Виролам

МНН: Ламивудин
Производитель: Сан Фармасьютикал Индастриез Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lamivudine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016204
Информация о регистрации в РК: 25.09.2015 - 25.09.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 112.72 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Виролам

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ламивудин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 150 мг ламивудин,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний стеараты,

қабығы: опадрай ақ 03Н58900 (гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), пропиленгликоль).

Сипаттамасы

Капсула тәрізді пішінді, екі беті дөңес, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «RX919» өрнегі бар және екінші жағы тегіс таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нуклеозидтер - кері транскриптаза тежегіштері. Ламивудин.

АТХ коды J05AF05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ламивудин асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Ламивудиннің ересектерде ішке қабылдағаннан кейінгі биожетімділігі әдетте 80-85% құрайды. Ламивудиннің ішке қабылдағаннан кейінгі сарысудағы ең жоғарғы концентрацияларына (Сmax) жетуінің орташа уақыты (tmax) 1 сағатқа жуықты құрайды. Дені сау еріктілерге жүргізілген зерттеулердің мәліметтері бойынша, ламивудинді 150 мг емдік дозаларында тәулігіне екі рет тағайындағанда, ламивудиннің плазмадағы орташа тепе-теңдік концентрациялары (Сmax және Сmin) сәйкесінше 1,2 мкг/мл (24%) және 0,09 мкг/мл (27%) құрайды. 12 сағаттық дозалау аралығы ішіндегі AUC орташа шамасы 4,7 мкг·сағ/мл (18%) құрайды. Ламивудинді 300 мг емдік дозаларында тәулігіне бір рет қабылдау Сmax 2,0 мкг/мл (26%), Сmin 0,04 мкг/мл (34%) және 24 сағ AUC 8,9 мкг·сағ/мл (21%) орташа тепе-теңдік концентрацияларына алып келеді. 150 мг ламивудин таблеткасы 300 мг таблеткасына биобаламалы, AUC∞, Сmax, және tmax қатысты дозасына пропорциональді.

Ламивудинді тамақпен бірге қабылдау tmax артуын және Сmax төмендеуін (47%-ға дейін) туғызады, алайда жалпы сіңірілу деңгейіне («концентрация-уақыт» фармакокинетикалық қисығы астындағы ауданының негізінде есептелген) әсер етпейді.

Таблеткаларды үгіту және оларды жартылай қатты тамақтың немесе сұйықтықтың аздаған мөлшерімен қабылдау препараттың фармакологиялық қасиеттері мен клиникалық әсерін өзгертпейді. Бұл тұжырымдар, емделуші 100% таблетканы ұнтақтап және дереу қабылдаған жағдайдағы әсер етуші затының физикалық-химиялық және фармакокинетикалық сипаттамаларына негізделген.

Ламивудинді зидовудинмен бірге қолдану зидовудин экспозициясының 13%-ға артуына алып келеді және плазмадағы ең жоғарғы концентрациясын 28%-ға арттырады. Бұл құбылыс емделушінің қауіпсіздігі үшін маңызды болып табылмайды және сол арқылы дозалау режимін түзетуді қажет етпейді.

Таралуы

Ламивудинді көктамыр ішіне енгізгенде таралу көлемі орташа алғанда 1,3 л/кг, ал жартылай шығарылу кезеңі – 5-7 сағатты құрайды. Орташа алғанда ламивудиннің жүйелік клиренсі 0,32 л/сағ/кг жуықты құрайды. Ламивудин көбінесе органикалық катиондардың тасымалдану жүйесі арқылы бүйрекпен (75%-дан астамы) шығарылады.

Дозаларының емдік ауқымында ламивудиннің фармакокинетикасы дозасына тәуелді және азғантай дәрежеде қан плазмасының негізгі ақуызы – альбуминмен байланысады (in vitro зерттеулерде <16% - 36%).

Кейбір шектеулі мәліметтер, ламивудиннің орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) мен жұлын-ми сұйықтығына өтетіндігін көрсетеді. Ішке қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан соң ламивудиннің ликвор мен сарысудағы концентрацияларының арақатынасы 0,12-ге жуықты құрады. Ламивудиннің ОЖЖ-ға өтуінің клиникалық маңыздылығы белгісіз.

Метаболизмі мен шығарылуы

Ламивудиннің белсенді түрінің, жасушаішілік ламивудин трифосфатының, жасушалардан жартылай шығарылу кезеңі оның плазмадан жартылай шығарылу кезеңімен (5-7 сағат) салыстырғанда ұзағырақ (16-19 сағат). Дені сау 60 еріктіге жүргізілген зерттеулерде, ламивудиннің тепе-теңдік жағдайында 300 мг дозада тәулігіне 1 рет қабылдағандағы фармакокинетикалық параметрлері ламивудин трифосфаты үшін 24 сағат ішіндегі «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының (AUC24) және Сmax фармакокинетикалық көрсеткіштері бойынша, 150 мг дозада тәулігіне 2 рет қабылдағандағы осындайға баламалы екенін көрсетеді.

Ламивудин, негізінен бүйрекпен, өзгеріссіз күйде шығарылады. Бауырдағы метаболизмінің шектеулі болуы (5-10%) және плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесінің аздығы салдарынан ламивудиннің басқа препараттармен өзара жағымсыз әрекеттесу ықтималдығы өте аз.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге жүргізілген зерттеулер, бүйрек дисфункциясының ламивудиннің шығарылуына әсер ететінін көрсетеді. Креатинин клиренсі минутына 50 мл төмен емделушілер үшін ұсынылған дозалау режимі «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімінде келтірілген.

Ко-тримоксазолдың элементі триметоприммен өзара әрекеттесуі, емдік дозаларында қабылдағанда ламивудиннің экспозициясын 40%-ға арттырады. Бұл құбылыс, емделуші қатарлас бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шекпеген жағдайда, дозалау режимін түзетуді қажет етпейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде ко-тримоксазол мен ламивудинді бірге енгізу мұқият бағалануы тиіс.

Емделушілердің ерекше топтары

  • Балалар

Тұтас алғанда, балалардағы ламивудиннің фармакокинетикасы ересектердегі осындаймен ұқсас. Алайда абсолюттік биожетімділігі (шамамен 55-65%) 12 жасқа толмаған балаларда төмен болған. Оған қоса, жүйелік клиренсінің көрсеткіштері кішілеу жас тобындағы балаларда жоғары және жастары ұлғая келе төмендеп, 12 жасар ересек емделушілердің деңгейіне жетеді. Аталған ерекшеліктерге байланысты, ламивудиннің балалардағы ұсынылатын дозасы (үш айлық және дене салмағы 30 кг аз) тәулігіне екі рет 4 мг/кг құрайды. Аталған дозасын қабылдағанда AUC0-12 3800-5300 нг·сағ/мл ауқымындағы орташа көрсеткіштеріне қол жеткізіледі. Жуырдағы зерттеулер, < 6 жасар балалардағы экспозициясы басқа жас тобындағылардағы осындаймен салыстырғанда, 30%-ға төмендеуі мүмкін екендігін көрсетеді. Қазіргі сәтте алынған мәліметтер бойынша, ламивудиннің аталған жас тобындағы тиімділігі төмен деген тұжырым жасау мүмкін емес.

Препараттың 3 айға толмаған балалардағы фармакокинетикасы жөніндегі мәліметтер жеткіліксіз. Жаңа туған сәбилерде өмірінің алғашқы аптасында бүйректің шығару функциясының жетілмеуі және сіңірілу көрсеткіштерінің тұрақсыздығы салдарынан, ішке қабылдағандағы ламивудиннің клиренсі басқа жас тобы санаттарымен салыстырғанда төмен. Осылайша, ересектер мен балаларда бірдей әсеріне қол жеткізу үшін, жаңа туған сәбилер үшін ұсынылатын дозасы тәулігіне 4 мг/кг құрайды. Шумақтық сүзілуінің негізінде баға беру ересектер мен балалардағы экспозициясының бірдейлігіне қол жеткізу үшін, 6 аптадан асқан балалар үшін ұсынылатын дозасы тәулігіне 8 мг/кг құрауы мүмкін деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

  • Егде жастағы емделушілер

65 жастан асқан емделушілердегі ламивудиннің фармакокинетикасы туралы мәліметтер жоқ.

  • Бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілер

Бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілерде ламивудиннің плазмадағы концентрациясы жоғары, өйткені оның организмнен шығарылуы баяу жүреді. Креатинин клиренсі минутына 50 мл аз науқастарға, ламивудиннің дозасын төмендету қажет («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

  • Бауыр функциясының бұзылуы бар емделушілер

Ламивудинді бауырдың орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолданылуы туралы мәліметтер, бауыр функциясы бұзылуының ламивудиннің фармакокинетикасына айтарлықтай әсер етпейтінін көрсетеді.

  • Жүктілік

Ішке қабылдағаннан кейін жүктіліктің кейінгі сатыларындағы әйелдерде ламивудиннің фармакокинетикасы оның жүкті емес әйелдердегі фармакокинетикасынан ерекшеленбейді.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Ламивудин адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИТВ) мен В гепатитінің вирусына қатысты тиімділігі жоғары нуклеозидтік аналог болып табылады. Жасушалардың ішінде ламивудин ламивудин 5´-трифосфатқа (белсенді түрі) дейін метаболизденеді. Оның әсер етуінің негізгі механизмі – вирустың кері транскрипциясы тізбегін бөгеу. Трифосфат АИТВ-1 мен АИТВ-2 in vitro репликациясына қатысты іріктеп тежегіш белсенділікке ие. Ол сондай-ақ АИТВ зидовудинге төзімді клиникалық штамдарына қатысты тиімді. Ламивудин зидовудинмен біріктірілгенде жасушалар өсіріндісіндегі АИТВ клиникалық штамдарына қатысты синергиялық белсенділік танытады.

АИТВ-1 к ламивудинге резистенттілігі дамуының себептерінің бірі – АИТВ кері транскриптазасының белсенді сайтымен тығыз байланысты вирустық геном сайтындағы М184V-де өзгерістердің пайда болуы. М184V мутацияларымен АИТВ-1 штамдары in vitrо түрінде де, ретровирусқа қарсы ламивудин қосылған біріктірілген емді қабылдап жүрген науқастардың организмінде де пайда болуы мүмкін. Вирустың ондай штамдары ламивудинге сезімталдығының төмендігімен және in vitro репликацияға қабілеттілігінің әлсіздігімен сипатталады. In vitro зерттеулер, ламивудинге резистенттілік қатар дамыған жағдайда, зидовудинге төзімді АИТВ штамдарының, оған сезімталдыққа ие болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Бұл құбылыстың клиникалық маңыздылығы анықталмаған.

In vitro мәліметтер, ретровирусқа қарсы емдеудің аясында ламивудинді қабылдауды жалғастыру, М184V дамуына қарамастан, ретровирусқа қарсы қалдықтық белсенділікті қамтамасыз етуі мүмкін (вирустың репликациялық қабілетін зақымдау арқылы жүруі ықтимал). Бұл құбылыстың клиникалық маңыздылығы анықталмаған. Қолда бар клиникалық мәліметтер тым шектеулі және қандай-да бір сенімді тұжырымдар жасауға мүмкіндік бермейді. Кез-келген жағдайда, ламивудинмен емдеуді жалғастырғаннан гөрі, АИТВ штамына сезімтал кері транскриптаза тежегіштерімен емдеуді бастау дұрыс болып табылады. М184V мутациясы дамыған жағдайда ламивудинмен емдеуді жалғастыруды, кері транскриптазаның қандай-да бір басқа тежегіштерін қабылдауға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана қарастыруға болады. М184V сайтындағы мутациялар тек кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері тобының препараттарына ғана АИТВ айқаспалы резистенттілігінің туындауына алып келеді. Зидовудин мен ставудин ламивудинге резистентті АИТВ-1 штамдарына қатысты өз белсенділігін сақтайды. Абакавир тек ламивудинге төзімді М184V мутациясы бар АИТВ-1 штамдарына қатысты ретровирусқа қарсы белсенділігін сақтайды. М184V мутациялары бар АИТВ штамдарында диданозинге сезімталдықтың 4-еседен артық төмендеуі анықталады; бұл құбылыстың клиникалық маңызы анықталмаған. АИТВ ретровирусқа қарсы түрлі препараттарға сезімталдығына тестілер in vitro стандартталмаған және сондықтан да, олардың нәтижелеріне түрлі методологиялық факторлар әсер етуі мүмкін.

In vitro зерттеулерде ламивудин шеткергі қанның лимфоциттеріне, сондай-ақ лимфоциттік және моноциттік-макрофагтық жасуша желілері мен сүйек кемігінің басқа бірқатар діңді жасушаларына әлсіз цитоуытты әсер береді.

Қолданылуы

- ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдердегі АИТВ–инфекциясын емдеу үшін ретровирусқа қарсы басқа препараттармен біріктіріп.

150 мг дозадағы препарат АИТВ-1 емдеуге арналған және В гепатитін емдеуге арналмаған.

Қолдану тәсілі және дозалары

Бұл дәрілік түрі балалар мен бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілердегі ұсынылған дозалау режимдері үшін жарамайды. Бұл жағдайларда ламивудиннің басқа дәрілік түрін тағайындау қажет.

Ересектер мен 16 жастан асқан емделушілерге Вироламды ішке, тәулігіне 2 рет 150 мг немесе ретровирусқа қарсы басқа препараттармен біріктіріп, бір рет 300 мг тағайындайды. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 300 мг құрайды. Ең жоғарғы бір реттік дозасы - 150 мг. Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда дозалау режимін креатинин клиренсін ескере отырып түзету қажет (кестені қараңыз).

Кесте

Ламивудиннің ересектер мен жасөспірімдерге (≥30кг) арналған дозалары креатинин клиренсіне сәйкес

Креатинин клиренсі мл/мин

Ламивудиннің ұсынылатын дозасы

≥50

Тәулігіне екі рет 150 мг немесе тәулігіне бір рет 300 мг

30-49

тәулігіне бір рет 150 мг

15-29

150 мг – алғашқы дозасы, содан соң тәулігіне бір рет 100 мг

5-14

150 мг – алғашқы дозасы, содан соң тәулігіне бір рет 50 мг

<5

50 мг – алғашқы дозасы, содан соң тәулігіне бір рет 25 мг

Жүйелі (4 сағаттық) гемодиализден немесе перитонеальді диализден соң ламивудиннің қосымша дозасын тағайындау қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі: Бауырдың орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерден алынған мәліметтер, бауыр дисфункциясының ламивудин фармакокинетикасына елеулі әсер етпейтінін көрсетеді. Осы мәліметтердің негізінде, бауырдың орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге, егер ол бүйрек жеткіліксіздігімен қатар жүрмесе ғана, дозасын реттеу қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Төменде сипатталған жағымсыз реакциялар АИТВ инфекциясын ламивудинмен емдеуде байқалған.

Кездесу жиілігіне байланысты, жағымсыз реакцияларының төмендегідей жіктелуі пайдаланылды: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), кейде (>1/1000, <1/100), сирек (>1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000). Жүйелер бойынша жағымсыз реакциялары олардың ауырлығының кему тәртібімен тізіп келтірілді.

Қан түзілу ағзалары мен лимфалық жүйе тарапынан: жиі емес – нейтропения және анемия (кейде ауыр), тромбоцитопения; өте сирек - сүйек кемігінің эритроидтық өсіндісінің аплазиясы.

Жүйке жүйесі тарапынан: жиі – бас ауыруы, ұйқысыздық; өте сирек – шеткергі нейропатия (немесе парестезия).

Тыныс алу жүйесі мен көкірекорта ағзалары тарапынан: жиі – жөтел, назальді симптомдар.

Асқазан-ішек жолы тарапынан: жиі – жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы немесе шаншулары, диарея; сирек – панкреатит, сарысу амилазасы белсенділігінің жоғарылауы.

Гепатобилиарлық жүйенің тарапынан: жиі емес – бауыр ферменттері белсенділігінің транзиторлық жоғарылауы; сирек – гепатит.

Тері мен теріасты тіндері тарапынан: жиі – бөртпе, алопеция; сирек – ангионевроздық ісіну.

Қаңқа-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тіндер тарапынан: жиі – артралгия, бұлшықет бұзылулары; сирек – рабдомиолиз.

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі реакциялар: жиі – шаршау сезімі, дімкәстану, қызба.

Нуклеозидтік аналогтарды қолданғанда, әдетте бауырдың ауыр гепатомегалия мен стеатозы аясында, кейде өліммен аяқталуға соқтыратын лактоацидоз жағдайлары білінген.

Кейбір емделушілерде ретровирусқа қарсы біріктірілген ем теріасты-шелмайының қайта таралуымен /жинақталуымен, соның ішінде шеткергі шелмайы мөлшерінің азаюымен және висцеральді майдың ұлғаюымен, аяқ-қолдар мен беттің жүдеуімен, сүт бездерінің ұлғаюымен және мойын мен арқаның артқы бетіне майдың жинақталуымен («буйвол өркеші»), сондай-ақ сарысудағы липидтер концентрациясының және қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін.

Кейбір емделушілерде ретровирусқа қарсы біріктірілген ем гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, инсулинге резистенттілік, гипергликемия және гиперлактатемия сияқты метаболизм бұзылуларымен қатар жүруі мүмкін.

Иммунитет тапшылығы ауыр АИТВ инфекциясы бар емделушілерде ретровирусқа қарсы емдеу басталған кезде симптомсыз немесе әлсіз ағымды оппортунистік инфекция түрткі болған қабыну үдерісі өршуі мүмкін. Аутоиммундық бұзылулар (мысалы, диффузиялық уытты зоб сияқты) иммунитет реактивациясы жағдайларында білінген; алайда білінген басталу уақыты ауытқымалы, және ол бұзылулар емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан соң да туындауы мүмкін.

АИТВ инфекциясының кешеуілдеген сатылары немесе ұзақ уақыт бойғы біріктірілген ретровирусқа қарсы ем сияқты қауіп факторлары бар емделушілердегі остеонекроз жағдайлары туралы хабарланған (кездесу жиілігі белгісіз).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ламивудинге немесе препараттың кез-келген қосымша компонентіне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуін зерттеу тек ересектерге ғана жүргізілді.

Ламивудиннің басқа препараттармен метаболизмдік өзара әрекеттесу ықтималдығы өте төмен, өйткені ламивудин тым әлсіз метаболизденеді, азғантай дәрежеде плазма ақуыздарымен байланысады және көбінесе өзгеріссіз күйде бүйрекпен шығарылады.

Ламивудин организмнен көбінесе белсенді өзекшелік секреция жолымен органикалық катиондардың тасымалдану жүйесі арқылы шығарылады. Ламивудиннің шығарылу механизмі дәл осындай препараттармен, мысалы триметоприммен өзара әрекеттесуі мүмкіндігін ескеру керек. Басқа препараттар (мысалы, ранитидин, циметидин) аталған механизмнің көмегімен тек ішінара шығарылады және ламивудинмен өзара әрекеттеспейді. Нуклеозидтік аналогтар (мысалы, диданозин), зидовудин сияқты, аталған механизмнің көмегімен шығарылмайды, және шамасы, ламивудинмен клиникалық маңызды өзара әрекеттестікке түспейді.

Зидовудин. Ламивудин мен зидовудинді бір мезгілде қолданғанда зидовудиннің плазмадағы Cmax орташа (28 %-ға) артуы байқалады, бұл кезде AUC айтарлықтай өзгермейді. Зидовудин ламивудиннің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Триметоприм/сульфаметоксазол. Триметопримді/сульфаметоксазолды 160/800 мг дозада (ко-тримоксазол) бір мезгілде қолдану ламивудиннің қан плазмасындағы концентрациясын 40%-ға жуық арттырады (триметоприммен өзара әрекеттесудің есебінен). Алайда, бүйрек функциясының бұзылуы болмаса, ламивудиннің дозасын төмендету қажет емес. Триметоприм мен сульфаметоксазолдың фармакокинетикасына ламивудин әсер етпейді. Препараттарды негізді түрде бірге тағайындаған кезде емделушінің жағдайын бақылауға алу қажет. Ламивудиннің пневмоцистік пневмония мен токсоплазмозды емдеу үшін ко-тримоксазолдың жоғары дозаларымен бір мезгілде қабылдануын болдырмау керек.

In vitro ламивудин кладрибиннің жасушаішілік фосфорлануын тежейді, бұл оларды клиникалық жағдайларда біріктірген кезде, кладрибиннің тиімділігінің жоғалу қаупімен қатар жүреді. Кейбір клиникалық мәліметтер де ламивудин мен кладрибин арасында өзара әрекеттестік болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Сондықтан ламивудин мен кладрибинді бірге қолдану ұсынылмайды.

Ламивудиннің метаболизміне Р450 цитохромы қатыспайды, сондықтан препараттың осы жүйемен метаболизденетін дәрілік заттармен, мысалы протеаза тежегіштерімен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Зальцитабин. Виролам препараты мен зальцитабинді бір мезгілде тағайындағанда, ламивудин соңғысының жасушаішілік фосфорлануын тежеуі мүмкін. Осыған байланысты препараттардың мұндай біріктірілімі ұсынылмайды.

Эмтрицитабин. Виролам препараты мен эмтрицитабинді бір мезгілде тағайындағанда, ламивудин соңғысының жасушаішілік фосфорлануын тежеуі мүмкін. Бұдан өзге, бұл препараттардың резистенттілігінің даму механизмдері бірдей (М184V генінің мутациясы), соған байланысты біріктірілген ем құрамында тағайындағанда бұл препараттардың емдік тиімділігі шектелуі мүмкін. Осылайша, Виролам препараты мен эмтрицитабинді немесе құрамында оның бекітілген дозалары бар препараттарды бірге тағайындау ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

ЕСКЕРТУЛЕР: ЛАКТОАЦИДОЗДЫҢ ДАМУ ҚАУПІ; КОИНФЕКЦИЯЛАНҒАН ЕМДЕЛУШІЛЕРДЕ ЛАМИВУДИНДІ ҚАБЫЛДАУДЫ ТОҚТАТҚАННАН КЕЙІН ГЕПАТИТТІҢ ӨРШУІ; ЛАМИВУДИННІҢ ТҮРЛІ ДОЗАЛАРЫ.

Лактоацидоз және ауыр гепатомегалия: Нуклеозидтер аналогтарын бөлек те, құрамына ламивудин мен ретровирусқа қарсы басқа препараттар кіретін біріктірілген ем құрамында да қабылдаған емделушілерде лактоацидоз бен өліммен аяқталған жағдайларды қоса, бауырдың майлы дистрофиясымен жүретін ауыр гепатомегалия туралы хабарламалар алынған. Лактоацидоздың немесе айқын гепатоуыттылығының клиникалық немесе зертханалық белгілері пайда болса, ламивудинмен емдеуді тоқтату керек.

В гепатитінің өршуі: В гепатиті вирусымен (ВГВ) және адамның иммунитет тапшылығы вирусымен (АИТВ-1) коинфекцияланған емделушілерде ламивудинді қабылдауды тоқтатқаннан кейін В гепатитінің ауыр өршулері туралы хабарламалар алынған. Емделушілердің бұл санатына бауыр функциясына егжей-тегжейлі клиникалық және зертханалық мониторинг жүргізу ламивудинмен емдеуді тоқтатқаннан кейінгі кемінде бірнеше ай бойына көрсетілген. Кей жағдайларда В гепатитіне ем тағайындау қажет болуы мүмкін.

Құрамында ламивудин бар препараттар арасындағы маңызды өзгешеліктер:

Ламивудиннің 150 мг дозалы таблеткаларында (АИТВ-1 инфекциясын емдеу үшін тағайындалады) ВГВ емдеу үшін қолданылатын ламивудин препараттарына қарағанда, ламивудиннің жоғарырақ дозасы бар. АИТВ-1 бар емделушілер ламивудиннің тек АИТВ-1 емдеуге арналған дәрілік түрлерін ғана қабылдауы тиіс.

Сақтық шаралары

Ламивудинді монотерапия ретінде қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйректің функциясының ауырлық дәрежесі орташа және ауыр бұзылуы бар емделушілерде, препарат клиренсінің төмендеуі салдарынан ламивудиннің плазмадағы концентрациясы жоғары болады, сондықтан дозасын түзету қажет.

Үш еселік нуклеозидтік ем

Препаратты тенофовир дизопроксил фумаратпен және абакавирмен біріктіріп қолданғанда, сондай-ақ тенофовир дизопроксил фумаратпен және диданозинмен біріктіріп тәулігіне бір рет қабылдай отырып қолданғанда бастапқы сатысында вирусологиялық тиімсіздік және резистенттіліктің туындауы деңгейінің жоғары болғаны хабарланған.

Оппортунистік инфекциялар

Ламивудинді немесе ретровирусқа қарсы басқа препараттарды қабылдап жүрген емделушілерде, оппортунистік инфекциялар немесе басқа асқынулар дамуы мүмкін, сондықтан олар АИТВ инфекциясын емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің мұқият қадағалауында болуы тиіс.

АИТВ берілуі

Емделушілерге ретровирусқа қарсы препараттармен, соның ішінде ламивудинмен емдеу, жыныстық қатынастар немесе қан құю кезінде АИТВ басқа адамдарға берілу қаупінің алдын ала алмайтынын ескерту керек. Сондықтан емделушілер сәйкесінше сақтық шараларын сақтауы тиіс.

Панкреатит

Сирек жағдайда, препаратты қабылдаудың аясында панкреатит дамиды. Алайда, оның дамуы ретровирусқа қарсы препараттарды қабылдаумен немесе АИТВ инфекциясының өзімен байланысты екендігі белгісіз. Егер панкреатиттің клиникалық симптомдары мен өзіне тән зертханалық көрсеткіштерінің өзгерістері пайда болса, Вироламды дереу тоқтату керек.

Лактоацидоз/бауырдың майлы дистрофиясымен жүретін айқын гепатомегалия

АИТВ инфекциясы бар, нуклеозидтер аналогтары тобының ретровирусқа қарсы препараттарын монотерапия ретінде немесе ламивудинмен біріктіріп қабылдаған емделушілерде (көбінесе әйелдерде), лактоацидоз жағдайлары сипатталған, ол әдетте айқын гепатомегалиямен және бауырдың майлы дистрофиясымен, соның ішінде өліммен аяқталған жағдайларымен қатар жүрген.

Лактоацидоздың дамуын көрсететін симптомдарға мыналар жатады: жалпы әлсіздік, тәбеттің болмауы, түсініксіз кенеттен салмақ жоғалту, асқазан-ішек жолы мен тыныс алу жүйесі тарапынан болатын бұзылулар (ентігу), неврологиялық симптомдар (қимыл-қозғалыс әлсіздігін қоса).

Лактоацидоздан болатын өлім деңгейі жоғары және панкреатитпен, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін.

Лактоацидоз әдетте бірнеше ай емдегеннен кейін дамиды.

Нуклеозидтердің аналогтарымен емдеу симптоматикалық гиперлактатемия мен лактоацидозды диагностикалау кезінде, үдемелі гепатомегалия немесе аминотрансферазалар деңгейлері жылдам артқан кезде тоқтатылуы тиіс.

Нуклеозидтердің аналогтарын гепатомегалиясы, гепатиті немесе басқа бауыр ауруларының дамуы мен бауыр стеатозының белгісіз қауіп факторлары бар кез-келген емделушіге (әсіресе дене салмағы шамадан тыс әйелдерге) тағайындағанда (кейбір дәрілік препараттар мен алкогольді қабылдауды қоса) сақтық таныту керек. С гепатитінің ко-инфекциясы бар және альфа-интерферон мен рибавиринді қабылдап жүрген емделушілер ерекше қауіп тобына жатады. Жоғары қауіп тобындағы емделушілер мұқият бақылауда болуы тиіс.

Митохондрий дисфункциясы

Нуклеозидтік және нуклеотидтік аналогтар, in vivo және in vitro зерттеулерде көрсетілгендей, митохондрийдің түрлі дәрежедегі бұзылуларын тудыруға қабілетті. Анасының құрсағында және/немесе постнатальді кезеңде нуклеозидтер аналогтарының әсеріне ұшыраған балалардағы митохондрий дисфункциясы туралы хабарламалар бар. Негізгі жағымсыз реакцияларға гематологиялық бұзылыстар (анемия, нейтропения), метаболизмдік бұзылулар (гиперлактемия, гиперлипаземия) кіреді. Кейбір кеш білінген неврологиялық бұзылыстар (гипертония, құрысулар, мінез-құлық бұзылуы) анықталды. Неврологиялық бұзылыстардың сипаты уақытша немесе тұрақты болуы мүмкін. Құрсақішілік даму кезеңінде нуклеозидтер немесе нуклеотидтер аналогтарының әсеріне ұшыраған кез-келген бала, сәйкесінше белгілері мен симптомдары бар кезде болуы мүмкін митохондрий дисфункциясын анықтау мақсатында толық клиникалық және зертханалық тексеруден өтуі тиіс. Ол бақылаулар жүкті әйелдердегі АИТВ тікелей берілуінің профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы ем жөніндегі қолданыстағы ұлттық ұсынымдарға қарама-қайшы келмейді.

Теріасты-шелмайының қайта таралуы

Кейбір емделушілерде ретровирусқа қарсы біріктірілген ем теріасты-шелмайының қайта таралуымен/ жинақталуымен, соның ішінде шеткергі шелмай мөлшерінің азаюымен және висцеральді майдың ұлғаюымен, аяқ-қолдар мен беттің жүдеуімен, сүт бездерінің ұлғаюымен және мойын мен арқаның артқы бетіне майдың жинақталуымен («буйвол өркеші»), сондай-ақ сарысудағы липидтер концентрациясының және қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін.

Жоғарыда атап көрсетілген, көбіне липодистрофия деп аталатын жалпы синдроммен байланысты жағымсыз реакциялардың біреуін немесе бірнешеуін протеаза тежегіштері мен кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері класына жататын барлық препараттар туғызуы мүмкін болса да, жинақталған мәліметтер препараттардың аталған кластарының жекелеген өкілдері арасында осындай жағымсыз реакцияларды туғызу қабілетінде өзгешеліктер бар екендігін көрсетеді.

Сондай-ақ, липодистрофия синдромының шығу тегі көпфакторлы екенін де айта кету керек; мысалы, АИТВ инфекциясының сатысы, жас егделігі және ретровирусқа қарсы емнің ұзақтығы аталған асқынудың дамуында маңызды, тіпті синергиялық рөл атқаруы мүмкін.

Аталған жағымсыз реакциялардың кейіннен білінетін салдарлары қазіргі кезде анықталмаған.

Емделушілерге клиникалық тексеру жүргізуге май тіндерінің қайта таралуының физикалық белгілеріне баға беру кіруі тиіс. Сонымен қатар сарысудағы липидтер концентрациясы мен қандағы глюкоза деңгейін де өлшеп отыру керек. Липид алмасуының бұзылуларын олардың клиникалық көріністерін басшылыққа ала отырып түзету қажет.

Иммунитеттің қалпына келу синдромы

Ауыр иммунитет тапшылығымен АИТВ инфекциясы бар емделушілерде ретровирусқа қарсы емдеуді бастаған кезде симптомсыз немесе әлсіз ағымды оппортунистік инфекциядан болатын қабыну үдерісі өршуі мүмкін, бұл жағдайдың едәуір нашарлауына немесе симптоматикасының ушығуына себеп болуы мүмкін. Әдетте, ондай реакциялар РҚЕ басталғаннан кейінгі алғашқы апталарда немесе айларда байқалып отырған. Анағұрлым маңызды мысалдар – цитомегаловирустық ретинит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық инфекция және пневмоцистік пневмония. Кез-келген қабыну симптомдарын дереу анықтау және кідіртпей емдеуді бастау қажет. Аутоиммундық бұзылулар (мысалы, диффузиялық уытты зоб сияқты) иммунитет реактивациясы жағдайларында білінген; алайда басталуының білінген уақыты ауытқымалы, және ол бұзылулар емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан соң туындауы мүмкін.

Бауыр аурулары

Егер ламивудин АИТВ инфекциясы мен В гепатитін бір мезгілде емдеу үшін пайдаланылса, ламивудинді В гепатитін емдеуде қолдану жөніндегі қосымша ақпарат дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта қолжетімді.

Созылмалы В немесе С гепатиті бар және ретровирусқа қарсы біріктірілген емді қабылдаған емделушілер бауырдың ауыр және өлімге соқтыруы мүмкін жағымсыз реакцияларының даму қаупі жоғары топқа жатады. В немесе С гепатитіне қатарлас вирусқа қарсы ем жүргізілген жағдайда да, дәрілік препараттардың әрқайсысының медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығын қарау керек.

Вироламмен емдеуді тоқтатқан кезде, В гепатиті вирусымен коинфекцияланған емделушілерде бауырдың функционалдық тестілері мен В гепатиті вирусының репликациясы маркерлеріне мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізіп отыру ұсынылады, өйткені ламивудинді тоқтату гепатиттің өршуіне алып келуі мүмкін.

Бұрын созылмалы белсенді гепатитті қоса, бауыр дисфункциясы болған емделушілерде ретровирусқа қарсы біріктірілген ем аясында бауыр функциясы бұзылуларының даму жиілігі жоғары, соған байланысты ондай емделушілерді стандартты тәжірибеге сәйкес қадағалау қажет. Бауыр ауруы ағымының нашарлағанына дәлелдер бар болса, емдеуді үзе тұру немесе тоқтату мәселесін қарастыру қажет.

АИТВ және В гепатиті вирусынан туындаған аралас инфекция

Созылмалы В гепатиті бар кейбір емделушілерде ламивудинді тоқтатқаннан кейін гепатиттің қайталануының клиникалық немесе зертханалық белгілері пайда болуы мүмкін, бауыр функциясының декомпенсациясы кезінде салдарлары ауыр болуы мүмкін. Ламивудинмен емдеу аяқталғаннан кейін, АИТВ және В гепатиті вирусынан туындаған біріккен инфекциясы бар емделушілерде, бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерін және В гепатиті вирусының репликациясы маркерлерін қадағалап отыру қажет.

Остеонекроз

Қазіргі кезде остеонекроздың шығу тегі көпфакторлы ретінде қарастырылып жүргеніне қарамастан (кортикостероидтарды қолдануды, алкоголь тұтынуды, ауыр иммуносупрессияны, дене салмағы индексінің жоғарылығын қоса), остеонекроз жағдайлары көп жағдайда АИТВ инфекциясының кешеуілдеген сатылары бар немесе ұзақ уақыт бойы ретровирусқа қарсы біріктірілген емді қабылдап жүрген емделушілерде байқалады.

Егер емделушілерді буындардың ауыруы мен жайсыздығы, буындар қимылының шектелуі және қозғалған кездегі қиындықтар мазалаған жағдайда, емдеуші дәрігерге қаралу ұсынылады.

Вироламды құрамында ламивудин бар басқа дәрілік заттармен, сондай-ақ құрамында эмтрицитабин бар дәрілік заттармен бірге қолданбау керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Жоғары зейін шоғырландыру мен шапшаң қимыл-қозғалыс және психикалық реакцияларды қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылданатын емделушілерге сақтықпен тағайындайды.

Артық дозалануы

Симптомдары

Ламивудиннің адамдағы артық дозалануының салдарлары туралы мәліметтер көп емес. Өліммен аяқталған жағдайлар болмаған, барлық науқастардың жағдайы қалыпқа түскен. Ламивудиннің артық дозалануының қандай-да бір спецификалық белгілері немесе симптомдары анықталған жоқ.

Емі

Науқастың жағдайын бақылауға алу және стандартты демеуші ем жүргізу ұсынылады. Ламивудин организмнен диализдің көмегімен шығарылатындықтан, үздіксіз гемодиализді қолдануға болады, алайда арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

60 таблеткадан тығыздығы жоғары мөлдір емес ақ полиэтиленнен жасалған, ақ түсті мөлдір емес, бірінші ашылуы бақыланатын бұралатын пластмасса қақпағы бар құтыларға салынады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Sun Pharmaceutical Ind Ltd, Үндістан

Paonta Sahib, District Sirmour,

Himachal Pradesh – 173025

Тіркеу куәлігі иесінің елі мен атауы

Sun Pharmaceutical Ind Ltd, Үндістан

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Sun Pharmaceutical Ind Ltd компаниясының ҚР өкілдігі

Алматы қ., Манас көшесі 32А, САТ БО, 602 кеңсе

тел.: 8-727-2378450

эл.адрес: regulatory.kz@sunpharma.com

 

 

Прикрепленные файлы

120408231477976405_ru.doc 120.5 кб
478252021477977610_kz.doc 170 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники