Визарсин® (50 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Визарсин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Силденафил
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 25 мг, 50 мг, 100 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 35,12 мг, 70,24 мг және 140,48 мг силденафил цитраты (сәйкесінше 25 мг, 50 мг және 100 мг силденафилге баламалы),
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Авицел PH 101), сусыз кальций гидрофосфаты, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза (5mPas), магний стеараты,
құрамы
Сипаттамасы
Сопақша пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі беті дөңес, бір жағында «25» таңбасы бар таблеткалар (25 мг доза үшін).
Сопақша пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі беті дөңес, бір жағында «50» таңбасы бар таблеткалар (50 мг доза үшін).
Сопақша пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі беті дөңес, бір жағында «100» таңбасы бар таблеткалар (100 мг доза үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар. Эрекция бұзылуларын емдеуге арналған препараттар. Силденафил.
ATХ коды G04BE03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Силденафилдің фармакокинетикасы ұсынылған дозалары ауқымында дозаға пропорциональді сипатта болады.
Силденафил көбінесе бауырдағы метаболизмі жолымен шығарылады (негізінен P450 3A4 цитохромы изоферментінің қатысуымен) және қасиеті силденафилдің қасиетіне ұқсас белсенді метаболитке айналады.
Сіңуі
Ішке қабылдағаннан кейін силденафил жылдам сіңеді, оның абсолюттік биожетімділігі орташа алғанда 41 %-ға жуықты құрайды (25-тен 63 %-ға дейін). Ішке қабылдағаннан кейін силденафилдің "концентрация - уақыт" қисығы астындағы ауданы (AUC) мен ең жоғарғы концентрациясы (Cmax) ұсынылған дозалары ауқымында (25-100 мг) дозасына пропорциональді артады.
In vitro силденафил 3,5 нМ жуық концентрациясында адамның ФДЭ-5 ферментінің белсенділігін 50 %-ға бәсеңдетеді. Силденафилді 100 мг дозада бір рет ішу арқылы қабылдағаннан кейін ерлердің қан плазмасындағы бос силденафилдің орташа ең жоғарғы концентрациясы 18 нг/мл (38 нМ) жуықты құрайды.
Препараттың плазмада байқалатын ең жоғарғы концентрациялары аш қарынға ішу арқылы қабылдағаннан кейін 30-дан 120 минутқа дейінгі кезең ішінде (медианасы 60 минут) жетеді.
Силденафилді үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар түрінде, майлы тамақпен бірге қабылдағанда сіңу жылдамдығы төмендейді: Tmax орташа алғанда 60 минутқа артады, ал Cmax орташа алғанда 29 %-ға азаяды, алайда сіңірілу дәрежесі айтарлықтай өзгермейді (AUC 11 %-ға төмендейді).
Таралуы
Силденафил үшін орташа тепе-теңдік көлемі (Vss) 105 л құрайды, бұл препараттың организм тіндерінде таралатындығын көрсетеді.
Силденафил мен оның айналымдағы негізгі N-деметилденген метаболитінің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 96 %-ға жуықты құрайды.
Ақуыздармен байланысу дәрежесі препараттың жалпы концентрацияларына тәуелсіз.
Дені сау еріктілерде силденафилдің енгізілген дозасының 0,0002 %-дан азы (орташа алғанда 188 нг) препаратты қабылдағаннан кейін 90 минуттан соң шәуһетте анықталған.
Метаболизмі
Силденафилдің биотрансформациясы көбінесе бауырдың микросомалық CYP3A4 (негізгі жолы) және CYP2C9 (қосалқы жолы) изоферменттерінің қатысуымен жүзеге асады.
Силденафилдің N-деметилденуі нәтижесінде түзілетін айналымдағы негізгі метаболиті ары қарай метаболизмге ұшырайды.
Метаболит силденафилдегі осындаймен салыстырмалы фосфодиэстеразаға селективтілік бейінімен сипатталады, ал метаболитінің ФДЭ-5-ке қатысты in vitro белсенділігі препараттың бастапқы затының белсенділігінің шамамен 50 %-ын құрайды.
Дені сау еріктілерде аталған метаболитінің плазмадағы концентрациялары силденафилдің концентрацияларының шамамен 40 %-ын құрайды.
N-деметилденген метаболиті ары қарай 4 сағатқа жуықты құрайтын ақырғы жартылай шығарылу кезеңімен метаболизмге ұшырайды.
Элиминациясы
Силденафилдің жалпы клиренсі 41 л/сағатты, ал жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі 3-тен 5 сағатқа дейінді құрайды. Ішу арқылы қабылдағаннан немесе көктамыр ішіне енгізгеннен кейін силденафил метаболиттер түрінде негізінен нәжіспен (ішу арқылы қабылданған дозасының 80 %-ға жуығы) және азғантай дәрежеде несеппен (ішу арқылы қабылданған дозасының 13 %-ға жуығы) шығарылады.
Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде (65 жас шамасындағы және одан үлкен) силденафил клиренсінің төмендеуі байқалады, бұл силденафилдің және оның белсенді N-деметилденген метаболитінің плазмадағы концентрациясының жастармен (18–45 жас) салыстырғанда шамамен 90 %-ға артуына алып келеді. Плазма ақуыздарын байланыстырудағы жас шамасының өзгешеліктеріне байланысты, бос силденафилдің плазмадағы концентрациясының сәйкесінше артуы шамамен 40 %-ды құрады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Жеңіл (креатинин клиренсі 50–80 мл/мин) және орташа (креатинин клиренсі 30–49 мл/мин) дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде силденафилдің фармакокинетикасы 50 мг дозада ішу арқылы бір рет қабылдағаннан кейін өзгермейді.
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі ≤ 30 мл/мин) пациенттерде силденафилдің клиренсі төмендейді, бұл дәл осы жас тобындағы бүйрек функциясы қалыпты пациенттердегі көрсеткіштермен салыстырғанда, AUC (100 %) пен Cmax (88 %) шамамен екі есе артуына алып келеді.
Бұдан өзге, N-деметилденген метаболитінің AUC және Cmax шамалары бүйрек функциясы қалыпты қатысушылардағы көрсеткіштермен салыстырғанда, ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде айтарлықтай, сәйкесінше 200 % және 79 %-ға жоғары болды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бауыр циррозы (Чайлд–Пью жіктемесі бойынша А және В сатылы) бар пациенттерде силденафилдің клиренсі төмен, бұл жас шамасы ұқсас, бауыр функциясының бұзылуынсыз пациенттермен салыстырғанда, AUC (85%-ға) пен Cmax (47 %-ға) жоғарылауына алып келеді. Силденафилдің бауыр функциясы бұзылуының ауыр дәрежесі бар (Чайлд–Пью жіктемесі бойынша С сатысы) пациенттердегі фармакокинетикасы зерттелген жоқ.
Фармакодинамикасы
Силденафил, эректильді дисфункцияны емдеуге арналған ішу арқылы қабылданатын дәрілік препарат, ол силденафилдің цитраты және 5-ші типті фосфодиэстеразаның (ФДЭ-5) спецификалық күшті селективті тежегіші - циклогуанозинмонофосфат (цГМФ) болып табылады.
Әсер ету механизмі
Жыныс мүшесі эрекциясының физиологиялық механизміне сексуалдық стимуляция кезінде үңгірлі денелерде азот тотығының (NO) босап шығуы кіреді.
Азот тотығы гуанилатциклаза ферментін белсенділендіреді, бұл циклдық гуанозинмонофосфат (цГМФ) деңгейінің жоғарылауына, ары қарай үңгірлі денелердің тегісбұлшықетті тіндерінің босаңсуына және қанның ағып келуінің артуына алып келеді.
Силденафил адамның оқшауланған үңгірлі денесіне тікелей босаңсытқыш әсер бермейді, бірақ үңгірлі денедегі циклдық гуанозинмонофосфаттың (цГМФ) ыдырауына жауап беретін ФДЭ-5 тежей отырып, азот тотығының (NO) әсерін күшейтеді.
Сексуалдық стимуляция NO жергілікті босап шығуын туғызған кезде, силденафилдің ФДЭ-5 тежеуі үңгірлі денедегі цГМФ деңгейінің жоғарылауын туғызады, бұл тегіс бұлшықеттердің босаңсуына және қанның үңгірлі денеге ағып келуіне алып келеді.
Силденафил ұсынылған дозаларында сексуалдық стимуляция жоқ кезде әсер етпейді.
Силденафил ФДЭ-5-ке қатысты in vitro селективті, оның ФДЭ-5-ке қатысты белсенділігі фосфодиэстеразаның басқа белгілі изоферменттеріне қатысты белсенділігінен асып түседі (ФДЭ-6 — 10 есе; ФДЭ-1 — 80 еседен артық; ФДЭ-2, ФДЭ-3, ФДЭ-4, ФДЭ-7–ФДЭ-11 — 700 еседен артық).
Силденафил ФДЭ-3-пен салыстырғанда, ФДЭ-5-ке қатысты шамамен 4000 еседен артық селективті, оның маңыздылығы зор, өйткені ФДЭ-3 миокард жиырылғыштығының реттелуіне қатысады.
Клиникалық зерттеулер
Жүрек
Силденафилді 100 мг дейінгі бір реттік дозаларда ішу арқылы қолдану дені сау ерлерде ЭКГ елеулі өзгерістеріне алып келмейді.
Систолалық артериялық қысымның «шалқадан жатқан» қалыпта орташа ең жоғарғы төмендеуі силденафилді 100 мг дозада ішу арқылы қабылдағаннан кейін 8,3 мм сын. бағ. құрады. Диастолалық артериялық қысымның «шалқадан жатқан» қалыпта сәйкесінше өзгеруі 5,3 сын. бағ. құрады.
Артериялық қысымды өлшеудің айқынырақ, бірақ өтпелі әсері қатарлас ем ретінде нитраттарды қабылдаған пациенттерде байқалды.
Силденафилдің ішу арқылы қабылданатын бір реттік 100 мг дозасының гемодинамикалық әсерлерін зерттеу жүректің ишемиялық ауруының (ЖИА) ауыр түрі (кемінде бір коронарлық артерияның > 70 % стенозы) бар кейбір пациенттерде систолалық және диастолалық артериялық қысымның тыныштық күйдегі бастапқы деңгейіне қатысты сәйкесінше 7 және 6 %-ға төмендегенін көрсетті. Орташа өкпелік систолалық артериялық қысым 9 %-ға төмендеді. Силденафил жүрек лықсытуына әсер еткен жоқ және стеноздалған коронарлық артериялардағы қан ағымын бұзған жоқ, сонымен қатар аденозин индукциялаған коронарлық қан ағымының (стеноздалған да, және интактілі артериялардағы да) артуына (шамамен 13%-ға) алып келді.
Эректильді дисфункциясы және тұрақты стенокардиясы бар, антиангинальді препараттарды (нитраттардан басқа) қабылдап жүрген және ұзаққа созылған стенокардия туындағанға дейін дене жаттығуларын орындаған пациенттерде, жаттығуларды орындау ұзақтығы плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, силденафилді бір реттік 100 мг дозада қабылдаған пациенттерде, айтарлықтай жоғары болған (19,9 с; 95%-дық сенімді аралық 0,9–38,9 с). Ұзаққа созылған стенокардия туындағанға дейінгі жаттығулардың орындалуының орташа ұзақтығы (бастапқы деңгейіне түзету енгізумен) силденафил және плацебо топтары үшін 432,6 және 403,7 секундты құрады.
Эректильді дисфункциясы (n = 568) және артериялық гипертензиясы бар, екеуден артық гипретензияға қарсы препараттарды қабылдап жүрген ерлерде силденафилдің ауыспалы дозасының (100 мг дейін) әсерін зерттеу, силденафилдің плацебо тобындағы 18 %-бен салыстырғанда 71 % ерлерде эрекцияны жақсартқанын, және 62 % жыныстық қатынас жүргізу әрекетінің плацебо тобындағы 26 %-бен салыстырғанда, силденафил тобында сәтті болғанын көрсетті. Жағымсыз құбылыстардың жиілігі пациенттердің басқа топтарындағы үш немесе одан да көп гипретензияға қарсы препаратты қабылдаған топтағы осындаймен салыстырмалы болды.
Көру мүшесі
Түстерді (көгілдір/жасыл) ажыратуға қабілеттіліктің жеңіл және уақытша өзгешеліктері кейбір пациенттерде Фарнсворт–Мунсельдің 100 реңдік тестісін жүргізу кезінде препаратты 100 мг дозада қабылдағаннан кейін 60 минуттан соң анықталған, және барлық әсерлері препаратты қолданғаннан кейін 120 минуттан соң толығымен жойылып отырған. Бұл өзгерістердің түстерді ажыратудағы мүмкін механизмі көздің торқабығындағы реакциялардың фотоөзгерту каскадына қатысатын ФДЭ-6 тежелуімен байланысты.
in vitro зерттеулер, силденафилдің ФДЭ-5ке қарағанда, ФДЭ-6-ға қатысты әсерінің 10 есе төмен екендігін көрсетті. Силденафил көру жітілігіне, контрастылықты сезінуге, электроретинограмма көрсеткіштеріне, көзішілік қысымға немесе қарашық диаметріне әсер етпеген.
Жасына байланысты бастапқы макулярлық дистрофия (n = 9) тіркелген пациенттерде силденафил (100 мг бір реттік дозада) жақсы көтерімді болды және жүргізілген көруді тексеру нәтижелерінің клиникалық елеулі өзгерістерін (көру жітілігі, Амслер торы, түстерді қабылдау, жарықтың өтуін модельдеу, Хэмфри периметрі және фотостресс) туғызған жоқ.
Тиімділігі
Силденафилдің қанағаттанарлық жыныстық қатынас үшін жеткілікті эрекцияға жету және ұстап тұруға қабілеттілік ретінде анықталған тиімділігі 19–87 жас шамасындағы шығу тектері әр түрлі эректильді дисфункциясы бар (органикалық, психогендік немесе аралас) пациенттерге жүргізілген зерттеулерден анықталды. Препараттың тиімділігі жалпыға ортақ сұрақ қоюдың, эрекция күнделігінің, эректильді функцияның халықаралық индексінің (IIEF, сексуалдық функцияның жай-күйі туралы валидацияланған сауалнама) және серіктестерге сауалнама жүргізудің көмегімен бағаланды.
Препараттың бекітілген дозасын қолданып жүргізілген зерттеулерде пациенттердің 62 %-ы (25 мг дозасы кезінде), 74 % (50 мг дозасы кезінде) және 82 % (100 мг дозасы кезінде) плацебо тобындағы 25 %-бен салыстырғанда, емдеудің салдарынан эректильді функцияның жақсарғандығы туралы хабарлаған. Эректильді функцияның халықаралық индексін талдау, эрекцияның жақсаруына қосымша, силденафилмен емдеудің оргазм сапасын арттырғанын, жыныстық қатынастан ләззат алу мен жалпы қанағаттануға қол жеткізуге мүмкіндік бергенін көрсетті.
Силденафилмен емделу кезінде эрекцияның жақсарғандығы туралы хабарлаған пациенттер арасындағы барлық зерттеулердің мәліметтері бойынша, 59 %-ы диабетке шалдыққан науқастар, пациенттердің 43 %-ы радикальді простатэктомияны бастан өткерген және пациенттердің 83 %-ында жұлын зақымданулары болған (сәйкесінше, плацебо тобындағы 16, 15 және 12 %-ға қарсы).
Қолданылуы
- жыныс мүшесінің қанағаттанарлық жыныстық қатынас үшін жеткілікті эрекцияға жетуге немесе оны сақтап тұруға қабілетсіздігімен сипатталатын эрекция бұзылуларын емдеу үшін.
Визарсин® тек сексуалдық стимуляция бар кезде ғана тиімді.
Қолдану тәсілі мен дозалары
Асқынуларды болдырмас үшін, қатаң түрде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек!
Пациенттердің көпшілігі үшін ұсынылатын дозасы – жыныстық қатынасқа дейін шамамен 1 сағат бұрын ішке 50 мг. Тиімділігі мен көтерімділігіне байланысты, дозасын 100 мг дейін арттыруға немесе 25 мг дейін төмендетуге болады. Ұсынылатын ең жоғарғы дозасы – 100 мг және қолданылу жиілігі – тәулігіне бір рет.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа ауыр дәрежесі кезінде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозасын түзету қажет емес, ауыр дәрежесі кезінде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) - дозасын 25 мг дейін төмендетеді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде Визарсиннің дозасын 25 мг дейін төмендетуге болады.
Басқа дәрілік заттармен бірге қолдану
Ритонавирмен бірге қолданғанда Визарсиннің ең жоғарғы бір реттік дозасы 48 сағат ішінде 1 реттен жиі емес 25 мг құрауы тиіс.
CYP3A4 тежегіштерімен (эритромицин, саквинавир, кетоконазол, итраконазол сияқты) қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттерде препаратты 25 мг бастапқы дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету үшін, альфа-адреноблокаторларды қабылдап жүрген пациенттердің жағдайы силденафилмен емдеу басталғанға дейін тұрақты болуы тиіс. Бұдан өзге, емдеуді силденафилдің төмен дозаларымен бастаудың дұрыстығын қарастыру керек.
Балаларда қолданылуы
Силденафил балаларда қолдану үшін көрсетілмеген (< 18 жас).
Егде жастағы пациенттер
Дозасын түзету қажет емес.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі (>1/10)
-
бас ауыруы
-
вазодилатация (бетке «қан тебулер»)
Жиі (> 1/100, < 1/10)
-
бас айналуы
-
көрудің өзгеруі (бұлыңғыр көру, жарыққа сезімталдықтың өзгеруі)
-
хроматопсия (жеңіл және өтпелі, негізінен түс реңдерін қабылдаудың өзгеруі)
-
жүрек қағуының жиілеуі
-
ринит (мұрынның бітелуі)
-
диспепсия
Жиі емес
-
тері бөртпесі
-
кеуденің ауыруы, миалгия, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық
-
гипостезия
Сирек
-
естудің нашарлауы немесе естімей қалу
-
миокард инфарктісі, жүрекшелердің фибрилляциясы
-
гипертензия, гипотензия
-
мұрыннан қан кету
-
артериялық емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия салдарынан көрудің нашарлауы немесе көрмей қалу
-
құрысулар, құрысулардың қайталануы
-
миокард инфарктісін, кенеттен жүрек ауруынан өлуді, қарыншалық аритмияны, силденафилді қабылдаумен астасқан цереброваскулярлық геморрагиялық және транзиторлық ишемиялық шабуылдарды қоса, күрделі кардиоваскулярлық құбылыстар.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
-
азот тотығының донаторлары болып табылатын препараттарды, органикалық нитраттарды немесе нитриттердің кез келген түрін бір мезгілде қабылдау
-
ауыр бауыр жеткіліксіздігі
-
торқабықтың тұқым қуалайтын дегенеративтік аурулары (мысалы, retinitis pigmentosa)
-
көру жүйкесінің артерия қабынуымен байланыссыз, алдыңғы ишемиялық нейропатиясы салдарынан бір көздің көрмей қалуы, бұл көріністің осының алдында ФДЭ5 тежегішін қолданумен байланысты немесе байланыссыз екендігіне қарамастан
Сақтықпен:
-
жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (соның ішінде, ангуляция, каверноздық фиброз немесе Пейрони ауруы)
-
приапизмнің дамуына бейім аурулар (орақтәрізді – жасушалы анемия, көптеген миелома, лейкоз, тромбоцитемия)
-
қан кетумен қатар жүретін аурулар
-
ойық жаралы аурудың өршуі
-
тұқым қуалайтын пигменттік ретинит
-
жүрек жеткіліксіздігі
-
тұрақсыз стенокардия, соңғы 6 айда бастан өткерген миокард инфарктісі, инсульт немесе өмірге қауіп төндіретін аритмиялар
-
артериялық гипертензия (артериялық қысым (АҚ) > 170/100 мм сын. бағ.) немесе гипотония (АҚ < 90/50 мм сын. бағ.).
Тіркелген көрсетілімі бойынша препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен әйелдерде қолдануға арналған.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
in vitro зерттеулер
Силденафилдің метаболизміне негізінен P450 (CYP) цитохромының 3A4 (негізгі жолы) және 2C9 (қосалқы жолы) изоформалары түрткі болады. Осы себепті бұл изоферменттердің тежегіштері силденафилдің клиренсін төмендетуі, ал бұл изоферменттердің индукторлары арттыруы мүмкін.
in vivo зерттеулер
Клиникалық зерттеулер деректеріне жүргізілген популяциялық фармакокинетикалық талдау CYP3A4 тежегіштерімен (кетоконазол, эритромицин және циметидин сияқты) бір мезгілде қабылдағанда, силденафил клиренсінің төмендегенін көрсетеді.
P450 цитохромының тежегіші және CYP3A4 спецификалық емес тежегіші болып табылатын циметидин (800 мг), дені сау еріктілерде силденафилмен (50 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда силденафилдің плазмадағы концентрацияларының 56 %-ға артуын туғызды.
Силденафилді бір реттік 100 мг дозада CYP3A4 спецификалық тежегіші эритромицинмен белгіленген режимде (5 күн бойы күніне екі рет 500 мг) бірге қабылдаған кезде, силденафилдің жүйелі әсерінің 182 %-ға (AUC бойынша) артқаны байқалды. Бұдан өзге, CYP3A4 тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасы тежегіші саквинавирді белгіленген режимде (күніне үш рет 1200 мг) силденафилмен (100 мг бір реттік дозада) бір мезгілде қабылдау силденафилдің Cmax 140 %-ға артуына, сондай-ақ силденафил AUC 210 %-ға артуына алып келді. Силденафил саквинавирдің фармакокинетикасына әсер еткен жоқ. 4.2 бөлімін қараңыз. Кетоконазол және итраконазол сияқты CYP3A4 күштірек тежегіштерінің әсері айқынырақ болуы мүмкін деп шамаланады.
P450 цитохромының күшті тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасы тежегіші ритонавирді белгіленген режимде (күніне екі рет 500 мг) силденафилмен (бір реттік 100 мг дозасымен) бір мезгілде қабылдау силденафилдің Cmax 300 %-ға (4 есе), сондай-ақ плазмадағы силденафил AUC 1000%-ға (11 есе) артуына алып келді. 24 сағаттан соң силденафилдің плазмадағы деңгейлері тек силденафилді қабылдағаннан кейінгі 5 нг/мл-ге жуықпен салыстырғанда, әлі де шамамен 200 нг/мл сағатты құраған. Бұл мәліметтер ритонавирдің P450 субстраттарының кең ауқымына айқын әсер етуімен сәйкес келеді. Силденафил ритонавирдің фармакокинетикасына әсер еткен жоқ.
CYP3A4 күшті тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттер силденафилді ұсынымдарға сәйкес қабылдаған кезде, бос силденафилдің плазмадағы ең жоғарғы концентрациясы адамдардың ешқайсысында 200 нМ асқан жоқ, және препарат жақсы көтерімді болды. Антацидтік дәріні (магний гидроксидін/алюминий гидроксидін) бір рет қабылдау силденафилдің биожетімділігіне әсер еткен жоқ.
Клиникалық зерттеулерден алынған фармакокинетикалық деректер CYP2C9 цитохромы изоферментінің тежегіштерінің (толбутамид, варфарин), CYP2D6 цитохромы изоферментінің тежегішінің (серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерінің, үшциклдық антидепрессанттардың), тиазидтік және тиазидтәрізді диуретиктердің, ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері мен кальций антагонистерінің силденафил фармакокинетикасына әсері жоқтығын көрсетеді.
Ер жынысты қалыпты дені сау еріктілерде бірге қолданғанда азитромициннің (3 күн бойы тәулігіне 500 мг дозада) силденафилдің немесе оның айналымдағы негізгі метаболитінің AUC, Cmax, Tmax көрсеткіштеріне, шығарылу жылдамдығының константасына немесе жартылай шығарылуының кейінгі кезеңіне әсер етуінің белгілері анықталған жоқ.
Силденафилдің басқа дәрілік препараттарға әсері
in vitro зерттеулер
Силденафил P450 цитохромының 1A2, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3A4 изоформаларының әлсіз тежегіші болып табылады (ТК50 > 150 мкМ).
Препараттың ұсынылған дозаларын қабылдағаннан кейін силденафилдің плазмадағы шыңдық концентрациялары шамамен 1 мкМ құраған жағдайда, силденафилдің бұл изоферменттер субстраттарының клиренсін өзгерту ықтималдығы аз.
in vivo зерттеулер
Силденафилдің нитраттарды ұзақ қолданғанда да, оларды жедел көрсетілімдер бойынша тағайындағанда да, соғыларының гипотензивтік әсерін күшейтетіні анықталған. Сондықтан оны қабылдау азот тотығының донорларымен, органикалық нитраттармен немесе органикалық нитриттердің кез келген түрімен тұрақты немесе үзіліспен ем қабылдап жүрген пациенттерге қарсы көрсетілімді.
Альа-адреноблокатор доксазозинмен (4 мг және 8 мг дозада) емдеумен тұрақтандырылған қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ) бар және силденафилді (25 мг, 50 мг немесе 100 мг дозада) бір мезгілде қабылдаған пациенттерде, артериялық қысымның «шалқадан жатқан» қалыпта 7/7 мм сын. бағ., 9/5 мм сын. бағ. және 8/4 мм сын. бағ. қосымша орташа төмендегені байқалды, ал артериялық қысымның «тұрған» қалыптағы қосымша орташа төмендеуі сәйкесінше 6/6 мм сын. бағ., 11/4 мм сын. бағ. және 4/5 мм сын. бағ. құрады. Доксазозинмен емдеудің көмегімен тұрақтандырылған пациенттерде силденафил мен доксазозинді бір мезгілде қолданғанда, пациенттерде симптоматикалық постуральді артериялық гипотензия туындаған сирек жағдайлар туралы хабарланған. Бұл хабарламаларға бас айналуы және естен тану емес, бірақ естен тану алдындағы жағдайлар да кірген. Альфа-адреноблокаторлармен ем қабылдаған пациенттерде силденафилді бір мезгілде қолдану кейбір смезімтал пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензияның туындауына алып келуі мүмкін.
Силденафилді (50 мг дозада) екеуі де CYP2C9 арқылы метаболизденетін толбутамидпен (250 мг дозада) немесе варфаринмен (40 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда, елеулі өзара әркееттесулер анықталған жоқ.
Силденафил (100 мг дозада) стационар жағдайында екеуі де CYP3A4 субстраттары болып табылатын АИТВ протеазасының тежегіштері, саквинавир мен ритонавирдің фармакокинетикасына әсер кеткен жоқ.
Силденафил (50 мг дозада) аспиринді (150 мг дозада) қабылдаудан туындаған қан кету уақытының ұзаруына ықпал еткен жоқ.
Силденафил (50 мг дозада) қандағы алкогольдің орташа ең жоғарғы деңгейлері 0,08 % (80 мг/дл) кезінде, дені сау ерлерде алкогольдің гипотензивтік әсерінің күшеюіне әсер еткен жоқ.
Артериялық гипертензиясы бар науқастарда силденафилдің (100 мг) амлодипинмен өзара әрекеттесу белгілері анықталған жоқ. Артериялық қысымның шалқадан жатқан қалыптағы қосымша орташа төмендеуі систолалық қысым үшін 8 мм сын. бағ. және диастолалық қысым үшін 7 мм сын. бағ. құрады.
Қауіпсіздік жөніндегі мәліметтер базасының талдауынан силденафилді гипретензияға қарсы дәрілермен үйлестіріп немесе оларсыз қабылдап жүрген пациенттердегі жағымсыз әсерлерінің бейінінде айырмашылықтар анықталған жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Эректильді дисфункцияның диагностикасы, оның болуы мүмкін себептерін анықтау және талапқа сай емін таңдау үшін толыққанды медициналық сыртартқы жинақтау және мұқият физикальді тексеру жүргізу керек.
Сексуалдық белсенділік жүрек аурулары бар кезде белгілі бір қауіп тудырады, сондықтан эректильді дисфункцияға қатысты кез келген емді бастар алдында дәрігер жүрек-қантамыр жүйесіне тексеру жүргізуі керек.
Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған препараттарды, сексуалдық белсенділік қажеттілігі аз ерлерге тағайындамау керек.
Тіркеуден кейінгі кезең барысында, миокард инфарктісін, кенеттен жүрек ауруынан өлуді, қарыншалық аритмияны, цереброваскулярлық қан кету мен транзиторлық ишемиялық шабуылды қоса, эректильді дисфункцияны емдеу үшін силденафилді қолдану кезінде күрделі жүрек-қантамыр асқынулары жағдайлары тіркелді. Бұл пациенттердің барлығында емес, бірақ көпшілігінде, жүрек-қантамыр ауруларының алдыңғы қауіп факторлары болған. Бұл құбылыстардың көпшілігі жыныстық қатынас кезінде және аяқталғаннан кейін тез арада тіркелген, сондай-ақ бірнеше құбылыс силденафилді қабылдағаннан кейінгі жуық арада сексуалдық белсенділіксіз тіркелген. Басқалары силденафилді қолданғаннан және сексуалдық белсенділіктен кейін бірнеше сағат немесе бірнеше күннен кейін орын алған. Бұл құбылыстардың тікелей силденафилді қабылдаумен, сексуалдық белсенділікпен, бұрыннан бар жүрек-қантамыр ауруымен, осы факторлардың біріктірілімімен немесе басқа факторлармен байланысты болған-болмағандығын анықтауға мүмкіндік болған жоқ.
Силденафил тамырды кеңейтетін жүйелік әсер береді, бұл артериялық қысымның өтпелі төмендеуіне алып келеді. Бұл пациенттердің көпшілігінде мұның салдары елеусіз болады немесе салдарлары болмайды. Алайда силденафилді тағайындар алдында дәрігерлер бұл препараттың тамырды кеңейтетін әсерінің белгілі бір негізгі аурулары бар пациенттердің жағдайына, әсіресе олар сексуалдық белсенділікпен біріккенде, жағымсыз салдарларының болуы ықтималдығын мұқият тексеруі керек. Тамырды кеңейтетін дәрілерге сезімталдығы жоғары топқа сол жақ қарыншаның шығар бөлігінің тарылуы (мысалы, аорта клапанының стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия) бар пациенттер, сондай-ақ вегетативтік жүйке жүйесі тарапынан АҚ реттелісі бұзылуының ауыр дәрежесі түрінде білінетін көптеген жүйелі атрофияның сирек синдромы бар пациенттер жатады.
Сирек жағдайларда ФДЭ-5 барлық тежегіштерін, соның ішінде силденафилді тіркеуден кейін қолдану кезінде, көрудің нашарлауына немесе көрмей қалуға себеп болатын сирек ауру, көру жүйкесінің артериялық емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатиясы (КЖАЕАИОН) туралы хабарланды. Мұндай пациенттердің көпшілігінде 50 жастан асқан жас шамасы, көру жүйкесі дискісінің ісінуі («іркілген диск»), диабет, гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, гиперлипидемия және шылым шегу сияқты қауіп факторлары болды.
ФДЭ5 тежегіштері класының препараттары жуырда қолданылған КЖАЕАИОН жедел басталуына байланысты зерттеу КЖАЕАИОН қаупінің ФДЭ5 тежегішінің жартылай шығарылуының 5 кезеңіне тең уақыт аралығы ішінде шамамен 2 есе артқанын көрсетті. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, КЖАЕАИОН туындауының жылдық жиілігі жалпы популяциядағы > 50 жас шамасындағы 100 000 еркекте 2,5-11,8 жағдайды құрайды. Күтпеген жерден көру нашарлаған немесе көрмей қалған жағдайда, пациенттерге Визарсинді қабылдауды тоқтату және дереу дәрігермен кеңесу ұсынылады. КЖАЕАИОН жағдайы орын алған тұлғаларда оның қайталану қаупі жоғары. Сондықтан дәрігерлер бұл қауіпті сондай пациенттермен талқылауы, сондай-ақ оларға ФДЭ5 тежегіштерінің жағымсыз әсер ету ықтималдығын да талқылауы керек. Мұндай пациенттерде Визарсин® препаратын қоса, ФДЭ5 тежегіштері ұсынылмайды.
Силденафилді альфа-адреноблокаторлар тобының препаратын қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен қолдану ұсынылады, өйткені оларды бір мезгілде пайдалану кейбір сезімтал пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензияға алып келуі мүмкін. Постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету үшін, альфа-адреноблокаторларды қабылдап жүрген пациенттердің жағдайы, силденафилмен емдеу басталғанға дейін тұрақты болуы тиіс. Силденафилдің төмен дозаларымен емдеуді бастаудың талапқа сайлығын қарастыру керек. Бұдан өзге, дәрігерлер пациенттерге, постуральді гипотензия симптомдары туындаған жағдайда не істеу керектігі туралы кеңес беруі керек.
Тұқым қуалайтын пигменттік ретиниті бар пациенттердің азғантай бөлігінде көздің торқабығының фосфодиэстеразалары функциясының генетикалық детерминацияланған бұзылулары бар. Силденафилдің пигменттік ретиниті бар науқастарда қолданылуының қауіпсіздігі туралы деректер жоқ, сондықтан силденафилді сақтықпен қолдану керек.
Адам тромбоциттерін пайдаланып жүргізілген in vitro зерттеулер, силденафил натрий нитропруссидінің (азот тотығы донорының) антиагрегациялық әсерін күшейтетінін білдіреді. Силденафилдің қан ұюының бұзылуы немесе белсенді пептидтік ойық жарасы бар пациенттерде қолданылуының қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ, сондықтан силденафилді сақтықпен қолдану керек.
Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған дәрілік препараттарды жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (ангуляция, каверноздық фиброз немесе Пейрони ауруы сияқты), бар пациенттерде, сондай-ақ приапизмнің дамуына бейім аурулары (орақтәрізді-жасушалы анемия, көптеген миелома немесе лейкемия сияқты) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Силденафилді эректильді дисфункцияны емдеудің басқа әдістерімен қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелген жоқ және препараттардың мұндай біріктірілімдерін пайдалану ұсынылмайды.
Кейбір постмаркетингтік және силденафилді қоса, ФДЭ-5 барлық тежегіштерін пайдаланып жүргізілген клиникалық зерттеулерде, пациенттерде кенеттен естудің нашарлағаны немесе естімей қалған жағдайлар туралы хабарланды. Бұл науқастардың көпшілігінде аталған патологияның даму қаупінің факторлары болды. ФДЭ-5 тежегіштерін пайдалану мен кенеттен естудің нашарлауы немесе естімей қалу арасында себеп-салдарлық байланыс анықталған жоқ. Пациенттерге кенеттен есту нашарлаған немесе естімей қалған жағдайда, силденафилмен емделуді тоқтатуды және дереу дәрігермен кеңесуді ұсыну керек.
Қосымша заттар туралы ақпарат
Визарсин® препаратының құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы пациенттер бұл дәріні қабылдамауы тиіс.
Ұрпақ өрбіту функциясы, жүктілік және бала емізу
Силденафил әйелдерге қолдануға арналмаған.
Ішу арқылы енгізген кезде силденафилдің егеуқұйрықтар мен ұй қояндарының тұқым өрбіту функциясына әсер етуі салдарынан тератогендік әсерлері, фертильділіктің нашарлауы және пери- және постнатальді дамуға жағымсыз әсері анықталған жоқ.
Препараттың жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерде қолданылуына тиісінше және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Силденафилдің автокөлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсері зерттелген жоқ.
Артық дозалануы
Дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген, препараттың 800 мг дейінгі бір реттік дозаларын зерттеулер кезінде тіркелген жағымсыз реакциялар, препараттың төмендеу дозаларын пайдаланған кезде байқалғандармен салыстырмалы болды, бірақ олардың жиілігі мен біліну ауырлығы жоғары болды.
Артық дозаланған жағдайда қажет болса, стандартты симптоматикалық шараларды қолдану керек.
Гемодиализ силденафилдің клиренсін жеделдетпейді, өйткені соңғысы плазма ақуыздарымен белсенді байланысады және несеппен шығарылмайды.
Шығарылу түрі және қаптамасы
1 немесе 4 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 немесе 2 (1 немесе 4 таблеткадан) немесе 3 (4 таблеткадан) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Құрғақ, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші /Қаптаушы
КРКА, д.д., Ново место, Словения
Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения
Тіркеу куәлігінің иесі
КРКА, д.д., Ново Место, Словения
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,
1 б корпусы, 2-ші қабат
тел.: +7 (727) 311 08 09
факс: +7 (727) 311 08 12
info.kz@krka.biz