Весаноид

МНН: Третиноин
Производитель: Каталент Германия Эбербах ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tretinoin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122150
Информация о регистрации в РК: 20.04.2016 - 20.04.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Весаноид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Третиноин

Дәрілік түрі

10 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – 10.00 мг третиноин,

қосымша заттар: араның сары балауызы, гидрогенделген соя майы, ішінара гидрогенделген соя майы, соя майы,

қабық құрамы: желатин, глицерол 85, Карион 83 (сорбитол, маннитол, гидролизденген гидрогенделген крахмал), титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Сопақша пішінді жұмсақ желатин капсулалар, капсуланың бір жақ жартысы – қызғылт сары-сары түсті, мөлдір емес; екіншісі – қызылдау-қоңыр түсті, мөлдір емес.

Капсуланың ішіндегісі – сарыдан жасылдау-сары түске дейінгі суспензия.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы дәрі. Третиноин

АТХ коды L01XX14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Третиноин – плазмада қалып шегінде болатын А витаминінің эндогенді метаболиті.

Сіңуі

Дені сау сыналушыларда ішу арқылы қабылдаудан кейін третиноин ас қорыту жолында сіңеді, ал қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 3 сағаттан соң жетеді.

Третиноин сіңуі бір ғана пациенттерде де, әртүрлі пациенттерде де едәуір өзгергіштігімен сипатталады.

Таралуы

Третиноин, негізінен, плазма ақуыздарымен байланысқан. Жоғары шегіне жетуден соң плазмалық концентрациясы төмендейді, орташа жартылай шығарылу кезеңі 0,7 сағатқа теңеледі. Препаратты 40 мг дозада бір рет қабылдаудан кейін плазмадағы концентрациясы 7-12 сағаттан соң бастапқы мәніне жетеді. Бірнеше рет қабылдағанда препараттың жинақталуы болмайды, препарат тіндерде кідірмейді.

Метаболизмі

Препаратты ұзақ уақыт қабылдағанда оның плазмадағы концентрациясы едәуір төмендеуі мүмкін, бұл Р450 цитохромы ферменттік жүйесінің индукциялану себебінен болуы ықтимал, ал ол препараттың клиренсін арттырады және биожетімділігін азайтады.

Шығарылуы

Радиобелсенді изотоппен таңбаланған третиноинді ішке қабылдаудан кейін препараттың 60 шамасы несеппен және 30 шамасы нәжіспен бөлінеді. Несептен табылған метаболиттері тотығу және глюкурондану нәтижесінде түзіледі.

Қазіргі уақытта третиноин мен даунорубициннің өзара әрекеттесу мүмкіндігі жөнінде деректер жоқ.

Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаға бейімдеу қажеттілігі туралы мәселе зерттелмеген. Алдын ала сақтану шарасы ретінде доза азайтылуы тиіс («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Фармакодинамикасы

Третиноин (толықтай транс-ретиной қышқылы) табиғи ретинол метаболиті болып табылады және табиғи әрі синтетикалық аналогтарды қамтитын ретиноидтар класына жатады. Третиноин гемопоэздің, соның ішінде адамдағы миелолейкоздар кезінде трансформацияланған жасушаларының дифференцияциясын индукциялайды және пролиферациясын тежейді. Жедел промиелоцитарлы лейкоз кезінде әсер ету механизмі транс-ретиной қышқылының ретиной қышқылы ядролық рецепторларымен байланысу өзгерісімен жүзеге асуы мүмкін, бұл орайда ретиной қышқылының α-рецепторы да РМL ақуызымен бірігу салдарынан өзгереді.

Қолданылуы

- жедел промиелоцитарлы лейкоз кезіндегі ремиссия индукциясында (ЖПМЛ; ҒАВ-АМL-M3 бойынша жіктелуі).

Весаноидты бұрын емделмеген пациенттерге, стандартты химиялық емнен (даунорубицинмен және цитарабинмен немесе олардың аналогтарымен) кейін қайталанулары болған немесе химиялық емге рефрактерлі пациенттерге тағайындауға болады.

Химиялық емді третиноинмен толықтыру, бір ғана химиялық еммен салыстырғанда, өмір сүру мерзімін ұзартады және қайталану қаупін төмендетеді.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ұсынылатын күндізгі дозасы дене беткейіне 45 мг/м2 құрайды және тең 2 қабылдауға бөлінеді. Бұл ересектерге арналған дозасына (8 капсулаға жуық) сәйкес келеді.

Капсулаларды ас ішу кезінде немесе ас ішуден соң тез арада сумен ішіп бүтіндей қабылдау ұсынылады. Капсулаларды шайнауға болмайды.

Қазіргі уақытта третиноиннің педиатриялық тәжірибеде пайдалану кезіндегі тиімділігі мен көтерімділігіне қатысты шектеулі ғана мәліметтер бар.

Балаларды емдеуге, егер ауыр жағымсыз әсерлері туындамаса, сол доза (дене беткейіне 45 мг/м2) ұсынылады. Егер балада тұрақты бас ауыруы болса, дозаны азайту қажет.

Емдеу толық ремиссияға жеткенше немесе 90 күннен аспайтын уақыт бойы жалғасуы тиіс.

Қазіргі уақытта бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер туралы шектеулі ғана деректер болуына орай, алдын ала сақтану мақсатында доза дене беткейіне 25 мг/м2 дейін азайтылуы тиіс.

Стандартты сызба бойынша антрациклиндер қамтылған химиялық ем третиноинмен емдеу сызбасына келесі үлгіде қосылуы тиіс («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз):

- емдеудің басында лейкоциттер саны 5 × 109/л-ден асып кетеді: химиялық емді 1-ші күні третиноин қабылдаумен бірге бастау.

- емдеудің басында лейкоциттер саны 5 × 109/л аз, бірақ олардың саны жағынан третиноинмен емнің әсерінен көбеюі: егер лейкоциттер саны 5-ші күні 6 × 109/л, немесе 10-шы күні 10 × 109/л, немесе 28-ші күні 15 × 109/л асып кетсе, шұғыл химиялық емді бастау.

- басқа барлық пациенттер үшін химиялық ем толық ремиссияға жетуден кейін бірден жүргізілуі тиіс.

Егер третиноинмен емдеу гиперлейкоцитоз салдарынан химиялық еммен толықтырылса, третиноин дозалануын өзгерту қажет болмайды.

Третиноинмен емдеу және химиялық емнің алғашқы циклы аяқталған соң антрациклиндер негізіндегі, мысалы, 4-тен 6 аптаға дейінгі аралықтармен химиялық емнің әріқарайғы 2 циклы түрінде консолидациялаушы химиялық ем жасалуы тиіс.

Кейбір пациенттерде, препаратты қабылдау ұзақтығына қарамастан, плазмадағы третиноин деңгейі едәуір төмендеуі мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Ұсынылатын Весаноид дозаларымен емделу кезінде ең жиі жағымсыз әсерлері басқа ретиноидтармен ем кезінде де туындайтын А гипервитаминозының субъективті және объективті симптомдары болды.

Көптеген ЖПМЛ-мен науқастарда (кейбір зерттеу орталықтарында 25% дейін) третиноинмен емделу аясында ретиной қышқылы синдромы (РҚС) туындайды. РҚС сипаттас симптомдар қызба, ентігу, жедел тыныстың тарылуы, өкпе инфильтраттары, плевралық және перикардиальді жалқықтар, гипотензия, ісінулер, салмақтың артуы, бауыр, бүйрек және көп ағзалық жеткіліксіздік болып табылады.

Емді тоқтату немесе жалғастыру шешімі емдеу артықшылықтарының және жағымсыз әсерлер ауырлық дәрежесінің арақатынасын бағалауға негізделуі тиіс («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Клиникалық сынақтар өткізу кезінде және препарат нарыққа шығарылған сәттен бастап анықталған келесі жағымсыз әсерлер жөнінде қосымша хабарланған: («Жиілігі белгісіз» нарыққа шығарудан кейінгі хабарламаларға сәйкес келеді).

Инфекциялар және инвазиялар:

Жиілігі белгісіз: некроздалған фасциит

Қан түзу және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар:

Жиілігі белгісіз: тромбоцитемия, базофилия

Зат алмасу бұзылулары және тамақтану бұзылыстары:

Өте жиі (≥ 1/10): тәбеттің төмендеуі

Жиілігі белгісіз: гиперкальциемия

Психикалық бұзылыстар:

Өте жиі (≥ 1/10): сананың шатасуы, қорқыныш күйі, депрессия, ұйқысыздық

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар:

Өте жиі (≥ 1/10): бас ауырулар, бассүйекішілік қысымның көтерілуі (церебральді жалған тумор), бассүйекішілік қысымның қатерсіз көтерілуі, бас айналу, парестезиялар

Жиілігі белгісіз: ми қан айналымының бұзылулары

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар:

Өте жиі (≥ 1/10): көрудің нашарлауы, конъюнктива аурулары

Есту ағзалары тарапынан бұзылулар:

Өте жиі (≥ 1/10): естудің төмендеуі

Жүрек қызметінің бұзылулары:

Өте жиі (≥ 1/10): аритмия

Жиілігі белгісіз: миокард инфарктісі

Тамыр жүйесі тарапынан бұзылулар:

Өте жиі (≥ 1/10): қызару және ысыну сезімі

Жиілігі белгісіз: тромбоздар, васкулиттер

Тыныс алу, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар:

Өте жиі (≥ 1/10): тыныс алу жеткіліксіздігі, мұрын шырышты қабығының құрғауы, демікпе

Ас қорыту ағзалары тарапынан бұзылулар:

Өте жиі (≥ 1/10): ауыздың кеберсуі, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, сұйық нәжіс, іш қату, панкреатит, хейлит

Тері және теріасты шелі тарапынан бұзылулар:

Өте жиі (≥ 1/10): эритема, экзантема, прурит, алопеция, тершеңдік

Жиілігі белгісіз: түйінді эритема, жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз (Свит синдромы)

Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін тарапынан бұзылулар:

Өте жиі (≥ 1/10): сүйектердің ауыруы

Жиілігі белгісіз: миозит

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар:

Жиілігі белгісіз: бүйрек инфарктісі

Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар:

Жиілігі белгісіз: жыныс ағзалары шырышты қабығының ойық жаралануы

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі жай-күйлер:

Өте жиі (≥ 1/10): кеуденің ауыруы, қызба, дімкәстану

Зертханалық зерттеулерде анықталған бұзылулар:

Өте жиі (≥ 1/10): плазмада триглицеридтер, креатинин, холестерин, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

Жиілігі белгісіз: гистамин деңгейінің артуы

Айрықша нұсқаулар

Төменде атап көрсетілген барлық сақтандырулар аурудың ауырлығымен және емдеудің кезек күттірмеуімен өзара байланыста қарастырылуы тиіс.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- третиноинға, ретиноидтарға, сояға, жер жаңғаққа немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық

- бір мезгілде тетрациклиндер қабылдау

- бір мезгілде А витаминін қабылдау

- жүктілік және бала емізу кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Весаноид Р450 цитохромының бауыр жүйесімен метаболизденетіндіктен, осы фермент жүйесінің индукторлары немесе тежегіштері болып табылатын препараттарды бір мезгілде қабылдау кезінде фармакокинетиканы өзгерту мүмкіндігі бар.

Р450 цитохромы жүйесі бауыр ферменттерінің белсенділігін көтермелейтін дәрілік заттарға рифампицин, глюкокортикостероидтар, фенобарбитал және пентобарбитал жатады. Р450 жүйесі бауыр ферменттерінің белсенділігін бәсеңдететін дәрілік заттарға кетоконазол, циметидин, эритромицин, верапамил, дилтиазем және циклоспорин жатады. Третиноинмен бір мезгілде қабылдағанда осы препараттардың тиімділік немесе уыттылық өзгерістерін айғақтайтын деректер жоқ.

Третиноин мен даунорубицин және цитарабин арасында болуы мүмкін фармакокинетикалық өзара әрекеттесу мәліметтері жоқ.

Транексам қышқылы, аминокапрон қышқылы және апротинин сияқты фибринолизге қарсы дәрілер: бір мезгілде третиноин және фибринолизге қарсы препараттар алатын пациенттерде өліммен аяқталатын тромбоз асқынуларының сирек жағдайлары сипатталған. Третиноин осы препараттармен бір мезгілде тағайындалғанда сақ болу қажет.

Тетрациклиндер: ретиноидтармен жүйелі ем бассүйекішілік гипертензияға әкелуі мүмкін. Тетрациклиндер қатарының препараттары да бас сүйекішілік қысымды көтеруі мүмкін екендіктен, оларды третиноинмен бір мезгілде тағайындауға болмайды.

А витамині: Весаноид, басқа да ретиноидтар сияқты, А гипервитаминозы симптомдарының күшеюіне орай, А витаминімен біріктірілгенде қарсы көрсетілімді.

Таблеткалар түріндегі құрамында гестаген бар контрацептивтер («мини-пили»): Весаноид пен «мини-пили» бір мезгілде қабылданғанда «мини-пили» контрацептивтік әсерінің сенімділігі азаяды.

Айрықша нұсқаулар

Весаноид жедел промиелоцитарлы лейкозы бар пациенттерге гематолог немесе онкологтың мұқият қадағалауымен ғана тағайындалуы тиіс. Весаноидпен ем барысында жедел промиелоцитарлы лейкозы бар пациенттерге демеуші шаралар, мысалы, қан кету профилактикасы және инфекцияларды шұғыл емдеу көрсетілген. Қан формуласын, ұю көрсеткіштерін, бауыр функциясын және триглицеридтер мен холестерин концентрациясын жиі бақылап отыру керек.

Егер лейкоциттер санына қатысты деректер негізінде третиноинмен емдеу стандартты сызба бойынша химиялық еммен толықтырылса, «ретиной қышқылы синдромының» (РҚС) туындау жиілігі төмендейді («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Ең ерте РҚС белгілері білінгенде дексаметазонмен емдеу курсын бастау қажет (көп дегенде 3 күн бойы немесе РҚС басылуына дейін әр 12 сағат өткенде 10 мг). Орташа және ауыр РҚС ағымында Весаноидпен емдеуді уақытша тоқтату мәселесін қарастыру қажет.

Емнің алғашқы айында тромбоз қаупі болатындықтан, науқастарды Весаноид пен транексам қышқылы, аминокапрон қышқылы немесе апротинин сияқты фибринолизге қарсы препараттар біріктірілімімен емдегенде сақ болу қажет.

Весаноид қолдану идиопатиялық (жалған туморозды) бассүйекішілік гипертензияға әкелуі мүмкін. Бұл синдромды медициналық жәрдем стандарттарына сәйкес емдеу керек. Егер пациент емдеуге реакция бермесе, Весаноидпен емді уақытша тоқтату мәселесін қарастыру қажет.

Свит синдромы немесе жедел фебрильді нейтрофильдік дерматоз жағдайларында кортикоидтармен емдеуге жауап кідіріссіз берілді.

Весаноидпен емделу кезінде, гиперкальциемия пайда болуы мүмкін екендіктен, плазмадағы кальций деңгейін бақылау қажет.

Весаноид құрамында сорбитол бар, сондықтан сирек тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы бар пациенттер Весаноид қабылдамауы тиіс.

Препарат құрамында соя майы, гидрогенделген соя майының болуына орай, препаратты қабылдағанда жергілікті тері реакциялары (жанаспалы дерматит) болуы мүмкін.

Балалар

Балаларда третиноин қолдану туралы ақпарат шектеулі. Третиноин қабылдайтын балаларда, уыттану құбылыстарының жиілеуі, атап айтқанда, идиопатиялық (жалған туморозды) бассүйекішілік гипертензия туралы бірнеше хабарламалар бар.

Жүктілік

Третиноин тератогенді дәрі болып табылады, жүкті әйелдерге және, егер препаратты қолданудың пайдасы эмбриондық бұзылулар қаупінен басым болса ғана, пациент әйелдің ауыр жағдайында және емдеу кезек күттірмегенде емделу кезінде немесе одан кейін 1 ай бойы жүкті бола алмайтын әйелдерге қарсы көрсетілімді.

Жүкті әйелдерде немесе егер жүктілік третиноинмен емделу кезінде туындаса, сәбидің даму ақауларымен туу қаупі өте жоғары болады, бұл дозаға және емдеу ұзақтығына байланысты емес.

Третиноинмен емдеу, егер төменде атап көрсетілген жағдайлардың бәрі қанағаттандырылған жағдайда ғана, бала туу жасындағы пациент әйелдерге тағайындалады:

- пациент әйелді дәрігер третиноинмен емделу кезінде және одан кейін 1 ай ішінде жүкті болудың қауіптілігі жөнінде хабардар еткенде;

- пациент әйел контрацепцияның міндетті шараларын қадағалауға келісім бергенде.

Третиноинмен емделу кезінде бала туу жасындағы әр пациент әйелдің емделу кезінде және ем аяқталған соң 1 ай бойы тиімді контрацепция әдістерін пайдалану қажеттілігі туралы талассыз талап қойылады;

- емделу кезінде кем дегенде айына 1 рет жүктілікке тест өткізу керек.

Шағын дозаланған прогестерон препараттары («мини-пили») Весаноид препараттарымен емделу кезінде талапқа сай емес контрацепция тәсілі болып табылады.

Егер, осы сақтандыру шараларына қарамастан, третиноинмен емделу кезінде немесе емделуден кейін 1 ай ішінде жүктілік орын алса, әсіресе, егер препарат жүктіліктің 1 триместрінде тағайындалса, даму ақаулары бар нәрестенің туу қаупі өте жоғары.

Бала емізу кезеңі

Третиноинмен емделу кезінде бала емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Весаноидтың бас айналу немесе қатты бас ауырулары сияқты кейбір жағымсыз әсерлері пациенттердің көлік құралдарын басқару немесе жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: Артық дозалану кезінде А гипервитаминозына тән қайтымды симптомдар (бас ауыру, жүрек айну, құсу, терінің және шырышты қабықтардың зақымдану белгілері).

Жедел промиелоцитарлы лейкозбен науқастарға ұсынылатын доза ауқымды ісіктері бар пациенттер барынша көтере алатын дозаның 1/4 бөлігін құрайды және балалар үшін ең жоғары көтерімді дозадан аз болады.

Емі: артық дозаланудың спецификалық емі жоқ, алайда пациентті гематологиялық бөлімге орналастыру маңызды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуын бақылаумен қамтамасыз етілген бұралатын ПЭВП қақпағы бар янтарь шыны құтыға 100 капсула салынады.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 құтыдан картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Каталент Германия Эбербах ГмбХ,

Гаммельсбахер штрассе 2, 69412 Эбербах, Германия

 

Қаптаушы/Шығарылу сапасын бақылау/

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

ЧЕПЛАФАРМ Арцнаймиттель ГмбХ,

Банхофштрассе 1а, 17498 Мезекенхаген, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік зат қауіпсіздігінің тіркеуден кейін қадағалануына жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050050, Алматы қ., Рысқұлов к-сі, 62-11.

Телефон: 8 (727) 397-31-51,

электронды пошта: reg_kz@mail.ru, gbektaeva@pharmagate.co.uk.

Сайт: www.pharmagate.co.uk/ru/contactsru/reaction.

 

 

Прикрепленные файлы

391627151477976215_ru.doc 76.5 кб
907964281477977453_kz.doc 96.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники