Виасил (100 мг) (Sildenafil)

МНН: Силденафил
Производитель: СООО "Лекфарм"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sildenafil
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022727
Информация о регистрации в РК: 21.12.2021 - 21.12.2031
Номер регистрации в РБ: 17/08/1455
Информация о регистрации в РБ: 08.08.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Виасил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Силденафил

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг және 100 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат - силденафил (цитрат түрінде) 50.0 мг (70.0 мг) немесе 100.0 мг (140.0 мг),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, картоп крахмалы, магний стеараты, лактоза моногидраты,

қабықтың құрамы көгілдір Опадрай II: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль, тальк, FD&C Көгілдір №1/Бриллиантты көгілдір FCF алюминий лагы (бриллиантты көгілдір (Е133) 11-13 %, алюминий гидроксиді 87-89 %); FD&C Көгілдір №2/Индигокармин алюминий лагы (индигокармин (Е132) 11-14 %, алюминий гидроксиді 86-89 %); FD&C Сары №6/Апельсинді сары FCF алюминий лагы (апельсинді сары (Е110) 15-18 %, алюминий гидроксиді 82-85 %).

Сипаттамасы

Көгілдір түсті, екі беткейі дөңес, қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Эрекцияның бұзылуын емдеуге арналған препараттар. Силденафил.

АТХ коды G04BE03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Силденафил жылдам сіңіріледі. Аш қарынға ішке қабылдағанда Сmax 30 - 120 мин (орташа алғанда 60 мин) ішінде жетеді. Абсолютті биожетімділігі орташа шамамен 41 % (25 – 63 %) құрайды. Силденафилді тағаммен қабылдағанда сіңірілу жылдамдығы төмендейді, Тmax 60 минутқа ұзарады, ал Сmax орташа 29 % төмендейді. 25 - 100 мг доза диапазонындағы фармакокинетикасы дозаға тәуелді болып табылады.

Таралуы

Силденафил тепе-тең жағдайдағы таралу көлемі (Vd) орташа 105 л құрайды, бұл оның тіндерде таралатынын көрсетеді. Бір рет 100 мг силденафил қабылдағаннан кейін бос силденафилдің қан плазмасындағы орташа ең жоғарғы концентрациясы шамамен 440 нг/мл (CV 40 %) құрады. Силденафил және оның негізгі айналымдағы N-десметилдік метаболиті плазма ақуыздарымен шамамен 96 % байланысады, бос силденафилдің қан плазмасындағы орташа ең жоғарғы концентрациясы шамамен 18 нг/мл (38 нМ) құрайды.

Дені сау еріктілердің шәуһетіндегі силденафил концентрациясын өлшегенде препаратты қабылдаудан кейін 90 минуттан соң шәуһетке қабылданған дозаның 0.0002 % (орташа алғанда 188 нг) аз мөлшері өтетіні көрсетілген.

Метаболизмі

Силденафил негізінен, микросомальді бауыр изоферменттерінің CYP3A4 (негізгі жолы) және CYP2C9 (қосымша жолы) цитохромдарының әсерімен метаболизденеді.

Негізгі айналымдағы метаболит силденафилдің N-десметилденуі арқылы түзіледі. Аталған метаболит силденафил сияқты ФДЭ-ге селективті әсерге ие. Оның ФДЭ5-ге тежегіш әсері in vitro зерттеу кезінде силденафилдің өзінің белсенділігінің шамамен 50 % құрады. Метаболиттің плазмадағы концентрациясы силденафил концентрациясының шамамен 40 % құрады. N-десметилдік метаболит ары қарай метаболизмге ұшырайды, оның соңғы жартылай шығарылу кезеңі шамамен 4 сағатқа тең.

Шығарылуы

Силденафиллің организмдегі жалпы клиренсі 41 л/сағатты құрайды, соңғы жартылай шығарылу кезеңі – 3-5 сағат. Ішке немесе вена ішіне қабылдағанда силденафил метаболиттер түрінде, негізінен, нәжіспен (ішке қабылданған дозаның шамамен 80 %) және аз дәрежеде несеппен (ішке қабылданған дозаның шамамен 13 %) шығарылады.

Пациенттердің ерекше тобындағы фармакокинетика

Егде жастағы пациенттер

Дені сау егде жастағы еріктілерде (65 жастағы және одан асқан) силденафил клиренсі төмендеген, ал силденафил мен плазмадағы белсенді N-десметилдік метаболит концентрациясы оның дені сау жас еріктілердегі (18-45 жас) деңгейінен шамамен 90 % жоғары болды. Препараттың плазма ақуыздарымен байланысуындағы жас ерекшелігі салдарынан қан плазмасындағы бос силденафил концентрациясының байқалып отырған жоғарылауы 40 % құрады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар еріктілерде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) силденафилдің фармакокинетикасы оны бір рет (50 мг) ішке қабылдағанда өзгермеді. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар еріктілерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин) силденафил клиренсі төмендеген, бұл бүйрек функциясы бұзылмаған осы жастағы еріктілердің осы көрсеткіштерімен салыстырғанда AUC (100 %) және Сmax (88 %) ұлғаюына әкелді. Оған қоса, N-десметилдік метаболиттің AUC және Сmax мәндері бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдарда тиісінше 200 % және 79 %-ға жоғары болды.

Бауыр жеткіліксізігі

Бауыр циррозының жеңіл және орташа түрлері (Чайлд-Пью бойынша А және В кластары) бар еріктілерде силденафил клиренсі төмендеген, бұл бауыр функциясы бұзылмаған осы жастағы еріктілердегі осы көрсеткіштермен салыстырғанда AUС (84 %) және Сmax (47 %) ұлғаюына әкелді. Бауырының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттердегі силденафил фармакокинетикасы зерттелмеді.

Фармакодинамикасы

Көбінесе каверноздық дененің тегіс бұлшықеттерінде болатын 5 типті цГМФ-тәуелді фосфодиэстеразаны (ФДЭ-5) селективті түрде тежейді және цГМФ бұзылуына кедергі жасайды. Соңғысының деңгейінің жоғарылауы артынша кальцийдің жасушаішілік концентрациясының төмендеуіне және жыныс мүшесіндегі артериялық қан ағысының ұлғаюы аясында синустардың жоғары көлемде қанмен толуы және шығарушы веналардың қысылуымен каверноздық дененің тегіс бұлшықеттерінің босаңсуына әкеледі.

Препарат сексуалды стимуляция нәтижесінде туындаған эрекцияны күшейтеді және ұзақтығын ұлғайтады.

Торлы қабық ФДЭ-6 тежейді (алайда ФДЭ-5 қарағанда әлсіз, әсер селективтілігі 10:1) және түстік көрудің бұзылуын туындатуы мүмкін. Азот (II) тотығының және оның донаторларының антиагреганттық және дезагрегациялық әсерлерін жоғарылатады, ex vivo тромбтарының түзілуін бөгейді. Жоғарғы дозаларда енгізгенде қан кету уақытын едәуір ұлғайтады (қан ұю уақытына ықпал етпейді). 30 мг жоғары дозаларда ішке бір рет қабылдау плазмадағы цГМФ деңгейінің жоғарылауымен қатар жүреді. Артериялық, сондай-ақ веналық тамырларды кеңейтеді, систолалық және диастолалық артериялық қысымның төмендеуін және жүрек жиырылуы жиілігінің ұлғаюын туындатады. Диурезге қарсы әсер етеді.

Ұрпақ өрбіту функциясына ықпал етпейді. Сперматозоидтардың морфологиясына, қозғалғыштығына және тіршілік қабілетіне, эякулят көлеміне және тұтқырлығына ықпал етпейді. Тератогенді, мутагенді, канцерогенді қасиеттері жоқ.

Қолданылуы

- қанағаттанарлық жыныстық қатынас үшін жеткілікті жыныстық мүшенің эрекциясына қол жеткізуге немесе оның сақталуына қабілетсіздікпен сипатталатын эректильді дисфункцияда

Виасилдің тиімді әсері үшін сексуалды стимуляция қажет.

Қолдану тәсілі және дозалары

Виасил таблеткалары ішке қабылданады.

Ересек жастағы пациенттерде қолдану

Көптеген пациенттер үшін ұсынылған доза жыныстық қатынасқа дейін 1 сағат бұрын 50 мг құрайды. Препараттың тиімділігіне және жағымдылығына байланысты дозаны ең жоғарғы ұсынылған 100 мг дозаға дейін ұлғайтуға немесе ең төменгі 25 мг дозаға дейін азайтуға болады. Ең жоғарғы ұсынылған дозан қабылдау жиілігі күніне 1 ретті құрайды.

Егде жастағы пациенттерде қолдану

Бауыр және ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар 65 жастан асқан пациенттерде, сондай-ақ P450 3A4 цитохромының күшті әсер ететін тежегіштерін (кетоконазол, итраконазол, эритромицин, саквинавир) бір уақытта қабылдағанда силденафил препаратын бастапқы 25 мг дозада қолдану ұсынылады, өйткені плазмадағы жоғарырақ концентрациялар жағымсыз реакциялардың тиімділігін де, жиілігін де жоғарылатуы мүмкін.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдану

Бүйрек функциясы ауырлықтың жеңіл және орташа деңгейінде бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин шегінде) дозаны түзету керек емес.

Бүйрек функциясы ауыр бұзылған науқастардағы силденафил клиренсінің төмендеуіне (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) байланысты силденафил препаратын 25 мг дозада қолданған жөн.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолдану

Бауыр функциясы бұзылған (мысалы, цирроз кезінде) науқастарда силденафил клиренсі төмендегендіктен силденафил препаратын 25 мг дозада пайдалану ұсынылады.

Басқа препараттар қабылдайтын пациенттерде қолдану

Силденафилді ритонавирмен біріктіріп қабылдау ұсынылмайды және кез келген жағдайда силденафилдің ең жоғарғы дозасы 48 сағат ішінде 25 мг аспауы тиіс.

Силденафил препаратын бастапқы 25 мг дозада қолдану CYP3A4 изоферментінің тежегіштерін (мысалы, эритромицин, саквинавир, кетоконазол, итраконазол) бір уақытта қабылдайтын пациенттер үшін ұсынылады.

Постуральді гипотензияның даму ықтималдығын барынша төмендету мақсатында пациенттер силденафил қолдануды бастағанға дейін альфа-адреноблокаторлармен емделу кезінде тұрақты жағдайда болулары тиіс. Одан өзге, мұндай жағдайларда силденафил қолдануды төменірек дозаларда бастау ұсынылады.

Дәрігердің тағайындауымен ғана қолдану керек.

Жағымсыз әсерлер

Виасилді қолдану кезінде төмендегідей пайда болу жиілігі бойынша жіктелген жағымсыз әсерлер тіркелді: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100 дейін) және сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1000).

Өте жиі

- бас ауыруы

Жиі

- бас айналуы

- түстің визуалды бұрмалануы (хлоропсия, хроматопсия, цианопсия, эритропсия, ксантопсия), көрудің бұзылуы, анық көрмеу

- гиперемия, қан құйылулар

- мұрын бітелуі

- диспепсия, жүрек айнуы

Жиі емес

- ринит

- аса жоғары сезімталдық

- ұйқышылдық, гипестезия

- жас ағумен байланысты бұзылулар (көздің құрғақтығы, жас безі функциясының бұзылуы, жастың мол ағуы), көздің ауыруы, фотофобия, фотопсия, көз тамрыларының гиперемиясы, көру түйсігінің жарықтығы, конъюнктивит 

- кеңістіктік бағдарсыздық (вертиго), құлақтың шулауы

- тахикардия, жүрек қағуын сезіну

- артериялық гипертензия, артериялық гипотензия

- мұрынның қанауы, мұрын қосалқы қойнауларының бітелуі

- іштің үстіңгі жағының ауыруы, гастроэзофагеальді рефлюксті ауру, құсу, ауыздың құрғауы

- бөртпе

- миалгия, қол-аяқтың ауыруы

- гематурия

- көкірек қуысының ауыруы, қатты қажығыштық, ыстықты сезіну

- жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауы

Сирек

- ми қан айналымының жедел бұзылуы, транзиторлық ишемиялық шабуыл, құрысу ұстамасы*, құрысу ұстамасының қайталануы *, естен тану

- көру жүйкесінің алдыңғы артериялық емес ишемиялық нейропатиясы*, торлы қабық тамырларының окклюзиясы*, торлы қабыққа қан құйылу, артериосклероздық ретинопатия, торлы қабық ауруы, глаукома, көру өрісінің ақауы, диплопия, көру өткірлігінің төмендеуі, миопия, астенопия, шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы, нұрлы қабық ауруы, мидриаз, көру өрісінде түрлі-түсті дөңгелекшелердің болуы, көздің ісінуі, көз ісігі, көру бұзылыстары, конъюнктива гиперемиясы, көздің тітіркенуі, көздегі әдеттегіден тыс сезімдер, қабақтың ісінуі, аққабық түсінің өзгеруі

- кереңдік

- кенет жүректен болатын өлім*, миокард инфарктісі, қарыншалық аритмия*, жүрекшелер фибрилляциясы, тұрақсыз стенокардия

- тамақтағы қысылу сезімі, мұрын ісінуі, мұрын шырышының құрғақтығы

- оральді гипестезия

- Стивенс-Джонсон синдромы*, уытты эпидермальді некролиз*

- пенистен қан кету, приапизм*, гематоспермия, эрекцияның күшеюі - ашушаңдық

* тіркеуден кейінгі қадағалау уақытында ғана тіркелген жағымсыз әсерлер.

* тіркеуден кейінгі қадағалау уақытында ғана тіркелген жағымсыз әсерлер.

Болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлау

Дәрілік препаратты тіркеуден кейін анықталған болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлау өте маңызды. Бұл дәрілік препараттың пайда және қауіп арақатынасына мониторингті жалғастыруға мүмкіндік береді.

Медицина қызметкерлері мен пациенттерден кез келген жағымсыз реакциялар туралы осы медициналық қолдану жөніндегі нұсқулықтың соңында көрсетілген мекенжайға хабарлауды сұрайды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- азот тотығының донаторлары (амилнитрит) болып табылатын препараттарды немесе кез келген формадағы нитраттарды бір уақытта қабылдау

- гуанилатциклаза стимуляторларымен (риоцигуат) бір уақытта қабылдау

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- көз торлы қабығының тұқым қуалайтын дегенеративті аурулары (мысалы, тұқым қуалайтын пигментті ретинит (пациенттердің азында торлы қабық фосфодиэстеразасы функциясының тұқым қуалайтын бұзылыстары бар));

- көру жүйкесінің алдыңғы артериялық емес ишемиялық нейропатиясы салдарынан бұл эпизод бұрын ФДЭ-5 тежегішін қолдануға байланысты ма, оған қарамастан бір көздің көрмей қалуы

- артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм с.б.)

- ауыр жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, тұрақсыз стенокардия)

- соңғы 6 айда бастан өткерген миокард инфарктісі

- соңғы 6 айда бастан өткерген инсульт

- CYP3A4 изоферментінің тежегіштерімен (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир, эритромицин, саквинавир, кларитромицин) бір уақытта қабылдау

- өкпенің артериялық гипертензиясын емдеуге арналған препараттарды (бозентан, илопрост) және құрамында силденафил немесе кез келген басқа ФДЭ-5 тежегіші бар препараттарды бір уақытта қабылдау

- туа біткен галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар еркектерге

- басқа да пероральді немесе эректильді дисфункцияны емдеуге арналған жергілікті дәрілермен бір уақытта қабылдау

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- әйелдер

Сақтықпен:

- жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (оның ішінде, ангуляция, каверноздық фиброз немесе Пейрони ауруы)

- приапизмнің дамуына бейім аурулар (орақ тәрізді-жасушалы анемия (қызыл қан денешіктерінің аномалиясы), көптеген миелома (сүйек кемігінің обыры) немесе лейкемия (қан жасушаларының обыры))

- қан ұюымен болатын проблемалар (гемофилия)

- қан кетумен қатар жүретін аурулар

- асқазанның немесе он екі елі ішектің ойықжаралы ауруының өршуі

- альфа-адреноблокаторлары тобының препараттарымен бір уақытта қабылдау.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттардың силденафилге ықпалы

In vivo зерттеулері

Силденафилді CYP3A4 тежегіштерімен (кетоконазол, эритромицин және циметидин сияқты) бір уақытта қабылдағанда силденафил клиренсінің төмендеуі байқалады. Аталған пациенттер тобында жағымсыз әсерлер жиілігінің жоғарылауы байқалмады, дегенмен, емді бастапқы 25 мг дозада бастау қажет.

P450 цитохромының мықты тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасының тежегіші ритонавирді тепе-тең жағдайда (тәулігіне екі рет 500 мг) силденафилмен (100 мг бір реттік дозамен) бір уақытта қабылдау силденафилдің ең жоғарғы концентрациясының (Cmax) 300 % (4 есе) ұлғаюына, сондай-ақ қан плазмасындағы силденафил AUC 1000 % (11 есе) ұлғаюына әкеледі. 24 сағаттан соң қан плазмасындағы силденафил деңгейлері силденафилді ғана қабылдаудан кейін шамамен 5 нг/мл салыстырғанда шамамен 200 нг/мл құрайды. Бұл деректер P450 цитохромы субстраттарының кең спектріне ритонавирдің айқын әсерлерімен келіседі. Жоғарыда аталған деректерге сүйене отырып, силденафилді ритонавирмен бір уақытта қабылдау ұсынылмайды.

Виасил ритонавир фармакокинетикасына ықпал етпейді. Мұндай жағдайлардағы силденафилдің ең жоғарғы дозасы 48 сағат ішінде 25 мг аспауы тиіс.

CYP3A4 тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасының тежегіші саквинавирді тепе-тең жағдайда (тәулігіне үш рет 1200 мг) силденафилмен (100 мг бір реттік дозамен) силденафил Cmax 140 % ұлғаюына, сондай-ақ силденафил AUC 210 % ұлғаюына әкеледі. Силденафил саквинавир фармакокинетикасына ықпал етпейді. Кетоконазол және итраконазол сияқты мықтырақ CYP3A4 тежегіштерінің әсері айқынырақ.

Силденафилді 100 мг дозада CYP3A4 орташа тежегіші эритромицинмен бірге тепе-тең жағдайда (5 күн бойы тәулігіне екі рет 500 мг) бір рет қабылдағанда силденафилдің жүйелі әсерінің 182 % ұлғаюы байқалды (AUC мәні бойынша анықталады).

Азитромицин (3 күн бойы тәулігіне 500 мг дозада) AUC, Cmax, Tmax көрсеткіштеріне, элиминация жылдамдығының константына немесе силденафилдің немесе оның негізгі айналымдағы метаболитінің келесі жартылай шығарылу кезеңіне ықпал етпейді.

P450 цитохромының тежегіші және CYP3A4 спецификалық емес тежегіші болып табылатын циметидинді (800 мг) силденафилмен (50 мг дозада) дені сау еріктілерде бір уақытта қабылдау қан плазмасындағы силденафил концентрацияларының 56 % ұлғаюын туындатады.

Грейпфрут шырыны ішек қабырғасында CYP3A4-байланысты метаболизмнің әлсіз тежегіші болып табылады және қан плазмасындағы силденафил деңгейінің орташа жоғарылауын туындатуы мүмкін.

Антацидтік дәріні (магний гидроксиді/алюминий гидроксиді) бір уақытта қабылдау силденафилдің биожетімділігіне ықпал етпейді.

CYP2C9 тежегіштері (толбутамид, варфарин және фенитоин), CYP2D6 тежегіштері (серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері, үш циклды антидепрессанттар), тиазидті және тиазидке ұқсас диуретиктер, ілмектік және калий жинақтаушы диуретиктер, ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері, кальций өзекшелерінің блокаторлары, бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторлары және P450 метаболизмдік белсенділігінің индукторлары (рифампицин, барбитураттар) силденафил фармакокинетикасына ықпал етпейді.

Эндотелин бозентанының антагонисін (CYP3A4, CYP2C9 және мүмкін, CYP2C19 орташа индукторы) тепе-тең жағдайда (тәулігіне екі рет 125 мг) силденафилмен тепе-тең жағдайда (тәулігіне үш рет 80 мг) бір уақытта қолдану силденафилдің AUC мәндерінің және Cmax тиісінше 2.6 % және 55.4 % төмендеуіне әкеледі. Осылайша, рифампин сияқты CYP3A4 күшті индукторларымен бір уақытта қолдану қан плазмасындағы силденафил концентрацияларының айқынырақ төмендеуін негіздейтіні болжанады.

ФДЭ-5 басқа тежегіштерімен немесе эректильді дисфункцияны емдеудің басқа әдістерімен бір уақытта қолдану

Силденафилді ФДЭ-5 басқа тежегіштерімен немесе өкпе артериялық гипертензиясын (ӨАГ) емдеуге арналған құрамында силденафил бар басқа дәрілік препараттармен немесе эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа препараттармен біріктірілімде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеді. Осыған байланысты мұндай біріктірілімдерді пайдалану ұсынылмайды.

Никорандил калий өзекшелері активаторының және нитраттың гибриді болып табылады. Нитратты компонент есебінен ол силденафилмен күрделі әрекеттесулерге кірісуге аса қабілетті.

Силденафилдің басқа дәрілік заттарға ықпалы

In vitro зерттеулер

Теофиллин немесе дипиридамол сияқты силденафилдің спецификалық емес фосфодиэстераза тежегіштерімен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.

In vivo зерттеулер

Силденафилдің NO/цГМФ сигналдық жолына қатысты белгілі әсеріне сәйкес силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерлерін күшейтуге, атап айтқанда артериялық қысымды елеулі төмендетуге қабілетті. Сондықтан оны азот тотығының донаторларымен (амилнитрит) немесе кез келген формадағы нитраттармен бір уақытта қолдану қарсы көрсетілген.

Риоцигуат

Клиникалық зерттеулерде риоцигуат ФДЭ-5 тежегіштерінің гипотензиялық әсерін күшейтті. Зерттелген популяцияда мұндай біріктірілімді қолданғандағы жағымды клиникалық әсер туралы деректер жоқ. Риоцигуатты ФДЭ-5 тежегіштерімен, оның ішінде силденафилмен бір уақытта қолдану қарсы көрсетілген.

Альфа-адреноблокаторлармен бір уақытта қабылдау

Силденафилді альфа-адреноблокаторлар тобының препаратын қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану ұсынылады, өйткені оларды бір уақытта қолдану кейбір сезімтал пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензияға әкелуі мүмкін. Бұл силденафил дозасын қабылдаудан кейін 4 сағат ішінде байқалуы мүмкін. Постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету үшін силденафилмен емді бастаудан бұрын альфа-адреноблокаторлармен емделіп жүрген пациенттердің гемодинамикалық тұрақтылық күйіне қол жеткізу керек. Қолдану мүмкіндігін 25 мг дозадан бастап қарастыру керек. Одан өзге, дәрігерлер постуральді гипотензия симптомдары туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер туралы пациенттерге хабарлаулары тиіс.

Доксазозинмен емдеудің көмегімен жағдайы тұрақтандырылған пациенттерде силденафил мен доксазозинді бір уақытта қолданғанда симптоматикалық артериялық гипотензия, бас айналуы және естен тану емес, естен тану алдындағы жағдайдың туындауы бойынша сирек оқиғалар туралы хабарланды.

Силденафилді (50 мг дозада) толбутамидпен (250 мг дозада) немесе варфаринмен (40 мг дозада) бір уақытта қолданғанда CYP2C9 метаболизденетін екеуінен де маңызды әрекеттесулер байқалмады.

Силденафил (50 мг дозада) ацетилсалицил қышқылын (150 мг дозада) қабылдаудан туындаған қан кету уақытының ұзаруына ықпал етпейді.

Силденафил (50 мг дозада) қандағы алкогольдің орташа ең жоғарғы дейгейлері 80 мг/дл болғанда дені сау еріктілерде алкогольдің гипотензиялық әсерінің күшеюіне ықпал етпейді.

Гипертензияға қарсы дәрілік препараттардың келесі кластарының бірігуі: диуретиктер, бета-блокаторлар, АӨФ тежегіштері, ангиотензин II антагонистері, гипертензияға қарсы дәрілік заттар (тамыр кеңейтетін және орталықтық әсері бар), адренергиялық нейроблокаторлар, кальций өзекшелерінің блокаторлары және альфа-адренорецепторлардың блокаторлары - плацебо алатын пациенттермен салыстырғанда силденафил қабылдайтын пациенттерде жағымсыз әсерлер бейінінің айырмашылықтарын анықтамады. Барысында артериялық гипертензиясы бар пациенттерде силденафил (100 мг дозада) амлодипинмен бір уақытта қолданылған, дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері бойынша арнайы зерттеулерде систолалық артериялық қысымның қосымша төмендеуі шалқасынан жатқан күйде 8 мм. с.б. құрады. Диастолалық артериялық қысымның қосымша тиісті төмендеуі шалқасынан жатқан күйде 7 мм. с.б. құрады. Осы артериялық қысымның қосымша төмендеуі шамасы бойынша силденафилді дені сау еріктілерде монотерапия ретінде пайдаланғанда байқалғандарға ұқсас болды.

Силденафил (100 мг дозада) тепе-тең жағдайда АИТВ протеазаларының тежегіштерінің, екеуі де CYP3A4 субстраттары болып табылатын саквинавирдің және ритонавирдің фармакокинетикасына ықпал етпейді.

Бозентанмен бір уақытта қабылдағанда силденафил тепе-тең жағдайда (тәулігіне үш рет 80 мг) бозентан (тәулігіне екі рет 125 мг) AUC және Cmax еркек жынысты дені сау еріктілерде тиісінше 49.8 % және 42 % жоғарылауын туындатады.

Айрықша нұсқаулар

Эректильді дисфункцияның диагностикасы және оның ықтимал алғашқы себептерін анықтау үшін ауру тарихын зерттеу және фармакологиялық емдеу мүмкіндіктерін қарастырғанға дейін медициналық тексеріс жүргізу керек.

Жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары

Эректильді дисфункцияны емдеуді бастар алдында емдеуші дәрігерге өз пациенттерінің жүрек-қантамыр статусын бағалау керек, өйткені сексуалды белсенділікпен байланысты жүрек асқынулары қаупінің белгілі бір дәрежелері бар.

Силденафилді тағайындар алдында дәрігерлер осы препараттың анықталған негізгі аурулары бар пациенттердің күйіне тамыр кеңейтетін әсерінің жағымсыз салдары ықтималдығын, әсіресе олардың сексуалды белсенділікпен бірігуінде мұқият тексерулері керек. Тамыр кеңейтетін дәрілерге жоғары сезімтал топқа сол жақ қарыншадан шығатын бөлімі тарылған (мысалы, аортальді клапан стенозы, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатиясы бар) пациенттер, сондай-ақ артериялық қысымды автономды бақылау бұзылуының ауыр дәрежесі түрінде көрініс табатын сирек кездесетін көптеген жүйелі атрофия синдромы бар пациенттер жатады.

Силденафил артериялық қысымның аздаған және қысқа мерзімді төмендеуіне әкеледі, мұнда көптеген жағдайда клиникалық белгілері болмайды. Силденафилді 100 мг дозада пероральді қабылдағаннан кейін систолалық артериялық қысымның орташа ең жоғарғы төмендеуі шалқасынан жатқан күйде 8.4 мм с.б. құрады. Диастолалық артериялық қысымның тиісті өзгеруі шалқасынан жатқан күйде 5.5 мм с.б. құрады. Осы артериялық қысымның төмендеуі силденафилдің тамыр кеңейтетін әсерімен келіседі, тамырлардың тегіс бұлшықеттеріндегі цГМФ деңгейлерінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Силденафилді 100 мг дейінгі дозада дені сау еріктілерде бір рет қолдану ЭКГ-ға клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерістер туындатпады.

Жүректің ишемиялық ауруының (ЖИА) ауыр формалары бар пациенттерде 100 мг дозадағы силденафил жүрек лықсуының көрсеткіштеріне ықпал етпеді және стеноздалған коронарлық артериялар бойынша қан ағысын төмендетпеді.

Виасил нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтеді. Виасилдің «азот тотығының/циклдық гуанозинмонофосфаттың (цГМФ)» метаболизмдік жолына қатысты әсеріне сәйкес силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтуге қабілетті, сондықтан оны азот тотығының донаторларымен (амилнитрит сияқты) немесе кез келген формадағы нитраттармен бір уақытта қолдану қарсы көрсетілген.

Тіркеуден кейінгі кезең барысында силденафилді қолдану уақытында миокард инфарктын, тұрақсыз стенокардияны, кенет жүректен болатын өлімді, қарыншалық аритмияны, цереброваскулярлы қан кетуді, транзиторлық ишемиялық шабуылды, артериялық гипертензияны және артериялық гипотензияны қоса, күрделі жүрек-қантамыр асқынуларының жағдайлары тіркелген. Осы пациенттердің барлығында емес, көпшілігінде жүрек-қантамыр ауруларының алдыңғы қауіп факторлары болды. Бұл құбылыстардың көбі жыныстық қатынас уақытында немесе бірден одан кейін тіркелген, сондай-ақ бірнеше құбылыс сексуалды белсенділіксіз силденафил қабылдағаннан кейін бірден тіркелген. Бұл құбылыстар тікелей силденафил қабылдаумен, сексуалды белсенділікпен, бұрыннан бар жүрек-қантамыр ауруларымен, осы факторлардың бірігуімен немесе басқа да факторлармен байланысты ма екенін анықтауға мүмкіндік жоқ.

Приапизм

Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған дәрілік препараттарды, оның ішінде силденафилді жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (ангуляция, кавернозндық фиброз немесе Пейрони ауруы сияқты) бар пациенттерде, сондай-ақ приапизм дамуына бейім аурулары (орақ тәрізді-жасушалы анемия, көптік миелома немесе лейкемия сияқты) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Силденафилді тіркеуден кейін қолдану кезеңінде ұзарған эрекция мен приапизм жағдайлары хабарланды. 4 сағаттан артық жалғасатын эрекция кезінде пациент шұғыл медициналық көмекке жүгінуі тиіс. Шұғыл емдеу болмаған жағдайда приапизм пенис тіндерінің зақымдануына және потенцияның қайтымсыз жоғалуына әкелуі мүмкін.

Қөру қабілетіне ықпалы

Силденафил мен басқа да ФДЭ-5 тежегіштерін қабылдаумен байланысты көрудің бұзылу жағдайлары, атап айтқанда сирек ауру – көру жүйкесінің алдыңғы артериялық емес ишемиялық нейропатиясы болды. Көру өткірлігінің кез келген ақаулары туындаған жағдайларда Виасил қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.

Қан ұюына ықпалы

Адам тромбоциттері пайдаланылған in vitro зерттеулер силденафил натрий нитропруссидінің антиагрегациялық әсерін күшейтетінін растаған. Силденафилді қан ұюы бұзылған немесе белсенді пептикалық ойықжарасы бар пациенттерде қолданудың қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ, сондықтан силденафилді пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін қолдану керек.

Виасилді препарат қабығында лактоза болуы салдарынан сирек туа біткен галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар еркектерге қолданбаған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Виасил әйелдерге қолдануға арналмаған.

Ұрпақ өрбіту функциясы

Сперматозоидтардың қозғалғыштығына немесе олардың морфологиясына препараттың ықпалы силденафилді 100 мг дозада бір рет пероральді қабылдағаннан кейін анықталмады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Силденафилдің көлік құралдарын басқару немесе аса қауіпті механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалы зерттелмеді.

Көлік құралдарын басқару немесе аса қауіпті механизмдермен жұмыс істеу алдында пациенттерге бас айналуы және көру түйсігінің бұзылуы сияқты препараттың жағымсыз әсерлеріне байланысты организмнің Виасил қабылдауға реакциясын анықтау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратты 800 мг дейінгі дозада бір рет қолданумен болған еріктілер қатысқан зерттеулерде тіркелген жағымсыз реакциялар препаратты төменгі дозаларда пайдалану кезінде байқалғандармен салыстырымды болды, бірақ олардың туындау жиілігі және байқалу ауырлығы жоғары болды. Препараттың жоғарғы дозаларын (200 мг) қабылдау препарат тиімділігінің жоғарылауына әкелмейді, тек жағымсыз реакциялар (бас ауыруы, гиперемия, бас айналуы, диспепсия, мұрынның бітелуі және көру түйсігінің бұзылуы) жиілігінің артуына әкеледі.

Емі: симптоматикалық. Гемодиализ силденафил клиренс жылдамдатпайды, өйткені силденафил қан плазмасының ақуыздарымен белсенді байланысады және несеппен шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2, 4 немесе 10 таблеткадан МЕМСТ 25250-88 бойынша поливинилхлоридті үлбірден және ТШ 1811-002-45094918-97 бойынша алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Бір пішінді ұяшықты қаптамадан МЕМСТ 7933-89 бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Лекфарм» ЖШБҚ, Беларусь Республикасы, 223141, Логойск қ., Минская к-сі, 2а үй

Тел./факс: (01774)-53801, е-mail: office@lekpharm.by

Тіркеу куәлігінің иесі

«Лекфарм» ЖШБҚ, Беларусь Республикасы, 223141, Логойск қ., Минская к-сі, 2а үй

Тел./факс: (01774)-53801, е-mail: office@lekpharm.by

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ROMPHARM COMPANY» С.Р.Л. («РОМФАРМ КОМПАНИ» СРЛ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі,

050013, Алматы қ., Бұқар Жырау бульвары, 33 үй, «Жеңіс» БО, 41 кеңсе,

телефон: 8 (727) 247-07-85, факс: 8 (727) 376-35-88

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«ROMPHARM COMPANY» С.Р.Л. («РОМФАРМ КОМПАНИ» СРЛ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі,

050013, Алматы қ., Бұқар Жырау бульвары, 33 үй, «Жеңіс» БО, 41 кеңсе,

телефон: 8 (727) 247-07-85, факс: 8 (727) 376-35-88,

электронды поштасы: amangul-62@mail.ru

Прикрепленные файлы

Виасил_инструкция_рус.docx 0.06 кб
виасил_инструкция_каз.docx 0.08 кб
17_08_1455_p.pdf 0.71 кб
17_08_1455_s.pdf 0.84 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ