Витанго®

МНН: Родиолы розовой корней экстракта сухого
Производитель: Др. Вильмар Швабе ГмбХ & Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Общетонизирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023678
Информация о регистрации в РК: 31.05.2018 - 31.05.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Витанго®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – қызғылт семізот тамырының құрғақ экстрактісі (1.5-5:1) - 200 мг, экстрагент - этанол 60% (м/м)),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, кремнийдің қостотығы, магний стеараты, гипромеллоза, стеарин қышқылы, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), көбікке қарсы эмульсия.

Сипаттамасы

Қызыл түсті, үлбірлі қабықпен қапталған дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жалпы сергітетін препараттар.

АТХ коды А13А

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы Витанго® көптеген компоненттерден тұратын кешенді қоспа болып табылады. Барлық экстрактті белсенді зат деп санауға болады. Фармакокинетикалық деректер жеке компоненттер бойынша қол жетімсіз.

Фармакодинамикасы

Өсімдік тектес стреске қарсы, адаптогенді дәрілік препарат. Қызғылт семізот экстрактісі стресс факторына спецификалық емес төзімділікті көтермелейтін адаптоген болып табылады. Қызғылт семізот экстрактісі моноамин, кортизол және 3-эндорфин алмасуын қалпына келтіру есебінен өзінің адаптогенді әсерін көрсетеді; адам организміндегі стреске бірінші жауабы жүйесінің модуляциялары, НРА жүйесі. Ол, сондай-ақ антиоксидантты әсерге ие, мысалы, АТФ санын арттыра отырып жасушалық энергияны өндіруді жақсартады.

Қолдану көрсетілімдері

- стресс пен шамадан тыс шаршаудың ментальді және физикалық белгілерін жеңілдетуге және профилактикалауға арналған адаптогенді өсімдіктік препарат (қажығыштық, неврастения, вегето-тамырлық дистония, ашушаңдық, ширығу).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға күніне 2 таблеткадан ас қабылдағанға дейін 30 минут бұрын. Біреуін таңғы астың алдында, екіншісін түскі астың алдында, бір стақан сумен қабылдайды.

Жағымсыз әсерлері

Асқын сезімталдық, сондай-ақ гипогликемия реакциялары болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- Қызғылт семізот тамырының экстрактісіне немесе дәрілік заттың қандайда бір қосымша компоненттеріне асқын сезімталдықта

- жүктілік және лактация кезеңінде

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған

Айрықша нұсқаулары

Витанго® дәрілік затын деректердің жеткіліксіздігіне байланысты бауыр немесе бүйрек қызметі бұзылған пациенттерге қолдануға ұсынылмаған.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Артық дозалау жағдайы осы уақытқа дейін анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ПВДХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада үлбірлі қабықпен қапталған 20 таблеткадан. 1 немесе 2 қаптаманы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Др. Вильмар Швабе ГмбХ и Ко. КГ,

Вильмар-Швабе-Штрассе, 4,

76227 Карлсруэ,

Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Др. Вильмар Швабе ГмбХ и Ко. КГ,

Вильмар-Швабе-Штрассе, 4,

76227 Карлсруэ,

Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта):

«Альпен Фарма» ЖШС

Қазақстан Республикасы,

Алматы обл., Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі,

Көкөзек ауылы, 1044 учаскесі

Тел.: +7 701 035 7069, факс: 7 727 2323473

Электронды поштасы: pv.kz@alpenpharma.com

Прикрепленные файлы

Витанго_рус.doc 0.04 кб
Витанго_каз.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту