

ХБ3

С витамині (аскорбин қышқылы)

250

мг

Мырыш (мырыш тотығы)

10

мг

Марганец (марганец сульфаты)

2

мг

Мыс (мыс тотығы)

1.1

мг

Селен (натрий селенаты)

20

мкг

1 – синонимі бета-каротин

2 – 1.55 мг ретинол ацетатына (4500 ХБ) және 300 мкг бета-каротинге (500 ХБ) баламалы

3 – 200 мг dl-альфа токоферол ацетатына баламалы

қосымша заттар: кальций карбонаты, стеарин қышқылы, микрокристалды целлюлоза, кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы,

қабықтың құрамы: гипромеллоза, қызыл FD&C бояғыш #40 (Е129), титанның қостотығы (Е171), сары FD&C бояғыш #6 (Е110), пропиленгликоль, триацетин, көк FD&C бояғыш #1 (Е133).

Сипаттамасы

Қызыл түстен күңгірт-қызыл түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған капсула тәрізді таблеткалар. Өзіне тән исінің болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Поливитаминдер. Минералдық заттары бар поливитаминдер. Поливитаминдер және микроэлементтер.

АТХ коды А11АА04

Фармакологиялық қасиеттері

Витрум® Антиоксидант – айқын антиоксиданттық белсенділігі бар витаминдер мен минералдар кешені. Организмді жасушалық деңгейде бос радикалдардың бұзу әсерінен қорғайды.

А витамині лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігін күшейтеді, бос радикалдар мен канцерогендердің ыдырауын тудырады, жүрек-қантамырлар, офтальмологиялық және онкологиялық аурулардың алдын алуға жағдай жасайды.

Е витамині табиғи антиоксидант болып табылады, липидтердің тотығуын тежеу есебінен айқын әсер береді және организмде тотығу-тотықсыздану және метаболизм үдерістерін тұрақтандырады.

С витамині тіндердің регенерациясына (қалпына келуіне) қатысады, қылтамырлардың өткізгіштігін қалыпты етеді. Көптеген уытты заттарды залалсыздандырады және иммунологиялық реакцияларда шешуші рөл атқарып, интерферондар (вирусқа қарсы заттар) синтезін арттырады.

Мырыш антиоксиданттық фермент супероксид-дисмутазаның құрамына кіреді және А витаминінің сіңуіне мүмкіндік жасайды.

Марганец иммуноглобулиндер синтезін стимуляциялайды, сонымен қатар организмді асқын тотықты радикалдардың зиянды әсерінен қорғауда маңызды рөл атқаратын супероксид-дисмутазаның компоненті болып табылады.

Мыс гемоглобиннің және эритроциттердің түзілуіне, энергия алмасу үдерістеріне қатысады, сауығуды жеделдетеді.

Селен бос радикалдардың зақымдаушы әсерінен биологиялық жарғақшаларды қорғайтын ферментті жүйе – глутатион-пероксидазаның құрамына кіреді. Қалқанша без қызметіне; иммунитетке жағымды әсер етіп, жұқпа кезінде антиденелердің түзілуін стимуляциялайды. Селен Е витаминінің синергисі болып табылады.

Қолданылуы

  • гиповитаминоз және минералды заттар тапшылығының алдын алуда

  • организмнің жұқпалы және суық тию ауруларына қарсы тұру қабілетін жоғарылату үшін

  • сауығу және ауырып тұрғаннан немесе операциядан кейінгі кезеңде

  • антибиотикпен емделу уақытында және одан кейін

  • қолайсыз экологиялық жағдайларда және зиянды әдеттердің теріс салдарларын азайту үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты қабылдамас бұрын дәрігерден кеңес алу қажет.

Ішке. Ересектерге күніне 1 таблеткадан тамақтан кейін, 1-2 ай бойы. Қайталау курстары дәрігер кеңесі бойынша.

Жағымсыз әсерлері

  • препараттың компоненттеріне аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация

  • 18 жасқа дейінгі балалар

Тромбоэмболия, ауыр кардиосклероз, миокард инфарктісі қаупі жоғарылағанда сақтықпен қабылдаған жөн.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты қабылдау кезінде құрамында витаминдер бар басқа препараттарды қабылдау ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылған дозаны арттырмау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалануы А, Е және С гипервитаминозының белгілерімен сипатталады.

Емдеу: белсенділендірілген көмір ішу, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтиленнен жасалған бұралып жабылатын қақпағы және фольгадан жасалған сақтандырғыш қақпақшасы бар, сол полиэтилен материалдан жасалған құтыда 30 немесе 60 таблеткадан. Құтыға заттаңба жапсырылып, полиэтилен үлбірмен тарттыра оралған.

1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 10 оС-ден 30 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Юнифарм, Инк.» (АҚШ) өкілдігі

Алматы қ-сы, Наурызбай батыр к-сі 17, 101 кеңсе

Телефон нөмірі: +7 (727) 244-50-04

Факс нөмірі: +7 (727) 244-50-06

Электрондық поштасы: info@unipharm.kz

 

Прикрепленные файлы

950050091477976818_ru.doc 50 кб
098022211477977976_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники