Венлаксор® (75 мг) (Venlafaxine)

МНН: Венлафаксин
Производитель: Гриндекс АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Venlafaxine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004257
Информация о регистрации в РК: 29.12.2016 - 29.12.2021
Номер регистрации в РБ: 7245/05/10/14/19/23
Информация о регистрации в РБ: 12.09.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 82.98 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ВЕНЛАКСОР®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Венлафаксин

Дәрілік түрі

37,5 мг және 75 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат – 37,5 мг немесе 75 мг венлафаксин (венлафаксин гидрохлориді түрінде),

қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, сусыз лактоза, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, бір жағында ойығы мен сызығы бар, күңгірт-қызғылт теңбілді ашық қызғылт түсті таблеткалар (екі доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Басқа да антидепрессанттар. Венлафаксин

АТХ коды N06АХ16

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Венлафаксин асқазан-ішек жолында оңай сіңіріледі. Ол жүйе алдында бұрынғы қарқынмен метаболизмге ұшырап, бауырда белсенді метаболит – ортодезметилвенлафаксинге (ОДВ) айналады. Ішу арқылы қолданудан кейін қандағы венлафаксин және ОДВ ең жоғары концентрациясы, тиісінше, 2 және 3 сағаттан соң байқалады. Екі заттың да қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі төмен (венлафаксин үшін 27  және ОДВ үшін 30 ). Венлафаксиннің жартылай шығарылу кезеңі, орта есеппен, 5 сағат құрап, ОДВ үшін бұл шама 11 сағат құрайды. Венлафаксин белсенді емес метаболиттер түрінде, сондай-ақ бос немесе конъюгацияланған пішінде, негізінен, несеппен (80  жуық) 48 сағат ішінде шығарылады. Венлафаксин 20  жуық нәжіспен шығарылады. Тәуліктік 74-450 мг дозалар диапазонында венлафаксин және ОДВ дозаға байланысты болады.

Жасы және жынысы

Венлафаксин және ОДВ фармакокинетикасы пациенттердің жасы мен жынысына айтарлықтай байланысты емес.

CYP2D6 жылдам/баяу метаболизаторлары

Қан плазмасындағы венлафаксин концентрациясы CYP2D6 баяу метаболизаторларында жылдам метаболизаторлардағыдан жоғары. Венлафаксин мен ОДВ жиынтық экспозициясы (AUC) баяу және жылдам метаболизаторларда ұқсас екендіктен, осы екі топқа венлафаксинді дозалаудың әртүрлі режимдері қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл және орташа дәрежедегі пациенттерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша A және В) венлафаксин және ОДВ жартылай шығарылу кезеңі, бауыр функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, ұзарады. Венлафаксин мен ОДВ ішу арқылы клиренсі төмендейді. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде қолданылу деректері шектеулі.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Диализде жүрген пациенттерде, бауыр функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, жартылай шығарылу кезеңі шамамен 180 % жоғары, ал клиренс шамамен 57 % төмен, бұл орайда ОДВ жартылай шығарылу кезеңі шамамен 142 % ұзақ, ал клиренс шамамен 56 % азырақ. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр және гемодиализді қажет ететін пациенттерге дозаны түзету қажет.

Фармакодинамикасы

Венлафаксин фенилэтиламин туындыларының антидепрессанттарына жатады. Басқа белгілі антидепрессанттардан химиялық құрылымы және фармакологиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді.

Депрессияның әр алуан түрлерінің негізінде негізгі нейромедиаторлық жүйелер реттелісінің бұзылуы жатады. Олардың функциясының бұзылуы нәтижесінде синапстарда жүйке импульстерінің берілісі тежеледі. Венлафаксин әсері орталық жүйке жүйесінде (ОЖЖ) нейромедиаторлар белсенділігінің күшеюімен байланыстырылады. Венлафаксин және ОДВ серотонин мен норадреналиннің нейрональді қармалуын тежеп, осылайша, осы медиаторлардың синапстардағы санын көбейтеді. Венлафаксин, аз дәрежеде, дофаминергиялық синапстарда дофаминнің кері қармалуын тежейді.

Венлафаксин мидың мускариндік, холинергиялық, гистаминдік (H1), α1-адренергиялық рецепторларымен мүлде тектес емес. Осы рецепторларға қатысты фармакологиялық белсенділігі басқа антидепрессанттарға тән әртүрлі жағымсыз әсерлермен, мысалы, антихолинергиялық, тыныштандыру әсерлерімен, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын жағымсыз әсерлермен байланысты болуы мүмкін. Венлафаксин моноаминоксидаза (МАО) белсенділігін бәсеңдетпейді, апиын, бензодиазепин рецепторларымен іс жүзінде тектестігі жоқ.

Қолданылуы

  • депрессияның әр алуан түрлерін, соның ішінде үрей сезімімен қатар жүретін депрессияларды емдеуде және профилактикада.

Қолдану тәсілі және дозалары

ВЕНЛАКСОР® қатаң түрде дәрігердің тағайындауы бойынша қабылданады! Таблеткаларды тамақтану кезінде, шамамен белгілі бір мезгілде, жеткілікті су мөлшерімен ішіп, бүтіндей жұтады. Дозаларды таңдау әркімде жекеше және аурудың ауырлығына байланысты (бір реттік ең жоғары доза 75 мг, тәуліктік доза 375 мг, емдеу курсы бірнеше айдан бір жылға дейін құрайды).

Әдеттегі бастапқы тәуліктік дозасы 2-3 қабылдауға 75 мг құрайды. Бірнеше аптадан соң тәуліктік дозаны 2-3 қабылданатын 150 мг дейін арттыруға болады. Қажет болса, тәуліктік дозаны тіпті 225 мг дейін арттыруға болады. Әдетте, дозаны әр төрт күн сайын 75 мг арттырады.

Стационар жағдайларында ауыр аурулар кезінде бастапқы тәуліктік доза 150 мг құрайды, қажет болса, оны біртіндеп әдетте үш қабылдауға бөлінетін ең жоғары тәуліктік 375 мг дозаға дейін арттырады.

Дозаға байланысты жағымсыз әсерлер қаупіне орай, пациент жағдайын клиникалық бағалаудан кейін ғана доза арттырылуы тиіс.

Емдік әсеріне жеткен соң дозаны біртіндеп азайту керек.

Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны азайтады. Ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігінде тәуліктік дозаның жартысы немесе тіпті одан аз тағайындалады; ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге – тәуліктік дозадан 25 - 50.

Егде жастағы пациенттер үшін, әдетте, дозаны таңдау керек емес, алайда емдеу кезінде сақ болу қажет. Дозаны арттырғанда пациент мұқият медициналық бақылауда болуы тиіс.

Балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Венлафаксин балалар мен жасөспірімдерге қолдануға ұсынылмайды.

Депрессиялық бұзылыстары ауқымды балалар мен жасөспірімдерде бақыланатын клиникалық зерттеу пациенттердің осы тобында венлафаксин қолдану тиімділігін көрсетпеген. Балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде венлафаксинді басқа көрсетілімдер бойынша қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.

ВЕНЛАКСОР® препаратын тоқтату

Препаратты күрт тоқтатуға болмайды. Емді кенеттен тоқтату, әсіресе, препараттың жоғары дозаларынан кейін тоқтату симптомдарын туғызуы мүмкін, осыған орай, препаратты тоқтатар алдында оның дозасын біртіндеп азайту ұсынылады. Дозаны азайтуға қажетті кезең ұзақтығы доза шамасына, ем ұзақтығына, сондай-ақ пациенттің жеке сезімталдығына байланысты.

Жағымсыз әсерлері

Клиникалық зерттеулерде бәрінен жиі кездесетін жағымсыз әсерлері жүрек айну, ауыздың кеберсуі, бас ауыру және тершеңдік (түнгі тершеңдікті қоса) болды.

Әріқарай аталған қолайсыз жағымсыз әсерлер ағзалар және жиілік жіктемесіне сай ретке келтірілген.

Жиілігі былайша белгіленеді: өте жиі (1/10), жиі (1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (1/10 000-нан <1/1000 дейін), белгісіз (қолжетімді деректер бойынша анықтауға болмайды).

Өте жиі

- бас ауыру*, бас айналу

- жүрек айну, ауыздың кеберсуі

- тершеңдік (соның ішінде түнгі)

Жиі

- тәбеттің төмендеуі

- шатасу жағдайы, өзін-өзі танымау, аноргазмия, жыныстық құштарлықтың кемуі, күйгелектік, ұйқысыздық, әдеттен тыс түстер көру

- ұйқышылдық, діріл, парестезия, гипертония

- көрудің бұзылуы, соның ішінде анық көрмеу, мидриаз, аккомодацияның бұзылуы

- құлақтың шуылдауы

- жүрек қағу

- гипертензия, қан тамырларының кеңеюі (бәрінен жиірек, қызару сияқты)

- есінеу

- құсу, диарея, іш қату

- дизурия (ең алдымен, несеп шығаруға қабілетсіздік), полакиурия

- жүйесіз немесе күшейген қан кетумен байланысты етеккір оралымының бұзылуы (мысалы, меноррагия, метроррагия), эякуляцияның бұзылуы, эректильді дисфункция

- астения, шаршау

- қандағы жоғары холестерин деңгейі

Жиі емес

- елестеулер, мақсатын жүзеге асыра алмау, ажитация, өзгерген оргазм (әйелдерде), апатия, гипомания, бруксизм

- акатизия/психомоторлық мазасыздық, естен тану, миоклонус, қозғалыс үйлесімінің өзгеруі, тепе-теңдіктің бұзылуы, дәм сезудің өзгеруі

- тахикардия

- ортостатикалық гипотензия

- ентігу

- асқазан-ішек жолынан қан кету

- ангиоедема, фотосезімталдық реакциялары, теріастылық қан кетулер, бөрту, алопеция

- несеп іркілісі

- салмақтың артуы, салмақтың кемуі

Сирек

- мания

- конвульсиялар

- несепті ұстай алмау

Белгісіз

- тромбоцитопения, қан тарапынан бұзылулар, агранулоцитозды, апластикалық анемияны, нейтропенияны, панцитопенияны қоса

- анафилаксиялық реакциялар

- антидиурездік гормонның (АДГ) талапқа сай емес секрециясы синдромы

- гипонатриемия

- суицидтік ойлар және суицидтік мінез-құлық**, делирий, озбырлық

- қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС), серотонинергиялық синдром, экстрапирамидалық бұзылулар, дистония мен дискинезияны қоса, кешеуілді дискинезия

- жабық бұрышты глаукома

- вертиго

- қарыншалар фибрилляциясы (torsade de pointes қоса)

- гипотензия, қан кету (қызылиектерден қан кету)

- өкпе эозинофилиясы

- панкреатит

- гепатит, бауыр функциясы көрсеткіштерінің өзгеруі

- Стивенс-Джонсон синдромы, erythema multiforme, уытты эпидермалық некролиз, қышыну, есекжем

- рабдомиолиз

- электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы, қан ұю кідірісі, қандағы жоғары пролактин деңгейі

* Біріккен клиникалық зерттеулерде венлафаксин қолданылғанда венлафаксин мен плацебодан болатын бас ауырудың кездесу жиілігі бірдей болды.

** Венлафаксинмен емделу кезінде және емдеуді тоқтатудан кейін тез арада суицидтік ойлар және суицидтік мінез-құлық жағдайлары тіркелген.

Тоқтату синдромы

Венлафаксинмен емдеуді тоқтату (әсіресе, кенет) тоқтату симптомдарын жиі туындатады. Мынадай реакциялар туралы бәрінен жиірек хабарланады: бас айналу, сезімталдықтың нашарлауы (соның ішінде, парестезиялар), ұйқының бұзылуы (соның ішінде, ұйқысыздық және айқын түстер), қозу немесе мазасыздық, жүрек айну және/немесе құсу, діріл, бас ауыру және тұмау синдромы. Негізінен, бұл симптомдар жеңіл немесе орташа айқын сипатта болып, өздігінен басылады, алайда, кейбір пациенттерде олар қатты айқын және/немесе ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан, егер венлафаксинмен емдеу енді қажет болмаса, дозаны біртіндеп азайтумен оны біртіндеп тоқтату ұсынылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық

- моноаминооксидаза тежегіштері (МАОт) тобынан кез келген антидепрессантты бір мезгілде қабылдау, сондай-ақ 14 күн ішіндегі кезеңде қайтымды МАОт енгізуден кейін. Қайтымды МАОт (мысалы, моклобемид) қолдану жағдайында аз (кемінде 24 сағат) уақыт аралығында венлафаксин қабылдау қарсы көрсетілімді. Венлафаксин тоқтатудан кейін МАОт қабылдауды бастар алдында кем дегенде 7 күн күту керек.

- бүйрек (креатинин клиренсі 10 мл/минуттан аз) және бауыр (протромбин уақыты 18 секундтан көп) функциясының ауыр бұзылулары

- бауыр немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- жүктілік және бала емізу

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (тиімділік және қауіпсіздік деректерінің болмауымен байланысты)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Моноаминоксидаза тежегіштері (МАОт)

  • Қайтымсыз таңдамалы емес МАОт

Бір мезгілде МАОт және венлафаксин қолдану қарсы көрсетілімді. Қайтымсыз таңдамалы емес МАОт емі аяқталған соң кемінде 14 күн өткенде венлафаксин қабылдауды бастауға болады. Қайтымсыз таңдамалы емес МАОт емі басталғанша кем дегенде 7 күн бұрын венлафаксин қабылдауды тоқтату қажет.

  • Қайтымды таңдамалы МАО-А тежегіші (моклобемид)

Серотониндік синдромның даму қаупіне орай, қайтымды таңдамалы МАОт (моклобемид) мен венлафаксинді бірге қолдану ұсынылмайды. Венлафаксинмен емдеуді бастау мен осының алдындағы қайтымды МАОт емінің арасындағы үзіліс қысқа – 14 күннен аз болуы мүмкін. Қайтымды МАОт емінің басталуынан кем дегенде 7 күн бұрын венлафаксин қабылдауды тоқтату ұсынылады.

  • Қайтымды таңдамалы емес МАОт (линезолид)

Линезолид антибиотигі әлсіз қайтымды және таңдамалы емес МАОт болып табылады, оны венлафаксин қабылдайтын пациенттерге тағайындауға болмайды.

МАОт қабылдауды таяуда тоқтатып, венлафаксин қабылдауды бастаған немесе МАОт емінің басталуынан аз уақыт бұрын венлафаксинмен емді тоқтатқан пациенттерде ауыр қолайсыз реакциялар хабарланды. Бұл реакциялар тремор, миоклония, қатты терлеу, жүрек айну, құсу, беттің қызаруын, бас айналу және қатерлі нейролептикалық синдромға ұқсайтын белгілермен болатын жоғары температураны, құрысу ұстамаларын және өлімді қамтиды.

Серотониндік синдром

Басқа серотонинергиялық дәрілер қабылдау жағдайындағы сияқты, венлафаксин қабылдау кезінде, әсіресе, серотонинергиялық нейромедиаторлық жүйеге әсер көрсететін басқа дәрілермен (соның ішінде, триптандар, норадреналин мен серотонининді кері қармайтын тежегіштер, серотонининді кері қармайтын таңдамалы тежегіштер, литий, сибутрамин, трамадол немесе шайқурай [Hypericum perforatum]), серотонин метаболизмін бұзатын дәрілік заттармен (соның ішінде, МАОт) немесе серотонин ізашарларымен (триптофан қоспалары) бірге қолданғанда серотониндік синдромды байқауға болады.

Егер клиникалық көрсетілімдер бойынша венлафаксин мен серотонининді кері қармайтын таңдамалы тежегішті, норадреналин мен серотонинді кері қармау тежегішін немесе серотониндік рецепторларлар агонисін (триптан) бірге қолдану қажет болса, әсіресе, емдеудің басында және дозаны арттырғанда пациентті мұқият қадағалау ұсынылады. Венлафаксин мен серотониннің ізашарларын (триптофан қоспалары сияқты) бірге қолдану ұсынылмайды.

Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар

Венлафаксин мен ОЖЖ-не ықпал ететін басқа заттарды бір мезгілде қолдану қаупі жүйелі зерттелмеген. Сондықтан ОЖЖ-не әсер ететін заттармен біріктіріп венлафаксин қабылдау кезінде сақ болуға кеңес беріледі.

Этанол

Венлафаксиннің этанолдан туындаған ақыл-ой және қозғалыс функцияларының күшейтпейтіні дәлелденген. Дегенмен де, ОЖЖ-не әсер ететін басқа заттардың бәрін қолдану кезіндегідей, пациенттерге алкоголь тұтынудан бас тартуға кеңес беру керек.

QT аралығын ұзартатын дәрілер

Венлафаксинді QT аралығын ұзартатын басқа дәрілермен қолданғанда QTc аралығының ұзару және/немесе қарыншалық аритмия (мысалы, torsades de pointes) қаупі артады. Ондай дәрілерді бір мезгілде қолданбау керек.

Дәрілердің осы типіне жататындар:

  • аритмияға қарсы Ia және III класс дәрілері (мысалы, хинидин, амиодарон, соталол, дофетилидин);

  • психозға қарсы кейбір дәрілер (мысалы, тиоридазин);

  • макролидтер тобының кейбір антибиотиктік дәрілері (мысалы, эритромицин);

  • гистаминге қарсы кейбір препараттар;

  • хинолин тобының кейбір антибиотиктік дәрілері (мысалы, моксифлоксацин).

Жоғарыда берілген тізім толық емес, сондықтан QT аралығын ұзартатын басқа дәрі-дәрмектермен қолданбау керек.

Венлафаксиннің Р450 цитохромы изоферменттерімен метаболизденетін басқа дәрі-дәрмектерге әсері

Іn vivo зерттеулерінде венлафаксиннің CYP2D6 салыстырмалы әлсіз тежегіші екені анықталған. Венлафаксин CYP3A4 (алпразолам және карбамазепин), CYP1A2 (кофеин) және CYP2C9 (толбутамид) немесе CYP2C19 (диазепам) in vivo тежемейді.

Кетоконазол (CYP3A4 тежегіші)

CYP2D6 жылдам (ЖМ) және баяу (БМ) метаболизаторлары бар пациенттердің қатысуымен фармакокинетикалық зерттеу кетоконазол қабылдаудан кейін венлафаксин (CYP2D6 БМ және ЖМ үшін, тиісінше, 70 % және 21 %) және ОДВ (CYP2D6 БМ және ЖМ үшін, тиісінше, 33 % және 23 %) AUC артуын көрсетті. CYP3A4 тежегіштері (мысалы, атазанавир, кларитромицин, индинавир, итраконазол, вориконазол, позаконазол, кетоконазол, нелфинавир, ритонавир, саквинавир, телитромицин) және венлафаксинді бірге қолдану венлафаксин мен ОДВ деңгейлерін арттыруы мүмкін. Сондықтан, егер пациентті емдеуде CYP3A4 тежегіші мен венлафаксинді бірге қолдану қамтылса, сақ болуға кеңес беріледі.

Литий препараттары

Венлафаксин мен литий препараттарын бірге қолданғанда серотониндік синдром дамуы мүмкін.

Диазепам

Венлафаксин диазепам мен оның белсенді метаболиті – десметилдиазепам фармакокинетикасын, фармакодинамикасын өзгертпейді. Диазепам венлафаксин немесе ОДВ фармакокинетикасына ықпал етпейді. Басқа бензодиазепиндермен фармакокинетикалық және/немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі белгісіз.

Имипрамин

Венлафаксин импрамин және 2-OH-имипрамин фармакокинетикасына ықпал етпейді. Венлафаксинді тәулігіне 75-150 мг дозада қабылдағанда 2-OH-десипрамин AUC 2,5‑4,5 есе дозаға тәуелді жоғарылауы байқалды. Имипрамин венлафаксин немесе ОДВ фармакокинетикасына ықпал етпейді. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәні белгісіз. Венлафаксин мен имипраминді бірге қабылдағанда сақ болу керек.

Галоперидол

Галоперидолмен жүргізілген фармакокинетикалық зерттеулерде галоперидолдың жалпы ішу арқылы клиренстің 42 % төмендеуі, AUC 70 % ұлғаюы, Cmax 88 % артуы; жартылай шығарылу кезеңінің өзгеруі байқалмаған. Бұл венлафaксинмен бірге галоперидол қабылдайтын пациенттерде ескерілу керек. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәні белгісіз.

Рисперидон

Венлафаксин рисперидон AUC мәнін 50 % арттырады, бірақ жалпы психозға қарсы фракцияның фармакокинетикалық бейінін елеулі дәрежеде өзгертпейді (рисперидонға қоса 9-гидроксирисперидон). Осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәні белгісіз.

Метопролол

Дені сау еріктілерде венлафаксин мен метопрололды бірге қолдану нәтижесінде екі дәрілік заттың да фармакокинетикалық өзара зерттеуінде қан плазмасындағы метопролол концентрациясы шамамен 30-40 % ұлғайды, осы орайда плазмада оның белсенді метаболиті - α-гидроксиметопролол концентрациясы өзгеріссіз күйде қалды. Осы нәтижесінің гипертензиядан зардап шегетін пациенттердегі клиникалық мәні белгісіз. Метопролол венлафаксиннің немесе оның белсенді метаболиті ОДВ фармакокинетикалық бейінін өзгертпейді. Венлафаксин мен метопрололды бірге қабылдағанда сақтық шарасын қадағалау керек.

Индинавир

Индинавирмен фармакокинетикалық зерттеуі индинавир AUC 28 % азаюын және индинавир Cmax 36 % төмендеуін көрсетті. Индинавир венлафаксин немесе ОДВ фармакокинетикасына ықпал етпейді. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәні белгісіз.

Венлафаксин және зертханалық тестілер нәтижелері

Венлафаксин қабылдайтын пациенттерде фенилциклидин және амфетаминге иммундық тест талдауының жалған оң нәтижелері байқалды. Бұл спецификалық скрининг тестілердің болмауымен байланысты. Жалған оң нәтижелерін венлафаксинді тоқтатудан кейін бірнеше күн ішінде байқауға болады. Газды хроматография/масс-спектрометрия сияқты растайтын тестілер көмегімен венлафаксинді фенилциклидин және амфетаминнен дифференциациялауға болады.

Ұрықтануға қарсы ішуге арналған дәрілер

Тіркеуден кейінгі кезеңде венлафаксинмен бір мезгілде ұрықтануға қарсы ішуге арналған дәрілер қолданған әйелдердегі қалаусыз жүктіліктер хабарланады. Бұл жүктіліктің венлафаксинмен дәрілік өзара әрекеттесу нәтижесінде болды деуге жеткілікті деректер жоқ. Гормональді препараттармен өзара әрекеттесу зерттеулері жүргізілмеген.

Айрықша нұсқаулар

Суицид/суицидтік ойлар немесе клиникалық нашарлау

Депрессия суицидтік ойлар, өзіне-өзі зиян келтіру және суицидтің (суицидпен байланысты құбылыстар) жоғары қаупімен қатар жүреді. Бұл қауіп елеулі ремиссияның басталуына дейін сақталады. Жақсару емдеудің алғашқы бірнеше аптасының ішінде немесе одан да ұзақ уақыт бойы болмауы мүмкін екендіктен, пациенттерді осындай жақсару білінгенше мұқият қадағалау қажет. Клиникалық тәжірибе ремиссияның ерте сатыларында суицид қаупінің жоғары болуы мүмкін екенін айғақтайды.

Венлафаксин тағайындалатын басқа психиатриялық жай-күйлер суицид құбылыстарының жоғары қаупімен байланысты болуы мүмкін. Бұдан бөлек, ол жағдайлар ауқымды депрессиялық бұзылыспен коморбидті болуы мүмкін. Депрессиялық бұзылыстары ауқымды пациенттерде емдеу кезінде қадағаланатын сақтандырулар басқа психиатриялық бұзылыстары бар пациенттерді емдегенде де сақталу керек.

Анамнезінде суицид құбылыстары бар пациенттерде, сондай-ақ суицидтік ойлар елеулі дәрежеде көрініс беретін тұлғаларда емдеу басталғанша суицидтік ойлар мен суицид әрекеттерінің қаупі жоғары; емделу кезінде олар мұқият қадағалауда болуы тиіс. Психиатриялық бұзылыстары бар ересек пациенттердегі антидепрессанттардың плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулерінің мета-талдауы антидепрессанттар қабылдайтындарда 25 жасқа дейінгі пациенттердегі плацебо қабылдаушылармен салыстырғанда, суицидтік мінез-құлық қаупінің жоғары екенін көрсетті.

Пациенттерге, атап айтқанда, жоғары қаупі барларға дәрі-дәрмекпен емдеу кезінде, әсіресе, емдеудің басында және дозаларын өзгерткенде мұқият қадағалау талап етіледі. Пациенттерге (сондай-ақ пациенттерге күтім жасайтын тұлғаларға) клиникалық нашарлау, суицидтік мінез-құлық немесе ойлар, сондай-ақ мінез-құлықтың әдеттен тыс өзгерістері тұрғысынан қадағалау қажеттілігі және аталған симптомдар білінгенде медициналық көмекке жүгіну қажет екені ескертілу керек.

Балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

ВЕНЛАКСОР® таблеткаларын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде емдеуге қолдануға болмайды. Суицидтік мінез-құлық (суицид әрекеті және суицидтік ойлар), сондай-ақ жауығу (көбінесе озбырлық, жауығу мінез-құлқы және ызақорлық) клиникалық зерттеулерде, плацебо қабылдағандармен салыстырғанда, антидепрессанттармен емделген балалар мен жасөспірімдер арасында байқалған. Егер де, осыған қарамастан, клиникалық қажеттілікке қарай емдеуді жүргізу шешімі қабылданса, пациентті суицидтік симптомдардың білінуі тұрғысынан мұқият қадағалау қажет. Бұдан бөлек, балалар мен жасөспірімдерде өсуге, жетілуге, когнитивтік және мінез-құлық дамуына қатысты кейіннен білінетін қауіпсіздік деректері жоқ.

Серотониндік синдром

Басқа серотонинергиялық дәрілер қабылдау кезіндегідей, венлафаксинмен емдеуде, атап айтқанда, серотонинергиялық нейромедиаторлық жүйеге ықпал етуі мүмкін МАОт сияқты басқа дәрілерді бірге қолданғанда өмірге зор қауіпті жағдай - серотониндік синдром пайда болуы мүмкін.

Серотониндік синдром симптомдары психикалық статус өзгерісін (психомоторлық қозу, елестеулер, кома), вегетативтік жүйке жүйесінің бұзылысын (тахикардия, тұрақсыз артериялық қысым, дене температурасының көтерілуі), нейробұлшықеттік ауытқулар (гиперрефлексия, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы) және/немесе асқазан-ішек жолы тарапынан болатын симптомдарды (жүрек айну, құсу, диарея) қамтуы мүмкін.

Жабық бұрышты глаукома

Венлафаксин қабылдау кезінде мидриазды байқауға болады, осыған орай, жабық бұрышты глаукомадан зардап шегетін немесе көзішілік қысымның көтерілуіне бейім пациенттерде оны бақылап отыру ұсынылады.

Артериялық қысым

Кейбір пациенттерде венлафаксин қабылдау кезінде артериялық қысымның дозаға тәуелді көтерілуі білінген, осыған орай, әсіресе, дозалануын нақтылау немесе арттыру кезеңінде артериялық қысымды жүйелі бақылау ұсынылады. Жүрек ырғағының жиілігі, әсіресе, жоғары дозаларды қабылдау кезінде жоғарылауы мүмкін. Егер қатарлас ауру ағымының нашарлауы жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауымен қатар жүрсе, сақ болуға кеңес беріледі.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын аурулар және аритмия қаупі

Миокард инфарктісін таяуда өткерген және декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттерде венлафаксин қолдану зерттелмеген. Осындай пациенттерге препарат сақтықпен тағайындалу керек.

Постмаркетингтік кезеңде венлафаксин қабылдағанда, әсіресе, артық дозалану кезінде өліммен аяқталатын жүрек аритмиялары жағдайлары тіркелген. Күрделі жүрек аритмияларының қаупі жоғары пациенттерге венлафаксин тағайындамас бұрын қауіп пен пайда арақатынасын бағалау қажет.

Құрысулар

Венлафаксин анамнезінде эпилепсия ұстамалары бар пациенттерге абайлап тағайындалуы тиіс. Венлафаксинмен емдеу эпилепсия ұстамалары туындағанда тоқтатылуы тиіс. Ондай пациенттер мұқият медициналық қадағалауда болуы тиіс.

Гипонатриемия

Венлафаксин қабылдау кезінде, әсіресе, дегидратация немесе қан көлемінің азаю жағдайларында (соның ішінде егде жастағы пациенттерде, диуретиктер қабылдайтын науқастарда және гиповолемияның даму қаупі жоғары пациенттерде) гипонатриемияны және/немесе антидиурездік гормон секрециясының жеткіліксіздік синдромын байқауға болады.

Аномальді қан кету

Серотониннің кері қармалуын тежейтін дәрілік заттар тромбоциттер функциясы тежелісіне әкелуі мүмкін. Венлафаксин теріге және шырышты қабықтарға қан құйылу, соның ішінде асқазан-ішектен қан кету қаупін арттыруы мүмкін. Серотонинді кері қармайтын басқа да тежегіштер сияқты, қан кетулерге бейім пациенттерге, соның ішінде антикоагулянттар мен тромбоциттер тежегіштерін қабылдайтын пациенттерге венлафаксин сақтықпен тағайындалу керек.

Қан сарысуындағы холестерин

Клиникалық плацебо-бақыланатын зерттеулерде кемінде 3 ай бойы венлафаксин алатын пациенттердің 5,3 %-да және плацебо алатын 0,0 % пациентте қан сарысуындағы холестерин деңгейінің клиникалық мәнді жоғарылауы білінген. Препаратты ұзақ уақыт қабылдағанда қан сарысуындағы холестерин деңгейін бақылап отыру мақсатқа сай.

Дене салмағын түсіруге арналған дәрілермен бірге қолдану

Венлафаксин мен дене салмағын түсіретін дәрілерді (соның ішінде фентермин) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені оларды бір мезгілде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Венлафаксинді дене салмағын түсіретін дәрі ретінде қолдануға болмайды және оны басқа препараттармен біріктіру ұсынылмайды.

Мания/гипомания

Антидепрессанттар, соның ішінде венлафаксин алған аффектілі бұзылыстары бар пациенттердің шағын санында мания/гипоманияны байқауға болады. Басқа да антидепрессанттар сияқты, анамнезінде немесе отбасылық анамнезінде биполярлы аффектілі бұзылысы бар пациенттерге венлафаксин абайлап тағайындалу керек.

Озбырлық

Пациенттердің шағын санында антидепрессанттармен, соның ішінде венлафаксинмен емделу аясында озбырлықты байқауға болады. Аталған симптомдар емдеудің басында, дозаны арттырғанда және емдеуді тоқтатқанда білінген. Басқа да антидепрессанттар сияқты, анамнезінде озбырлық болған пациенттерге венлафаксин сақтықпен тағайындалу керек.

Емдеуді тоқтату

Емдеуді (әсіресе, кенет) тоқтатудан кейін тоқтату синдромы жиі көрініс береді. Клиникалық зерттеулерде емдеуді тоқтатудан соң байқалған қолайсыз құбылыстар (дозаны біртіндеп азайтумен немесе одан кейін) венлафаксин қабылдаған пациенттердің 35 % және плацебо алған пациенттердің 17 % шамасында орын алды.

Тоқтату симптомдарының қаупі бірнеше факторларға, соның ішінде емдеу ұзақтығына және қолданылатын дозаларға, сондай-ақ дозаны азайту жылдамдығына байланысты болуы мүмкін. Бас айналу, сенсорлы бұзылулар (соның ішінде парестезия), ұйқының бұзылуы (соның ішінде ұйқысыздық және айқын түстер көру), қозу немесе үрей, жүрек айну және/немесе құсу, тремор және бас ауыру – ең жиі болатын реакциялар. Негізінен, бұл симптомдар әлсіз немесе орташа айқын, дегенмен де, кейбір пациенттерде олар ауыр болуы мүмкін. Әдетте, олар емдеуді тоқтатқан соң алғашқы бірнеше күн ішінде көрініс береді, бірақ осындай симптомдардың дамуы өте сирек жағдайларда дозаны кездейсоқ өткізіп алған пациенттерде хабарланған. Әдетте, ондай симптомдар өздігінен, әдетте, екі апта ішінде басылады, алайда кейбір пациенттерде олар ұзақ уақыт бойы (2-3 ай немесе одан ұзақ) сақталуы мүмкін. Сондықтан емдеуді тоқтату кезінде дозаны біртіндеп азайту (пациент реакциясына қарай, бірнеше апта немесе ай ішінде) ұсынылады.

Акатизия/психомоторлық мазасыздық

Венлафаксин қолдану пациенттегі көбінесе бір жерде отыра алмау немесе тұра алмаумен қоса қимылдай бергісі келетін жеке басқа жағымсыз және үрей тудыратын мазасыздықпен сипатталатын акатизияның дамуымен байланысты. Бұл емделудің алғашқы бірнеше аптасының ішінде көбірек ықтимал. Осындай симптомдары бар пациенттерде дозаны арттыру жайсыз әсер тудыруы мүмкін.

Ауыздың кеберсуі

Венлафаксин қабылдайтын пациенттердің 10 %-да ауыз кеберсуі білінеді, бұл тіс жегісінің даму қаупін арттыруы мүмкін. Ондай пациенттерге тіс гигиенасының маңыздылығын мәлімдеу қажет.

Қант диабеті

Қант диабетінен зардап шегетін пациенттерде серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштерін (СКҚІТ) немесе венлафаксин қолдану гликемиялық бақылауды өзгертуі мүмкін. Инсулин және/немесе диабетке қарсы ішуге арналған препараттар дозасын өзгерту қажеттілігі туындауы мүмкін.

Лактоза жақпаушылығы

Таблеткалар құрамында лактоза болуымен байланысты, галактоза жақпаушылығы, саами типті лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге осы препаратты қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Психотропты препараттармен кез келген дәрілік емнің пікір қорыту, ойлау немесе қозғалыс функцияларын орындау қабілетін төмендетуі мүмкін екенін ескерген жөн. Бұл жөнінде пациентке ем басталар алдында ескерту керек. ВЕНЛАКСОР® препаратын қолдану кезінде осындай әсерлер туындағанда қойылатын шектеулер дәрежесі мен ұзақтығын дәрігер белгілеуі тиіс.

Артық дозалануы

Симптомдары: электрокардиограмма өзгерістері (QT аралығының ұзаруы, Гис тармағы шоғырының бөгелісі, QRS кешенінің кеңеюі), синустық немесе қарыншалық тахикардия, брадикардия, гипотензия, вертиго, өліммен аяқталу, сананың өзгеруі (ұйқышылдықтан комаға дейін), құрысу жағдайлары, мидриаз, құсу.

Венлафаксиннің жоғары дозалары алкогольмен және/немесе басқа препараттармен бір мезгілде қабылданған артық дозалану жағдайлары орын алды.

Жарияланған ретроспективті зерттеулерде венлафаксинмен артық дозаланудың серотонинді кері қармайтын таңдамалы тежегіштермен – антидепрессанттармен салыстырғанда, өліммен аяқталудың аса жоғары, бірақ үш циклды антидепрессанттармен салыстырғанда, төмен қаупімен байланысты болуы мүмкін екені хабарланады. Эпидемиологиялық зерттеулер венлафаксин қабылдайтын пациенттерде суицид қаупінің серотонинді кері қармайтын таңдамалы тежегіштер қабылдайтын пациенттердегіден жоғары екенін көрсетті. Артық дозалану кезінде, өліммен аяқталудың жоғары қаупі анықталатын түсініксіз дәреже, венлафаксинмен емделген пациенттердің кейбір сипаттамаларына қарама-қарсы, увенлафаксиннің уыттылығы есебінен болуы мүмкін.

Емі: аспирацияның қауіптілігіне байланысты құстыру ұсынылмайды. Егер жұтудан кейін тез арада жүргізілсе немесе сәйкесті симптомдары бар пациенттерде асқазанды шаю көрсетілген. Өмірлік маңызды функцияларды (тыныс алу және қан айналу) үздіксіз бақылау, сонымен қатар симптоматикалық ем ұсынылады. Дәрілік препараттың сіңуін төмендету үшін белсендірілген көмір беруге болады.

Белсендірілген көмір қабылдау белсенді заттың сіңуін төмендетуі мүмкін. Жеделдетілген диурез, диализ, қан перфузиясы және қанды алмастырып құю тиімділігі аз. Арнайы антидоты белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

37,5 мг немесе 75 мг таблеткалар.

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«Гриндекс» АҚ, Крустпилс көшесі, 53, Рига, LV-1057, Латвия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Гриндекс» АҚ, Латвия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын, дәрілік затты тіркеуден кейін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Гриндекс» АҚ өкілдігі

050010, Алматы қ., Достық даңғылы, Бөгенбай батыр к-сі, 34а/87а үй

№1 кеңсе

т/ф. 291-88-77, 291-13-84

электрондық поштасы: grindeks.asia.kz@mail.ru

 

15

 

Прикрепленные файлы

681429801477977107_ru.doc 125 кб
334980971477978274_kz.doc 149.5 кб
7245_05_10_14_19_i.pdf 1.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ