Витапрост® (20 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Витапрост
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішекте еритін қабықпен қапталған 20 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 100 мг простата сығындысы (субстанция Сампрост)
(20 мг суда еритін пептидтерге шаққанда),
қосымша заттар: сахароза, лактоза моногидраты, кальций стеараты моногидраты, кросповидон, микрокристалды целлюлоза,
қабығы: акрил-из: метакрил қышқылы мен этилакрилат сополимері (1:1), титанның қостотығы (Е 171), тальк, триэтилцитрат, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий гидрокарбонаты, натрий лаурилсульфаты, индигокармин (Е 132).
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, көгілдірден ашық-көк түске дейінгі қабықпен қапталған таблеткалар, теңбілдері болуына жол беріледі
Фармакотерапиялық тобы
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды G04ВХ
Фармакологиялық қасиеттері
Витапросттың қуық асты безіне органотропты әсері бар. Қуық асты безінің ісінуін, лейкоцитарлы инфильтрациясын азайтады, эпителиальды жасушалардың секреторлық қызметін қалыпқа келтіреді, ацинустардың секретінде лецитинді түйірлердің санын арттырады, қуықтың бұлшықет тонусын жақсартады. Тромб түзілуін, антиагреганттық белсенділікті төмендету салдарынан қуық асты безінің микроайналымын жақсартады, қуық асты безінде венулалар тромбозының дамуына кедергі жасайды.
Витапрост® қуық асты безінің көлемін, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы кезінде обструктивті және ирритативті симптоматиканың айқындылығын орташа шамада азайтады, бұл несеп ағынының ең жоғары және орташа көлемдік жылдамдығының ұлғаюынан және қалдық несеп азаюынан көрінеді.
Витапрост® созылмалы абактериялық простатит өршуінің даму ықтималдығын азайтады, клиникалық және биохимиялық қан талдауы, несептің жалпы талдауы көрсеткіштері өзгерістерін туындатпайды.
Витапрост қуық асты безі секреті және эякулят параметрлерін қалыпқа келтіреді. Простатиттен туындаған ауыруды және жайсыздықты азайтады, дизуриялық құбылыстарды жояды, копулятивті қызметті жақсартады.
Қолданылуы
-
созылмалы абактериялық простатиттің өршуінде кешенді ем құрамында
-
қуық асты безіне операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайда
-
қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында
Қолдану тәсілі және дозасы
Ішке, 1 таблеткадан күніне 2 рет. Емдеу курсының ұзақтығы: қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында – 30 күннен кем емес, созылмалы простатиттің өршуі кезінде 1 таблеткадан күніне 2 рет кемінде 30 күн – жылына 1-2 рет қолданады.
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
-
балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Созылмалы простатитті және қуық асты безіне операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайларды емдеу, Витапрост таблеткасын тағайындаумен қатар, дәрілік препараттардың басқа тобын және емдеудің дәрі-дәрмексіз әдістерін қолдануға шамаланған кешенді болуы тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне препараттың ықпал етуі туралы деректер жоқ.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.
2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
веб сайт: http://www.nizhpharm.ru
Тіркеу куәлігінің иесі
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 398-64-91, 398-64-92, 398-64-93, 243-45-03, 243-45-04
факс: (727) 398-64-95
e–mail: almaty@stada.kz