Виреад (300 мг)

МНН: Тенофовир
Производитель: Такеда ГмбХ, Ораниенбург
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tenofovir disoproxil
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020705
Информация о регистрации в РК: 21.11.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 544.72 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Виреад

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тенофовир

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 300 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 300 мг тенофовир дизопроксилінің фумараты (245 мг тенофовир дизопроксиліне баламалы),

қосымша заттар: желатинделген крахмал, натрий кроскармеллозасы, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты,

үлбірлі қабықтың құрамы: Opadry II White 32K18425: гипромеллоза, лактоза моногидраты, титанның қос тотығы Е 171, триацетин)

Сипаттамасы

Ақ түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде «GILEAD» және «4331» бедерлері бар, миндаль пішінді таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Вирустарға қарсы жүйелік қолдануға арналған дәрілер. Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін дәрілер. Нуклеозидтер және нуклеотидтер – кері транскриптаза тежегіштері. Тенофовир дизопроксилі.

АТХ коды J05AF07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

АИВ жұқтырған емделушілерге тенофовир дизопроксилін пероральді түрде қолданғанда фумарат тез сіңеді және тенофовирге айналады. АИВ жұқтырған емделушілерге тенофовир дизопроксил фумаратын тамақпен бірге қолдану тенофовир үшін орташа (ауытқу коэффициенті, % [CV, %]) Cmax, AUC0‑∞ және Cmin мәндерінің, тиісінше 326 (36,6 %) нг/мл, 3,324 (41,2 %) нг·ч/мл және 64,4 (39,4 %) нг/мл болуына әкелді. Тенофовирді аш қарынға қабылдағаннан кейін 1 сағат шегінде және тамақпен бірге қабылдағанда 2 сағат шегінде қан сарысуында оның ең жоғары концентрациялары байқалады. Тенофовир дизопроксил фумаратын емделушілер ашқарынға пероральді түрде қабылдағанда пероральді биожетімділігі шамамен 25 %-ды құрады. Тенофовир дизопроксилі фумаратын құрамында майы мол тағаммен бірге енгізу пероральді биожетімділігін жоғарылатты, мұндайда тенофовирдің AUC мәні шамамен 40%-ға, ал Cmax мәні шамамен 14%-ға артты.

Тенофовир дизопроксил фумаратының алғашқы дозасын құрамында майы мол тағаммен бірге қабылдағаннан кейін сарысудағы Cmax медианалық мәні 213-тен 375 нг/мл-ге дейін болды. Алайда тенофовир дизопроксилі фумаратын калориясы төмен тағаммен бірге қабылдау тенофовирдің фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізбейді.

Таралуы

Тенофовир дизопроксилі фумаратын пероральді түрде қолданғаннан кейін, тенофовир көптеген тіндерге таралады, мұндайда ең жоғары концентрациялар бүйректерде, бауырда және ішектің ішінде байқалады (клиникаға дейінгі зерттеулер). Тенофовирдің плазма ақуыздарымен немесе қан сарысуымен іn vitro байланысуы тиісінше 0,7 және 7,2%-дан азды, тенофовир концентрациялары диапазонында 0,01-ден 25 мкг/мл-ге дейінді құрады.

Биотрансформациясы

Іn vitro зерттеулер тенофовир дизопроксил фумараты да, тенофовир де CYP450 ферменттерінің субстраттары болып табылмайтындығын көрсетті. Дегенмен, in vivo байқалғандағыдай елеулі жоғары (шамамен 300 есе) концентрацияларда тенофовир адамда биотрансформацияларға қатысатын CYP450 изоформаларының қандай да болсын (CYP3A4, CYP2D6, CYP2C9, CYP2E1 немесе CYP1A1/2) біреуі арқылы in vitro дәрілік метаболизмін тежеген жоқ. Тенофовир дизопроксил фумараты 100 мкмоль/л концентрацияда CYP1A1/2 қоспағанда, CYP450 изоформаларының біріне де ықпалын тигізген жоқ, онда аздап (6%), бірақ CYP1A1/2 субстраты метаболизмінің статистистикалық тұрғыдан елеулі төмендегені байқалды. Осы ақпараттың негізінде тенофовир дизопроксил фумараты мен метаболизмі CYP450 арқылы жүретін дәрілік заттар арасында клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулердің пайда болу мүмкіндігі аз деп қорытынды жасауға болады.

Шығарылуы

Тенофовир негізінен бүйректер арқылы, сүзілу жолымен де, сонымен қатар белсенді тубулярлы тасымалдағыш жүйе арқылы да шығарылады, мұндайда көктамыр ішіне енгізгеннен кейін дозаның шамамен 70 – 80%-ы өзгермеген күйінде несеппен бірге шығарылады. Жалпы клиренсі шамамен сағатына 230 мл/кг мәніне бағаланды (шамамен 300 мл/мин.). Бүйректік клиренсі шамамен сағатына 160 мл/кг мәніне (210 мл/мин. жуық) бағаланды, бұл гломерулярлы сүзілу жылдамдығынан асып түседі. Бұл тенофовирдің шығарылуының маңызды бөлігі тубулярлы секреция болып табылатындығын көрсетеді. Пероральді түрде қабылдағаннан кейін тенофовирдің ақырғы жартылай шығарылу кезеңі 12-ден 18 сағатқа дейінді құрайды.

Зерттеулерде тенофовирдің белсенді тубулярлы секрециясының жолы проксимальді өзекшелік жасушаға адамның органикалық иондарының (hOAT) 1 және 3 тасымалдағышы жәрдемімен енетін ағыс және көптеген препараттарға резистентті 4 ақуыздың (multidrug resistant protein 4 – MRP 4) жәрдемімен шығарылатын ағыс болып табылатыны анықталды.

Дозаға байланыстылығы-байланыссыздығы

Тенофовир фармакокинетикасының көрсеткіштері тенофовир дизопроксил фумаратының 75-тен 600 мг-ға дейінгі диапазондағы дозасына байланысты болған жоқ және дозаның кез келген деңгейінде қайтадан енгізу әсері байқалып көрінген жоқ.

Жасы

Егде жастағы (65 жастан асқан) емделушілерде фармакокинетикасына зерттеу жүргізілген жоқ.

Жынысы

Әйелдерде тенофовир фармакокинетикасы жөніндегі шектеулі деректер оның жынысқа елеулі ықпалының жоқтығын көрсетеді. Этникалық ерекшелігі Әртүрлі этникалық топтарда фармакокинетикасына арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Педиатриялық емделушілер

АИВ-1: дене салмағы ≥ 35 кг, АИВ-1 жұқтырған 8 жасөспірімде (12-ден < 18 жасқа дейінгі) тенофовирдің тепе-тең жағдайдағы фармакокинетикалық параметрлеріне баға берілді. Cmax және AUCtau орташа (± SD) мәндері тиісінше 0,38 ± 0,13 мкг/мл және 3,39 ± 1,22 мкг·с/мл құрады. Тенофовир дизопроксилінің 245 мг пероральді тәуліктік дозасын (фумарат түріндегі) қабылдаған жасөспірімдердегі тенофовир экспозициясы, тенофовир дизопроксилінің бір реттік тәуліктік 245 мг дозасын (фумарат түріндегі) қабылдаған ересектердегіге ұқсас болды.

Созылмалы В гепатиті: В гепатиті вирусын жұқтырған, тенофовир дизопроксилінің 245 мг (фумарат түрінде) пероральді тәуліктік дозасын қабылдаған жасөспірімдерде (12 - < 18 жасқа дейін) тенофовирдің тепе-тең экспозициясы тенофовир дизопроксилінің 245 мг (фумарат түрінде) дозасын тәулігіне бір реттік режиммен қабылдаған ересектердегі экспозицияға ұқсас болды.

12 жасқа толмаған балаларда және бүйрек функциясы бұзылған балаларда тенофовир дизопроксилінің (фумарат түріндегі) 245 мг таблеткасының фармакокинетикасына зерттеулер жүргізілген жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылулары

Тенофовир фармакокинетикасының параметрлері 245 мг тенофовир дизопроксилінің бір реттік 245 мг дозасын АИВ және HBV жұқтырмаған 40 емделушіге және бүйрек функциясының әртүрлі дәрежелі бұзылулары бар емделушілерге қолданғаннан кейін анықталды, олар креатинин клиренсінің бастапқы мәніне сай анықталды (егер CrCl > 80 мл/мин бүйрек функциясы қалыпты; аздаған бұзылулар – CrCl 50‑79 мл/мин болғанда; орташа – CrCl 30‑49 мл/мин. болғанда және ауыр – CrCl 10‑29 мл/мин. болғанда). Бүйрек функциясы қалыпты емделушілермен салыстырғанда, тенофовирдің орташа (% CV) экспозициясы CrCl > 80 мл/мин. адамдарда 2 185 (12 %) нг·с/мл мәнінен бүйрек функциясының аздаған, орташа және ауыр бұзылулары бар емделушілерде, тиісінше, 3 064 (30 %) нг·с/мл, 6 009 (42 %) нг·с/мл және 15 985 (45 %) нг·с/мл мәндеріне дейін артты. Препаратты енгізу аралықтарын арттыру бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде, бүйрек функциясы қалыпты емделушілермен салыстырғанда, қан плазмасында ең жоғары шектегі концентрацияға және Cmin аз деңгейінің азаюына әкеледі. Мұның клиникалық маңызы белгісіз.

Бүйрек аурулары терминальді сатыдағы (CrCl < 10 мл/мин.), гемодиализ қажет болған емделушілерде диализдер арасында тенофовирдің концентрациялары 48 сағат ішінде едәуір артып, орташа Cmax мәні 1 032 нг/мл-ге және орташа AUC0‑48h мәні 42 857 нг·с/мл-ге жетті.

Қолдану тәсілі және дозалары

Креатинин клиренсі < 10 мл/мин., гемодиализ жасалмаған емделушілерде және ESRD (бүйрек ауруы терминальді сатыдағы) бар, олардың жай-күйін бақылау диализдің перитонеальді немесе басқа түрлері арқылы жүзеге асатын емделушілерде тенофовирдің фармакокинетикасы зерттелген жоқ.

Бауыр функциясының бұзылулары

Тенофовир дизопроксилінің 245 мг бір реттік дозасын АИВ және В гепатиті вирусын жұқтырмаған, бауыр функциясының әртүрлі дәрежелі бұзылуы тиісінше Child‑Pugh‑Turcotte (CPT) жіктелуіне сәйкес анықталған емделушілерге енгізілді. Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде тенофовир фармакокинетикасы параметрлерінде елеулі өзгерулер білінген жоқ, бұл дозаны түзетудің қажет болмағандығын көрсетеді. Бауыр функциясы бұзылмаған адамдарда тенофовирдің Cmax және AUC0‑∞ орташа (% CV) мәндері тиісінше 223 (34,8%) нг/мл және 2050 (50,8%) нг·чд/мл, бауыр функциясының бұзылуы орташа адамдарда 289 (46,0%) нг/мл және 2310 (43,5%) нг·с/мл және бауыр функциясының бұзылуы ауыр адамдарда 305 (24,8%) нг/мл және 2740 (44,0%) нг·ч/мл құрады.

Жасушаішілік фармакокинетикасы

Адамның шеткергі қанының өндірілмейтін мононуклеарлы жасушаларында (PBMCs) тенофовир дифосфатының жартылай шығарылу кезеңі шамамен 50 сағатты құрайды, сонда PBMCs фитогемоглютининмен стимуляцияланғандағы сияқты, бұл көрсеткіш шамамен 10 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Тенофовир дизопроксил фумараты – бұл тенофовир дизопроксилі ізашар дәрісінің фумаратты тұзы. Тенофовир дизопроксилі сіңеді және белсенді зат тенофовирге айналады, ол нуклеозид монофосфатының (нуклеотидтің) аналогы болып табылады. Содан кейін тенофовир белсенді метаболитке, конструктивті түрде экспрессияланған жасушалық ферменттердің жәрдемімен тізбектің өте қажетті терминаторы болып табылатын тенофовир дифосфатына айналады. Тенофовир дифосфатының жасушаішілік жартылай шығарылу кезеңі белсенді жағдайда 10 сағат және шеткергі қанның мононуклеарлы жасушаларындағы (peripheral blood mononuclear cells – PBMCs) тыныштық жағдайында 50 сағат болады. Тенофовир дифосфаты АИВ‑1 кері транскриптазасын және В гепатиті вирусының полимеразасын диоксирибонуклеотидтің табиғи субстратымен тікелей байланысуымен бәсекелесу жолымен және ДНҚ-ға қосылғаннан кейін ДНҚ тізбегін үзу арқылы тежейді. Тенофовир дифосфаты α, β және γ жасушалық полимеразаларының әлсіз тежегіші болып табылады. Іn vitro талдауларда тенофовир 300 мкмоль/л-ге дейінгі концентрацияларда сонымен қатар митохондриальді ДНҚ синтезіне немесе сүт қышқылының түзілуіне ықпалының жоқтығын көрсетті.

Қолданылуы

АИВ-1 жұқпасы

АИВ-1 жұқтырған ересектерді басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп емдеуге.

АИВ-1 жұқтырған, 12-ден < 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді емдеуге, оларда кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштеріне немесе олардың уыттық әсеріне төзімділік байқалды, бұл бірінші тізбекті препараттарды қолдану мүмкіндігін жоққа шығарды.

В гепатиті

Виреад препараты мына емделушілерде созылмалы В гепатитін емдеуге арналған:

  • компенсацияланған бауыр аурулары, вирустың белсенді репликациясының белгілері бар, қан сарысуындағы аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейлері тұрақты жоғарылаған және белсенді қабынудың және/немесе фиброздың гистологиялық біліністері бар;

  • ламивудинге резистентті В гепатиті вирусының белгілері бар;

  • декомпенсацияланған бауыр аурулары бар.

Виреад препараты 12-ден 18 жасқа дейінгі мына жасөспірімдерде созылмалы В гепатитін емдеуге арналған:

  • компенсацияланған бауыр аурулары және белсенді иммундық ауруларының белгілері, яғни вирустың белсенді репликациясы бар, қан сарысуындағы аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейлері тұрақты жоғарылаған және белсенді қабынудың және/немесе фиброздың гистологиялық біліністері бар.

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеуді АИВ жұқпаларын және/немесе созылмалы В гепатитін емдеу тәжірибесі бар дәрігер бастауға тиіс.

Антиретровирустық емделу тәжірибесі бар, АИВ жұқтырған емделушілерді емдеу үшін Виреадты таңдау емделушілердің вирусқа жекелей төзімділігін тексеруге және (немесе) емдеу тарихына негізделуі тиіс.

Ересектер

АИВ және созылмалы В гепатитін емдеу үшін ұсынылатын доза тамақпен бірге пероральді түрде тәулігіне 1 рет 1 таблетка құрайды.

Созылмалы В гепатиті

Емдеудің қолайлы ұзақтығы белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

- Циррозсыз, В гепатиті вирусының антигеніне теріс реакциясы бар емделушілерді емдеу, ең кемінде, HBs сероконверсиясына немесе емдеу тиімділігінің жоғалу белгілері пайда болғанға дейін жалғастырылуы тиіс. 2 жылдан астамға созылатын ұзартылған ем жағдайында емделуші үшін алынған емнің жарайтындығын айғақтау үшін емдеуді жүйелі түрде қайта қарастырып отыру керек.

Балалар

АИВ-1: 12-ден ˂18 жасқа дейінгі және дене салмағы ≥ 35 кг болғанда Виреадтың ұсынылатын дозасы аспен бірге, пероральді түрде, тәулігіне 1 рет 1 таблетканы құрайды.

Созылмалы В гепатиті: 12-ден ˂18 жасқа дейін және дене салмағы ≥ 35 кг болғанда Виреадтың ұсынылатын дозасы аспен бірге, пероральді түрде, тәулігіне 1 рет 1 таблетканы құрайды.

Емдеудің қолайлы ұзақтығы қазіргі таңда анықталмаған.

Таблетканы жұтып қабылдау қажет. Егер емделушінің жұтып қабылдауы қиын болса, онда Виреад таблеткасын оны шамамен 100 мл суда, апельсин немесе жүзім шырынында еріткеннен кейін бірден қабылдауына болады.

Өткізіп алған доза

Егер дозаны қабылдауды өткізіп алса, және дозаны қабылдаудың әдеттегі уақытынан бері 12 сағат өтпеген болса, онда емделуші Виреадты тамақпен бірге мүмкіндігінше тезірек қабылдағаны және препаратты қабылдаудың әдеттегі режиміне оралғаны жөн. Егер дозаны қабылдауды өткізіп алғаннан бері 12 сағаттан астам уақыт өтсе және препараттың келесі дозасын қабылдау уақыты жақындаса, онда емделуші өткізіп алған дозаны қабылдамағаны жөн, бірақ препаратты қабылдаудың әдеттегі режиміне қайта оралуы қажет.

Егер Виреадты қабылдағаннан кейін 1 сағат ішінде емделуші құсса, тағы 1 таблетка қабылдағаны жөн. Егер емделушінің құсуы Виреадты қабылдағаннан кейін 1 сағаттан астам уақыт ішінде болса, онда ол тағы да 1 таблетка қабылдамайды.

Егде жастағы емделушілер

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек функциясының бұзылулары

Тенофовир организмнен несеппен бірге шығарылады, сондықтан бүйрек функциясы бұзылған емделушілер тенофовир әсерінің жоғары екендігін сезінеді.

Ересектер

Бүйрек функциясының бұзылуы орташа және ауыр (креатинин клиренсі < 50 мл/мин.) ересек емделушілерде тенофовир дизопроксил фумаратын қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде деректер шектеулі. Бүйрек функциясының аздаған бұзылулары (креатинин клиренсі 50–80 мл/мин.) жөніндегі қауіпсіздік көрсеткіштеріне баға беру ұзақ мерзімді перспективада жүргізілген жоқ. Осы себепті бүйрек функциясы бұзылған емделушілерге тенофовир дизопроксил фумаратын, егер емдеудің потенциальді пайдасы потенциальді қаупінен басым деп есептелсе, қолдану қажет. Дозалау аралығын түзету креатинин клиренсі < 50 мл/мин. болатын емделушілерге ұсынылады.

Бүйрек функциясының аздаған бұзылулары (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин.). Клиникалық зерттеулер нәтижесінде алынған шектеулі деректер бүйрек функциясының аздаған бұзылулары бар емделушілер үшін тенофовир дизопроксил фумаратын тәулігіне бір рет дозалауды сақтаудың пайдалылығын айғақтайды.

Бүйрек функциясының орташа бұзылулары (креатинин клиренсі 30-49 мл/мин.). Виреадтың 1 таблеткасын әрбір 48 сағат сайын қабылдау АИВ-теріс субъектілерде және В гепатиті вирусын жұқтырмаған, бүйрек бұзылулары әртүрлі дәрежелі, соның ішінде бүйрек функциясының гемодиализді қажет ететін терминальді сатысындағы субъектілерде бір реттік дозаның фармакокинетикалық деректерін модельдеу негізінде ұсынылады. Алайда бұлай дозалау клиникалық зерттеулер шегінде дәлелденген жоқ. Сондықтан осындай емделушілердің емге клиникалық реакциясын және бүйрек функциясын мұқият бақылап отыру қажет (Айрықша нұсқаулар және Фармакокинетикасы бөлімін қараңыз).

Бүйректің ауыр бұзылулары (креатинин клиренсі < 30 мл/мин.) және гемодиализдегі емделушілер. Әсер етуші басқа заттың жоқ болуына байланысты, дозаға тиісінше түзету енгізілмеуі мүмкін, сондықтан препаратты осы топтағы емделушілер үшін қолдануға болмайды. Егер альтернативті ем жоқ болса, енгізу аралығын ұзартуды былайша қолдануға болады:

- бүйректің ауыр бұзылулары: Виреадты 1 таблеткасынан әрбір 72-96 сағат сайын (аптасына екі рет) қабылдау керек;

- гемодиализдегі емделушілер: Виреадтың 1 таблеткасынан гемодиализ* сессиясын аяқтағаннан кейін әрбір 7 тәулік сайын қабылдау керек.

Айрықша нұсқаулар

* Әдеттегідей, әрқайсының ұзақтығы шамамен 4 сағат болатын гемодиализдің 3 сессиясына рұқсат ете отырып, немесе жинақталған 12 сағат гемодиализден кейін аптасына 1 рет енгізу.

Гемодиализсіз, клиренсі < 10 мл/мин. болатын емделушілер үшін дозалауға қатысты нұсқаулар беруге болмайды.

Балалар. Тенофовир дизопроксил фумаратын бүйрек функциясы бұзылған балаларға қолданбау керек.

Айрықша нұсқаулар

Айрықша нұсқаулар

Жағымсыз әсерлері

Қауіпсіздік бейіні жөнінде қысқаша мәліметтер.

Айрықша нұсқаулар

АИВ-1. Тенофовир дизопроксил фумаратын басқа антиретровирустық препараттармен үйлесімде емдеген кезде емделушілердің үштен бірінде дерлік жағымсыз реакциялар күтілуі мүмкін. Мұндай реакциялар, әдеттегідей, асқазан-ішек жолы тарапынан аздаған дәрежеден орташа дәрежеге дейінгі бұзылулар болып табылады. Тенофовир дизопроксил фумаратымен ем қабылдаған емделушілердің шамамен 1%-ы, асқазан-ішек жолы тарапынан болған реакцияларға байланысты, емделуді тоқтатты.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

В гепатиті. Тенофовир дизопроксил фумаратымен емдеудің жағымсыз реакциялары емделушілердің төрттен бірінде дерлік, негізінен елеусіз түрде, күтілуі мүмкін. В гепатиті вирусын жұқтырған емделушілерге қатысты клиникалық зерттеулер кезінде тенофовир дизопроксил фумаратына өте жиі болған жағымсыз реакция жүректің айнуы (5,4 %) болды.

Айрықша нұсқаулар

Жағымсыз реакциялары жөнінде қысқаша мәлімдемелер.

Тенофовир дизопроксил фумаратының жағымсыз реакцияларына баға беру клиникалық зерттеулер және постмаркетингтік талдаулар барысында алынған деректерге негізделеді. Барлық жағымсыз реакциялар 1 кестеде көрсетілген.

АИВ-1 клиникалық зерттеулері. АИВ-1 клиникалық зерттеу деректері бойынша жағымсыз реакцияларға баға беру екі зерттеу нәтижелеріне, оның аясында бұрын ем алған, тенофовир дизопроксил фумаратын (n = 443) немесе плацебоны (n = 210) басқа антиретровирустық препараттармен 24 апта бойы үйлестіріп қабылдаған 653 емделуші, сондай-ақ бұрын ем алмаған, 245 мг тенофовир дизопроксилін (фумарат түріндегі) (n = 299) немесе ставудинді (n = 301) ламивудинмен және эфавирензбен 144 апта бойы үйлестіріп қабылдаған 600 емделуші қамтылған салыстырмалы жасырын бақыланатын зерттеу нәтижелеріне негізделеді.

В гепатитінің клиникалық зерттеулері. В гепатитіне жүргізілген клиникалық зерттеу деректері бойынша жағымсыз реакцияларды бағалау, негізінен, созылмалы В гепатиті және компенсацияланған бауыр ауруы бар, 245 мг тенофовир дизопроксилін (фумарат түріндегі) күн сайын (n = 426) немесе адефовир дипивоксилінің 10 мг-сін күн сайын (n = 215) 48 апта бойы қабылдаған 641 емделуші қамтылған екі салыстырмалы жасырын бақыланатын зерттеу нәтижелеріне негізделеді. 240-апталық үзіліссіз емделу ішінде байқалған жағымсыз реакциялар тенофовир дизопроксил фумаратының қауіпсіздігі бейініне сәйкес болды.

Бауырдың декомпенсацияланған ауруы бар емделушілер. Бауырдың декомпенсацияланған ауруы бар емделушілер үшін тенофовир дизопроксил фумаратының қауіпсіздігі бейініне тенофовир дизопроксил фумаратымен (n = 45) немесе эмтрицитабинмен плюс тенофовир дизопроксил фумаратымен (n = 45), немесе энтекавирмен (n = 22) 48 апта бойы ем қабылдаған емделушілерде салыстырмалы жасырын белсенді бақыланатын зерттеулерде (GS‑US‑174‑0108) аясында баға берілді.

Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдау тобында емделушілердің 7%-ы жағымсыз реакцияларға байланысты емдеуді тоқтатты, ал емделушілердің 9%-да сарысуда креатининнің айғақталған ≥ 0,5 мг/дл жоғарылауы немесе сарысуда фосфаттың айғақталған < 2  мг/дл деңгейінің 48 аптаға дейін жоғарылағаны білінді. Тенофовирді біріктіріп қабылдаған топ пен энтекавирді қабылдаған топ арасында статистикалық тұрғыдан маңызды айырмашылық болған жоқ. Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаған топта 16% (7/45), эмтрицитабинді тенофовир дизопроксил фумаратымен қабылдаған топта 4% (2/45) және энтекавирді қабылдаған топта 14% (3/22) 168 аптадан кейін жеткіліксіздік бұзылуларының болғанын көрсетті. Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаған топта он үш пайызы (6/45), эмтрицитабинді тенофовир дизопроксил фумаратымен бірге қабылдаған топта 13% (6/45) және энтекавирді қабылдаған топта 9% (2/22) сарысудағы креатининнің ≥ 0,5 мг/дл жоғарылағанын немесе сарысуда фосфаттың айғақталған < 2  мг/дл деңгейде болатынын растады.

Айрықша нұсқаулар

Ламивудинге резистентті созылмалы В гепатиті бар емделушілер:

Салыстырмалы жасырын рандомизирленген зерттеулер (GS-US-174-0121) кезінде тенофовир дизопроксил фумаратының жаңа жағымсыз реакциялары байқалған жоқ, оның аясында ламивудинге резистентті 280 емделуші тенофовир дизопроксил фумаратымен (n = 141) немесе эмтрицитабин плюс тенофовир дизопроксил фумаратымен (n = 139) 96 апта бойы ем қабылдады.

Емдеуге потенциальді қатысы бар (немесе, ең кемінде, мүмкін болатын) жағымсыз реакциялар төменде ағзалар жүйесі және жиілігі бойынша берілген. Әрбір топ аясында жиілігі бойынша жағымсыз құбылыстар ауырлығының азаюы ретімен берілген. Жиілігі бойынша жағымсыз реакциялар былайша белгіленеді: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100–ден < 1/10 дейін), жиі емес ( ≥ 1/1000–нан < 1/100 дейін) және сирек (≥ 1/10 000–нан < 1/1000 дейін).

1 кесте

Клиникалық зерттеулер және постмаркетингтік талдау негізінде тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаумен байланысты болатын жағымсыз реакциялар туралы қысқаша деректер.

Ағзалар жүйесінің класы және жиілігі

Жағымсыз реакциялары

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Гипофосфатемия1

Жиі емес

Гипокалиемия1

Сирек

Лактат-ацидоз3

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Бас айналу

Жиі

Бас ауыру

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Диарея, құсу, жүректің айнуы

Жиі

Іштің ауыруы, іштің желденуі, метеоризм

Жиі емес

Панкреатит3

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі

Трансаминаза деңгейінің жоғарылауы

Сирек

Бауырдың майлы дегенерациясы3, гепатит

Тері және теріастылық тіндер тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Бөртпелер

Сирек

Ангионевротикалық ісіну

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

Жиі емес

Рабдомиолиз1, бұлшықет әлсіздігі1

Сирек

Остеомаляция (сүйектердегі ауыру ретінде білінеді және сыну себептерінің бірі болып табылуы жиі емес)1, 2, миопатия

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі емес

Креатининнің жоғарылауы

Сирек

Бүйректің жедел жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі, жедел тубулярлы некроз, проксимальді бүйрек тубулопатиясы (соның ішінде Фанкони синдромы), нефрит (соның ішінде жедел интерстициальді нефрит)2, нефрогенді қантсыз диабет

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі бұзылулар

Өте жиі

Астения

Жиі

Шаршау

1Жағымсыз реакция проксимальді бүйрек тубулопатиясының салдары ретінде пайда болуы мүмкін. Бұл ауру жоқ болған жағдайда ол тенофовир дизопроксил фумаратымен себептік байланысы бар деп есептелмейді.

2Жағымсыз реакция постмаркетингтік зерттеулер кезінде анықталды, бірақ рандомизирленген бақыланатын зерттеулер кезінде немесе тенофовир дизопроксил фумаратына ауқымды қол жеткізу бағдарламасында байқалған жоқ. Жиілік санаты, рандомизирленген бақыланатын зерттеулер кезінде немесе ауқымды қол жеткізу бағдарламасында (n = 7319) тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаған емделушілердің жалпы саны негізінде, статистикалық есеп бойынша анықталды.

3Қосымша ақпарат алу үшін төменде берілген бөлімге жүгініңіз.

Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

АИВ-1 және В гепатиті.

Айрықша нұсқаулар

АИВ-1.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Айрықша нұсқаулар

Айрықша нұсқаулар

Тенофовир дизопроксил фумаратын ламивудинмен және эфавирензбен үйлесімдегі ставудинмен салыстыру үшін жүргізілген антиретровирустық дәрілермен бұрын емделмеген емделушілер арасында 144 апталық бақыланатын клиникалық зерттеулер аясында тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаған жағдайда липодистрофия қаупі ставудинді қабылдаған кездегіге қарағанда едәуір аз болғаны байқалды. Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдау тобында сондай-ақ триглицеридтердің орташа арту көрсеткіші және аш ішекте холестериннің жалпы деңгейі салыстырмалы топқа қарағанда едәуір аз болды.

Айрықша нұсқаулар

Айрықша нұсқаулар

Айрықша нұсқаулар

В гепатиті.

Айрықша нұсқаулар

Айрықша нұсқаулар

Педиатриялық емделушілер

АИВ-1

Жағымсыз реакцияларға баға беру АИВ-1 жұқтырған ( 2-ден < 18 жасқа дейінгі) 184 педиатриялық емделушіге жүргізілген рандомизирленген екі зерттеуде (GS-US-104-0321 және GS-US-104-0352 зерттеулерге) негізделген, олар тенофовир дизопроксил фумаратымен (n = 93) немесе плацебо/белсенді препаратпен салыстырмалы түрде (n = 91) басқа антиретровирустық препараттармен 48 апта бойы біріктіріп ем қабылдаған (Фармакодинамикасы бөлімін қараңыз).

Тенофовир дизопроксил фумаратымен емделген педиатриялық емделушілерде байқалған жағымсыз реакциялар тенофовир дизопроксил фумаратымен ересектерге жүргізілген клиникалық зерттеулерде байқалғандағыға сәйкес келді (Жағымсыз реакциялары жөнінде қысқаша мәлімдемелер және Фармакодинамикасы бөлімдерін қараңыз).

Айрықша нұсқаулар

Созылмалы В гепатиті

Жағымсыз реакцияларын бағалау 72 апта бойы 245 мг тенофовир дизопроксилімен (фумарат түріндегі) (n = 52) немесе плацебомен (n = 54) ем жүргізілген созылмалы В гепатитіне шалдыққан 106 жасөспірімдегі (12-ден < 18 жасқа дейін) бір рандомизирленген зерттеуге (GS-US-174-0115 зерттеуі) негізделген. Тенофовир дизопроксил фумаратын алған жасөспірімдерде байқалған жағымсыз реакциялар ересектердегі тенофовир дизопроксил фумаратының клиникалық зерттеулерінде байқалуына сәйкес болды («Жағымсыз реакциялары жөнінде қысқаша деректер» және «Фармакодинамикасы» бөлімдерін қараңыз).

Сүйектердің минералдық тығыздығының азаюы В гепатиті вирусын жұқтырған жасөспірімдерде байқалды. Тенофовир дизопроксил фумаратын алған тұлғаларда байқалатын сүйектердің минералдық тығыздығының Z-критерийлері плацебо алатын тұлғаларда байқалған дәл сол критерийлерден төмен болды («Айрықша нұсқаулар» және «Фармакодинамикасы» бөлімдерін қараңыз).

Емделушілердің басқа да ерекше санаттары.

Айрықша нұсқаулар

Айрықша нұсқаулар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың қандай да болсын біреуіне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуіне зерттеулер ересектерде ғана жүргізілген.

Іn vitro тәжірибелері нәтижелерінің және тенофовир шығарылуының белгілі жолы негізінде тенофовир мен басқа дәрілік заттар қатысуымен CYP450 арқылы өзара әрекеттесу мүмкіндігі төмен.

Бір мезгілде қолдану ұсынылмаған.

Виреадты құрамында тенофовир дизопроксил фумараты бар басқа дәрілік заттармен қолдануға болмайды.

Виреадты адефовир дипивоксилімен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрекпен шығарылатын дәрілік заттар. Тенофовир көбінесе бүйрекпен шығарылатындықтан, тенофовир дизопроксил фумаратын бүйрек функциясын төмендететін немесе hOAT 1, hOAT 3 немесе MRP 4 тасымалдаушы ақуыздары арқылы (мысалы, цидофовирмен) белсенді өзекшелік сөлініс үшін бәсекелесетін дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы тенофовир және (немесе) бір мезгілде енгізілген дәрілік препараттар концентрациясын арттыруы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Такролимустың бүйрек функциясына ықпал ететінін ескеріп, оны тенофовир дизопроксил фумаратымен бір мезгілде қолдану кезінде мұқият бақылау ұсынылады.

Басқа өзара әрекеттесулер. Тенофовир дизопроксил фумаратының, протеаза тежегіштерінің және протеаза тежегіштері болып табылмайтын антиретровирустық дәрілердің арасындағы өзара әрекеттесулер төмендегі 2 кестеде көрсетілген (артуы «↑», азаюы – «↓», өзгерістің болмауы – «↔», тәулігіне екі рет – «b.i.d.» және тәулігіне бір рет – «q.d.» болып белгіленген).

2 кесте

Тенофовир дизопроксил фумараты мен басқа дәрілік заттар арасындағы өзара әрекеттесулер

Емдеу бағыттары бойынша дәрілік зат

(мг доза)

AUC, Cmax, Cmin

препарат деңгейлеріне ықпалы,

орташа пайыздық өзгерісі

300 мг тенофовир дизопроксил фумаратымен бір мезгілде енгізуге қатысты нұсқау

ЖҰҚПАҒА ҚАРСЫ

Антиретровирустық

Протеаза тежегіштері

Атазанавир/ритонавир

(300 q.d./100 q.d./300 q.d.)

Атазанавир:

AUC: ↓ 25 %

Cmax: ↓ 28 %

Cmin: ↓ 26 %

Тенофовир:

AUC: ↑ 37 %

Cmax: ↑ 34 %

Cmin: ↑ 29 %

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовир экспозициясының ұлғаюы, бүйрек бұзылуларын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.

Лопинавир/ритонавир

(400 b.i.d./100 b.i.d./300 q.d.)

Лопинавир/ритонавир.

Лопинавир/ритонавирдің ФК параметрлеріне елеулі ықпалы жоқ.

Тенофовир:

AUC: ↑ 32 %

Cmax.: ↔

Cmin: ↑ 51 %

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовир экспозициясының ұлғаюы, бүйрек бұзылуларын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.

Дарунавир/ритонавир

(300 /100 b.i.d./300 q.d.)

Дарунавир.

Дарунавир/ритонавирдің ФК параметрлеріне елеулі ықпалы жоқ.

Тенофовир:

AUC: ↑ 22 %

Cmin: ↑ 37 %

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовир экспозициясының ұлғаюы, бүйрек бұзылуларын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.

Кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштері

Диданозин

Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді бір мезгілде қолдану диданозиннің жүйелі экспозициясының 40-60% ұлғаюына әкеледі, бұл диданозинмен байланысты жағымсыз құбылыстармен байланысты қауіпті арттыруы мүмкін. Панкреатит пен лактат-ацидоздың жиі емес, кейде өлімге ұшырататын жағдайлары хабарланған. Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді тәулігіне 400 мг дозада бір мезгілде қолдану, мүмкін, жасушааралық өзара әрекеттесумен байланысты CD4 жасушалар санының едәуір азаюымен байланысты болды, бұл фосфорланған (яғни, белсенді) диданозинді көбейтеді. Тенофовир дизопроксил фумаратымен бірге енгізілетін диданозин дозалануын 250 мг дейін азайту АИВ-1 жұқпасын емдеуге арналған бірнеше зерттелген біріктірілімдер тұсында вирусологиялық сәтсіз емдеудің жоғары жиілігі жөніндегі хабарламалармен байланысты болды.

Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Адефовир дипивоксилі

AUC: ↔

Cmax: ↔

Тенофовир дизопроксил фумаратын адефовир дипивоксилімен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Энтекавир

AUC: ↔

Cmax: ↔

Тенофовир дизопроксил фумаратын энтекавирмен бір мезгілде қолданғанда клиникалық мәнді фармакокинетикалықөзара әрекеттесулері болмаған.

Басқа дәрілік заттармен өткізілген зерттеулер. Тенофовир дизопроксил фумаратын эмтрицитабинмен, ламивудинмен, индинавирмен, эфавирензбен, нельфинавирмен, саквинавирмен (ритонавирмен күшейтілген), метадонмен, рибавиринмен, рифампицинмен, такролимуспен және норгестимат/этинилэстрадиол гормональді контрацептивімен бір мезгілде қолдану кезінде клиникалық мәнді фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалмаған.

Тенофовир дизопроксил фумаратын тамақпен бірге қабылдау керек, өйткені ас ішу тенофовир биожетімділігін арттырады (Фармакокинетикасы бөлімін қараңыз).

Айрықша нұсқаулар

Тенофовир дизопроксил фумаратымен емді бастар алдында, В гепатиті вирусын жұқтырған барлық емделушілерге АИВ-қа антиденелер тұрғысынан талдау жасату керек (АИВ‑1 және B гепатитін бір мезгілде жұқтыру бөлімін қараңыз).

Емделушілер тенофовир дизопроксил фумаратының жыныстық қатынас немесе қанға түсіп кету жолымен өзге тұлғаларға АИВ немесе B гепатиті вирусының берілу қатерін болдырмайтынына дәлелдер жоқ екенінен хабардар болуы тиіс. Тиісті алдын ала сақтану шараларын қабылдауды жалғастыру қажет.

Виреад құрамында лактоза моногидраты бар. Сондықтан галактоза жақпаушылығы, Лапп лактазалық жеткіліксіздік немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы сияқты сирек тұқым қуалайтын патологиялары бар емделушілер бұл дәрілік затты қабылдамауы тиіс.

Басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану.

  • Виреадты құрамында тенофовир дизопроксил фумараты бар басқа дәрілік заттармен қолдануға болмайды.

  • Виреадты адефовир дипивоксилімен бір мезгілде қолдануға болмайды.

  • Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді бір мезгілде қолдану диданозиннің жүйелі экспозициясының 40-60 % ұлғаюына әкеледі, бұл диданозинмен байланысты жағымсыз құбылыстар қаупін арттыруы мүмкін (Дәрілермен өзара әрекеттесуі бөлімін қараңыз). Панкреатит пен лактат-ацидоздың жиі емес, кейде өлімге ұшырататын жағдайлары хабарланған. Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді тәулігіне 400 мг дозада бір мезгілде қолдану, мүмкін, жасушааралық өзара әрекеттесумен байланысты CD4 жасушалар санының едәуір азаюымен байланысты болды, бұл фосфорланған (яғни, белсенді) диданозинді көбейтеді. Тенофовир дизопроксил фумаратымен бірге енгізілетін диданозинді азайтылған 250 мг дозасында қолдану АИВ-1 жұқпасын емдеуге арналған бірнеше зерттелген біріктірілімдер тұсында вирусологиялық сәтсіз емдеудің жоғары жиілігі жөніндегі хабарламалармен байланысты болды.

Нуклеозидтермен/нуклеотидтермен үштік ем. Егер тәулігіне 1 рет енгізу сызбасы бойынша тенофовир дизопроксил фумараты ламивудинмен және абакавирмен, сондай-ақ ламивудинмен және диданозинмен үйлестірілгенде вирусологиялық сәтсіз емдеудің жоғары жиілігі және ерте сатыдағы АИВ емделушілерінде төзімділіктің пайда болуы жөнінде мәлімдемелер түскен.

Ересектердегі бүйрек және сүйек функциясына ықпалы.

Жағымсыз әсерлері

Бүйрек функциясын бақылау. Тенофовир дизопроксил фумаратымен емдеу басталғанша емделушілердің бәрінде алғашқы жыл ішінде әр 4 апта сайын, артынан әр 3 ай сайын креатинин клиренсін анықтау және бүйрек функциясын бақылау (креатинин клиренсі мен сарысудағы фосфат деңгейі) ұсынылады. Адефовир дипивоксилін қабылдау кезінде бұрын бүйрек тарапынан өзгерістері болған емделушілерді қоса, бүйрек функциясының бұзылу қаупі жоғары емделушілер үшін бүйрек функциясына өте жиі бақылап отыру қажеттілігін қарастыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бүйрек функциясының бұзылуы. Бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі < 80 мл/мин) емделушілерде тенофовир өте шектеулі дәрежеде зерттелген.

Креатинин клиренсі < 50 мл/мин,соның ішінде гемодиализ қажет болатын емделушілер. Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер үшін тенофовир дизопроксил фумаратының әсер ету қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер шектеулі. Осы себептен, егер емнің әлеуетті пайдасы зор қатерінен асып кетеді деп саналғанда ғана, тенофовир дизопроксил фумаратын қолдану қажет. Бүйрек функциясының бұзылулары ауыр емделушілерге (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) және гемодиализ қажет болатын емделушілерге тенофовир дизопроксил фумаратын қолдану ұсынылмайды. Егер бір де бір баламалы емдеу қолжетімді болмаса, дозалау аралығын түзетіп, бүйрек функциясын ұқыпты қадағалау қажет (Қолдану тәсілі және дозалары және Фармакокинетикасы бөлімін қараңыз).

Сүйектерге әсер етуі. АИВ жұқтырған емделушілерде 144 апталық бақыланатын клиникалық зерттеу кезінде бұрын антиретровирустық препараттар қабылдамаған емделушілерде тенофовир дизопроксил фумаратын ламивудинмен және эфавирензбен біріктірілген ставудинмен салыстырылғанда екі тәжірибе тобында да ортан жілік және омыртқа сүйектерінің минералдық тығыздығының аздап азаюы байқалды. 144 апта ішінде омыртқа сүйектерінің минералдық тығыздығының азаюы және сүйек биомаркерлер өзгерісі, бастапқы деректермен салыстырғанда, тенофовир дизопроксил фумаратын алған топтағыдан едәуір көбірек болды. Осы топта ортан жілік сүйектерінің минералдық тығыздығының азаюы 96 аптаға дейін аса көп болды. Алайда 144 аптадан кейін жоғары сыну қатері мен сүйек жай-күйінің қалып шегінен клиникалық мәнді ауытқуларының белгілері байқалмаған.

Жағымсыз әсерлері

Балалардағы бүйрек және сүйек функциясына ықпалы.

Балаларда сүйекке ықпал етуінің кейіннен білінетін зардаптары мен бүйрекке уытты әсер етуі түпкілікті анықталмаған. Бұдан басқа, бүйрекке уытты әсер етуінің қайтымдылығы соңына дейін анықталмаған. Сондықтан әрбір жекелеген жағдайда емдеудің пайда/қауіп арақатынасын дұрыс анықтаудың, емдеу барысында тиісті бақылау жөнінде шешім қабылдаудың (емді тоқтату туралы шешім қабылдауды қоса) және қосымша препараттар қолданудың мақсатқа сай болуын қарастыру үшін жан-жақты әдісті пайдалану ұсынылады.

Бүйрек функциясын бақылау. Емдеуді бастар алдында бүйрек функциясына (креатинин клиренсі және сарысудағы фосфат деңгейі) баға беру қажет, сондай-ақ емдеу барысында ересектердегідей бақылау жасау қажет (жоғарыдан қараңыз).

Жағымсыз әсерлері

Бірге қолдану және бүйректің уыттану қаупі. Ересектер үшін қолданылатын дәл сол ұсынымдарды қадағалау қажет (жоғарыдан қараңыз).

Қолдану тәсілі және дозалары

Сүйектерге әсер етуі. Виреад сүйектердің минералдық тығыздығының азаюына себеп болуы мүмкін. Тенофовир дизопроксил фумаратымен байланысты сүйектердегі минералдық тығыздық өзгерісінің келешекте кейіннен білінетін сүйектер саулығына және қазіргі уақыттағы және болашақтағы сынулар қаупіне ықпал етуі белгісіз (Фармакодинамикасы бөлімін қараңыз).

Балаларда сүйектер ақаулары анықталғанда немесе ондайдан күдіктенгенде эндокринологпен және/немесе нефрологпен кеңесу қажет.

Бауыр аурулары. Бауыры ауыстырып салынған емделушілер үшін қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректер өте шектеулі.

В гепатитін жұқтырған, бауыр ауруы декомпенсацияланған және Child-Pugh-Turcotte (CPT) жіктемесі бойынша > 9 дәрежесіндегі емделушілер үшін тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдау қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректер шектеулі. Мұндай емделушілерде бауыр және бүйрек тарапынан болатын күрделі жағымсыз реакциялар қаупі аса жоғары болуы мүмкін. Сол себепті емделушілердің осы қауымында гепатобилиарлы және бүйректік параметрлерді мұқият бақылау қажет.

Гепатиттің өршуі.

Емдеу кезіндегі өршу. Созылмалы гепатит B типінің күрт өршуі салыстырмалы түрде жиі болады және қан сарысуындағы аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің уақытша жоғарылауымен сипатталады. Кейбір емделушілерде антивирустық ем басталған соң қан сарысуындағы АЛТ деңгейі көтерілуі мүмкін («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Бауыр ауруы компенсацияланған емделушілерде қан сарысуындағы АЛТ деңгейінің осылай жоғарылауы, әдетте, қан сарысуындағы билирубин концентрациясының артуымен немесе бауыр декомпенсациясымен қатар жүрмейді. Бауыр циррозы бар емделушілерде гепатиттің өршуінен кейін бауыр декомпенсациясының қаупі жоғары болуы мүмкін, сондықтан да емдеу кезінде оларды мұқият қадағалау қажет.

Емдеуді тоқтатқаннан кейінгі өршу. B гепатитін емдеуді тоқтатқан емделушілерде гепатиттің жедел ұстамасы туралы да мәлімделген. Емдеуден кейінгі өршуі, әдетте, В гепатиті вирусының ДНҚ жоғарылауымен байланысты, әрі олардың көпшілігі өздігінен шектеулі болып табылады. Алайда, өлімге ұшырау жағдайларын қоса, ауыр сипатты өршулері хабарланған. B гепатитін емдеуді тоқтатқаннан кейін 6 ай бойы клиникалық және зертханалық көрсеткіштер бойынша бауырдың функционалдық жағдайын ұдайы бақылау қажет. Қажет болған жағдайда B гепатитін емдеуді жаңғырту мақсатқа сай бола алады. Бауыр ауруы дамыған немесе циррозға шалдыққан емделушілер үшін емдеуді тоқтату ұсынылмайды, өйткені емделуден кейін гепатиттің өршуі бауыр декомпенсациясына әкелуі мүмкін.

Бауыр ауруы компенсацияланбаған емделушілерде гепатиттің өршуі ерекше күрделі, ал кейде өлімге ұшыратады.

C немесе D гепатитін қатар жұқтыру. C немесе D гепатиті вирусымен қатарлас жұқтырған емделушілердегі тенофовир тиімділігіне қатысты деректер жоқ.

АИВ‑1 және B гепатитін қатар жұқтыру. АИВ/В гепатиті вирусын жұқтырған емделушілерде, АИВ төзімділігінің даму қаупіне байланысты, тенофовир дизопроксил фумаратын тиісінше біріктірілген антиретровирустық ем сызбасының бір бөлігі ретінде ғана қолдану қажет. Созылмалы белсенді гепатитті қоса, бауыр функциясы бұрыннан бұзылған емделушілерде біріктірілген антиретровирустық ем кезінде бауыр функциясының бұзылу жиілігі жоғары болады, әрі оларды стандартты тәжірибеге сәйкес бақылау қажет. Мұндай емделушілерде бауыр ауруы ағымының нашарлау белгілері болғанда емдеуде үзіліс жасау немесе емді тоқтату мәселесін қарастыру керек. Алайда тенофовирмен емделу кезінде АЛТ деңгейі жоғарылауы вирустық В гепатитімен науқастардағы клиренстің бір бөлігі болуы мүмкін, жоғарыдан «Гепатиттің өршуін» қараңыз.

Лактат-ацидоз. Нуклеозидтер аналогтарын қолдану кезінде, әдетте, бауырдағы май дегенерациясымен байланысты лактат-ацидоз туралы хабарланды. Клиникаға дейінгі және клиникалық деректер лактат-ацидоздың пайда болу қатерінің, нуклеозид аналогтары класы ықпалының тенофовир дизопроксил фумараты үшін төмен екенін көрсетеді. Бірақ, тенофовир нуклеозид аналогтарына құрылымы жағынан жақын екендіктен, бұл қатерді жоққа шығаруға болмайды. Ерте білінетін симптомдарына (симптоматикалық гиперлактатемия) ас қорыту жүйесі тарапынан болатын қатерсіз симптомдар (жүрек айну, құсу және іштің ауыруы), спецификалық емес дімкәстану, тәбет жоғалту, дене салмағының кемуі, респираторлық симптомдар (жиі және (немесе) терең дем алу) немесе неврологиялық симптомдар (қозғалыс әлсіздігін қоса) жатады. Лактат-ацидоздың өлімге ұшырату қаупі жоғары және панкреатитпен, бауыр жеткіліксіздігімен немесе бүйрек жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін. Жалпы, лактат-ацидоз бірнеше ай емделгеннен кейін байқалады.

Нуклеозид аналогтарымен емделу симптоматикалық гиперлактатемия және метаболизмдік немесе сүт қышқылды ацидоз, біртіндеп ұлғаятын гепатомегалия немесе аминотрансфераза деңгейлерінің жылдам жоғарылауы жағдайында тоқтатылуы тиіс.

Гепатомегалиясы, гепатиті немесе бауыр ауруы мен бауырдағы май дегенерациясының басқа да белгілі қауіп факторлары (белгілі бір дәрілік заттар мен алкогольді қоса) бар кез келген емделушіге (әсіресе, семіріп кеткен әйелдерге) нуклеозид аналогтарын енгізгенде сақ болу қажет. C гепатитін қатар жұқтырған емделушілерді альфа-интерферонмен және рибавиринмен емдеу айрықша қатер төндіруі мүмкін.

Қауіп жоғарылаған емделушілерді тиянақты қадағалау қажет.

Жағымсыз әсерлері

Тенофовир құрылымы жағынан нуклеозид аналогтарына жатады, сондықтан липодистрофия қатерін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен бұрын антиретровирустық дәрілермен емделмеген АИВ жұқтырған емделушілерден алынған 144 апталық деректер липодистрофия қатерінің тенофовир дизопроксил фумараты жағдайында, ставудин қолданған кездегіден егер ол ламивудинмен және эфавирензбен бірге енгізілсе аз болғанын көрсетеді.

Митохондриялық функцияның бұзылуы. Нуклеозидті және нуклеотидті аналогтарының әртүрлі дәрежедегі митохондрия зақымдануына әкелетіні in vitro және in vivo көрсетілген. Нуклеозид аналогтарының әсеріне in utero және (немесе) постнатальді кезеңде ұшыраған ерте жастағы АИВ-теріс сәбилердегі митохондриялық дисфункция туралы хабарламалар түскен. Негізгі хабарланған жағымсыз құбылыстар гематологиялық бұзылулар (анемия, нейтропения) және метаболизмдік бұзылулар (гиперлактатемия, гиперлипаземия) болды. Бұл құбылыстар қысқа мерзімді сипатта жиі болады. Кешірек басталған кейбір неврологиялық бұзылулар (гипертония, конвульсиялар, кемістікпен мінез-құлық) жөнінде хабарламалар түскен. Қазіргі таңда неврологиялық бұзылулардың уақытша немесе тұрақты болатыны белгісіз. Нуклеозидті және нуклеотидті аналогтар әсеріне in utero ұшыраған кез келген сәби, тіпті АИВ-теріс балалар тиісті белгілері мен симптомдары жағдайында митохондриялық функцияның бұзылу мүмкіндігіне қатысты клиникалық және зертханалық бақылау мен толық тексеруден өтуі тиіс. Бұл нәтижелер вертикальді АИВ берілуінің алдын алу үшін жүкті әйелдерге антиретровирустық ем қолдану туралы ағымдағы ұлттық нұсқауларға ықпал етпейді.

Иммундық реактивация синдромы. Біріктірілген антиретровирустық ем (combination antiretroviral therapy – CART) енгізу сәтінде иммундық жеткіліксіздігі ауыр АИВ жұқтырған емделушілерде асимптоматикалық немесе қалдық оппортунистік патогендерге қабыну реакциясы болуы мүмкін, бұл күрделі клиникалық жағдайларға немесе симптомдардың күшеюіне себеп болуы мүмкін. Әдетте, ондай реакциялар CART басталған алғашқы бірнеше аптаның немесе айдың ішінде байқалған. Сәйкесті мысалдары цитомегаловирустық ретинит, жайылған және (немесе) ошақтық микобактериялық жұқпалар және Pneumocystis jiroveci пневмониясы болып табылады. Кез келген қабыну симптомдарын бағалап, қажет болса, ем тағайындау керек.

Аутоимундық бұзылулар (Грейвс ауруы сияқты) туралы да хабарланған. Алайда баяндалған көрініс беру уақыты аса құбылмалы, әрі бұл құбылыстар ем басталғаннан кейін көп ай өткен соң болуы мүмкін.

Остеонекроз. Шығу тегі көп факторлы (кортикостероидтар қолдануды, алкоголь тұтынуды, иммунитеттің қатты төмендеуін, дене салмағы индексінің жоғары мәнін қоса) болып саналса да, атап айтқанда, АИВ ауруы дамыған және (немесе) біріктірілген антиретровирустық ем (CART) әсері ұзаққа созылған емделушілерге қатысты остеонекроз жағдайлары хабарланды. Емделушілерге, егер олар буындардың ауыруын, буындардың иілмеуін немесе қозғалу кезінде қиналыс сезінсе, дәрігер кеңесіне жүгінуге кеңес беру керек.

Егде жастағы емделушілер. Тенофовир дизопроксил фумараты 65 жастан асқан емделушілерде зерттелмеген. Жасы ұлғайған емделушілерде бүйрек функциясының нашарлау ықтималдығы зор, сондықтан егде жастағы емделушілерді тенофовир дизопроксил фумаратымен емделгенде сақ болу қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерден алынған шектеулі деректер (бала туумен аяқталған 300-1000 жүктілік шегінде) тенофовир дизопроксил фумаратымен байланысты болуы мүмкін даму ақауларының немесе ұрыққа/жаңа туған нәрестеге уытты әсер ету болмайтынын көрсетеді. Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивті функцияға уытты әсер етуін көрсетпеген. Қажет болса, жүктілік кезінде тенофовир дизопроксил фумаратын қолданудың мақсатқа сай келуін қарастыруға болады.

Зерттеулер тенофовирдің ана сүтіне бөлінетінін көрсетті. Тенофовирдің жаңа туған нәрестелерге/сәбилерге ықпалы туралы деректер жеткіліксіз. Сондықтан Виреадты бала емізу кезеңінде қолданбаған жөн. Жалпы, АИВ және НВV жұқтырған әйелдердің сәбиге АИВ және НВV берілуін болдырмау үшін бала емізбеуіне кеңес беріледі.

12 жасқа толмаған емделушілер.

Виреад 300 мг препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы клиникалық деректердің болмауына орай, оны 12 жастан кіші балаларда қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлікті және басқа да қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Тенофовирдің автокөлік басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне ықпал етуіне қатысты зерттеулер жүргізілмеген. Емделушілерге тенофовир дизопроксил фумаратымен емделу кезінде бас айналу жөнінде хабарламалар болғанын мәлім ету керек.

Артық дозалануы

Жағымсыз әсерлері

Емі: тенофовирді гемодиализ арқылы шығаруға болады, тенофовир клиренсінің медианалық мәні 134 мл/мин құрайды. Тенофовирдің перитонеальді диализ арқылы шығарылуы белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Балалар аша алмайтын қақпақпен жабылған, ылғал тартқышы бар полиэтилен құтыда 30 таблеткадан.

1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Такеда ГмбХ, Германия

Өндірістік учаске: Такеда ГмбХ  Бетрибсстетте Ораниенбург, Леницштрассе 70-98, 16515, Ораниенбург, Германия

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Гилеад Сайенсиз Айэленд ЮС, Ирландия

ИДА Бизнес&Технолоджи Парк, Карригтохилл Ко. Корк

Тіркеу куәлігінің иесі

Гилеад Сайенсиз, Инк., АҚШ 333 Лейксайд Драйв, Фостер Сити, Калифорния 94404

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Дельта Медикел Промоушнз АГ (Швейцария) өкілдігі

050040, Алматы қ-сы, Бостандық ауданы, Байзақов к-сі, 280 үй

Тел./факс +7 (727) 332 20 79

Электронды поштасы: PVG@deltamedical.com.ua

 

Прикрепленные файлы

051319471477976695_ru.doc 255 кб
507895011477977830_kz.doc 284.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники