Велаксин® (75 мг) (Venlafaxine)

МНН: Венлафаксин
Производитель: ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Venlafaxine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015854
Информация о регистрации в РК: 02.09.2015 - 02.09.2020
Номер регистрации в РБ: 7271/05/07/10/15/17/19/20/22
Информация о регистрации в РБ: 19.02.2020 - бессрочно
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Велаксин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Венлафаксин

Дәрілік түрі

37.5 мг, 50 мг, 75 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - венлафаксин (37.5 мг, 50 мг немесе 75 мг венлафаксин гидрохлоридіне баламалы),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі), коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Ақ немесе дерлік ақ түсті, жайпақ, дөңгелек, ойығымен, бір жағы тегіс және екінші жағында ойылып жазылған Е әрпі мен «741» нөмірі бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік таблеткалар (37.5 мг доза үшін).

Ақ немесе дерлік ақ түсті, жайпақ, дөңгелек, ойығымен, бір жағы тегіс және екінші жағында ойылып жазылған Е әрпі мен «742» нөмірі бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік таблеткалар (50 мг доза үшін).

Ақ немесе дерлік ақ түсті, жайпақ, дөңгелек, ойығымен, бір жағы тегіс және екінші жағында ойылып жазылған Е әрпі мен «743» нөмірі бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік таблеткалар (75 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Басқа да антидепрессанттар. Венлафаксин.

АТХ коды N06A X16

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Венлафаксин бауырда қарқынды метаболизмге ұшырайды. Ас қабылдау венлафаксиннің немесе ОДВ биожетімділігіне әсер етпейді. Венлафаксин мен О-десметилвенлафаксиннің (ОДВ) жартылай шығарылуының орташа уақыты – сәйкесінше шамамен 5±2 және 11±2 сағат. Бірнеше рет енгізгенде венлафаксин мен ОДВ тепе-тең концентрациясына үш күннің ішінде жетеді.

Дозасын бір рет енгізгеннен кейін 92% кем емес венлафаксин сіңіріледі. Абсолютті биожетімділігі - 40-45%, ол жүйе алдылық метаболизмімен байланысты. Венлафаксинді қабылдағаннан кейін плазмадағы венлафаксин мен ОДВ ең жоғары концентрациясына сәйкесінше 2 және 3 сағаттан кейін жетеді. Әсер етуі ұзартылған таблеткадағы және капсуладағы венлафаксиннің бірдей тәуіктік дозаларында әсер етуі ұзартылған капсулалар баяу, бірақ таблеткалар секілді дәрежеде сіңеді.

Венлафаксин мен О-десметилвенлафаксин емдік дозаларда адамның қан плазмасының ақуыздарымен сәйкесінше - 27% және 30% ең төмен дәрежеде байланысады.

in vitro және in vivo зерттеулер көрсеткендей:

- CYP2D6 ферментімен венлафаксиннің негізгі белсенді метаболиті ОДВ биотрансформацияланады.

- CYP3A4 ферментімен венлафаксиннің негізгі емес белсенділігі төмен N-десметил-венлафаксинге метаболизацияланады.

-CYP2D6 энзимінің венлафаксинмен әлсіз тежелуі. Венлафаксин CYP1A2, CYP2C9 және CYP3A4 ферменттерін тежемейді.

Венлафаксин мен оның метаболиттері негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Шамамен венлафаксиннің 87% дозасы несеппен 48 сағат ішінде өзгермеген венлафаксин (5%), конъюгацияланбаған ОДВ (29%), конъюгацияланған ОДВ (26%) немесе басқа негізгі емес белсенді емес метаболиттер (27%) түрінде шығарылады.

Тепе-тең жағдайда венлафаксин мен ОДВ клиренсінің орташа мәні плазмада ± SD сәйкесінше 1,3±0,6 л/с/кг және 0,4±0,2 л/с/кг құрайды.

75 - 450 мг тәуліктің дозаларының диапазонында венлафаксин мен ОДВ дозаға тәуелді кинетика иеленген.

Жасы мен жынысы

Венлафаксин мен ОДВ фармакокинетикасы емделушінің жасы мен жынысынан айтарлықтай дәрежеде байланысты емес.

CYP2D6 жылдам/баяу метаболизаторлары

Венлафаксиннің қан плазмасындағы концентрациясы CYP2D6 баяу метаболизаторларында, жылдам метаболизаторларға қарағанда жоғары.

Венлафаксин мен ОДВ қосынды экспозициясы (AUC) баяу және жылдам метаболизаторларда ұқсас болғандықтан, венлафаксиннің осы екі топ үшін әртүрлі дозалау режимінде қажеттілік жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігімен емделушілер

Дені сау еріктілермен салыстырғанда, жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігімен емделушілерде (Чайлд-Пью A және В шкаласы бойынша) венлафаксин мен ОДВ жартылай шығарылу кезеңі артады.

Венлафаксин мен ОДВ пероральді клиренсі төмендеді. Қатысушыларда ауытқушылықтың үлкен дәрежесі байқалды. Ауыр бауыр жеткіліксіздігімен емделушілерде қолдану туралы деректер шектеулі.

Бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілер

Диализдегі емделушілерде, дені сау қатысушылармен салыстырғанда жартылай шығарылу кезеңі шамамен 180%-ға жоғары, ал клиренсі шамамен 57%-ға төмен, бұл кезде ОДВ жартылай шығарылу кезеңі шамамен 142%-ға жоғарылады, ал клиренсі шамамен 56%-ға төмендеді. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігімен және гемодиализді қажет ететін емделушілерде дозаны түзету керек.

Фармакодинамикасы

Венлафаксиннің антидепрессивті әсері орталық жүйке жүйесінде нейротрансмиттерлік белсенділігінің күшеюімен байланысты деп саналады. Венлафаксин мен ОДВ серотонин мен норадреналинді кері қармаудың күшті тежегіштері болып табылады және нейрондармен допаминнің кері қармалуын аздап бәсеңдетеді.

Венлафаксин мен ОДВ бір реттік дозадан кейін, сондай-ақ тұрақты қабылдағанда да β-адренергиялық реакцияларды төмендетеді. Венлафаксин мен ОДВ нейромедиаторлардың кері қармалуы мен рецепторлық байланыс тұрғысынан өте ұқсас әсер иеленген. Венлафаксин іс жүзінде мидың мускаринді, холинергиялық, гистаминді (H1), α1-адренергиялық рецепторларына ұқсастық иеленбеген.

Осы рецепторларға қатысты фармакологиялық белсенділігі мысалы, антихолинергиялық, седативті әсерімен басқа антидепрессанттар үшін сипатты әртүрлі жағымсыз әсерлермен, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлермен байланысты болуы мүмкін. Велаксин моноаминоксидаза (МАО) белсенділігін бәсеңдетпейді. Велаксин іс жүзінде апиынды, бензодиазепинді рецепторларға ұқсастық иеленбейді.

Қолданылуы

- депрессияның үлкен эпизодтарын емдеуде

- депрессияның үлкен эпизодтарының қайталануының профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек!

Велаксинді шамамен бір уақытта, тамақ ішу кезінде күнделікті қабылдау ұсынылады. Велаксин таблеткаларын қабылдайтын емделушілерді сәйкес келетін баламалы тәуліктік дозадағы әсер етуі ұзартылған Велаксин капсулаларына ауыстыруға болады. Мысалы, тәулігіне екі рет 37,5 мг Велаксин таблеткаларын тәулігіне бір рет әсер етуі ұзартылған 75 мг Велаксин капсулаларына ауыстыруға болады. Дозаны жеке түзету қажет етілуі мүмкін.

Депрессияның үлкен эпизодтары:

Ұсынылған тәуліктік доза – тәулігіне екі рет 75мг. 75 мг бастапқы дозасы емдік әсер білдірмейтін емделушілерде қажетті емдік әсерге қол жеткізу үшін тәулігіне - 375 мг ең жоғары дозаға дейін жоғарылатуға болады. Дозаны 2 апталық немесе одан жоғары аралықпен жоғарылатуға болады. Егер бұл клиникалық қажет болса, ауыр симптомдарында, дозаны аз аралықпен жоғарылатуға болады , әйтсе де осындай аралықтар 4 күннен кем болмауы керек. Дозаға тәуелді жағымсыз әсерлер қаупімен байланысты оны клиникалық бағалаудан кейін ғана жоғарылату керек. Ең төмен тиімді дозасы сақтау керек. Емделушілерді емдеу әдетте жеткілікті уақытқа бірнеше ай немесе одан ұзаққа созылуы керек. Әрбір жағдайда жекелей емнің тиімділігіне ұдайы бағалау жүргізу керек.

Депрессияның үлкен эпизодтарының (ДҮЭ) қайталануын алдын алу үшін ұзақ уақыт емдеу қажет болуы мүмкін. Көптеген жағдайларда ДҮЭ қайталануының алдын алу үшін ұсынылған доза - ағымдағы эпизодын емдегендей. Антидепрессанттарды қабылдауды ремиссия басталғаннан кейін 6 айдан кем емес аралықта жалғастыру керек.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерді емдеуде сақтық шараларын сақтау керек (мысалы, болуы мүмкін бүйрек жеткіліксіздігімен, жасымен байланысты байқалатын нейромедиаторлардың сезімталдығы мен афинділігінің өзгеруі мүмкіндігімен). Осындай емделушілерге әрдайым ең төмен тиімді дозасын тағайындау керек, ал дозаны жоғарылату қажеттігінде емделуші мұқият медициналық қадағалауда болуы қажет.

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Венлафаксин балалар мен жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды.

Үлкен депрессиялық бұзылыстармен балалар мен жасөспірімдерде бақыланатын клиникалық зерттеулер тиімділігін көрсеткен жоқ және Велаксинді емделушілердің осы тобында қолданудың талапқа сай екендігін растамайды. Велаксинді басқа көрсетілімдері бойынша 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігімен емделушілерде қолданылуы

Жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігінде әдетте дозаны 50%-ға төмендету мүмкіндігін қарастыру керек. Әйтсе де, әртүрлі емделушілерде клиренсінің ерекшеленуімен байланысты, дозаны жекелей түзету қажет етілуі мүмкін. Ауыр бауыр жеткіліксіздігімен емделушілерде қолданылуы туралы деректер шектеулі. Қолдану кезінде сақтық шараларын сақтау ұсынылады. Дозаны 50%-дан артыққа төмендету мүмкіндігін қарастыруға болады. Ауыр бауыр жеткіліксіздігімен емделушілерді емдеуде потенциальді пайдасы мен қаупі арақатынасын бағалау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілерде қолданылуы

Шумақтық сүзілісінің жылдамдығы (ШСЖ) 30 - 70 мл/мин емделушілер үшін дозасын түзету қажет етілмегенмен, сақтық шараларын сақтау ұсынылады. Гемодиализді қажет ететін емделушілер және ауыр бүйрек жеткіліксіздігімен (ШСЖ ˂ 30 мл/мин) емделушілер үшін дозаны 50%-ға төмендету керек. Осы емделушілерде клиренсінің топішілік ауытқымалығына байланысты, дозаны жекелей түзету талап етілуі мүмкін.

Велаксин препаратын тоқтату

Препаратты күрт тоқтатудан аулақ болу керек. Венлафаксинмен емді тоқтатқанда тоқтату синдромының пайда болу қаупін төмендету үшін, дозаны екі аптадан кем емес уақыт ішінде біртіндеп тоқтату ұсынылады.

Егер дозаны төмендеткеннен немесе емді тоқтатқаннан кейін көтере алмаушылық симптомдары пайда болса, бұрын тағайындалған дозада қабылдауды жаңғырту мүмкіндігін қарастыруға болады. Содан кейін дәрігер дозаны баяу төмендетуді жалғастыруына болады.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1/10)

- бас ауыруы **

- жүрек айнуы, ауыздың құрғауы

- тершеңдік (оның ішінде түнгі)

Жиі (≥1/100 - <1/10)

- бас айналуы, жоғары бұлшықет тонусы (гипертония), парестезия, тремор

- астения, шаршағыштық, қалтырау, есінеу

- әдеттен тыс түс көрулер, либидоның төмендеуі, ұйқысыздық, жоғары қозғыштық, седативті әсері, сананың шатасуы, өзін-өзі танымау

- аккомодацияның бұзылуы, мидриаз, көрудің бұзылуы

- қан сарысуында холестерин деңгейінің жоғарылауы, дене салмағының төмендеуі

- жүрек қағуы, жоғары артериялық қысым, қантамырларының кеңеюі (беттің ысынуы/қызаруын негізінен ұстамалы сезіну)

- тәбеттің төмендеуі (анорексия), құсу, іш қатуы

-несеп шығарудың бұзылуы (негізінен несеп шығаруды бастаудың қиындауы), поллакиурия

- патологиялық эякуляция/оргазм (ерлерде); анаргозмия; эректильді дисфункция (импотенция); қан кетудің артуымен немесе ретсіз қан кетудің артуымен етеккірдің бұзылуы (мысалы, меноррагия, метроррагия)

Жиі емес (<1/1,000- >1/100)

- апатия, елестеулер, психомоторлық қозу

- ортостатикалық гипотензия, естен тану, құлақтың шуылы, миоклония, қимыл үйлесімінің және тепе-теңдіктің бұзылуы

- экхимоз, асқазан-ішектік қан кетуі

- дене салмағының артуы

- тахикардия

- бөрту, алопеция

- дәм сезудің бұзылуы, бруксизм (тісті шықырлату), диарея

- несептің іркілуі

- патологиялық оргазм (әйелдерде)

Сирек (≥1/10,000 - <1/1,000)

- маниакальді реакция

- акатизия/психомоторлық мазасыздық, құрысулар

- несепті ұстай алмау

Жиілігі белгісіз (бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес)

- шырышты қабаттардың қанағыштығы, қан кету уақытының ұзаруы, тромбоцитопения, қанның дискразиясы (оның ішінде агранулоцитоз, апластикалық анемия, нейтропения және панцитопения)

- анафилактикалық реакция

- қанда пролактин деңгейінің жоғарылауы

- гипонатремия, антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылу синдромы

- сандырақтау, суицидальді ойлар мен мінез құлық*, озбырлық

- нейролептикалық қатерлі синдром, серотонинергиялық синдром, экстрапирамидальді реакциялар (оның ішінде дистония және дискинезия), кеш дискинезия

- жабықбұрышты глаукома

- артериялық қысымның төмендеуі, QТ аралығының ұзаруы, қарыншалар фибрилляциясы, қарыншалық тахикардия (оның ішінде пируэтті аритмия)

- панкреатит

- көпформалы эритема, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, терінің қышынуы, есекжем, жарыққа сезімталдық реакциялары

- гепатит, бауырдың функциональді жағдайы көрсеткіштерінің өзгеруі

- өкпе эозинофилиясы

- рабдомиолиз

* Велаксинмен емдеу кезінде және емді тоқтатқаннан кейін дереу суицидальді ойлар мен суицидальді мінез-құлық жағдайлары тіркелген.

** Топтық клиникалық зерттеулерде бас ауыруының пайда болу жиілігі плацебо қабылдайтын 31,3% салыстырғанда, Велаксин қабылдайтындардың 30,3% болды.

Тоқтату симптомдары

Бас айналуы, сенсорлық бұзылулар (оның ішінде парестезия), ұйқының бұзылуы (оның ішінде ұйқысыздық және әдеттен тыс түс көру), психомоторлық қозу немесе үрейлену, жүректің айнуы және/немесе құсу, тремор, бас ауыруы, тұмауға ұқсас синдром – жиі кездесетін реакциялар.

Негізінен бұл құбылыстар нашар білінеді және өздігінен қайтады, әйтсе де, кейбір емделушілерде олар ауыр және/немесе ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан препаратты қабылдауды оның дозасын біртіндеп төмендетіп тоқтату ұсынылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- моноаминооксидаза тежегіштері (МАОт) тобының кез келген антидепрессантын, сондай-ақ моноаминооксидазаның қайтымсыз тежегіштері енгізілгеннен кейін 14 күн ішінде бір мезгілде қабылдау. Моноаминоксидазаның қайтымды тежегіштерін (мысалы, моклобемидті) қабылдаған жағдайда, Велаксинді аз уақыт аралығында (24 сағаттан кем емес) қабылдауға болмайды. Велаксин тоқтатылғаннан кейін моноаминоксидаза тежегіштерін қабылдауды бастар алдында кем дегенде 7 күн күте тұру керек

- 18 жасқа дейін (балаларда оның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы сенімді деректердің болмауына байланысты)

- жүктілік немесе болжамды жүктілік

- емшекпен қоректендіру ( бақыланатын зерттеулердің жеткілікті деректері жоқ).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Моноаминоксидаза тежегіштері (МАОт)

  • Қайтымсыз таңдап алынбайтын МАОт

Моноаминоксидаза тежегіштері (МАОт) мен Велаксинді бір

мезгілде қолдануға болмайды. Велаксинді қабылдау қайтымсыз таңдап алынбайтын МАОт ем аяқталғаннан кейін кем дегенде 14 күннен кейін бастауға болады. Велаксинді қабылдауды қайтымсыз таңдап алынбайтын МАОт емді бастағанға дейін кем дегенде 7 күн бұрын тоқтату керек.

  • Қайтымды таңдап алынатын тежегіш МАО-А (моклобемид)

Серотонинді синдромның даму қаупіне байланысты Велаксин мен қайтымды таңдап алынатын МАОт (моклобемид) бір мезгілде қолдануға болмайды. Велаксинмен емді бастау мен алдыңғы қайтымды МАО тежегішімен емнің арасындағы үзіліс қысқа болуы мүмкін - 14 күннен аз. Велаксинді қабылдауды қайтымды МАОт емді бастағанға дейін кем дегенде 7 күн бұрын тоқтату ұсынылады.

  • Қайтымды таңдап алынбайтын МАОт (линезолид)

Линезолид антибиотигі әлсіз қайтымды және таңдап алынбайтын МАОт болып табылады, оны Велаксин қабылдайтын емделушілерге тағайындауға болмайды.

Жуық арада МАОт қабылдауды тоқтатқан және Велаксинді қабылдауды бастаған немесе Велаксинмен емді МАОт емді бастағанға дейін жуық арада тоқтатқан емделушілерде ауыр жағымсыз реакциялар туралы хабарланды. Бұл реакциялар тремор, миоклония, жоғары тершеңдік, жүрек айнуы, құсу, бетке қан тебу, қатерлі нейролептикалық синдромға ұқсайтын бас айналуы және температураның жоғарылауы, құрысу ұстамалары, өлімді қамтиды.

Серотониндік синдром

Басқа да серотонинергиялық дәрілерді қабылдағандағы сияқты Велаксинді қабылдауда, әсіресе серотонинергиялық нейромедиаторлық жүйеге әсер ететін басқа да дәрілермен (оның ішінде триптандар, норадреналин мен серотонинді кері қармаудың тежегіштері, серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштері, литий, сибутрамин, трамадол немесе шайқурай [Hypericum perforatum]), серотониннің метаболизмін бұзатын дәрілік заттармен (оның ішінде МАОт) немесе серотониннің ізашарларымен (триптофан қоспалары) бір мезгілде қолданғанда серотониндік синдром байқалуы мүмкін.

Егер клиникалық көрсетілімдері бойынша Велаксин мен серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштерін, норадреналин мен серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштерін немесе серотониндік рецепторлардың агонисін (триптан) бір мезгілде қолдану талап етілсе, емделушілерді мұқият бақылау ұсынылады, әсіресе емнің басында және дозаны жоғарылатқанда. Велаксин мен серотониннің ізашарларын (триптофан қоспалары секілді) бір мезгілде қолдануға болмайды.

Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар

Сондықтан, Велаксинді ОЖЖ әсер ететін заттармен біріктіріп қолданғанда сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Этанол

Велаксиннің этанолмен туындаған ақыл-ой және қимыл функцияларының бұзылуын күшейтпейтіні дәлелденген. Әйтсе де, ОЖЖ әсер ететін барлық басқа да субстанцияларды қолданғандағыдай емделушілерге алкогольді қабылдаудан бас тартуды ұсыну керек.

Кетоконазол (CYP3A4 тежегіші )

CYP2D6 жылдам (ЖМ) және баяу (БМ) метаболизаторларымен емделушілердің қатысуымен фармакокинетикалық зерттеулер кетоконозолды қабылдағаннан кейін венлафаксиннің (CYP2D6 БМ және ЖМ үшін сәйкесінше 70% және 21%) және О-десметилвенлафаксиннің (CYP2D6 БМ және ЖМ үшін сәйкесінше 33% және 23%) AUC жоғарылауын көрсетті. CYP3A4 тежегіштерін (мысалы, атазанавир, кларитромицин, индинавир, итраконазол, вориконазол, позаконазол, кетоконазол, нелфинавир, ритонавир, саквинавир, телитромицин) және венлафаксинді бір мезгілде қолдану венлафаксин мен О-десметилвенлафаксиннің деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Сондықтан емделушіні емдеу CYP3A4 тежегіші мен Велаксинді бір мезгілде қолдануды қамтыса сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Литий препараттары

Велаксин мен литий препараттарын бір мезгілде қолданғанда серотониндік синдром дамуы мүмкін.

Диазепам

Велаксин диазепам мен оның белсенді метаболиті десметилдиазепамның фармакокинетикасын, фармакодинамикасын өзгертпейді. Диазепам венлафаксиннің немесе О-десметилвенлафаксиннің фармакокинетикасына әсер етпейді. Басқа бензодиазепиндермен фармакокинетикалық және/немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі белгісіз.

Имипрамин

Велаксин импрамин мен 2-OH-имипраминнің фармакокинетикасына әсер етпейді. Велаксинді тәулігіне 75 - 150 мг дозада қабылдағанда 2-OH-десипраминнің AUC дозаға тәуелді 2,5 - 4,5 есе жоғарылауы байқалды. Имипрамин Велаксиннің немесе О-десметилвенлафаксиннің фармакокинетикасына әсер етпейді. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәнділігі белгісіз. Велаксин мен имипраминді бір мезгілде қабылдағанда сақтық шараларын сақтау керек.

Галоперидол

Галоперидолмен фармакокинетикалық зерттеулер көрсеткендей, жалпы пероральді клиренсі 42%-ға төмендеді, AUC 70%-ға жоғарылады, Cmax 88%-ға жоғарылады; галоперидолдың жартылай шығарылу кезеңінің өзгеруі байқалған жоқ. Бұны галоперидолды Велаксинмен бірге қабылдайтын емделушілерде ескеру керек. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәнділігі белгісіз.

Рисперидон

Венлафаксин рисперидонның AUC 50%-ға жоғарылатады, бірақ жалпы антипсихоздық фракцияның (рисперидон плюс 9-гидроксирисперидон) фармакокинетикалық бейінін айтарлықтай дәрежеде өзгертпейді. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәнділігі белгісіз.

Метопролол

Велаксин мен метопрололды дені сау еріктілерде бір мезгілде қолдану нәтижесінде екі дәрілік заттың фармакокинетикалық өзара әрекеттесуінің зерттеулерінде метопрололдың қан плазмасындағы концентрациясы шамамен 30-40%-ға жоғарылады, оның белсенді метаболиті α-гидроксиметопрололадың плазмадағы концентрациясы өзгеріссіз қалды. Гипертензиямен зардап шегетін емделушілер үшін осы нәтиженің клиникалық мәнділігі белгісіз. Метопролол Велаксиннің немесе оның белсенді метаболиті О-десметилвенлафаксиннің фармакокинетикалық бейінін өзгертпейді. Велаксин мен метопрололды бір мезгілде қабылдауда сақтық шараларын сақтау керек.

Индинавир

Индинавирмен фармакокинетикалық зерттеулер көрсеткендей, индинавирдің AUC 28%-ға төмендеді және индинавирдің Cmax 36%-ға төмендеді. Индинавир Велаксин немесе О-десметилвенлафаксиннің фармакокинетикасына әсер етпейді. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәнділігі белгісіз.

Венлафаксин және зертханалық тестілердің нәтижелері

Иммунотест бойынша (immunoassay) фенилциклидин мен амфетаминге несеп талдауының жалғаноң нәтижелері венлафаксин қабылдаған емделушілерде байқалды. Бұл осы скрининг тестілердің спецификалық еместігімен байланысты. Жалғаноң нәтижелер Велаксинді қабылдауды тоқтатқаннан кейін бірнеше күн ішінде байқалуы мүмкін. Газды хроматография / масс-спектрометрия секілді растайтын тестілер көмегімен Велаксинді фенилциклидин мен амфетаминнен дифференциациялауға болады.

Айрықша нұсқаулар

Суицид/суицидальді ойлар немесе клиникалық нашарлаулар

Депрессия суицидальді ойлар, өзін-өзі жарақаттау және суицидтің (суицидпен байланысты құбылыстар) жоғары қаупімен қатар жүреді. Бұл қауіп айтарлықтай ремиссия басталғанша сақталады. Жағдайының жақсаруы емдеудің алғашқы бірнеше аптасы немесе ұзағырақ уақытта байқалмауы мүмкін болғандықтан, емделушілерді осындай жақсарулар пайда болғанға дейін мұқият бақылау керек. Клиникалық тәжірибе ремиссияның ерте сатыларында суицид қаупінің жоғарылау мүмкіндігін көрсетеді.

Велаксин тағайындалатын, басқа психиатриялық жағдайлар да суицидальді құбылыстардың жоғары қаупімен байланысты болуы мүмкін. Одан басқа, бұл жағдайлар үлкен депрессивті бұзылыстармен коморбидті болуы мүмкін. Үлкен депрессивті бұзылыстармен емделушілерді емдеуде сақталатын сақтық шараларын басқа психиатриялық бұзылыстармен емделушілерді емдеуде де сақтау керек.

Сыртартқысында суицидальді құбылыстармен емделушілерде, сондай-ақ айтарлықтай дәрежеде суицидальді ойлар байқалатын адамдарда, емді бастағанға дейін суицидальді ойлар мен суицидке әрекеттердің үлкен қаупі болатыны белгілі; емдеу кезінде олар мұқият бақылауда болуы керек.

Психиатриялық бұзылыстармен ересек емделушілерде антидепрессанттардың плацебо бақыланатын клиникалық зерттеулерінің мета-анализі 25 жасқа дейінгі плацебо қабылдайтын емделушілермен салыстырғанда антидепрессанттарды қабылдайтындарда суицидальді мінез құлықтың жоғары қаупін көрсетті.

Атап айтқанда жоғары қаупімен емделушілерді, әсіресе емнің басында және дозаны өзгерткенде дәрі-дәрмектік емдеу кезінде мұқият бақылау талап етіледі. Емделушілерді (сондай-ақ емделушілерге күту жүргізетін тұлғаларды) клиникалық нашарлау, суицидальді мінез-құлық немесе ойлардың болуына бақылау қажеттігін, сондай-ақ мінез құлығындағы әдеттегіден тыс өзгерістер және аталған симптомдар пайда болғанда медициналық көмекке жүгіну керектігі туралы ескерту керек.

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Жылдам босап шығатын Велаксин® таблеткаларын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін қабылдауға болмайды.

Суицидальді мінез-құлық (суицидке әрекет пен суицидальді ойлар), сондай-ақ жауығушылық (негізінен озбырлық, мінез құлқындағы жауығу және ашулану) клиникалық зерттеулер плацебо қабылдағандармен салыстырғанда антидепрессанттармен емделген балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Егер, осыған қарамаса, клиникалық қажеттілік бойынша ем жүргізуге шешім қабылданса, суицидальді симптомдардың пайда болуына емделушілерді мұқият бақылау керек.

Одан басқа, балалар мен жасөспірімдерде өсуі, жетілуі, сондай-ақ когнитивті және мінез-құлықтың дамуына қатысты кейінірек болатын әсерлерінің қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.

Серотониндік синдром

Велаксинмен емдеуде басқа да серотонинергиялық дәрілерді қабылдауда, серотониндік синдром симптомдары пайда болуы мүмкін - атап айтсақ МАО тежегіштері секілді басқа дәрілермен бір мезгілде қолданғанда байқалатын өмірге әлеуетті қауіпті жағдайлар, ол серотонинергиялық нейромедиаторлық жүйеге әсер етуі мүмкін.

Серотониндік синдром симптомдарына психикалық статусының өзгеруі жатады (психомоторлық қозу, галлюцинациялар, кома), вегетативті жүйке жүйесінің бұзылыстары (тахикардия, тұрақсыз артериялық қысым, дене температурасының жоғарылауы), нейробұлшықеттік ауытқушылықтар (гиперрефлексия, қимыл үйлесімінің бұзылуы) және/немесе асқазан-ішек жолы тарапынан симптомдар (жүрек айнуы, құсу, диарея).

Жабықбұрышты глаукома

Велаксинді қабылдау кезінде мидриаз байқалуы мүмкін, осыған байланысты оның жоғарылауына бейім немесе жабықбұрышты глаукомамен зардап шегетін емделушілерде көзішілік қысымды бақылау ұсынылады.

Артериялық қысым

Велаксинді қабылдау кезінде кейбір науқастарда артериялық қысымның дозаға тәуелді жоғарылауы байқалды, соған байланысты артериялық қысымды, әсіресе дозалауды анықтау немесе жоғарылату кезінде ұдайы бақылау ұсынылады. Әсіресе жоғары дозаларды қабылдау кезінде жүрек ырғағының жиілігі жоғарылауы мүмкін. Егер қатар жүретін аурулар ағымының нашарлауы жүрек жиырылуы жиілігінің жоғарылауымен қатар жүретін болса, сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Жүрек-қантамыры жүйесі тарапынан аурулар және аритмия қаупі

Жуық арада миокард инфарктісін өткерген және қалпына келмейтін жүрек жеткіліксіздігімен емделушілерде Велаксинді қолдану зерттелген жоқ. Осындай емделушілерге препаратты сақтықпен қолдану керек.

Маркетингтен кейінгі кезеңде венлафаксинді қабылдауда, әсіресе артық дозаланғанда өліммен аяқталатын жүрек аритмиясы жағдайлары тіркелген. Велаксинді елеулі жүрек аритмиясының жоғары қаупімен емделушілерге тағайындамас бұрын пайдасы мен қаупінің арақатынасын бағалау керек.

Құрысулар

Велаксин сыртартқысында эпилепсия ұстамасы бар емделушілерге сақтықпен тағайындалуы керек. Велаксинмен емдеу эпилепсия ұстамалары пайда болған жағдайда тоқтатылуы керек. Осындай емделушілер мұқият медициналық бақылауда болуы керек.

Гипонатриемия

Велаксинді қабылдау кезінде, әсіресе дегидратация немесе қан көлемі төмендеген (оның ішінде егде жастағы емделушілерде, диуретиктер қабылдайтын науқастарда, гиповолемия дамуының жоғары қаупімен емделушілерде) жағдайларда, гипонатриемия және/немесе антидиурездік гормон секрециясы жеткіліксіздігі синдромы байқалуы мүмкін.

Аномальді қан кету

Серотонинді кері қармауды тежейтін дәрілік заттар тромбоциттер функциясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Велаксин, тері мен шырышты қабатқа қан құйылу, оның ішінде асқазан-ішектік қан кету қаупін жоғарылатуы мүмкін. Серотонинді кері қармаудың басқа да тежегіштері секілді, Велаксинді қан кетуге бейім емделушілерге, оның ішінде антикоагулянттар мен тромбоциттер тежегіштерін қабылдайтын емделушілерге сақтықпен тағайындау керек .

Қан сарысуындағы холестерин

Клиникалық плацебо-бақыланатын зерттеулерде Велаксин қабылдаған 5,3% емделушілерде және 3 айдан кем емес уақыт ішінде плацебо қабылдаған 0,0% емделушілерде қан сарысуындағы холестерин деңгейінің клиникалық маңызды жоғарылауы байқалды. Препаратты ұзақ уақыт қабылдағанда қан сарысуында холестерин деңгейіне бақылау жүргізу керек.

Дене салмағын азайтуға арналған дәрілермен бір мезгілде қабылдау

Велаксин мен дене салмағын азайтуға арналған дәрілерді (оның ішінде фентермин) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені оларды бір мезгілде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Велаксинді дене салмағын азайтуға арналған дәрі ретінде қолдануға болмайды және оны басқа препараттармен біріктіру ұсынылмайды.

Мания/гипомания

Антидепрессанттарды, оның ішінде Велаксинді де қабылдаған аффективті бұзылыстарымен аздаған емделушілерде мания/гипомания байқалуы мүмкін. Басқа да антидепрессанттар секілді Велаксинді сыртартқысында немесе отбасылық сыртартқысында биполярлы аффективті бұзылыстармен емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Агрессия

Антидепрессанттармен, оның ішінде Велаксинмен емдеу аясында аздаған емделушілерде озбырлық байқалуы мүмкін. Аталған симптомдар емнің басында, дозаны жоғарылатқанда және емді тоқтатқанда байқалды. Басқа да антидепрессанттар секілді, Велаксинді сыртартқысында озбырлықпен емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Емді тоқтату

Емді тоқтатқаннан кейін (әсіресе дереу) жиі тоқтату синдромы байқалады. Клиникалық зерттеулерде емді тоқтатқаннан кейін байқалатын (с постепенным снижением дозы и после него) жағымсыз құбылыстар, шамамен велаксин қабылдаған 35% емделушілерде, плацебо қабылдаған 17% емделушілерде орын алды.

Тоқтату симптомдарының қаупі бірнеше факторларға, оның ішінде емдеу ұзақтығы және қабылданған дозаларға, сондай-ақ дозаны төмендету жылдамдығына байланысты болуы мүмкін. Бас айналуы, сенсорлық бұзылыстар (оның ішінде парестезия), ұйқының бұзылуы (оның ішінде ұйқысыздық және айқын түстер көру), қозу немесе үрейлену, жүрек айнуы және/немесе құсу, тремор және бас ауыруы – жиірек кездесетін реакциялар.

Негізінен осы симптомдар аздап немесе орташа айқындықта білінеді, онымен бірге, кейбір емделушілерде олар ауыр болуы мүмкін. Әдетте олар, емді тоқтатқаннан кейін алғашқы бірнеше күн ішінде байқалады, бірақ сирек жағдайларда кенеттен дозаны өткізіп алған емделушілерде осындай симптомдардың дамуы туралы хабарланды. Әдетте осындай симптомдар, 2 апта ішінде өздігінен қайтады әйтсе де кейбір емделушілерде олар ұзақ уақыт (2-3 ай немесе ұзақ) сақталуы мүмкін. Сондықтан емді тоқтатқанда дозаны біртіндеп төмендету (емделушінің реакциясына байланысты бірнеше апта немесе ай ішінде) ұсынылады.

Акатизия/психомоторлық мазасыздық

Велаксинді қолдану, субъективті жағымсыз және емделушіні үрейлендіретін мазасыздықпен жиі бір орында отыру және тұра алмаумен жүретін қимыл қажеттілігімен акатизия дамуымен байланысты. Оның емнің алғашқы бірнеше аптасы ішінде мүмкіндігі жоғары. Осындай симптомдармен емделушілерде дозаны жоғарылату жағымсыз әсерге әкелуі мүмкін.

Ауыздың құрғауы

Ауыздың құрғауы Велаксин қабылдаған 10% емделушіде байқалды, ол кариестің даму қаупін жоғарылатуы мүмкін. Осындай емделушілерге тіс гигиенасының маңыздылығы жөнінде хабарлау керек.

Қант диабеті

Қант диабетімен зардап шегетін емделушілерде серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштерін (СКҚІТ) немесе Велаксинді қабылдау гликемиялық бақылауды өзгертуі мүмкін. Инсулин және/немесе оральді диабетке қарсы препараттар дозасын өзгертуге қажеттілік пайда болуы мүмкін.

Лактозаны көтере алмаушылық

Галактозаны көтере алмаушылық, саами типтес лактаза жетіспеушілігі және глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуы секілді сирек кездесетін тұқым қуалаған аурулармен емделушілерге осы препаратты қолдануға болмайды.

Жүктілік және емшекпен қоректендіру

Велаксинді жүктілік кезінде күтілген пайдасы болуы мүмкін қаупінен жоғары болған жағдайда ғана тағайындауға болады.

Серотонинді кері қармаудың басқа да тежегіштерімен жағдайдағы секілді (серотонинді кері қармаудың таңдап алынған тежегіштері/ норадреналин мен серотонинді кері қармаудың тежегіштері ), егер Велаксин босанғанға дейін немесе оған дейін аз уақыт қалғанша қабылданса жаңа туғандарда тоқтату симптомы байқалуы мүмкін. Кейбір III триместрдің аяғында венлафаксиннің әсеріне ұшыраған жаңа туғандарда, парентеральді қоректенуді, қосымша өкпені жасанды желдету немесе стационарда ұзақ уақыт емдеуді талап ететін асқынулар дамиды. Осындай асқынулар босанғаннан кейін дереу дамуы мүмкін.

Эпидемиологиялық деректерге сәйкес, жүктілік кезінде әсіресе жүктіліктің соңында серотонинді кері қармаудың таңдап алынған тежегіштерін қабылдау, жаңа туғандарда персистирлейтін өкпе гипертензиясы қаупін жоғарылатуы мүмкін. Өкпе гипертензиясы мен норадреналин мен серотонинді кері қармаудың тежегіштерімен емдеудің арасындаға байланысқа зерттеу жүргізілген жоқ, ұқсас әсер ету механизмін ескеріп (серотонинді кері қармаудың бәсеңдеуі), венлафаксинді тағайындауда осы әлеуетті қауіпті ескермеуге болмайды.

Келесі симптомдар егер анасы серотонинді кері қармаудың таңдап алынған тежегіштерін/норадреналин мен серотонинді кері қармаудың тежегіштерін жүктіліктің соңында қабылдаса жаңа туғандарда байқалуы мүмкін: мазасыздық, тремор, ұдайы жылау, сондай-ақ емшекті сору немесе ұйықтауға қатысты проблемалар. Осы симптомдардың себебі серотонинэргиялық әсер немесе дәрілік экспозиция симптомдары болуы мүмкін. Көптеген жағдайларда осы асқынулар тікелей босанғаннан кейін немесе одан кейін 24 сағат ішінде байқалады.

Венлафаксин мен ОДВ емшек сүтіне бөлінеді. Маркетингтен кейінгі кезеңде емшекпен қоректендірудегі балаларда, ашуланшақтық, жылау және ұйқының бұзылуы байқалды. Емшекпен қоректендіруді тоқтатқаннан кейін де тоқтату симптомдарына ұқсайтын симптомдар байқалды. Емшекпен қоректендірудегі бала үшін осындай қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан емшекпен қоректендіруді жалғастыру/тоқтату туралы немесе Велаксин препаратымен емді жалғастыру/тоқтату туралы шешімді бала үшін емшекпен қоректендірудің пайдасы мен Велаксин препаратымен емнің пайдасын ескеріп қабылдау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Психотропты препараттармен кез келген дәрілік емдеу шешім қабылдау, ойлау немесе қимыл функцияларын атқару қабілетін төмендетуі мүмкін. Емделушіні емдеуді бастар алдында бұл туралы ескерту керек. Осындай әсерлер пайда болған жағдайда шектелудің дәрежесі мен ұзақтығы дәрігермен анықталуы керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: электрокардиограммадағы өзгерістер (QT аралығының ұзаруы, Гис шоғырының тармағын бөгеу,QRS кешенінің кеңеюі), синустық немесе қарыншалық тахикардия, брадикардия, гипотензия, вертиго, өліммен аяқталу, сананың өзгеруі (ұйқышылдықтан комаға дейін), құрысу жағдайлары, мидриаз, құсу.

Венлафаксиннің жоғарғы дозалары алкогольмен және/немесе басқа препараттармен бір мезгілде қабылданғанда, артық дозалану жағдайлары орын алған.

Жарияланған ретроспективті зерттеулерде хабарланғандай, венлафаксиннің артық дозалануында өліммен аяқталудың антидепрессантар - серотонинді кері қармаудың таңдап алынған тежегіштерімен салыстырғанда жоғары, бірақ үшциклдік антидепрессанттар үшін төмен қаупімен байланысты болуы мүмкін. Эпидемиологиялық зерттеулер көрсеткендей, венлафаксин қабылдаған емделушілерде серотонинді кері қармаудың таңдап алынған тежегіштерін қабылдайтындармен салыстырғанда суицид қаупі жоғары. Венлафаксинмен емделген емделушілердің кейбір сипатымен қарама-қайшы, артық дозаланған кезде өліммен аяқталудың жоғары қаупінің анықталуы венлафаксиннің уыттылығымен байланыстылығының дәрежесі белгісіз.

Емі: аспирация қаупіне байланысты құсықты шақыруға болмайды. Қабылдағаннан кейін дереу жүргізілген жағдайда немесе сәйкес симптомдарымен емделушілерде асқазанды шаю көрсетілімде. Өмірлік маңызы бар функцияларын (тыныс алу және қан айналымы) үздіксіз бақылау, сондай-ақ симптоматикалық ем ұсынылады.Дәрілік препараттың сіңуін төмендету үшін белсенділендірілген көмір беруге болады.

Белсенділендірілген көмір қабылдау белсенді затының сіңуін төмендетуі мүмкін. Қарқынды диурез, диализ, қанның перфузиясы және қан алмастырып құюдың тиімділігі төмен. Арнайы у қайтарғысы белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан (50 мг доза үшін) немесе 14 таблеткадан (37.5 мг және 75 мг доза үшін), ПВХ/ПВДХ үлбірден/алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1, 2, 3 немесе 6 пішінді қаптамадан (50 мг доза үшін) немесе 1, 2, 4 пішінді қаптамадан (37.5 мг және 75 мг доза үшін) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 30С-ден төмен температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«ЭГИС ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖАҚ

1106 БУДАПЕШТ, Керестури көшесі, 30-38 Венгрия

Телефон: (36-1) 803-5555, факс: (36-1) 803-5529

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ ҚР өкілдігі

050060, Алматы қаласы, Жароков көшесі 286 Г

тел: + 7 (727) 247 63 33, + 7 (727) 247 63 34, факс: + 7 (727) 247 61 41,

e-mail: egis@egis.kz

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

625241311477976406_ru.doc 125 кб
742954881477977603_kz.doc 174.5 кб
7271_05_07_10_15_17_19_20_p.pdf 0.77 кб
7271_05_07_10_15_17_19_20_s.pdf 1.38 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ