Визаллергол (0.1%)

МНН: Олопатадин
Производитель: СЕНТИСС ФАРМА Пвт.Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Olopatadine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019309
Информация о регистрации в РК: 17.10.2012 - 17.10.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Визаллергол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Олопатадин

Дәрілік түрі

0,1 % көз тамшы дәрісі

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 1,0 мг олопатадинге баламалы

1,11 мг олопатадин гидрохлориді

қосымша заттар: бензалконий хлориді, сусыз динатрий фосфаты, натрий хлориді, натрий гидроксиді, хлорлысутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссізден бозғылт-сары түске дейінгі мөлдір немесе сәл бозаңданатын ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Деконгестанттар және аллергияға қарсы препараттар. Басқа да аллергияға қарсы препараттар. Олопатадин

АТХ коды S01GX09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданылатын олопатадиннің жүйелі сіңуі тым аз және плазмада <0,5 нг/мл бастап, 1,3 нг/мл дейін құрайды. Олопатадиннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 8-12 сағат құрайды, шығарылуы бүйрек арқылы жүреді. Олопатадин түгелдей дерлік (60-70% доза) несепте белсенді зат түрінде қалпына келтіріліп, бүйрек арқылы екі метаболит: монодезметил мен әлсіз концентрацияланған N-оксид түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Визаллергол аллергияға қарсы/антигистаминдік дәрі, Н1-гистамин рецепторларының селективті тежегіші болып табылады, сонымен қатар жуан жасушалардан қабыну медиаторларының босап шығуын тежейді.

Әсерін α-адренергиялық, допаминдік, 1 және 2 типті мускариндік, сондай-ақ серотониндік рецепторларға көрсетпейді.

Қолданылуы

- аллергиялық конъюнктивиттерде

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті. Қолданар алдында құтыны сілку керек.

Зақымданған көздің (көздер) төменгі конъюнктивалық қалтасына күніне екі рет 1 тамшыдан тамызады.

Құтының ішіндегісін былғамас үшін тамшуырдың ұшын көзге немесе басқа да кез келген беткейге тигізбеген жөн.

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Визаллерголды 8 жастан үлкен балаларға ересектердегідей дозада қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті

Жиі:

- көздің ауыруы

- көздің жоғары сезімталдығы

- көздің тітіркенуі

- көздің құрғауы

Жиі емес:

- жарықтан қорқу

- көзде бөгде денені сезіну, жайсыздану

- көру өткірлігінің төмендеуі, тұмандануы

- көздің қышуы, гиперемиясы

- көзден шығатын бөліністер, жас ағу

- блефароспазм

- қабақ тарапынан (қышыну, ісіну, қызару), конъюнктива тарапынан (конъюнктивалық фоликулдар, конъюнктива гиперемиясы) бұзылулар

- мөлдір қабықтағы эпителий бұзылулары (мөлдір қабық эрозиясы, мөлдір қабықтың боялуы)

- кератит, нүктелік кератит

Жүйелі

Жиі:

- бас ауыру

- қажу

- дәм сезу бұзылыстары

- мұрын ішінің құрғауы

Жиі емес:

- бас айналу

- риниттер

- гипестезия

- жанаспалы дерматит, терінің ашытуы және құрғауы.

Жиілігі белгісіз (деректер болмағандықтан бағалау мүмкін емес).

Постмаркетингтік зерттеулер кезінде анықталған және алдыңғы клиникалық зерттеулерде анықталмаған жағымсыз реакциялар төменде аталғандарды қамтиды.

Жергілікті: мөлдір қабықтың ісінуі, конъюнктивиттер, көздің ісінуі, мидриаз, көрудің нашарлауы, қастың айналасындағы қыртыстар.

Жүйелі: аса жоғары сезімталдық, ентігу, ұйқышылдық, беттің ісінуі, дерматит, ісіну, жүрек айну, құсу, гайморит, жалпы әлсіздік, үрейлену сезімі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- 8 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Визаллерголды басқа көз тамшы дәрілерімен бірге тағайындағанда тамызулар арасында 5 минуттан кем емес аралықты сақтау қажет.

Айрықша нұсқаулар

Визаллергол жергілікті қолданғанда жүйелі сіңетін аллергияға қарсы/антигистаминдік дәрі болып табылады. Жағымсыз реакциялары немесе аса жоғары сезімталдық белгілері болғанда препарат қабылдауды тоқтату қажет.

Офтальмологиялық препараттар үшін консервант ретінде пайдаланылатын бензалконий хлориді нүктелі кератопатия және/немесе уытты ойық жаралы кератопатияға себеп болуы мүмкін.

Көзге әсер етуі

Визаллерголды ұзақ уақыт немесе жиі қолданғанда, препарат құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, көздің құрғауы немесе мөлдір қабықтың зақымдануы бар емделушілерге офтальмолог-дәрігердің бақылауымен емделуге кеңес беріледі.

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігінде қолдану

Препарат бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде зерттелмеген. Жергілікті қолданғаннан кейін препараттың жүйелі сіңуі тым аз болғандықтан, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін де препарат дозасын түзету қажеттелігі жоқ.

Жанаспалы линзалар

Визаллергол құрамында бензалконий хлориді бар екендіктен, жұмсақ (гидрофильді) жанаспалы линзалар тақпаған жөн немесе оларды тамызған кезде ала тұру керек. Линзаны препаратты қолдану арасындағы үзілістерде тағып, тамызғаннан кейін 15 минут өткен соң барып салуға болады.

Ашылған құтыны пайдалану жөнінде нұсқау

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 1 ай.

Жүктілік және лактация

Визаллерголды жүкті әйелдерге, егер оны қолданудан күтілетін пайда ұрыққа төнетін әлеуетті қатерден едәуір асып түсетін жағдайда ғана, тағайындауға болады.

Бала емізетін әйелдерге Визаллергол қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Өзге көз тамшы дәрілерімен болған жағдайдағы сияқты, тамызғаннан кейін көздің уақытша анық көрмей қалуы немесе басқа да көру бұзылыстары болуы мүмкін, бұл автокөлікті немесе басқа да аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне теріс ықпалын тигізеді. Бұл жағдайда көру қалпына келгенше біраз уақыт күте тұру қажет.

Артық дозалануы

Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.

Емі: көзге препарат мөлшерден тыс түсіп кеткенде бөлме температурасындағы мол ағынды сумен көзді жуып-шаю ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан пластик бұрандалы қалпақшасы бар тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған тамшылатқыш-құтыға құйылған.

1 тамшылатқыш-құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

СЕНТИСС ФАРМА ПВТ. ЛТД.

212/Д-1, Грин Парк, Нью Дели, Үндістан

Зауытта: Виллидж Кхера Нихла, Техсил Налагарх, р-н Солан, Химачал Прадеш 174 101, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесінің атауы және елі

СЕНТИСС ФАРМА ПВТ. ЛТД., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі 132,

309 кеңсе

Тел./факс: +7 (7272) 96-45-99

Email: sentiss_kz@land.ru

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

709256141477977017_ru.doc 60 кб
945721641477978200_kz.doc 72.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники