Веро-флударабин


Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Веро-флударабин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Флударабин
Дәрілік түрі
Көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған 50 мг лиофилизат
Құрамы
1 құты препараттың құрамында
белсенді зат – 100 % затқа шаққанда флударабин фосфаты 50.00 мг
қосымша заттар: маннитол, натрий гидроксиді
Сипаттамасы
Ақ түсті дерлік кеуекті масса
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы препараттар. Антиметаболиттер. Пурин аналогтары. Флударабин.
АТХ коды L01BB05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Онкологиялық науқастарда флударабиннің фармакокинетикасы мен оның емдік әсерінің арасында нақты өзара байланыстылық байқалған жоқ, мұндайда нейтропенияның анықталу және гематокриттің өзгеру жиілігі – дозаға тәуелді.
Флударабин фосфаты (2-фтор-ара-АМФ) флударабиннің (2-фтор-ара-А) суда еритін ізашары болып табылады, 2-фтор-ара-АМФ адам организмінде 2-фтор-ара-А нуклеозидіне дейін тез және толық метаболизденеді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы – мардымсыз.
СЛЛ бар науқастарға препараттың стандартты дозасымен 30 минут бойы бір реттік инфузиядан кейін 2-фтор-ара-А плазмада 3,5 - 3,7 мкМ-ге тең ең жоғары концентрациясына инфузияның соңында жетеді. Препаратты бес рет енгізгеннен кейін ең жоғары концентрацияның 4,4 - 4,8 мкМ-ге дейін орташа жоғарылағаны байқалады. Емдеудің бірнеше циклінен кейін 2-фтор-ара-А жиналып қалуы жоққа шығарылуы мүмкін. Инфузияны аяқтағаннан кейін концентрацияның бастапқы фазада жартылай шығарылу кезеңі 5 минутқа жуық, аралық – 1 - 2 сағат және терминальді – 20 сағатқа жуық болатын үш фазалы төмендегені байқалады.
Фармакокинетикалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес 2-фтор-ара-А орташа жалпы плазмалық клиренсі дене бетінің әр м2 шаққанда минутына 79±40 мл (дене салмағының әр кг-на шаққанда минутына 2,2±1,2 мл), ал орташа таралу көлемі — 83±55 л/м2 (2,4±1,6 л/кг) құрайды. Көрсеткіштеріне жекелей елеулі ауытқушылық тән. Қан плазмасында 2-фтор-ара-А концентрациясы және фармакокинетикалық қисық астындағы аудан дозаның артуымен өседі, ал жартылай шығарылу кезеңі, плазмалық клиренсі және таралу көлемі дозаға байланысты емес.
2-фтор-ара-А көбіне бүйректер арқылы (көктамыр ішіне енгізілген дозаның 40-тан 60%-ға дейіні) шығарылады. Бүйрек функциясы төмендеген адамдарда жалпы клиренстің азайғаны байқалады, бұл дозаны төмендету қажеттілігін көрсетеді.
2-фтор-ара-А лейкемиялық жасушаларға белсенді түрде тасымалданады, содан кейін монофосфатқа және ішінара ди- және трифосфатқа дейін рефосфорланады. Трифосфат (2-фтор-ара-АТФ) жасушаішілік негізгі метаболит және цитоуыттық белсенділігі бар белгілі жалғыз ғана метаболит болып табылады. СЛЛ бар емделушілерде лейкемиялық лимфоциттерде 2-фтор-ара-АТФ ең жоғары деңгейі орта есеппен 4 сағатта білінеді және әр адамда жекелей едәуір ауытқушылықтың болуымен сипатталады. 2-фтор-ара-АТФ концентрациясы лейкемиялық жасушаларда плазмаға қарағанда жоғары болады, бұл оның ісік жасушаларында жиналып қалғанын көрсетеді. 2-фтор-ара-АТФ жасуша-нысаналардан жартылай шығарылу кезеңі орта есеппен 15 – 23 сағатты құрайды.
Фармакодинамикасы
Веро-флударибин – ісікке қарсы препарат, құрамында флударабин фосфаты бар, ол вирусқа қарсы дәрі видарабиннің, аденозиндезаминазаның әсеріне біршама тұрақты 9-бета-D-арабинофуранозиладениннің (ара-А) суда еритін фторланған нуклеотидтік аналогы болып табылады.
Адам организмінде флударабин фосфаты 2-фтор-ара-А-ға дейін тез фосфорсызданады, ол жасушалармен қармалып, сонан кейін жасуша ішінде белсенді трифосфатқа дейін (2-фтор-ара-АТФ) дезоксицитидинкиназамен фосфорланады. Бұл метаболит ДНҚ-полимеразаны (альфа, дельта және ипсилон), ДНҚ-праймазаны және ДНҚ-лигазаны, рибонуклеотидредуктазаны тежейді және ДНҚ мен РНҚ-ға орнығады, бұл ДНҚ репликациясының терминациясына, РНҚ функциясының бұзылуына, процессингке және мРНҚ трансляциясына әкеледі. Іn vitro зерттеулер 2-фтор-ара-А созылмалы лимфолейкозы (СЛЛ) бар емделушілерде лимфоциттерге әсер ететіндігін, ДНҚ фрагментациясының механизмін және апоптозды белсенді ететіндігін көрсетті. Уытты. Тератогендік белсенділікке ие.
Қолданылуы
-
созылмалы В-жасушалы лимфолейкозда (СЛЛ)
Емдеудің алғашқы желілі препараты ретінде Веро-флударабинмен емдеу RAI жүйесі бойынша III/IV сатыда (Binet жүйесі бойынша - С сатысында) немесе RAI жүйесі бойынша I/II сатыда (Binet жүйесі бойынша – A/B сатысында) үдемелі аурулары бар емделушілерде ғана, ауру симптомдары немесе үдеген ауру белгілері байқалғанда, тағайындалуы тиіс.
Қолдану тәсілі және дозалары
Көктамыр ішіне 30 минут бойы тамшылатып немесе сорғалатып енгізу.
Ұсынылатын дозасы – әрбір 28 күн сайын 5 күн бойы күн сайын дене бетінің әр м2 шаққанда 25 мг.
Енгізер алдында құтының ішіндегі затты инъекцияға арналған 2 мл суда ерітеді.
Көктамыр ішіне сорғалатып енгізу үшін қажетті дозаны (науқастың дене бетіне қарай есептелген) көктамыр ішіне сорғалатып енгізу үшін 10 мл 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде және инфузиялық енгізу үшін 100 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады.
Емдеу ұзақтығы препараттың әсеріне және жағымдылығына байланысты.
СЛЛ бар науқастарға Веро-флударабин ең жоғары жауап алынғанша (толық немесе ішінара ремиссиялар, әдетте - 6 цикл) тағайындалады, содан кейін емдеу тоқтатылуы тиіс.
Балалар: Веро-флударабинді балаларға қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі зерттелген жоқ.
Бүйрек функциясының төмендеуі
Креатинин клиренсі минутына 30-дан 70 мл-ге дейін болғанда Веро-флударабин 50%-ға редуцирленген дозада тағайындалады, мұндайда емдеу қан көрсеткіштерін ұдайы бақылай отырып жүргізілуі тиіс. Креатинин клиренсі <30 мл/мин болғанда Веро-флударабинмен емдеуге болмайды.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі (1/10)
-
нейтропения, тромбоцитопения және анемия
-
жөтел
-
жүректің айнуы, құсу, диарея
-
қызба, қалтырау, дімкәстік, әлсіздік және қатты қажығыштық
-
салдарлық жұқпалар/оппортунистік жұқпалар (латентті вирустардың, соның ішінде ұшық және Эпштейн-Барр вирустарының реактивациясы, үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия), пневмония
Жиі ( 1/10 – ˂1/100)
-
миелосупрессия
-
анорексия
-
шеткергі нейропатия
-
көрудің бұзылуы
-
стоматит, мукозит
-
тері бөртпесі
-
шеткергі ісінулер
-
флударабинді алкилдеуші цитоуыттық дәрілерге, топоизомераза тежегіштеріне немесе радиотерапияға дейін, кейін немесе бір мезгілде қабылдаған емделушілерде миелодиспластикалық синдром (МДС)/жедел миелоидты лейкоз (ОМЛ)
Жиі емес ( 1/1000 – ˂1/100)
-
ісіктің лизисі синдромы, гиперурикемия, гиперфосфатемия, гипокальциемия, метаболизмдік ацидоз, гиперкалиемия, гематурия, уратты кристаллурия, бүйрек қызметінің бұзылуы
-
сананың шатасуы
-
өкпе инфильтраттары, пневмонит, өкпе фиброзы, ентігу
-
тромбоцитопения аясында асқазан-ішектік қан кетулер, бауыр және ұйқы безі ферменттері белсенділігінің артуы
-
аутоиммундық гемолитикалық анемия, аутоиммундық тромбоцитопения, тромбоцитопениялық пурпура, сулы бөртпе, Эванс синдромы
Сирек ( ˃1/10000 – ˂1/1000)
-
коматозды немесе қозу жағдайы, эпилепсия түріндегі ұстамалар
-
көру жүйкесінің невриті, көру нейропатиясы, соқырлық
-
жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, аритмия
-
Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)
-
лимфопролиферативтік бұзылулар (Эпштейн-Барр вирусымен байланысты)
Өте сирек (˂1/10000) және белгісіз (қолда бар деректер баға беру үшін жеткіліксіз)
-
геморрагиялық цистит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
флударабинге немесе препараттың басқа компоненттеріне асқын сезімталдық
-
креатинин клиренсі < 30 мл/мин болатын бүйрек функциясының айқын бұзылулары
-
декомпенсацияланған гемолитикалық анемия
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
18 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Рефрактерлі созылмалы лимфолейкозды (СЛЛ) емдеу үшін флударабинді пентостатинмен (дезоксикоформицинмен) біріктіріп пайдалану, өкпенің уыттануына байланысты, өліммен аяқталуға жиі әкеп соқты. Сондықтан флударабинді пентостатинмен біріктіріп қолданбау керек.
Флударабиннің емдік тиімділігі дипиридамолмен немесе аденозинді қармап қалатын басқа тежегіштерімен азаюы мүмкін.
Көктамыр ішіне қолдануға арналған Веро-флударабин ерітіндісін басқа препараттармен араластыруға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Веро-флударабинмен емдеуді цитоуытты дәрілерді пайдалану тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен жүргізген жөн.
Веро-флударабинмен ем қабылдап жүрген емделушілер гематологиялық және гематологиялық емес (әсіресе неврологиялық) уыттылық симптомдарын дер кезінде анықтауға мұқият бақылануы тиіс. Анемияны, нейтропенияны және тромбоцитопенияны анықтау үшін шеткергі қан көріністерін әлсін-әлсін бағалауға, сондай-ақ қан сарысуында креатинин концентрациясын мұқият бақылауға және креатинин клиренсін анықтауға кеңес беріледі.
Сирек жағдайларда флударабинді алкилдеуші цитоуытты дәрілерге немесе радиотерапияға дейін, кейін немесе олармен бір мезгілде қабылдаған емделушілерде миелодиспластикалық синдром (МДС) байқалды. Флударабинмен монотерапияда МДС байқалған жоқ.
Гемотрансфузия нәтижсінде пайда болатын «иесіне қарсы трансплантат» реакциясы (иесіне қарсы трансфузияланатын иммунокомпетентті лимфоциттер реакциясы) флударабинмен ем қабылдаған науқастарға сәулеленбеген қан құйылғаннан кейін байқалды. Осы аурудың салдары ретінде өліммен аяқталу жиілігінің жоғары болатындығы жөнінде мәлімделді. Осыған байланысты, гемотрансфузияяны керек ететін және Веро-флударабинмен ем қабылдап жүрген немесе қабылдаған емделушілерге тек сәулеленген қанды ғана құйған жөн.
Флударабинмен емделу кезінде немесе одан кейін бұрыннан бар тері обырының өсуі күшейген жекелеген жағдайлар жөнінде мәлімделді.
Флударабин емдеудің алғашқы аптасында-ақ ісіктің ыдырауын тудыруы мүмкін болғандықтан, осы синдромның пайда болу қаупі бар науқастарды (әсіресе ісік массасы үлкен болғанда) емдегенде сақ болуы керек.
Веро-флударабинмен ем қабылдап жүрген науқастар гемолитикалық анемия белгілерін (гемоглобин деңгейінің төмендеуі және Кумбстің оң сынамасы) анықтау үшін мұқият бақылануы тиіс. Гемолиз пайда болған жағдайда Веро-флударабинмен емдеуді тоқтату керек. Гемолитикалық анемияда өте кең таралған емдік шаралар сәулеленген қан трансфузиясы және глюкокортикостероидтармен емделу болып табылады.
Веро-флударабин әлсіз жағдайдағы науқастарға, сүйек кемігі функциясы айқын төмендеген (тромбоцитопения, анемия, және/немесе гранулоцитопения), иммунитеті тапшы немесе жедел вирустық, зеңдік немесе бактериялық жұқпалары бар науқастарға, бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастарға (бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерде флударабиннің тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелген жоқ), 75 жастан асқан науқастарға (егде жастағы науқастарда флударабинді қолдану жөнінде клиникалық деректердің жеткіліксіз болуына байланысты) қаупі/пайдасы арақатынасына мұқият баға берілгеннен кейін сақтықпен тағайындалуы тиіс.
Фертильді әйелдер мен еркектер емделу кезінде және емді аяқтағаннан кейін кем дегенде 6 ай бойы ұрықтануға қарсы дәрілерді пайдалануы керек.
Веро-флударабинмен емдеу кезінде және емдегеннен кейін тірі вакциналармен вакцинация жасамаған жөн.
Жүкті әйелдердің Веро-флударабинмен жұмыс жасауына рұқсат етілмейді.
Цитоуытты дәрілерді пайдалану және жою ержелерін орындаған жөн.
Латекс қолғаптарды және қорғағыш көзілдіріктерді пайдалану керек. Препаратпен дем алуға жол бермеген жөн. Ерітінді теріге немесе шырышты қабықтарға тиіп кеткен жағдайда осы жерлерді сабынды сумен мұқият жуып-шаю керек. Көзге тигізіп алған жағдайда көзді судың мол мөлшерімен мұқият шайған жөн.
Дәрілік заттың көлікті немесе басқа қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препараттың қатты шаршау, әлсіздік, көру жітілігінің бұзылуы сияқты кейбір жағымсыз әсерлері автомобильді басқару және зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне жағымсыз ықпалын тигізуі мүмкін.
Артық дозалануы
Симптомдары – флударабиннің жоғары дозалары орталық жүйке жүйесінде, соқырлықты, команы және өлімді қамтитын қайтымсыз өзгерулерді тудырады. Жоғары дозаларын қолдану сондай-ақ, сүйек кемігі функциясының басылуы салдарынан айқын тромбоцитопенияның және нейтропенияның пайда болуымен де байланысты.
Емі – флударабинмен артық дозаланғанда өзіне тән у қайтарғылары белгісіз. Емі препаратты енгізуді тоқтату және демеуші ем жүргізу болып табылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Белсенді зат резеңке тығынмен нығыздап тығындалған, алюминий немесе алюмо-пластик қалпақшамен қаусырылған түссіз шыны құтыларда 50 мг-ден.
Құтыға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба, немесе өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылған.
1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушылар ыдысына арналған картон пәшкеге салынған.
3 немесе 5 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған перделері немесе арнайы ұялары бар пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші ұйымның атауы және елі
«ЛЭНС-Фарм» ЖШҚ, Ресей Федерациясы.
Заңды мекенжайы: 143033, Мәскеу облысы, Одинцово ауданы, Горки-Х кенті, 30а үй
Өндірістің және шағымдарды қабылдаушының мекенжайы: 601125, Владимирск обл., Петушинский ауд., Вольгинский кенті, 95 корпус, 67 корпус
Тел. (49243) 7-17-53
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«ЛЭНС-Фарм» ЖШҚ, Ресей Федерациясы.
Қаптаушы ұйымның атауы және елі
«ЛЭНС-Фарм» ЖШҚ, Ресей Федерациясы.
Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«ВЕРОФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Саин к-сі, 30 үй, 116 кеңсе
тел.: (727) 273-1634, (727) 230-09-09