Витамин С 500 (Аскорбиновая кислота)

МНН: Аскорбиновая кислота, Натрия аскорбат
Производитель: Киевский витаминный завод ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025553
Информация о регистрации в РК: 24.01.2022 - 24.01.2027

Инструкция

Саудалық атауы

С дәрумені 500

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аскорбин қышқылы

Дәрілік түрі, дозалануы

Апельсин дәмі бар 500 мг шайнайтын таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Дәрумендер. Аскорбин қышқылы (С дәрумені), біріктірілімдерді қоса. Аскорбин қышқылы (С дәрумені), қарапайым. Аскорбин қышқылы (С дәрумені).

АТХ коды A11G A01

Қолданылуы

С гипо - және авитаминозды емдеу үшін.

Организмнің С дәруменіне деген жоғары қажеттілігін қамтамасыз ету:

- жедел респираторлық және инфекциялық аурулар кезеңінде;

- ауыр сырқаттардан, хирургиялық араласулардан кейінгі қалпына келтіру кезеңінде;

- әртүрлі интоксикацияларда, геморрагиялық диатездерде, дәнекер тін ауруларында (ревматоидты артрит), қан кетулерде (мұрын, өкпе, жатыр);

- сәулелік ауруында, гепатитте, холециститте, Аддисон ауруында, жұмсақ тіндердің баяу емдік жараларында, инфекциялық жаралар мен сүйектердің сынуы кезінде.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аскорбин қышқылына және дәрілік заттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тромбозға бейімділік; тромбофлебит; қант диабеті; несеп-тас ауруы

- 18 жасқа дейінгі балалар

- темір метаболизмі бұзылған пациенттерге аса сақтықпен тағайындау керек (гемосидероз, гемохроматоз, талассемия)

- фруктозаға төзімсізділік; глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы

- бүйректің ауыр аурулары

- фенилкетонурия (өйткені препарат құрамында аспартам бар)

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Аскорбин қышқылын бір мезгілде қолданған кезде темірдің, пенициллиннің, этинилэстрадиолдың асқазан-ішек жолдарынан сіңуі күшейеді. Ұқсас әсер алюминийге де қатысты, сондықтан оны алюминийден тұратын антацидтермен емдеу кезінде ескеру қажет.

Аскорбин қышқылы бір мезгілде қолданыла отырып, гепариннің, антикоагулянттардың тиімділігін төмендетеді.

Пероральді контрацептивтерді, жеміс-жидек пен көкөніс шырындарын, сілтілі сусындарды бір мезгілде қолданғанда аскорбин қышқылының сіңірілуі төмендейді. С дәрумені мен дефероксаминді бір мезгілде қабылдау темірдің ұлпалық уыттылығын арттырады, әсіресе жүрек бұлшықетінде, бұл қанайналым жүйесінің декомпенсациясына әкелуі мүмкін. С дәруменін дефероксамин енгізгеннен кейін 2 сағаттан соң ғана қабылдауға болады. Аскорбин қышқылының үлкен дозаларын ұзақ уақыт қабылдау дисульфираммен емдеудің тиімділігін төмендетеді. Препараттың үлкен дозалары трициклді антидепрессанттардың, нейролептиктер ̶ фенотиазин туындыларының тиімділігін төмендетеді, амфетаминнің құбырлы реабсорбциясы және бүйрек арқылы мексилетиннің шығарылуын бұзады.

Аскорбин қышқылы этил спиртінің жалпы клиренсін арттырады.

Хинолонды дәрілер, кальций хлориді, салицилаттар, тетрациклиндер, кортикостероидтар ұзақ уақыт қолданғанда организмдегі аскорбин қышқылының қорын азайтады.

Жоғары дозада аскорбин қышқылы В12 дәруменінің резорбциясына әсер етеді.

С дәрумені оксалаттың несеппен шығарылуын күшейтеді, осылайша несеп оксалат тастарының пайда болу қаупін арттырады. С дәрумені салицилаттармен өңдегенде кристаллурия қаупін арттырады.

Арнайы ескертулер

С дәрумені жұмсақ ынталандыратын ісерге ие болғандықтан, бұл дәрілік затты күннің аяғында қабылдау ұсынылмайды.

Кортикостероидты гормондардың түзілуіне аскорбин қышқылының ынталандырушы әсеріне байланысты, көп мөлшерде қолданған кезде бүйрек функциясы мен қан қысымын бақылау қажет.

Дәрілік затты қан ұюы жоғарылаған кезде сақтықпен қолдану керек. Пациенттерге аса сақтықпен тағайындау керек:

-глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығымен (аскорбин қышқылының жоғары дозалары гемолитикалық анемияны тудыруы мүмкін);

- анамнезінде нефролитиаз (аскорбин қышқылының үлкен дозаларын қабылдағаннан кейін несеп шығару жолындағы гипероксалурия мен оксалат шөгінділерінің қаупі).

Аскорбин қышқылының үлкен дозаларын ұзақ уақыт қолдану өзінің метаболизмін жеделдетуі мүмкін, бұл емдеуді тоқтатқаннан кейін парадоксалды гиповитаминозға әкелуі мүмкін. Ұсынылған дозадан асырмаңыз.

Құрамында С дәрумені бар басқа препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Препаратты полицитемия, лейкемия кезінде сақтықпен қолдану керек.

Аскорбин қышқылының сіңірілуі ішектің моторикасы, энтерит немесе ачилия бұзылған кезде өзгеруі мүмкін (асқазан секрециясының тежелуі.

С дәруменін жоғары дозаларда қолдану зертханалық талдаулардың кейбір көрсеткіштерін (қандағы глюкоза, билирубин, трансаминазалар, несеп қышқылы, креатинин, бейорганикалық фосфаттар) өзгерте алатындығын есте ұстаған жөн. Нәжістегі жасырын қанның болуын зерттеудің теріс нәтижесі болуы мүмкін.

Дәрілік заттың құрамында фенилкетонуриямен ауыратын науқастар үшін қауіп төндіретін фенилаланин көзі аспартам (Е 951) бар.

Дәрілік заттың құрамында аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін күн батар түстес сары бояуы FCF (E 110) бар.

Дәрілік заттың құрамында сорбит (Е 420) бар, сондықтан сирек тұқым қуалайтын фруктозаға төзбеушілігі бар пациенттерге бұл дәрілік затты қабылдауға болмайды. Егер кейбір қанттарға төзбеушілік болса, сіз осы препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесуіңіз керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде жоғары дозада С дәруменін ұзақ уақыт қолдану ұрықтың дамуына кері әсер етуі мүмкін, сондықтан ұсынылған дозаны сақтау керек.

Емшек емізу кезінде дәрілік затты қабылдаудан бас тартуыңыз керек, өйткені аскорбин қышқылы емшек сүтіне өтеді.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Емдік мақсатта тәулігіне 1 таблеткадан (500 мг) қабылдау қажет. Емдеу курсы - 10-15 күн.

Жедел респираторлық және инфекциялық аурулар кезінде тәулігіне 1-2 таблеткадан (500-1000 мг) (2 дозада) 7-10 тәулік бойы қабылдау ұсынылады.

Бұдан әрі - тәулігіне ½ таблеткадан (250 мг). Қажетті дозаны алу үшін белсенді заттың тиісті құрамы бар таблеткаларды қолдану керек.

Енгізу әдісі мен жолы

Дәрілік затты тамақ ішкеннен кейін, таблетканы шайнау арқылы ішке қабылдау керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу мерзімін дәрігер пациенттің жағдайына, сондай-ақ аурудың ағымына байланысты анықтайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

С дәрумені жақсы төзімді. Аскорбин қышқылы суда еритін дәрумен болып табылады, оның шамадан тыс мөлшері несеппен шығарылады. Алайда С дәруменін үлкен дозада ұзақ уақыт қолданған кезде ұйқы безінің изоляциялық аппаратының жұмысын басуға болады, бұл соңғысының күйін бақылауды қажет етеді.

Артық дозалану оксалат кальцийінің тұндыру қаупімен несепті ацетилдеу кезінде аскорбин және несеп қышқылдарының бүйрек арқылы шығарылуының өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Препараттың үлкен дозаларын қолдану құсу, жүрек айну немесе диареяға әкелуі мүмкін, олар оны шығарғаннан кейін жоғалады.

Емі симптоматикалық.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар

Препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

С дәрумені ұсынылған дозада жақсы төзімді, дегенмен келесі жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.

Жағымсыз реакциялар туындау жиілігіне сәйкес, мынадай түрде жіктелген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес);

Жиі (≥1/100- ден < 1/10-ға дейін)

- диарея (тәулігіне 1000 мг жоғары дозада қолданғанда), ас қорыту жолының шырышты қабығының тітіркенуі, қыжыл, жүрек айнуы, құсу, асқазанның құрысуы

бүйректің гломерулярлық аппаратының зақымдануы, бүйрек жеткіліксіздігі, кристаллурия, бүйрек пен несеп шығару жолдарында уратты, цистинді және оксалатты тастардың түзілуі

- тромбоцитоз, тромбоз, гиперпротромбинемия, эритроцитопения, нейтрофильді лейкоцитоз

- артериялық гипертензия

Сирек (≥1/10000-нан 1/1000 дейін)

қозудың жоғарылауы, шаршағыштық, ұйқының бұзылуы, бас ауыруы

- ұйқы безінің инсулярлық аппаратының зақымдануы (гипергликемия, глюкозурия) және қант диабеті пайда болғанға дейін гликоген синтезінің бұзылуы

Өте сирек (<1/10000)

- гемолиздық анемия (қан жасушаларының глюкозо-6-фосфатдегидро-геназа жеткіліксіздігі бар пациенттерде эритроциттердің гемолизі ықтимал)

- миокард дистрофиясы

- экзема, есекжем, қышыну, тері бөртпелері

- ангионевроздық ісіну, сенсибилизация болған кезде анафилаксиялық шок

- мырыш, мыс алмасуының бұзылуы

- ыстық басу сезімі.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді заттар: аскорбин қышқылы (С дәрумені) 200 мг, натрий аскорбаты 337 мг (бұл 300 мг аскорбин қышқылына сәйкес келеді);

қосымша заттар: сорбит (E 420), аспартам (E 951), калий ацесульфамы, микрокристалды целлюлоза, кальций стеараты, апельсин хош иістендіргіші, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, күн батар түстес сары бояғыш FCF (Е 110).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Қызғылт-сарғыш түсті, дөңгелек пішінді, беті тегіс, сызығы мен ойығы бар немесе дөңгелек пішінді, беті тегіс, бір жағында цитрус кесіндісі түрінде кескінделген өрнегі бар таблеткалар. Бетінде ақ түсті дақтарға жол беріледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан мөлдір емес боялған поливинилхлорид үлбірі мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25 С-ден асатын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ, Украина

04073, Киев қ., Копыловская к-сі, 38

Тел.: (044) 461-03-08, факс: (044) 461-03-01

Web-сайт: www.vitamin.com.ua

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ, Украина

04073, Киев қ., Копыловская к-сі, 38

Тел.: (044) 461-03-08, факс: (044) 461-03-01

Web-сайт: www.vitamin.com.ua

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Өкілдік: «КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ

Мекенжайы: 050008, Қазақстан Республикасы: Алматы қ.,

Абай даңғылы 109В, 16А кеңсе

Тел.: +7 (727) 356 88 50; е-mail: vitamin_kz@vitamin.com.ua

Прикрепленные файлы

Витамин_с_500_ЛВ_каз_12,01,22.docx 0.04 кб
п.3_Витамин_с_500_апельсин_ИМП_ЛВ_-2_.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники