Виагра® (50 мг)

МНН: Силденафил
Производитель: Фарева Амбуаз
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sildenafil
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012217
Информация о регистрации в РК: 02.05.2018 - 02.05.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 933.87 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Виагра®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Силденафил

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 50 мг, 100 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 70,225 мг және 140,450 мг силденафил цитраты (50 мг және 100 мг силденафилге баламалы) бар,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз кальций гидрофосфаты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты,

Қабықтың құрамы: опадрай көк OY-LS-20921(гипромеллоза, лактоза, триацетин, титанның қостотығы (Е 171) және индигокармин алюминий лагы (Е132), опадрай мөлдір YS-2-19114 А (гипромеллоза және триацетин).

Сипаттамасы

Дөңгелектенген ромб түріндегі, екі жағы дөңес, бір жақ бетінде «Pfizer» деген, басқа жақ бетінде «VGR 50» (50 мг доза үшін) немесе «VGR 100» (100 мг доза үшін) деп жазылған, үлбірлі қабықпен қапталған көгілдір түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Спазмолитиктерді қоса урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Эрекция бұзылуын емдеуге арналған препараттар. Силденафил.

ATХ коды G04BE03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішке қабылдағаннан кейін силденафил жылдам сіңеді. Силденафил қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрацияларына (Cmax) аш қарынға ішу арқылы қабылдағаннан кейін 30-дан 120 минутқа (медиана 60 минут) дейінгі аралықта жетеді. Препаратты ішу арқылы қабылдаған кездегі абсолюттік биожетімділігі 41 % құрайды (мәндердің 25 - 63 % диапазонымен). Силденафилді ұсынылған дозалар ауқымында (25 - 100 мг) ішу арқылы қолданғаннан кейін фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы (AUC) мен Cmax мәндері қабылданған дозасына тікелей пропорциональді артады.

Силденафилді тамақпен бірге қабылдаған кезде сіңу жылдамдығы қан плазмасында ең жоғарғы концентрацияларына (tmax) жетудің 60 минут орташа уақыт кідірісімен және Cmax мәнінің 29 %-ға орташа азаюымен төмендейді.

Таралуы

Силденафил үшін таралуының орташа тепе-теңдік көлемі (Vd) 105 л құрайды, бұл оның организм тіндеріне таралатындығын көрсетеді.

Силденафилді бір реттік 100 мг дозада ішу арқылы қабылдағаннан кейін силденафилдің қан плазмасындағы ең жоғарғы орташа концентрациясы 440 нг/мл жуықты құрайды (40 % ауытқу коэффициентімен). Силденафил (және оның айналыстағы негізгі метаболиті - N-десметил-метаболит) қан плазмасы ақуыздарымен 96 %-ға байланысатындығына байланысты, бос силденафилдің қан плазмасындағы ең жоғарғы орташа концентрациясы 18 нг/мл (38 нМ) құрайды. Ақуыздармен байланысуы препараттың жалпы концентрацияларына тәуелсіз.

Силденафилді бір рет 100 мг дозада қабылдаған дені сау еріктілерде, дозасын қабылдағаннан кейін 90 минуттан соң эякулятта препараттың қабылданған дозасының 0,0002 %-дан азы (орташа алғанда - 188 нг) анықталды.

Метаболизмі

In vitro зерттеулер

Силденафилдің метаболизмі көбінесе бауырдың микросомалық CYP3A4 (негізгі жолы) және CYP2C9 изоферменттері (қосалқы жолы) мен P450 цитохромының қатысуымен жүзеге асады. Осы себепті бұл изоферменттердің тежегіштері силденафилдің клиренсін төмендетуі, ал индукторлары – арттыруы мүмкін.

N-деметилдену жолымен силденафилдің айналыстағы негізгі метаболиті түзіледі, ол жартылай шығарылуының шамамен 4 сағатты құрайтын ақырғы кезеңімен ары қарай метаболизмге ұшырайды. Метаболиті силденафилдің осындайымен салыстырмалы фосфодиэстеразаға селективтілік бейінімен сипатталады, ал метаболиттің 5-ші типті фосфодиэстеразаға (ФДЭ-5) қатысты in vitro белсенділігі препараттың бастапқы затының 50 %-ға жуығын құрайды.

Бұл метаболиттің қан плазмасындағы концентрациялары силденафил концентрациясының 40 %-ға жуығын құрайды.

Силденафил P450 цитохромының 1A2, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3A4 изоформаларының әлсіз тежегіші болып табылады (IC50 > 150 мкМ). Силденафилдің қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациялары препараттың ұсынылған дозаларын қабылдағаннан кейін 1 мкМ құраған жағдайда, силденафилдің бұл изоферменттер субстраттарының клиренсін өзгерту ықтималдығы аз.

Шығарылуы

Силденафилдің жалпы клиренсі 41 л/сағатты құрайды, ал жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі 3-тен 5 сағатқа дейін. Ішу арқылы қабылдағаннан кейін, силденафил метаболиттер түрінде негізінен нәжіспен (қабылданған пероральді дозасының 80 %-ға жуығы) және азғантай дәрежеде несеппен (қабылданған пероральді дозасының 13 %-ға жуығы) шығарылады.

Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы дені сау еріктілерде (65 жас шамасындағы және одан үлкен) силденафил клиренсінің төмендеуі байқалды, бұл силденафил мен оның белсенді N-деметилденген метаболитінің плазмадағы концентрацияларының жасы кіші дені сау еріктлердегі (18-45 жас) осындаймен салыстырғанда шамамен 90 %-ға артуына түрткі болды. Жас ерекшеліктеріне байланысты, қан плазмасы ақуыздарымен байланысуында, қан плазмасындағы бос силденафил концентрациясының артуы шамамен 40 %-ды құрайды.  

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылуының жеңіл немесе орташа дәрежесі бар пациенттерде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) 50 мг дозада бір рет ішу арқылы қабылдағаннан кейін силденафилдің фармакокинетикасы өзгермейді. N-деметилденген метаболитінің AUC және Cmax орташа көрсеткіштерінің жоғарылауы жас шамасы ұқсас, бүйрек функциясы бұзылмаған адамдардағы осындай көрсеткіштермен салыстырғанда сәйкесінше 126 %-ға және 73 %-ға дейінді құрады. Алайда пациенттер арасында көрсеткіштердің ауытқымалылығы жоғары болуына байланысты, бұл ерекшеліктер статистикалық тұрғыдан маңызды болған жоқ. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттерде силденафилдің клиренсі төмендеді, бұл AUC және Cmax көрсеткіштерінің жас шамалары ұқсас, бүйрек функциясы бұзылмаған пациенттермен салыстырғанда сәйкесінше 100 % және 88 %-ға орташа жоғарылауларына алып келді. Бұдан өзге, N-деметилденген метаболиті үшін AUC және Cmax мәндері де айтарлықтай - сәйкесінше 200 % және 79 %-ға артты.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бауыр циррозы бар пациенттерде (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша А және В сатылары) силденафилдің клиренсі төмен болды, бұл жас шамалары ұқсас, бауыр функциясының бұзылулары жоқ еріктілермен салыстырғанда, AUC (84 %-ға) және Cmax (47 %-ға) көрсеткіштерінің артуына алып келді.

Бауыр функциясы бұзылуының ауыр дәрежесі бар пациенттердегі силденафилдің фармакокинетикасы зерттелген жоқ.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Виагра®, эректильді дисфункцияны емдеуге арналған пероральді дәрілік препарат, яғни сексуалдық стимуляция кезінде ол бұзылған эректильді функцияны жыныс мүшесіне келетін қан ағымын арттыру арқылы қалпына келтіреді.

Жыныс мүшесі эрекциясының физиологиялық механизміне сексуалдық стимуляция кезінде қуыс денелерде азот тотығының (NO) босап шығуы кіреді. Азот тотығы гуанилатциклаза ферментін белсендіреді, бұл циклдық гуанозинмонофосфат (цГМФ) деңгейлерінің жоғарылауына, кейіннен қуыс денелердегі тегіс бұлшықеттердің босаңсуына және қан ағымының артуына алып келеді.

Силденафил қуыс денелердегі цГМФ ыдырауына жауап беретін цГМФ - 5-ші типті спецификалық фосфодиэстеразаның (ФДЭ-5) күшті және селективті тежегіші болып табылады. Силденафил эрекцияға шеткергі әсер береді. Силденафил адамдағы оқшау қуыс денеге тікелей босаңсытқыш әсер бермейді, бірақ NO осы тінге босаңсытыш әсерін айтарлықтай күшейтеді. Сексуалдық стимуляция кезінде орын алатындай, NO/цГМФ метаболизм жолы белсенділенген кезде, силденафилдің ФДЭ-5 тежеуі қуыс денелердегі цГМФ деңгейлерінің артуына алып келеді. Сондықтан, силденафил күтілгендей өнімді фармакологиялық әсер беруі үшін, сексуалдық стимуляция қажет.

Фармакодинамикалық әсерлері

In vitro зерттеулер

Силденафил эрекция үдерісінің реттелуіне қатысатын ФДЭ-5-ке селективті әсер етеді. Виагра® препаратының ФДЭ-5-ке әсері басқа белгілі фосфодиэстеразаларға қарағанда күштірек. Виагра® препаратының бұл әсері көздің торқабығындағы фотоөзгеріс үдерістеріне қатысатын ФДЭ-6-ға әсеріне қарағанда 10 есе күштірек. Ең жоғарғы ұсынылған дозаларында қолданғанда силденафилдің ФДЭ-5-ке селективтілігі оның ФДЭ-1-ге селективтілігінен 80 есе артық, ФДЭ-2, ФДЭ-3, ФДЭ-4, ФДЭ-7, ФДЭ-8, ФДЭ-9, ФДЭ-10 және ФДЭ-11-ге селективтілігі - 700 еседен астам. Атап айтқанда, силденафилдің ФДЭ-5-ке селективтілігі оның жүрек жиырылуының реттелуіне қатысатын ФДЭ-3 - фосфодиэстеразаның цАМФ-спецификалық изоформасына селективтілігінен 4000 есе артық.

Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі

Силденафилдің қауіпсіздігі мен тиімділігі ұзақмерзімді зерттеулердің мәліметтері арқылы расталды.

Қолданылуы

- жыныс мүшесінің қанағаттанарлық жыныстық акт үшін жеткілікті эрекцияға жетуге немесе оны сақтап тұруға қабілетсіздігімен сипатталатын эректильді дисфункцияда.

Виагра® тек сексуалдық стимуляция кезінде ғана тиімді.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішу арқылы қолдануға арналған.

Виагра® препаратын тамақпен бірге немесе бөлек қабылдауға болады. Дегенмен, Виагра® препаратының әсері басталуы үшін тамақпен бірге қабылданған жағдайда көп уақыт қажет болуы мүмкін.

Дозалау режимі

Ересектерде қолданылуы

Виагра® препаратының ұсынылатын дозасы жыныстық актіге дейін шамамен 1 сағат бұрын ішке қабылданатын 50 мг құрайды. Тиімділігі мен көтерімділігін ескере отырып, дозасын 100 мг дейін арттыруға болады. Ұсынылатын ең жоғарғы дозасы 100 мг құрайды.

Таблетканы тұтастай, бір стақан сумен ішіп жұту керек.

Ұсынылатын ең жоғарғы қабылдау жиілігі – тәулігіне 1 рет.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде (≥ 65 жас) дозасын түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылуының жеңіл және орташа дәрежесі кезінде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттердегі силденафил клиренсінің төмендеуіне байланысты, Виагра® препаратын 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Препараттың тиімділігі мен көтерімділігіне байланысты, қажет болса оның дозасын сатылап, 50 мг дейін және 100 мг дейін арттыруға болады.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бауыр функциясының бұзылуы бар (мысалы, циррозы бар) пациенттерде силденафил клиренсінің төмендігіне байланысты, препаратты 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Препараттың тиімділігі мен көтерімділігіне қарай, қажет болса, оның дозасын сатылап, 50 мг дейін және 100 мг дейін арттыруға болады.

Балалар мен жасөспірімдік кезеңдегі пациенттер

Силденафил балаларда қолдануға арналмаған (< 18 жас).

Басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрген пациенттерде қолданылуы

Силденафилмен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайтын ритонавирден басқа, препаратты CYP3A4 тежегіштерімен қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттерде бастапқы 25 мг дозасында қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Альфа-адреноблокаторлармен емделіп жүрген пациенттерде постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету мақсатында, силденафилмен емдеуді бастамас бұрын, альфа-адреноблокаторларды қабылдап жүрген пациенттердің жағдайын тұрақтандыру керек. Бұдан өзге, силденафилді 25 мг дозасынан бастап қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Виагра® препаратын қолданған кезде жағымсыз әсерлер тіркелді, олар біліну жиілігіне қарай былайша жіктелді: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін) және сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1000).

Өте жиі

- бас ауыруы

Жиі

- бас айналуы

- түстерді ажыратудың бұрмалануы (хлоропсия, хроматопсия, цианопсия, эритропсия, ксантопсия), көру бұзылысы, көру жітілігінің нашарлауы

- гиперемия, ысынулар

- мұрынның бітелуі

- диспепсия, жүрек айнуы

Жиі емес

- ринит

- аса жоғары сезімталдық

- ұйқышылдық, гипестезия

- көзден жас ағумен байланысты бұзылулар (көздің құрғауы, көз жасы бездері функциясының бұзылуы, көзден жас ағудың артуы), көздің ауыруы, фотофобия, фотопсия, көз қантамырларының гиперемиясы, көру арқылы қабылдаудың айқындығы, конъюнктивит 

- кеңістіктегі бағдарсыздық (вертиго), құлақтағы шуыл

- тахикардия, жүрек қағуын сезіну

- артериялық гипертензия, артериялық гипотензия

- мұрыннан қан кету, мұрынның қосалқы қойнауларының бітелуі

- іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру, құсу, ауыздың құрғауы

- бөртпе

- миалгия, аяқ-қолдардың ауыруы

- гематурия

- кеуде қуысының ауыруы, қатты қажу, ысыну сезімі

- жүректің жиырылу жиілігінің артуы

Сирек

- ми қанайналымының жедел бұзылуы, транзиторлық ишемиялық шабуыл, құрысу ұстамасы*, құрысу ұстамасының қайталануы*, естен тану

- көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясы*, торқабық қантамырларының окклюзиясы*, торқабықтың қанталауы, артериосклероздық ретинопатия, торқабық ауруы, глаукома, көру аясының ақауы, диплопия, көру жітілігінің төмендеуі, миопия, астенопия, шыны тәрізді дененің буалдырланып бұлыңғырлануы, нұрлы қабықтың ауруы, мидриаз, көру аясында нұрлы шеңберлердің болуы, көздің ісінуі, көздің домбығуы, көру бұзылысы, конъюнктивальді гиперемия, көздің тітіркенуі, көздегі әдеттен тыс сезінулер, қабақтың ісінуі, аққабық түсінің өзгеруі

- кереңдік

- кенеттен жүректен болатын өлім*, миокард инфарктісі, қарыншалық аритмия*, жүрекшелердің фибрилляциясы, тұрақсыз стенокардия

- тамақтың қысылу сезімі, мұрынның ісінуі, мұрынның шырышты қабығының құрғауы

- оральді гипестезия

- Стивенс - Джонсон синдромы,* уытты эпидермальді некролиз*

- жыныс мүшесінен қан кету, приапизм*, гематоспермия, эрекцияның күшеюі - ашушаңдық

* тек тіркеуден кейінгі қадағалау кезеңінде ғана тіркелген жағымсыз әсерлер.

Болжалды жағымсыз реакциялар туралы деректерді хабарлау

Дәрілік препарататы тіркеуден кейін анықталған болжалды жағымсыз реакциялар туралы деректерді хабарлаудың маңызы зор. Бұл дәрілік препараттың пайдасы мен қаупінің арақатынасына мониторинг жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Медицина қызметкерлері мен пациенттерден кез келген жағымсыз реакциялар туралы, осы медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжай бойынша хабарлап отыру сұралады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- азот тотығының донаторлары (амилнитрит) болып табылатын препараттарды немесе нитраттарды кез келген формада бір мезгілде қабылдау

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- көздің торқабығының тұқым қуалайтын дегенеративтік аурулары (мысалы, тұқым қуалайтын пигменттік ретинит (бұл пациенттердің азғантай санында торқабық фосфодиэстеразалары функциясының тұқым қуалайтын бұзылулары))

- көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік ишемиялық нейропатиясының салдарынан бір көздің көрмей қалуы, бұл көріністің ФДЭ-5 тежегішін алдыңғы қолданумен байланысты немесе байланыссыз екендігіне байланыссыз

- артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм сын. бағ.)

- ауыр жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, тұрақсыз стенокардия)

- соңғы 6 айда бастан өткерген миокард инфарктісі

- соңғы 6 айда бастан өткерген инсульт

- CYP3A4 изоферментінің тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир, эритромицин, саквинавир, кларитромицин)

- өкпенің артериялық гипертензиясын емдеуге арналған препараттарды (бозентан, илопрост), құрамында силденафил немесе кез келген ФДЭ-5 басқа тежегіші бар препараттарды бір мезгілде қабылдау

- сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар ерлерге

- басқа пероральді немесе эректильді дисфункцияны емдеуге арналған жергілікті дәрілермен бір мезгілде қабылдау

Сақтықпен:

  • жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (соның ішінде, ангуляция, каверноздық фиброз немесе Пейрони ауруы)

  • приапизмнің дамуына бейім аурулар (орақтәрізді - жасушалы анемия (қызыл қан денешіктерінің аномалиясы), көптүрлі миелома (сүйек кемігінің обыры) немесе лейкемия (қан жасушаларының обыры) сияқты)

  • қан ұюындағы қиындықтар (гемофилия)

  • қан кетумен қатар жүретін аурулар

  • асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршуі

  • альфа-адреноблокаторлар тобының препараттарымен бір мезгілде қабылдау

Тіркелген көрсетілім бойынша препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде және әйелдерде қолдануға арналмаған.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттардың силденафилге әсері

In vivo зерттеулер

Силденафилді CYP3A4 тежегіштерімен (кетоконазол, эритромицин және циметидин сияқты) бір мезгілде қабылдағанда силденафилдің клиренсінің төмендегені байқалады. Пациенттердің аталған тобында жағымсыз әсерлері жиілігінің жоғарылағаны байқалмайды, дегенмен, Виагра® препаратымен емдеуді бастапқы 25 мг дозасында бастау қажет.

P450 цитохромының күшті тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасы тежегіші ритонавирді тепе теңдік жағдайында (тәулігіне екі рет 500 мг) силденафилмен (100 мг бір реттік дозасымен) бір мезгілде қабылдау силденафилдің ең жоғарғы концентрациясының (Cmax) 300 %-ға артуына (4 есе), сондай-ақ қан плазмасындағы силденафил AUC 1000 %-ға (11 есе) артуына алып келеді. 24 сағаттан соң силденафилдің қан плазмасындағы деңгейлері тек силденафилді қабылдағаннан кейінгі 5 нг/мл-ге жуықпен салыстырғанда, шамамен 200 нг/мл құрайды. Бұл деректер P450 цитохромы субстраттарыныңкең ауқымына айқын әсерлеріне сәйкес келеді. Жоғарыда көрсетілген деректерді негізге ала отырып, силденафилді ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Виагра® ритонавирдің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Силденафилдің ең жоғарғы дозасы ешбір жағдайда 48 сағат ішінде 25 мг аспауы тиіс.

CYP3A4 тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасының тежегіші саквинавирді тепе-теңдік жағдайында (тәулігіне үш рет 1200 мг) силденафилмен (100 мг бір реттік дозасымен) бір мезгілде қабылдау силденафилдің Cmax 140 %-ға артуына, сондай-ақ силденафил AUC 210 %-ға артуына алып келеді. Силденафил саквинавирдің фармакокинетикасына әсер етпейді. Кетоконазол және итраконазол сияқты CYP3A4 күштірек тежегіштерінің әсері айқынырақ болады.

Силденафилді 100 мг дозада CYP3A4 орташа тежегіші эритромицинмен бірге тепе-теңдік жағдайында бір рет қабылдағанда (5 күн бойы тәулігіне екі рет 500 мг), силденафилдің жүйелі әсерінің 182 %-ға артқаны байқалады (AUC мәні бойынша анықталады).

Азитромицин (3 күн бойы тәулігіне 500 мг дозада) AUC, Cmax, Tmax көрсеткіштеріне, элиминациясы жылдамдығының константасына, силденафилдің немесе оның айналымдағы негізгі метаболитінің жартылай шығарылуының келесі кезеңіне әсер етпейді.

Дені сау еріктілерде P450 цитохромының тежегіші және CYP3A4 спецификалық емес тежегіші болып табылатын циметидинді (800 мг) силденафилмен (50 мг дозада) бір мезгілде қолдану, қан плазмасындағы силденафил концентрациясының 56 %-ға артуын туғызады.

Грейпфрут шырыны ішек қабырғасындағы CYP3A4-түрткі болған метаболизмнің әлсіз тежегіші болып табылады және қан плазмасындағы силденафил деңгейінің орташа жоғарылауын туғызуы мүмкін.

Антацидтік дәріні (магний гидроксидін/алюминий гидроксидін) бір рет қабылдау силденафилдің биожетімділігіне әсер етпейді.

CYP2C9 тежегіштері (толбутамид, варфарин және фенитоин), CYP2D6 тежегіштері (серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері, трициклдық антидепрессанттар), тиазидтік және тиазид тәрізді диуретиктер, ілмектік және калий жинақтаушы диуретиктер, ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) тежегіштері, кальций өзекшелерінің блокаторлары, бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторлары және P450 метаболизмдік белсенділігінің индукторлары (рифампицин, барбитураттар) силденафилдің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Эндотелин бозентан антагонисі (CYP3A4, CYP2C9 орташа индукторы CYP2C19) (тәулігіне екі рет 125 мг) мен тепе-теңдік жағдайындағы силденафилмен (тәулігіне үш рет 80 мг) бір мезгілде қолдану силденафил үшін AUC және Cmax мәндерінің сәйкесінше 62,6 % және 55,4 %-ға төмендеуіне алып келеді. Осылайша, рифампин сияқты CYP3A4 күшті индукторларымен бір мезгілде қолдану силденафилдің қан плазмасындағы концентрацияларының айқынырақ төмендеуіне түрткі болады деп шамаланып отыр.

ФДЭ-5 басқа тежегіштерімен немесе эректильді дисфункцияны емдеудің басқа әдістерімен бір мезгілде қолдану

Силденафилдің ФДЭ-5 басқа тежегіштерімен немесе өкпенің артериялық гипертензиясын (ӨАГ) емдеуге арналған құрамында силденафил бар дәрілік басқа препараттармен немесе эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа препараттармен біріктіріп қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Осыған байланысты, препараттардың мұндай біріктірілімін пайдалану ұсынылмайды.

Никорандил калий өзекшелері мен нитрат активаторының гибриді болып табылады. Нитратты компонентінің есебінен оның силденафилмен елеулі өзара әрекеттестікке түсуге қабілеттілігі зор.

Силденафилдің басқа дәрілік заттарға әсері

In vitro зерттеулер

Силденафилдің теофиллин немесе дипиридамол сияқты фосфодиэстеразалардың спецификалық емес тежегіштерімен өзара әрекеттесуі туралы мәліметтер жоқ.

In vivo зерттеулер

Силденафилдің NO/цГМФ дабыл жолына белгілі әсеріне сәйкес, силденафил нитраттардың гипотензивтік әсерін күшейтуге, атап айтқанда артериялық қысымды елеулі төмендетуге қабілетті. Сондықтан оны азот тотығының донаторларымен (амилнитрит) немесе кез келген формадағы нитраттармен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Альфа-адреноблокаторлармен бір мезгілде қабылдау

Силденафилді альфа-адреноблокаторлар тобының препаратын қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен қолдану ұсынылады, өйткені оларды бір мезгілде пайдалану кейбір сезімтал пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензияға алып келуі мүмкін. Ең алдымен бұл силденафилдің дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде байқалуы мүмкін. Постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету үшін, силденафилмен емдеуді бастамас бұрын альфа-адреноблокаторлармен ем қабылдаған пациенттердің гемодинамикалық тұрақтылық жағдайына қол жеткізу керек. Силденафилді 25 мг дозасынан бастап қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Бұдан өзге, дәрігерлер пациенттерге постуральді гипотензия симптомдары туындаған жағдайда әрекет ету туралы нұсқау беруі керек.

Силденафил мен доксазозинді доксазозинмен емдеудің көмегімен тұрақтандырылған пациенттерде бір мезгілде қолданғанда, симптоматикалық артериялық гипотензия, бас айналуы және естен тану емес, бірақ естен тану алдындағы жағдай туындаған сирек жағдайлар туралы хабарланды.

Силденафилді (50 мг дозада) екеуі де CYP2C9 арқылы метаболизденетін толбутамидпен (250 мг дозада) немесе варфаринмен (40 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда, елеулі өзара әрекеттесулер анықталған жоқ.

Силденафил (50 мг дозада) ацетилсалицил қышқылын қабылдаудан (150 мг дозада) туындаған қан кету уақытының ұзаруына ықпал етеді.

Силденафил (50 мг дозада) дені сау еріктілерде қандағы алкоголдің ең жоғарғы 80 мг/дл орташа ең жоғарғы деңгейлері кезінде, алкоголдің гипотензивтік әсерінің күшеюіне ықпал етпейді.

Антигипертензиялық дәрілік препараттардың төмендегі кластарын: диуретиктерді, бета-блокаторларды, АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II антагонистерін, антигипертензиялық дәрілік заттарды (тамырды кеңітетін және орталықтық әсері бар), адренергиялық нейроблокаторларды, кальций өзектерінің блокаторлары мен альфа-адренорецепторлардың блокаторларын біріктіру - плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, силденафилді қабылдаған пациенттерде жағымсыз әсерлері бейінінің айырмашылықтарын анықтап берген жоқ. Силденафил (100 мг дозада) амлодипинмен бір мезгілде қолданылған дәрілік заттардың өзара әрекеттесулерін арнайы зерттеулерде артериялық гипертензиясы бар пациенттерде систолалық артериялық қысымның шалқадан жатқан қалыпта қосымша төмендеуі 8 мм. сын. бағ. құрады. Диастолалық артериялық қысымның шалқадан жатқан қалыпта сәйкесінше қосымша төмендеуі 7 мм. сын. бағ. құрады. Артериялық қысымның бұл қосымша төмендеулері шамасы жағынан силденафилді дені сау еріктілерде монотерапия ретінде пайдаланған кезде байқалғандармен ұқсас болды.

Силденафил (100 мг дозада) тепе теңдік жағдайында АИТВ протеазасы тежегіштерінің, екеуі де CYP3A4 субстраттары болып табылатын саквинавир мен ритонавирдің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Бозентанмен бір мезгілде қолданғанда силденафил тепе теңдік жағдайында (тәулігіне үш рет 80 мг) дені сау ерлерде бозентанның AUC мен Cmax (тәулігіне екі рет 125 мг) сәйкесінше 49,8 % және 42 % артуын туғызады.

Айрықша нұсқаулар

Эректильді дисфункцияның диагностикасы және оның болуы мүмкін алғашқы себептерін анықтау үшін аурудың тарихын зерттеу және фармакологиялық емдеу мүмкіндіктері қарастырылғанға дейін медициналық тексеру жүргізу керек.

Жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары

Эректильді дисфункцияны емдеуді бастар алдында емдеуші дәрігер өзінің пациенттерінің жүрек-қантамырлық статусына баға беруі керек, өйткені сексуалдық белсенділікпен байланысты жүрек асқынулары қаупінің белгілі бір дәрежесі болады.

Силденафилді тағайындар алдында дәрігерлер бұл препараттың белгілі бір негізгі аурулары бар пациенттердің жағдайына, әсіресе олардың сексуалдық белсенділікпен үйлесіміне жағымсыз салдарының ықтималдылығын мұқият тексеруі керек. Тамырды кеңейтетін дәрілерге сезімталдығы жоғары топқа сол жақ қарыншаның шығар бөлігінің тарылуы (мысалы, аорта клапанының стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатиясы) бар пациенттер, сондай-ақ артериялық қысымның автономдық бақылануы бұзылуының ауыр дәреежесі түрінде білінетін сирек көптүрлі жүйелі атрофия синдромы бар пациенттер жатады.

Силденафил артериялық қысымның елеусіз және қысқамерзімді төмендеуіне алып келеді, көпшілік жағдайда оның клиникалық көріністері болмайды. Систолалық артериялық қысымның шалқадан жатқан қалыптағы орташа ең жоғарғы төмендеуі силденафилді 100 мг дозада ішу арқылы қабылдағаннан кейін 8,4 мм сын. бағ. құрады. Диастолалық артериялық қысымның шалқадан жатқан қалыпта сәйкесінше төмендеуі 5,5 мм. сын. бағ. құрады. Артериялық қысымның бұл төмендеулері силденафилдің тамырды кеңітетін әсеріне сәйкес келеді, бұл қантамырлардың тегіс бұлшықеттеріндегі цГМФ деңгейлерінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Силденафилді дені сау еріктілерде 100 мг дейінгі дозада ішу арқылы бір рет қолдану ЭКГ-да ешқандай клиникалық елеулі өзгерістер туғызған жоқ.

Жүректің ишемиялық ауруының (ЖИА) ауыр түрі бар пациенттерде силденафил 100 мг дозада жүректің лықсыту көрсеткіштеріне әсер еткен жоқ және стеноздалған коронарлық артериялар бойындағықан ағымын азайтқан жоқ.

Виагра® нитраттардың гипотензивтік әсерін күшейтеді.

Виагра® препаратының «азот тотығының/циклдық гуанозинмонофосфаттың (цГМФ)» метаболизмдік жолына әсеріне сәйкес, силденафил нитраттардың гипотензивтік әсерін күшейтуге қабілетті, сондықтан оны азот тотығының донаторларымен (амилнитрит сияқты) немесе кез келген формадағы нитраттармен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Тіркеуден кейінгі кезең барысында миокард инфарктісін, тұрақсыз стенокардияны, кенеттен жүрек ауруынан өлуді, қарыншалық аритмияны, цереброваскулярлық қан кетуді, транзиторлық ишемиялық шабуылды, силденафилді қолданған кездегі артериялық гипертензия мен артериялық гипотензияны қоса, күрделі жүрек-қантамыр асқынулары жағдайлары тіркелді. Бұл пациенттердің барлығында емес, бірақ көпшілігінде жүрек-қантамыр аурулары қаупінің ізашар факторлары болды. Бұл құбылыстардың көпшілігі жыныстық акт кезінде немесе ол аяқталғаннан кейін жуық арада тіркелді, сондай-ақ бірнеше құбылыс силденафилді қабылдағаннан кейін жуық арада сексуалдық белсенділіксіз тіркелген. Бұл құбылыстардың тікелей силденафилді қабылдаумен, сексуалдық белсенділікпен, бұрыннан бар жүрек-қантамыр ауруымен, осы факторлардың белсенділігімен немесе басқа факторлармен байланысты болған-болмағанын анықтау мүмкін емес.

Приапизм

Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған дәрілік препараттарды, соның ішінде силденафилді, жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы бар (ангуляция, каверноздық фиброз немесе Пейрони ауруы сияқты) пациенттерде, сондай-ақ приапизм дамуына бейімдейтін аурулары (орақтәрізді-жасушалы анемия, көптүрлі миелома немесе лейкемия сияқты) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Силденафилді тіркеуден кейін қолдану кезеңінде ұзаққа созылған эрекция мен приапизм жағдайлары хабарланды. 4 сағаттан артыққа созылған эрекция жағдайында, пациент жедел медициналық жәрдемге хабарласуы керек. Дереу ем жүргізілмеген жағдайда приапизм жыныс мүшесі тіндерінің зақымдануына және потенцияның қайтымсыз жоғалуына алып келуі мүмкін.

Көруге әсері

Силденафил мен ФДЭ-5 басқа тежегіштерін қабылдаумен байланысты бұзылулардың, атап айтқанда сирек ауру – көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялфық нейропатиясы жағдайлары болды. Көру жітілігінде кез келген ақаулар туындаған жағдайда, Виагра® препаратын қабылдауды тоқтату және дәрігерге хабарласу қажет.

Қанның ұюына әсері

Адам тромбоциттерін пайдалана отырып жүргізілген іn vitro зерттеулер, силденафилдің натрий нитропруссидінің антиагрегациялық әсерін күшейтетінін көрсетеді. Силденафилді қан ұюының бұзылулары немесе белсенді пептидтік ойық жарасы бар пациенттерде қолданудың қауіпсіздігі туралы деректер жоқ, сондықтан силденафилді пайда/қауіп арақатынасына мұқият баға бергеннен кейін қолдану керек.

Препараттың қабығында лактоза болғандықтан, Виагра® препаратын сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар ерлерде қолданбаған дұрыс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Виагра® әйелдерде қолдануға арналмаған.

Виагра® препаратын жүкті және бала емізетін әйелдерде қолданылуына тиісінше және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.

Ұрпақ өрбіту функциясы

Силденафилді 100 мг дозада бір рет ішу арқылы қабылдағаннан кейін, препараттың сперматозоидтардың қозғалғыштығына немесе олардың морфологиясына әсері анықталған жоқ.

Дәрілік заттың автокөлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Силденафилдің автокөлік құралдарын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсері зерттелген жоқ.

Автокөлік құралдарын басқарудың немесе механизмдермен жұмыс жасаудың алдында препараттың бас айналуы және көру арқылы қабылдаудың бұзылуы сияқты жағымсыз әсерлеріне байланысты, пациенттер өздерінің организмі Виагра® препаратын қабылдауға қандай реакция беретіндігін анықтап алуы керек.

Артық дозалануы

Препаратты 800 мг дейінгі дозада бір рет қабылдаған еріктілердің қатысуымен жүргізілген зерттеулерде тіркелген жағымсыз реакциялар, препараттың төменірек дозаларын пайдаланған кездегімен салыстырмалы болды, бірақ олардың туындау жиілігі мен көріністерінің ауырлығы жоғарырақ болды. Виагра® препаратының жоғары дозаларын (200 мг) қабылдау препараттың тиімділігінің артуына емес, тек жағымсыз реакциялардың (бас ауыруы, гиперемия, бас айналуы, диспепсия, мұрынның бітелуі және көру арқылы қабылдаудың бұзылуы) жиілігінің артуына алып келеді.

Артық дозаланған жағдайда стандартты симптоматикалық шараларды қолдану керек.

Гемодиализ силденафилдің клиренсін жеделдетпейді, өйткені силденафил қан плазмасы ақуыздарымен белсенді байланысады және несеппен шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған ұяшықты қаптамада 1 немесе 4 таблеткадан.

1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші және қаптаушы

Фарева Амбуаз,

Индустриале аймағы -29 роут дес Индастриес

37530 Поце-Сур-Циссе, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

Пфайзер Эйч Си пи Корпорэйшн, АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Пфайзер Эйч-Си-Пи Корпорэйшн» (АҚШ) компаниясының өкілдігі

Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 141

тел. (727) 272-27-01, 250-09-16

факс (727) 272-04-06

Прикрепленные файлы

448525051477976862_ru.doc 173.5 кб
811156181477978022_kz.doc 229 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники