Визор®

МНН: Оксиметазолин
Производитель: ЛеКос ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Oxymetazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003746
Информация о регистрации в РК: 10.10.2017 - 10.10.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Визор®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Оксиметазолин

Дәрілік түрі

Көз тамшы дәрісі, 15 мл

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 0,025 г оксиметазолин гидрохлориді,

қосымша заттар: бор қышқылы, натрий тетрабораты 5,8-6,8 рН дейін, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір немесе сарғыштау сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Деконгестанттар ретінде қолданылатын симпатомиметиктер.

АТЖ коды S01GA04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Әсері қолданғаннан кейін 15 минут өткенде басталады және 6-8 сағат сақталады.

Фармакодинамикасы

«Визор®» дәрілік заты – офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған адреномиметикалық дәрі. Тамыр тарылтқыш әсері бар, конъюнктиваның ісінуін азайтады. Препараттың құрамына енетін бор қышқылы әлсіз бактерицидтік және фунгицидтік әсер береді.

Қолданылуы

  • аллергиялық конъюнктивитте

  • этиологиясы жұқпалы емес конъюнктивитте (түтін, шаң, жел мен күннің әсер етуі, хлорланған су, жасанды жарықтандыру)

  • көздің шаршауы мен қызаруында (мысалы, компьютерде жұмыс істеу кезінде)

  • іркілісті құбылыстар мен конъюнктиваның ісінуінде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер мен 6 жастан асқан балалардың астыңғы конъюнктивальдық қапшығына немесе көздің мұрынға жақын бұрышына 1-2 тамшыдан тәулігіне 3-4 рет тамызады. Препаратты 5-7 күн бойы қолдану керек. Емді 7 күннен артық қолдану қажет болған кезде емдеуші дәрігердің кеңесі қажет.

Жағымсыз әсерлері

Әдетте препарат жақсы көтерімді.

Сирек

  • конъюнктива мен айналасындағы тіндердің тітіркенуі

  • қабақтың ретракциясы

  • мидриаз

  • аккомодация парезі

Өте сирек

  • ұйқының бұзылуы, қозу, гипертензия, тахикардия

  • жүрек айнуы, бас айналуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді зат немесе оның қосымша заттарына жоғары сезімталдықта

  • жабық бұрышты глаукомада

  • гипертония ауруында

  • аритмияда

  • созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

  • артериялық гипертензия

  • қант диабетінде

  • тиреотоксикозда, гипертиреозда

  • созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

  • жүктілік пен лактация кезеңінде

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат жергілікті анестезиялаушы дәрілердің сіңуін баяулатады және олардың әсерін ұзартады. Тамыр тарылтатын басқа препараттар жағымсыз әсерлерінің пайда болуына түрткі болады.

Моноаминооксидаза тежегіштері (оларды тоқтатқаннан кейінгі 14 күн бойғы кезеңді қосқанда) мен үш циклді антидепрессанттарды бір мезгілде тағайындау артериялық қысымның жоғарылауын туғызады.

Айрықша нұсқаулар

Белгіленген дозаларды арттырмау керек.

Бор қышқылы құрамын 1,8% жоғарылатпау керек.

Педиатрияда қолдану

Дәрілік заттың 6 жасқа дейінгі балаларға қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты тамызғаннан кейін білінуі мүмкін жағымсыз әсерлерін ескере отырып, оны тікелей көлік құралдарын басқару немесе механикалық жабдықтармен жұмыс істер алдында қолдануға болмайды.

Құты-тамшылатқыштың ұшы басқа заттармен және беткейлермен жанаспағанын қадағалау керек. Тамызғаннан кейін құты-тамшылатқыш қалпақшамен нығыздап жабылады.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: көздің тітіркенуі мен құрғауы, мидриаз, көзішілік қысымның жоғарылауы.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы 15 мл-ден бірінші ашылуында бақылауы бар бұралатын қақпақпен саңылаусыз тығындалған полиэтилен құты-тамшылатқышқа құйылған. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 0С-ден 25 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Ашылған қаптаманы 4 аптадан артық пайдалануға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші

«ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 23-13-62.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 23-13-62.

e-mail: lecos1@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

351595821477977161_ru.doc 47 кб
996703431477978323_kz.doc 46.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники