Веногепанол

МНН: Гепарин натрия, Декспантенол, Троксерутин
Производитель: Борщаговский ХФЗ НПЦ ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Гепарин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005129
Информация о регистрации в РК: 05.12.2013 - 05.12.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Веногепанол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гель

Құрамы

1 г гельдің құрамында

белсенді заттар: 20.0 мг венорутинол (гидроксиэтил орын басқан рутин қосылыстары мен құрғақ зат қосындысының 100 % мөлшеріне шаққанда)

2.499 мг гепарин натрий (120 ХБ/мг белсенділігімен гепаринге шаққанда)

30.0 мг декспантенол (100 % сусыз затқа шаққанда)

қосымша заттар: пропиленгликоль, динатрий эдетаты, карбомерлер, натрий гидроксиді, тазартылған су.

Сипаттамасы

Біртекті консистенциядағы мөлдір сары түсті гель

Фармакотерапиялық тобы

Гепарин басқа да препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды C05BA53

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сипатталмаған

Фармакодинамикасы

Веногепанол – сыртқа қолдануға арналған қабынуға қарсы және тромбозға қарсы дәрі. Гепарин жергілікті тромбозға қарсы, ісінуге қарсы әрі қабынуға қарсы әсерді иеленген, жергілікті қан ағымын жақсартады.

Венорутинол, троксерутиннің синтетикалық аналогы, көктамырларды сергіткіш және ангиопротекторлық әсері бар, қылтамырлар қабырғаларының өткізгіштігін қалыптандырады, олардың тонусын көтереді. Ангиопротекторлық ықпалымен қатар венорутинол созылмалы көктамыр жеткіліксіздігі жай-күйлерінде ісінуге қарсы және қабынуға қарсы әсерін тигізеді.

Декспантенол тіндердің грануляциясын және эпителизациясын көтермелейді, сондай-ақ гепариннің сіңуін жақсартады.

Қолданылуы

Алдын алу және емдеу үшін (кешенді ем құрамында):

- тромбоздар, тромбофлебиттер және аяқ көктамырларының варикозды кеңеюінде

- жергілікті қан айналуы бұзылған балтырдың ойық жараларында

- геморроидальді көктамырлар тромбофлебиттерінде

- қан құйылумен, гематомамен, контузиямен, созылулармен бірге жұмсақ тіндердің жабық жарақаттарында (соның ішінде спорттық)

- тендовагиниттерде

- операциядан кейінгі тыртықтардың жазылу үдерістерінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға ұзындығы 5 см гель бағанын зақымдалған бөлікке тәулігіне 1-3 рет жағады. Көктамыр ауруларын емдегенде препарат гелі бар таңғыштар түрінде қолданылады. Варикозды ойық жараларда гель ойық жараның айналасынан сақина түрінде жағылады. Гематомалы жарақаттарды (соның ішінде спорттық) емдегенде емдеу ұзақтығы 5-7 күн құрайды. Емдеу ұзақтығын клиникалық көрсетілімдермен және ауру ағымымен байланысты дәрігер әркімге жеке белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- жергілікті аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, жанаспалы дерматит, қызару)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 12 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Ашық жараларға жағуға болмайды!

Препараттың көзге және шырышты қабықтарға түсіп кетпеуін қадағалау керек.Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңінде препаратты дәрігердің бақылауымен ғана қолдануға болады.

Препаратты лактация кезеңінде тағайындау қажет болса, емшекпен қоректендіруді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

40 г гель ішкі жағы лакпен жабылған, бушоны бар алюминий сықпада.

Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты” Ғылыми-өндірістік орталығы» Жариялы акционерлік қоғамы,

03134, Украина, Киев қ., Мир к-сі 17.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты” Ғылыми-өндірістік орталығы» Жариялы акционерлік қоғамы, Украина

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы аумағындағы «Борщагов ХФЗ» ҒӨО ЖАҚ өкілдігі

050043, Алматы қ., Орбита-2 ы/а, 28 үй, 30 пәтер

Факс: +7(272) 20-78-05, 55-18-53

E-mail: vadimt58@list.ru

Прикрепленные файлы

722334721477976795_ru.doc 50 кб
183143651477977948_kz.doc 50.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники