ВИДАТОКС® 30 СН

МНН: Яд скорпиона Rhopalurus junceus 30 CH
Производитель: Бизнес-группа биофармацевтических и химических продуктов. LABIOFAM S.A.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023541
Информация о регистрации в РК: 02.05.2023 - 02.05.2033

Инструкция

Саудалық атауы

ВИДАТОКС® 30 СН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тіл астына тамызатын дәрі,30 мл

Құрамы

1 мл (20 тамшы) препараттың құрамында:

белсенді зат: Rhopalurus junceus шаян уы 30 CH,

қосымша заттар: этанол, тазартылған су

Сипаттамасы

Бөгде бөлшектері жоқ, спирт иісті, түссіз, мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттар. Емдік басқа өнімдер. Емдік басқа препараттар.

АТХ коды V03AX.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Rhopalurus junceus шаян уының фармакокинетикалық бейіні вена ішіне енгізгенде екі құрамды модельге және пероральді қолданғанда компартментті емес модельге сай келеді.

Уда енгізу тәсіліне қарамастан организмнің барлық тіндеріне өту көлемі жоғары. Көбінесе бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

ВИДАТОКС® 30 СН гомеопатиялық препарат болып табылады. ВИДАТОКС® 30 СН ісікке қарсы және қабынуға қарсы тиімді анальгетик болып табылады. Обырға қарсы әсерге ие. Препарат пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға, салмақ пен тәбетті қалпына келтіруге, дәстүрлі ауыруды басатын дәрілер тұтынуды төмендетуге көмектеседі.

Rhopalurus junceus шаян уы дененің басқа тіндеріне қарағанда ісік тініне өте ұқсас.

Rhopalurus junceus шаян уы вена ішіне енгізгенде өкпе тініне жоғары аффинділікке ие (нысана-мүше).

Фармакологиялық in vitro зерттеулер

Rhopalurus junceus шаян уымен жүргізілген in vitro зерттеулер келесі нәтижелерді көрсетті:

  • удың шығу тегі эпителиальді ісік жасушаларына қатысты жоғары және дифференциалды уыттылығы бар, бірақ иммундық жүйе жасушаларына қатысты уытты емес.

  • у апоптоз және некроз жолымен ісік жасушаларының жойылуын туындатады.

  • у H2O2 және NO сияқты макрофагтардың белсенділенуіне тән метаболиттер деңгейінің жоғарылауымен анықталатын перитонеальді макрофагтардың белсенділенуін туындатады.

  • Rhopalurus junceus шаян уының антиоксидантты белсенділігін бағалау удың ДНҚ тотығу процестерінен қорғайтынын растады.

  • Rhopalurus junceus шаян уы ісік жасушаларының жойылуын индукциялауға қабілетті.

Фармакологиялық in vivо зерттеулер

Жануарларға жасалған зерттеулер келесі нәтижелерді көрсетті:

  • пероральді қолданғанда у ісікке қарсы елеулі әсер көрсетеді және өкпедегі спонтанды метастазалардың туындау қаупін төмендетеді.

  • у интраперитонеальді немесе пероральді енгізгенде ауыруды басатын белсенділікке ие.

  • қабынуға қарсы белсенділік Rhopalurus junceus шаян уын пероральді, интраперитонеальді немесе әдеттегі тәсілмен енгізуден кейін байқалады.

  • Rhopalurus junceus сүт безінің аденокарциномасы бар сүт қоректілердің экспериментальді модельдерінде интраперитонеальді қолданғанда ісік жасушалары өсуінің едәуір тежелуіне әкелді.

Қолданылуы

Обырдан туындаған симптомдарды емдеу кезінде қосымша дәрі ретінде және ауыруды басу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Тіл астына (сублингвальді).

8 сағат сайын тіл астына бес тамшыдан.

Егер пациент препараттың құрамында алкоголь болуына немесе ас қорыту жолының зақымдануына байланысты оны тікелей қолдануды көтере алмаса, 5 тамшыны 15 мл (бір үлкен қасық) қайнаған немесе тазартылған суда араластырып, аталған ерітіндіні 12 сағат сайын ішу арқылы қабылдау ұсынылады.

Гастростомасы бар пациенттерде аталған ерітіндіні гастростомиялық түтік арқылы 12 сағат сайын енгізу керек.

Жағымсыз әсерлер

Анықталмаған

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа немесе оның компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- 1 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Rhopalurus junceus шаян уының әсер ету механизмі басқа (зерттелген) ісікке қарсы препараттардың әсер ету механизміне кедергі келтірмейді, керісінше басқа (зерттелген) ісікке қарсы препараттарға қатысты күшейтетін немесе аддитивті әсер көрсетеді.

Rhopalurus junceus шаян уының басқа (зерттелген) ісікке қарсы препараттармен (фторурацил, цисплатин немесе ДНҚ репликациясын тежейтін басқа препараттар) біріктірілімі, тіпті оларды төменірек концентрацияларда қолданғанда да және Rhopalurus junceus шаян уымен біріктірмей әдеттегі бір реттік қабылдау кезіндегіге қарағанда қысқарақ әсері кезінде де ісік жасушалары өсуінің едәуір төмендеуіне әкеледі.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты тіл астына салып қолдану ұсынылады: ауыз таза, кез келген иіссіз және дәмсіз болуы тиіс, сондықтан препаратты тұтынуға дейін және одан кейін 15-30 минут бойы жеуге, ішуге, тісті тазалауға, шылым шегуге болмайды. Парфюмерия және қатты иістерден алыста сақтаңыз. Мұздатып қатыруға және басқа контейнерге құюға болмайды. Ұялы телефондар, динамиктер, радио, теледидар, электр қозғалтқыштар және т.б. сияқты электромагниттік өріс көздерінен алыста сақтаңыз. Гастростомасы бар пациенттерде аталған ерітіндіні гастростомиялық түтік арқылы 12 сағат сайын енгізу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Сипатталмаған.

Артық дозалануы

Адамдардың артық дозалануына қатысты деректер жоқ. Артық дозалану жағдайында науқасқа симптоматикалық ем тағайындау керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл препараттан бұралатын тамшылатқыш-қақпағы бар қызғылт сары шыны құтыларға салынады. Құтыға заттаңба жапсырылады. Құтыны медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

6 немесе 12 құтыдан топтық картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Парфюмерия және қатты иістерден алыста сақтаңыз.

Мұздатып қатыруға және басқа контейнерге құюға болмайды.

Түпнұсқалық қаптамасында, электромагниттік сәуле көздерінен алыста, 30º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

Биофармацевтикалық және химиялық өнімдердің бизнес-тобы «LABIOFAM S. A.», Куба Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

Биофармацевтикалық және химиялық өнімдердің бизнес-тобы «LABIOFAM S. A.», Куба Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және препараттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«UM-Pharma» (УМ-ФАРМ) ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Ходжанов к-сі, 13, 69-пәтер, телефон: 8-727-9833955, 8-727-9831019, электрондық поштасы: qazumpharma@mail.ru

Прикрепленные файлы

Видатокс_рус.docx 0.02 кб
видатокс_каз.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту