ВиваБон

Производитель: Хербион Пакистан (Пвт) Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Общетонизирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012492
Информация о регистрации в РК: 09.06.2023 - 09.06.2033

Инструкция

Саудалық атауы

ВиваБон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат 120 мл

Құрамы

10 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар:

120.0 мг құрма пальмасы жемістерінің қою сығындысы

70.0 мг дәрілік эмблика жемістерінің қою сығындысы

25.0 мг қысқы шие тамырларының қою сығындысы

10.0 мг ұзын бұрыш жемістерінің қою сығындысы

25.0 мг азиялық центелла жапырақтарының қою сығындысы

10.0 мг біз тәрізді амомум жемістерінің қою сығындысы

20.0 мг дәрілік зімбір тамыр сабағының қою сығындысы

20.0 мг грек пажитнигі тұқымының қою сығындысы

20.0 мг кекірегүл тамырларының қою сығындысы

қосымша заттар: сахароза, бал, солод сығындысы, сусыз лимон қышқылы, глицерин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, «Личи» хош иістендіргіші, тазартылған су.

Сипаттамасы

Тәтті дәмі мен «Личи» хош иістендірігішіне тән иісі бар қоңыр түсті шәрбат

Фармакотерапиялық тобы

Жалпы сергітуші препараттар. АТХ коды А13А

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетикасына зерттеу жүргізілмеген

Фармакодинамикасы

ВИВАБОН – кешенді өсімдік тектес поливитаминді шәрбат, организмнің функционалдық белсенділігін сүйемелдеуге және жақсартуға арналған.

Құрма пальмасы – құрамында көмірсулар - глюкоза және фруктоза (44-88 %); майлар (0.2-0.5 %); 15 тұз бен минерал (мыс, темір, магний, мырыш, марганец, калий, фосфор, натрий, фтор, селен және т.б.);

аминқышқылдары; А, С, В1, В2, В6 витаминдері; пектин; тағам талшықтары бар. Зорығу, физикалық шаршау, суық тиіп ауыру кездеріне қоректік қасиеттері бар. Жұмысқа қабілеттілікті арттырады, зейін шоғырлануын күшейтеді.

Дәрілік эмблика – құрамында көп мөлшерде С витамині, В1, В2 витаминдері, микроэлементтер (кальций, фосфор, темір), пектин бар. Иммуномодуляторлық әсері бар. Көп мөлшердегі биологиялық белсенді, табиғи С витамині антиоксиданттық әсерін анықтайды. Ас қорыту үрдістерін жақсартады, тәбетті арттырады. Сүйек дентині мен коллагеннің репродукциясына ықпал етеді.

Қысқы шие – құрамында алколоидтар (сомнифирин, визанин, сомнин, ангигрин, тропин), флавоноидтар, гликозидтер, амин қышқылдары (аспарагинді, глютаминді, глицин, холин және басқалары), минералдар (кальций, фосфор, калий) бар.

Арнайы емес иммунитетті ынталандырады және жасушаның қуатпен қамтамасыз етілуінің артуына мүмкіндік береді, адаптоген ретінде әсер етеді.

Ұзын бұрыш – құрамында алколоид пиперин бар; сергіткіш қасиеттері бар, тәбетті қоздырады, астың қорытылуын арттырыды.

Азиялық центелла – құрамында тритерпин гликозиттері, бакозидтер, флавоноидтар бар. Ақыл-ой жұмысына қабілетті арттырады, иммунитетті түрлендіретін әсері бар.

Біз тәрізді амомум – құрамында эфир майлары бар (а – терпинеол, мирцин, лимонин, сабинин, b – фелладрин, борнеол). Көтермелеуші әсер береді.

Дәрілік зімбір – құрамында эфир майлары, В тобының витаминдері бар; антиоксидантты қасиеттерге ие. Ас қорыту үдерістерін қалыпқа келтіреді, қан айналымын жақсартады.

Грек пажитнигі – құрамында алколоидтар (холин, тригонеллин), амин қышқылдары (лизин, лецитин, гистидин), гликозидті сапониндер, витаминдер (В1, С, каротин), минералдар (күкірт, кальций, фосфор, айтарлықтай мөлшерде темір) бар. Жалпы нығайтатын және тонусты көтеретін қасиеттері бар. Жалпы ұйқы безі секрециясын көтермелейді, астың қорытылуын жақсартады.

Кекірегүл – құрамында бояғыш заттар (цианин және пералгонин), цикорий гликозидтері, иіткіш заттар, флавоноидтар мен минералдар бар. Қабынуға қарсы, микробтарға қарсы, спазмолитикалық және жалпы тонусты көтеретін қасиеттері бар. Асқорытуды жақсартады.

Организмнің жұқпаларға қарсы тұруын арттырады.

ВиваБон – ақыл-ой және дене дамуына ықпал етеді. Зорығу, дененің шаршауы, суық тию аурулары кезінде қоректендіретін, сергітетін және жалпы нығайтатын қасиеттері бар. Асқорытуды жақсартады, тәбетті ашады.

Қолданылуы

  • қарқынды өсу және даму кезеңінде гиповитаминоздардың, минералдық заттар жетіспеушілігінің алдын алу мен емдеуде

  • балалар мен жасөспірімдер өсуінің кідіруі, дене салмағының жетіспеушілігінде

  • жоғары физикалық және эмоциялық жүктемеде

  • ЖРВЖ алдын алуда

  • өткерген аурудан кейінгі сауығу кезеңінде

Қолдану тәсілі және дозалары

6 айдан 6 жасқа дейін: 1 шай қасықтан күніне 2 рет

7-ден 12 жасқа дейін: 2 шай қасықтан күніне 2 рет

13 жастан және одан асқан: 1 ас қасықтан күніне 3 рет

Мүмкіндігінше тамақтанудан 20 минут бұрын қабылдау керек.

Емдеу курсы: 10-12 апта.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей сезімталдық

  • қант диабеті

  • экссудативті диатез

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Шәрбаттың құрамында сахароза бар, осыны қант диабетімен, экссудативті диатезбен науқастарда ескеру қажет.

Препарат құрамында глюкоза және фруктоза бар және тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы бар емделушілерге қолданылмауы тиіс.

Шәрбатты 1 жасқа дейінгі балаларға дәрігердің бақылауымен қабылдау ұсынылады.

Артық дозалануы

Симптомдары: аллергиялық реакция

Емі: симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

120 мл препараттан балалардың ашып алуынан қорғалған бұралатын пластмасса қақпағы бар янтарь түсті шыны құтыларға құяды.

1 құты өлшеуіш стақанымен және медицинада қолдынылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаропқа салынады.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі – 8 апта

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хербион Пәкістан (Пвт) Лтд.

75400, Пәкістан, Карачи

Коранги өнеркәсіп аймағы, 30/28

Тіркеу куәлігінің иесі

Хербион Пәкістан (Пвт) Лтд., Пәкістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ., Чаплин /Халиуллин к-сі 71/66

Тел: 234-48-53, 234-44-88

Факс: 234-41-77

Е-mail: info.kz@herbion.com

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

929720341477976857_ru.doc 50.5 кб
266585401477978015_kz.doc 75 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники