Вектибикс (20 мг/мл (400 мг/20 мл))

МНН: Панитумумаб
Производитель: Амджен Мэньюфэкчуринг Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Panitumumab
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020050
Информация о регистрации в РК: 27.02.2018 - 27.02.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 220 000 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Вектибикс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Панитумумаб

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 20 мг/мл (100 мг/5 мл, 400 мг/20 мл) концентрат

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - 100 мг (5 мл) немесе 400 мг (20 мл) панитумумаб,

қосымша заттар: натрий ацетат тригидраты, натрий хлориді, мұзды сірке қышқылы (pH реттеу үшін), инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз сұйықтық, жартылай мөлдір немесе ақ аморфты ақуыз бөлшектері болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Басқа да ісікке қарсы препараттар. Моноклональді антиденелер. Панитумумаб.

АТХ коды L01XC08

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Вектибикс монотерапия ретіндегі немесе химиялық еммен біріктіріліп тағайындалғанда препарат фармакокинетикасы дозаға байланыссыз сипатта болады.

Панитумумаб 1 сағаттық инфузия түрінде бір рет енгізілгеннен кейін «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы (AUC) көп дәрежеде ұлғайған, бұл дозаға пропорционал тәуелділігі тұсына сипаттас, ал препарат клиренсі дозаны 0.75-тен 9 мг/кг дейін арттырғанда 30.6-дан 4.6 мл/тәулік/кг дейін төмендеді. Дегенмен панитумумаб 2 мг/кг-ден жоғары дозаларда енгізілгенде AUC ұлғаю сипаты дозаға пропорционал тәуелділігіне жақын болды.

Ұсынылатын дозалау режимі қадағаланғанда (2 аптада 1 рет 1 сағаттық инфузия түрінде 6 мг/кг), үшінші инфузияға қарай панитумумаб тепе-тең концентрацияларына ең жоғары (± стандартты ауытқу) және ең төменгі концентрацияларының, тиісінше, 213 ± 59 және 39 ± 14 мкг/мл орташа мәндерінде жетті. AUC0-τ және клиренс орташа мәні (±стандартты ауытқу), тиісінше,1306 ± 374 мкг•тәулік/мл және 4.9 ± 1.4 мл/кг/тәулікке тең болды. Препараттың жартылай шығарылу кезеңі шамамен 7.5 тәулік (бөліп тастау: 3.6-дан 10.9 тәулікке дейін) құрады.

Панитумумаб фармакокинетикасына таңдалған санаттардың әлеуетті әсер етуін зерттеу үшін жиынтықталған фармакокинетикалық талдаулар жасалды.

Пациенттердің жекелеген топтарындағы фармакокинетикалық талдау нәтижелері жас (21-88 жас), жыныс, нәсіл ерекшелігінің, бауыр және бүйрек функциясының, қатарлас химиялық ем препараттарын қолданудың, ісік жасушаларындағы ЭӨФ рецепторларымен иммуногистохимиялық реакциялар қарқындылығының (жарғақшалардың боялу қарқындылығы (1+, 2+, 3+)) панитумумаб фармакокинетикасына айқын ықпал етпейтінін көрсетеді.

Бүйрек және бауыр функциясы бұзылған пациенттерде панитумумаб фармакокинетикасына зерттеулер жүргізілмеген.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Панитумумаб – адамның эпидермалық өсу факторы (ЭӨФ) рецепторларына тектестігі жоғары және спецификалы болатын рекомбинантты, толық түрдегі адамның моноклонды IgG2 антиденесі. ЭӨФ рецепторы – бұл I типті тирозинкиназа рецепторлары тектестігіне жататын жарғақшаішілік гликопротеин болып табылады, сондай-ақ олардың қатарында HER1/c-ErbB-1, HER2, HER3 және HER4 бар. ЭӨФ рецепторы терінің және түкті фолликулдар жасушаларын қоса, қалыпты эпителий жасушаларының өсуін көтермелейді және ісік жасушаларының түрлі типтерінде экспрессияланады.

Панитумумаб ЭӨФ рецепторының лиганд-байланыстырушы доменімен байланысады және ЭӨФ рецепторының барлық белгілі лигандтарымен индукцияланатын аутофосфорлану үдерісін тежейді. Панитумумабтың ЭӨФ рецепторымен байланысуы рецептор интернализациясына, жасушалық өсу үдерістерінің тежелісіне, апоптоз индукциясына және интерлейкин-8 және тамырлар эндотелийі өсу факторы өндірісінің азаюына алып келеді.

KRAS гендері (Кирстен 2 егеуқұйрық саркомасы вирустық онкоген гомологы) және NRAS (вирустық RAS онкоген нейробластомасының гомологы) RAS онкоген тектестеріне жатады. KRAS және NRAS гендері дабыл трансдукциясына қатысатын шағын гуанозинтрифосфат-байланыстырушы ақуызды кодтайды. KRAS және NRAS әртүрлі, соның ішінде ЭӨФ рецепторының дабылдарымен белсенділенеді, өз кезегінде, жасушалық пролиферация, тіршілікке төзімділік және ангиогенез үдерістеріне тартылатын жасушаішілік өзге ақуыздар синтезін стимуляциялайды.

RAS генін белсендіргіш мутациялар адамның әртүрлі ісік жасушаларында жиі болады және онкогенез үдерісінде де, ісік үдеуінде де белгілі бір рөл атқарады.

Фармакодинамикалық әсерлері

Іn vitro талдаулар нәтижелері және in vivo жануарларға жасалған тәжірибелер панитумумабтың өсуді тежейтінін және ЭӨФ рецепторын экспрессиялайтын ісік жасушаларының тіршілік қабілетін азайтады. Панитумумабтың адам ісігінің ксенотрансплантантына ЭӨФ рецепторын экспрессияламайтын ісікке қарсы әсері сипатталмаған. Жануарларға жасалған тәжірибелерде сәулелендіру режиміне, химиялық емге немесе басқа таргетті емдеуге панитумумабты қосу тек сәулелендіру режимімен, химиялық еммен немесе басқа таргетті емдеумен салыстырғанда, ісікке қарсы әсерін арттырды.

Вектибикс немесе ЭӨФ рецепторларының өзге тежегіштерін алатын пациенттерде байқалған дерматологиялық реакциялар (тырнақтарға әсер етуін қоса), осы препараттардың белгілі фармакологиялық әсерлері болып табылады («Қолдану тәсілі және дозалары» және «Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

Иммуногенділігі

Басқа емдік протеиндер сияқты, панитумумаб иммуногенділігі әлеуетті. Панитумумабқа бейтараптандырушы антиденелердің өндірілуі панитумумабқа байланысты антиденелерді анықтауға арналған екі әртүрлі скринингтік иммундық талдау жүйелерінің көмегімен (ИФТ - жоғары аффинді антиденелерді анықтауға мүмкіндік беретін иммуноферменттік талдау мен жоғары және төмен аффинді антиденелерді анықтауға мүмкіндік беретін Биосенсор) бағаланды. Кез келген скринингтік иммундық талдауда сарысулары антиденелердің болуына оң болып шыққан пациенттерге бейтараптандырушы антиденелерді табуға арналған in vitro биологиялық тестісі де жасалды.

Монотерапия ретінде:

  • Байланысқан антиденелерді анықтау жиілігі (препарат енгізуге дейінгі және уақытша оң антиденелер анықталған жағдайларды қоспағанда) ИФТ талдау көмегімен анықталғандай < 1% және Биокор иммунологиялық талдау көмегімен анықталғандай 3.8% құрады;

  • Бейтараптандырушы антиденелерді анықтау жиілігі (препарат енгізуге дейінгі және уақытша оң антиденелер анықталатын жағдайларды қоспағанда) < 1% құрады;

  • Антиденелер өндірілмеген пациенттермен салыстырғанда, панитумумабқа бейтараптандырушы антиденелердің болуы мен препараттың фармакокинетикалық параметрлері, тиімділігі мен қауіпсіздігі өзгерістерінің арасында өзара байланыс болмаған.

Иринотекан немесе оксалиплатин негізіндегі химиялық ем режимімен біріктіріліп:

  • Байланысқан антиденелерді анықтау жиілігі (препарат енгізуге дейінгі және уақытша оң антиденелер анықталған жағдайларды қоспағанда) ИФТ талдау көмегімен анықталғандай 1.0% және Биокор талдауы көмегімен анықталғандай < 1% құрады;

  • Бейтараптандырушы антиденелерді анықтау жиілігі (препарат енгізуге дейінгі және уақытша оң антиденелер анықталған жағдайларды қоспағанда) < 1% құрады;

  • Вектибикске антиденелер тестісінің нәтижесі оң болған пациенттерде қауіпсіздік бейіні өзгерістеріне ешқандай дәлелдер табылмаған.

Антиденелердің анықталуы пайдаланылатын әдістің сезімталдығына және спецификалығына байланысты. Антиденелерді анықтаудың оң нәтижесіне талдау жасау әдісін, үлгілер таңдау әдістемесін, сынамалар жинау уақытын, қатарлас препараттар қабылдау және негізгі ауру сипатын қоса, алуан түрлі факторлар ықпал ете алады, сондықтан панитумумабқа антиденелердің пайда болу жиілігін осы көрсеткішпен салыстыру басқа препарат үшін тура болмауы мүмкін.

Монотерапия ретіндегі клиникалық тиімділігі

Клиникалық зерттеуде фторпиримидин, оксалиплатин немесе иринотекан негізіндегі химиялық емнің алдыңғы курстары аясында немесе одан кейін аурудың үдеуі байқалған, жабайы типті KRAS генімен метастаздық колоректальді обыры (мКРО) бар пациенттерде Вектибикс қолдану үдеуі болмайтын тірі қалу (ҮБТ) көрсеткішінің едәуір артуына алып келеді. KRAS генінің мутантты типіндегі пациенттерде ҮБТ-ге оң ықпал етуі болмаған. Вектибикс тиімділігі сондай-ақ жабайы типті KRAS (2 экзон) генімен мКРО бар пациенттерді ашық клиникалық зерттеуде бағаланған. Химиялық емге төзімді барлығы 1010 пациентте цетуксимабтың Вектибикстен артықшылығы жоқтығын анықтауға арналған Вектибикс пен цетуксимаб алуда 1:1 арақатынаста рандомизацияланған. Біріншілік соңғы нүкте жалпы тірі қалу (ЖТ) болған. Екіншілік негізгі соңғы нүктелерде үдеу болмайтын тірі қалудың (ҮБТ) және объективті жауап жиілігі (ОЖЖ) қамтылды.

Біріншілік соңғы нүкте жалпы тірі қалудың Вектибикс пайдасына артықшылығын көрсеткен (ZPC номиналдық мәні -3.19, p=0.0007). Вектибикс сақтайтын ЖТ бойынша цетуксимабпен емдеудің күтілетін әсері 106% (95% СА: 82%, 130%) болған.

Химиялық еммен біріктірілген клиникалық тиімділігі

Жабайы типті RAS генімен мКРО бар пациенттерде панитумумаб химиялық еммен (FOLFOX немесе FOLFIRI) біріктірілімде FOLFIRI монотерапиясымен салыстырғанда ҮБТ, ЖТ және ОЖЖ қатысты басымдығын көрсеткен.

KRAS 2 экзоннан кейін қосымша RAS мутациялары бар пациенттер үшін панитумумабты FOLFIRI қосудың пайдасы көрсетілмеген және осы пациенттерде панитумумабты FOLFOX қосудың жағымсыз әсері көрсетілген. 15 экзондағы BRAF мутациясы емнің болжанған келеңсіз аяқталуын көрсетті. BRAF мутациялары FOLFOX немесе FOLFIRI біріктірілімінде панитумумаб емінің аяқталуын болжамады.

FOLFOX-пен бірінші желідегі ем

Клиникалық зерттеуде жабайы типті KRAS генімен метастаздық колоректальді обыры (мКРО) бар пациенттерде оксалиплатин, фторурацил (5-ФУ) және кальций фолинаты (FOLFOX) негізіндегі химиялық ем режимімен біріктіріп Вектибикс қолдану, FOLFOX монотерапиясымен салыстырғанда, үдеу болмайтын тірі қалудың (ҮБТ) едәуір артуына алып келеді. Басқа шешуші соңғы нүктелерде: жалпы тірі қалу (ЖТ), объективті жауап жиілігі (ОЖЖ), үдеуге дейінгі уақыт (ҮДУ) және жауап ұзақтығы қамтылды.

KRAS (2 экзон) жабайы типті генімен мКРО бар 656 пациенттің 641-де алдын ала анықталған ретроспективті талдау жүргізілді. Бұл талдаудың бірінші мақсаты RAS (KRAS және NRAS 2, 3 және 4 экзондары) жабайы типті гені немесе RAS және BRAF (KRAS және NRAS 2, 3 және 4 экзондары және BRAF 15 экзон) жабайы типті гені бар пациенттердегі FOLFOX монотерапиясымен панитумумабтың FOLFOX біріктіріліміндегі емдеудің әсерін салыстыра зерттеу болды. Бұл талдауда KRAS (2 экзон) жабайы типті геніндегі RAS мутацияның қосымша жиілігі шамамен 16% болды.

Одан кейінгі алдын ала анықталған талдау 3 экзонда (59 кодон) KRAS және NRAS қосымша мутациясын (n = 7) анықтады. Сондай-ақ 59 кодон қосылған талдау панитумумабпен емнің болжанған келеңсіз аяқталуын көрсетті.

FOLFIRI-мен біріктірілім

Клиникалық зерттеуде иринотекан, 5-фторурацил (5-ФУ) және кальций фолинатымен (FOLFOX) біріктірілген Вектибикс тиімділігінің екінші желіде жалпы тірі қалу (ЖТ) және үдеу болмайтын тірі қалу (ҮБТ) - негізгі соңғы нүктелері бойынша бағаланды. Басқа негізгі соңғы нүктелерде: объективті жауап жиілігі (ОЖЖ), жауапқа дейінгі уақыт (ЖДУ) және үдеуге дейінгі уақыт (ҮДУ) және жауап ұзақтығы қамтылды.

KRAS (2 экзон) жабайы типті генді мКРО бар 597 пациенттің 586 пациентінде алдын ала анықталған ретроспективті талдау осы пациенттердің ісіктер үлгілерін RAS және BRAF қосымша мутациясына алдында сипатталғандай зерттеумен жүргізілді. 85% пациентте (1186 рандомизацияланған пациенттердің 1014-і) RAS/BRAF мутациясын анықтау жүргізілді. RAS қосымша мутациясының (KRAS 3, 4 экзондары және NRAS 2, 3, 4 экзондары) популяцияда жабайы типті KRAS генімен (экзон 2) кездесуі шамамен 19% болған. Мутацияның BRAF 15 экзонында жабайы типті KRAS генімен (экзон 2) популяцияда кездесуі шамамен 8% болған.

FOLFIRI біріктірілген бірінші желідегі емде Вектибикс тиімділігінің 154 пациентте бірінші соңғы нүктемен – объективті жауаптың жиілігі (ОЖЖ) салыстырылмайтын зерттеуінде бағаланған. Басқа негізгі нүктелер үдеу болмайтын тірі қалу (ҮБТ), жауапқа дейінгі уақыт, үдеуге дейінгі уақыт (ҮДУ) және жауап ұзақтығын қамтиды.

KRAS (2 экзон) жабайы типті генімен мКРО бар 154 пациенттің 143-інде алдын ала анықталған ретроспективті талдау жүргізілген және осы пациенттердің ісік үлгілері қосымша RAS мутациясына тестіленген. Осы қосымша RAS мутациясының (KRAS 3, 4 экзоны және NRAS 2, 3, 4 экзоны) кездесуі KRAS жабайы типінде (2 экзоны) шамамен 10% болған.

BRAF мутациясының бұл талдауында емдеу тобына байланыссыз KRAS жабайы типті генімен мКРО бар пациенттерде ҮДУ және ЖТ азаюымен байланысты емдеудің келеңсіз аяқталуын алдын ала анықтаған. Деректер сондай-ақ BRAF мутациясы панитумумабпен емдеудің қосымша пайдасын алдын ала анықтамайтындығын көрсетіп отыр. Жабайы типті RAS генімен мКРО бар пациенттерде FOLFIRI монотерапиясымен салыстырғанда FOLFIRI-мен біріктірілімде панитумумаб алатын пациенттер тобында ҮБП, ЖТ және ОЖЖ артықшылығы көрінген. KRAS 2 экзонынан кейін қосымша RAS мутацияларымен пациенттер үшін панитумумабты FOLFIRI қосудың пайдасы көрсетілмеген.

Бевацизумаб және оксалиплатин немесе иринотекан негізіндегі химиялық еммен біріктірілген бірінші желідегі ем

KRAS жабайы типіндегі мКРО бар пациенттерде Вектибикс алған пациенттер тобында статистикалық тұрғыда ҮБТ елеулі артуы жария болды. Бевацизумабпен біріктірілген панитумумабты оксалиплатин немесе иринотекан негізіндегі химиялық еммен қолдану KRAS гені бойынша мутация статусына тәуелденбейтін жағымсыз пайда-қауіп арақатынасымен байланысты болады.

Қолданылуы

Вектибикс жабайы типті RAS генімен метастаздық колоректальді обыры (мКРО) бар ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген:

  • FOLFOX немесе FOLFIRI режимімен біріктірілген емнің бірінші желісінде

  • фторпиримидин негізіндегі (иринотекансыз) бірінші желілік химиялық ем алатын пациенттерде FOLFOX режимімен біріктірілген екінші желідегі емде

  • фторпиримидин, оксалиплатин немесе иринотекан негізіндегі химиялық емнің сәтсіздігінен кейін монотерапия ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Вектибикс препаратымен емдеуді ісікке қарсы препараттар тағайындау тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс. Вектибикс препаратымен емдеуді бастар алдында RAS (KRAS және NRAS) гені статусына анықтау жүргізген жөн. Мутация статусын анықтау KRAS (2, 3 және 4 экзондар) және NRAS (2,3 және 4 экзондар) мутациясын анықтауға арналған валидацияланған әдістемені пайдаланып, тәжірибелі зертханашы-дәрігерлер жүргізуі тиіс.

Дозалау режимі

Ұсынылатын Вектибикс дозасы 2 аптада 1 рет дене салмағына 6 мг/кг құрайды. Инфузия жүргізер алдында, Вектибиксті инъекцияға арналған 9 мг/мл (0.9%) натрий хлориді ерітіндісінде 10 мг/мл-ден аспайтын концентрация алынғанша сұйылтады.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Вектибикс қауіпсіздігі мен тиімділігі бағаланбаған.

Препарат егде жастағы пациенттерге тағайындалған жағдайда дозаны реттеу қажет емес (клиникалық деректер жоқ).

Балалар

Вектибикс балаларда колоректальды обырды емдеуге көрсетілмеген.

Дерматологиялық реакциялар

Дерматологиялық реакциялар 3 немесе одан жоғары ауырлық дәрежесінде (CTCAE v 4.0) дамығанда немесе дерматологиялық реакцияны көтере алмағанда дозаға мынадай өзгерту енгізу ұсынылады:

Терідегі симптомдардың пайда болуы:

≥  31 дәреже

Вектибикс препаратын

енгізу

Нәтиже

Дозаларды реттеу

Алғашқы пайда болатын жағдай

1 немесе 2 дозаны тоқтату

Реакция қарқындылығының төмендеуі (< 3 дәреже)

Инфузияны бастапқы дозаның 100%-ын құрайтын дозада жаңғырту

Жақсару болмады

Тоқтату

Екінші пайда болатын жағдай

1 немесе 2 дозаны тоқтату

Реакция қарқындылығының төмендеуі (< 3 дәреже)

Инфузияны бастапқы дозаның 80%-ын құрайтын дозада жаңғырту

Жақсару болмады

Тоқтату

Үшінші пайда болатын жағдай

1 немесе 2 дозаны тоқтату

Реакция қарқындылығының төмендеуі (< 3 дәреже)

Инфузияны бастапқы дозаның 60%-ын құрайтын дозада жаңғырту

Жақсару болмады

Тоқтату

Төртінші пайда болатын жағдай

Тоқтату

-

-

1 3 дәрежелі және одан жоғары реакциялар ауыр немесе өмірге қатерлі болып саналады.

Препарат дайындауға және енгізуге арналған нұсқаулықтар

Инфузия жасар алдында Вектибикс асептикалық жағдайларда инъекцияға арналған 9 мг/мл (0.9%) натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтылады. Құтыны сілкуге немесе қатты шайқауға болмайды. Егер құты ішіндегісінің түсі өзгергені байқалса, препаратты енгізуге болмайды. Препараты бар құтыдан 6 мг/кг дозасын алу үшін Вектибикстің қажетті мөлшерін жинайды, сосын жалпы 100 мл көлемде сұйылтады. Соңғы концентрациясы 10 мг/мл-ден аспауы тиіс. 1000 мг-ден жоғары дозаларды инъекцияға арналған 150 мл 9 мг/мл (0.9%) натрий хлориді ерітіндісінде сұйылту қажет. Алынған ерітіндіні құтыны абайлап аударып-төңкеріп араластырады, сілкімейді.

Вектибикс препаратын сұйылту үшін поливинилхлорид пакеттердегі немесе полиолефин пакеттердегі инъекцияға арналған 9 мг/мл (0.9%) натрий хлориді ерітіндісін пайдалану арасындағы айырмашылықтар сипатталмаған.

Кез келген пайдаланылмаған медициналық өнім немесе пайдаланылған материалдар жергілікті талаптарға сай жойылуы тиіс.

Вектибикс ақуыздардың байланысу дәрежесі төмен 0.2 немесе 0.22 мкм құрылмалы сүзгі арқылы шеткергі зондқа немесе тұрақты катетерге инфузиялық сорғы көмегімен көктамырішілік енгізілуі тиіс. Ұсынылатын инфузия ұзақтығы шамамен 60 минут құрайды. Егер алғашқы инфузия жақсы көтерімді болса, кейінгі инфузияларды 30-60 минут бойы жасауға болады. Препаратты 1000 мг-ден жоғары дозаларда енгізу ұзақтығы шамамен 90 минут құрауы тиіс.

Вектибикс енгізуге дейін және одан кейін, Вектибикс басқа дәрілік препараттармен немесе көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділермен араласып кетпес үшін инфузиялық жүйені натрий хлориді ерітіндісімен жуып-шаю қажет.

Инфузиялық реакциялар пайда болған жағдайда Вектибикс препараты инфузиясының жылдамдығын азайту қажет болады.

Вектибикс сорғалатып немесе болюсті енгізілмейді.

Жағымсыз әсерлері

Вектибиксті монотерапия режимінде және химиотерапия еммен біріктіріп қолдану кезіндегі ең жиі жағымсыз реакциялар шамамен 93% жағдайда байқалған дерматологиялық реакциялар болды. Бұл реакциялар Вектибикс препаратының фармакологиялық қасиеттерімен шартталған, әрі әдетте ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежеде болады; тек 25% жағдайда дерматологиялық реакциялар ауыр (NCI-CTC жіктемесі бойынша 3 ауырлық дәрежесі) және < 1%-ы өмірге қатерлі (NCI-CTC жіктемесі бойынша 4 ауырлық дәрежесі) сипатта болады. Тері реакцияларын клиникалық жүргізу, дозаларды реттеуге қатысты ұсынымдарды қоса, «Айрықша нұсқаулар» бөлімінде берілген. ≥ 20% пациентте пайда болған өте жиі жағымсыз реакциялар асқазан-ішек жолының бұзылыстары болды [диарея (50%), жүрек айну (41%), құсу (27%), іш қату (23%) және іштің ауыруы (23%)]; жалпы реакциялар [қатты қажу (37%), пирексия (20%)]; зат алмасу мен тамақтанудың бұзылуы [анорексия (27%)]; инфекциялар және инвазиялар [паронихия (20%)]; және тері мен теріастылық тін патологиясы [бөртпе (45%), акне пішінді дерматит (39%), қышыну (35%), эритема (30%) және терінің құрғауы (22%)].

Төменде панитумумабты монотерапия ретінде немесе химиялық еммен біріктіріп алатын (n=2588) пациенттерде клиникалық зерттеулерде байқалған жағымсыз реакциялар жөніндегі деректер және препаратты дағдылы ағымдағы клиникалық тәжірибеде қолдану кезінде хабарланған жағдайлар берілген.

Химиялық еммен біріктірілген Вектибикстің қауіпсіздік бейінінде Вектибикстің тіркелген жағымсыз реакциялары (монотерапия ретінде) және базалық химиялық емнен уыттану қамтылады. Уыттанудың жаңа жағдайлары, сондай-ақ күтілген аддитивті әсерлерден басқа, бұрын болған уыттанудың пайда болу жағдайларының өршуі байқалмаған. Химиялық еммен біріктіріп панитумумаб қабылдайтын пациенттерде ең жиі байқалған жағымсыз реакциялар дерматологиялық реакциялар болды. Монотерапия ретінде препарат алған пациенттерде бәрінен жиі байқалған басқа жағымсыз реакцияларға гипомагниемия, диарея және стоматит жатады. Бұл жағымсыз реакциялар жекелеген жағдайларда Вектибикстің немесе химиялық емнің тоқтатылуын талап етті.

Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігі төмендегі үлгіде анықталды: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), сирек (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), өте сирек (≥1/10,000-нан <1/1000-ға дейін) және жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағаланбайды).

Өте жиі

  • паронихия1

  • анемия

  • гипокалиемия, анорексия, гипомагниемия

  • ұйқысыздық

  • конъюнктивит

  • ентігу, жөтел

  • диарея1, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, стоматит, іш қату

  • акне пішіндес дерматит, бөртпе1,2, эритема, терінің қышынуы, терінің құрғауы, тері сызаттары, безеу бөртпесі, алопеция

  • арқаның ауыруы

  • қатты қажу, пирексия, астения, шырышты қабықтың қабынуы, шеткергі ісінулер

  • салмақтың төмендеуі

Жиі

  • пустулезді бөртпе, целлюлит1, несеп шығару жолдарының инфекциялары, фолликулит, жергілікті инфекция

  • лейкопения

  • аса жоғары сезімталдық1

  • гипокальциемия, дегидратация, гипергликемия, гипофосфатемия

  • қорқыныш сезімі, бас ауыру, бас айналу

  • блефарит, кірпіктердің қатты өсуі, көз жасының көп ағуы, көз алмасының гиперемиясы, көздің құрғауы, көздің қышынуы, көздің тітіркенуі

  • тахикардия

  • терең көктамырлар тромбозы, гипотензия, гипертензия, қан кернеулері

  • өкпе артериясының эмболиясы, мұрыннан қан кету

  • ректальді қан кету, ауыз қуысы шырышының құрғауы, диспепсия, афтозды стоматит, хейлит, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы

  • алақан-табан эритродизестезиясы синдромы, терінің ойық жаралары, терінің қабыршақтануы, гипертрихоз, онихоклазия, тырнақ аурулары, гипергидроз, дерматит

  • аяқ-қолдың ауыруы

  • кеуденің ауыруы, ауыру, қалтырау

  • қанда магний деңгейінің төмендеуі

Сирек

  • көз инфекциялары, қабақ инфекциялары, көз қабағының тітіркенуі, кератит1

  • цианоз

  • бронх түйілуі, мұрын шырышты қабығының құрғауы

  • еріннің жарылуы, еріннің кеберсуі

  • ангионевроздық ісіну1, гирсутизм, өсіп шыққан тырнақ, онихолизис

  • инфузиялық реакциялар1

Өте сирек

  • анафилаксиялық реакциялар1

  • ойық жаралы кератит1

  • тері некрозы1

- Стивенс-Джонсон синдромы1

- уытты эпидермальді некролиз1

Жиілігі белгісіз

  • өкпенің интерстициальді аурулары3

1 Төменде берілген «Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы»

2 негізінен бөртпе тері уыттануын, терінің қабыршақтануын, эксфолиативті бөртпені, папулезді бөртпені, қышытатын бөртпені, эритематозды бөртпені, жайылған бөртпені, макулезді бөртпені, макулопапулезді бөртпені, терінің зақымдануын қамтиды.

3 «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз.

Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы

Ас қорыту жүйесінің бұзылыстары

Көпшілік жағдайларда ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі диарея жөнінде хабарланды. Вектибиксті монотерапия ретінде алған 2% пациентте және Вектибиксті химиялық еммен біріктіріп алған 17% пациентте диареяның ауыр жағдайлары (NCI-CTC бойынша 3 және 4 ауырлық дәрежесі) хабарланды.

Ауыр дәрежедегі диарея мен дегидратация аясындағы жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы жөнінде хабарланды («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Инфузиялық реакциялар

мКРО монотерапиясының (n=2588) клиникалық зерттеулерінде инфузиялық реакциялар (препаратты алғаш енгізгеннен бастап 24 сағат ішінде дамитын) Вектибикс алған шамамен 4% пациентте байқалды, олардың < 1%-ы ауыр сипатта болды (NCI-CTC бойынша 3 және 4 ауырлық дәрежесі).

Клиникалық зерттеу кезінде Вектибикспен ем алған бас пен мойынның қайталанған метастаздық жалпақ жасушалы обыры бар пациентте өлімге ұшырататын ангиневроздық ісінудің дамуы жөнінде хабарланды. Өлімге душарлайтын асқыну ангиневроздық ісіну дамыған алдыңғы көріністен кейін емді жаңғыртқан кезде дамыды; екі реакция да препаратты енгізгеннен кейін 24 сағаттан астам уақыт өте дамыды. Инфузиядан кейін 24 сағаттан астам уақыт өткен соң дамыған аса жоғары сезімталдық реакциялары жөнінде дағдылы клиникалық тәжірибеде қолданған кезде де хабарланды.

Инфузиялық реакцияларды клиникалық енгізуге қатысты толық мәлімет «Айрықша нұсқаулар» бөлімінде көрсетілген.

Тері және тері асты шелмайы тарапынан бұзылулар

Тері бөртпесі бет, кеуде қуысының жоғарғы бөлігі мен арқада ең көп шоғырланды, дегенмен кейбір жағдайларда аяқ-қолдарға да жайылды. Ауыр дерматологиялық реакциялар салдары ретінде сирек жағдайларда өліммен аяқталған сепсис, целлюлит және хирургиялық араласу мен дренаждауды талап еткен жергілікті абсцесстер сияқты инфекциялық асқынулардың дамуы да болды. Дерматологиялық реакциялардың алғашқы көріністерінің дамуына дейінгі уақыт медианасы 10 күн, Вектибиксті соңғы енгізгеннен бастап олар басылғанға дейінгі уақыт медианасы 28 күн құрады.

Паронихиальді қабыну аяқ пен қол саусақтарының латеральді тырнақ біліктерінің ісіп кетуімен қатар жүрді.

Вектибикс немесе ЭӨФ рецепторларының өзге тежегіштерін алған пациенттерде байқалған дерматологиялық реакциялар (тырнаққа әсер етуін қоса) осы препараттардың белгілі фармакологиялық әсерлері болып табылады.

Клиникалық зерттеулердің бәрінде тері реакциялары Вектибиксті монотерапия ретінде немесе химиялық еммен біріктіріп (n=2588) алған 93% пациентте байқалды. Негізінен бұл үнемі дерлік жеңіл немесе орташа сипатта болатын бөртпе және безеу тәрізді дерматит болды. Вектибиксті монотерапия ретінде немесе химиялық еммен біріктіріп (n=1536) алған 34% пациентте ауыр тері реакциялары (NCI-CTC бойынша 3 ауырлық дәрежесі) және < 1% пациентте өмірге қатер төндіретін тері реакциялары (NCI-CTC бойынша 4 ауырлық дәрежесі) хабарланды. Вектибикс алған пациенттерде некрозданған фасциит және сепсисті қоса, өмірге қауіп төндіретін және өлімге ұшырататын асқынулар байқалды («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Дерматологиялық реакциялар клиникасын жүргізуге қатысты толық мәліметті, дозаны өзгерту жөніндегі ұсынымдармен қоса, «Айрықша нұсқаулар» және «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімдерінен қараңыз.

Дағдылы ағымдағы клиникалық тәжірибеде тері некроздары, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз) дамуының сирек жағдайлары хабарланды.

Офтальмологиялық уыттану

Кератиттің күрделі емес жағдайлары клиникалық зерттеулерге қатысқан 0.2 – 0.7% пациентте байқалды. Дағдылы ағымдағы клиникалық тәжірибеде қолдану кезінде кератиттер және/немесе ойық жаралы кератиттердің күрделі жағдайлары хабарланды («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Балалар

Вектибикс препаратын балаларда қолдану туралы қандай да бір деректер жоқ, сондықтан Вектибиксті 18 жасқа толмаған пациенттерді емдеуге пайдалануға болмайды.

Басқа да ерекше қауымдар

Вектибикс монотерапиясын алған егде жастағы пациенттердегі (≥ 65 жас) қауіпсіздігі мен тиімділігінде айырмашылықтар байқалмаған. Алайда FOLFIRI (37%-бен салыстырмалы 45%) немесе FOLFOX-пен (37%-бен салыстырмалы 52%) біріктірілген Вектибикспен ем алған егде жастағы пациенттерде, тек химиялық ем қолданумен салыстырғанда, күрделі жағымсыз реакциялар санының көбеюі тіркелген («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз). FOLFOX немесе FOLFIRI-мен біріктірілген Вектибикс қабылдайтын пациенттерде ең жиі дамыған күрделі жағымсыз реакция диарея болды; дегидратация және өкпе артериясының тромбоэмболиясы FOLFIRI-мен біріктірілген Вектибикс қабылдайтын пациенттерде болды.

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Вектибикс қолдану қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • сыртартқыдағы препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдықтың күрделі немесе өмірге қатерлі реакциялары

  • интерстициальді пневмонит немесе өкпе фиброзы

  • мутантты типті RAS гендерімен мКРО бар пациенттерде немесе нақтыланбаған типті RAS гендерімен мКРО бар пациенттерде оксалиплатин негізіндегі химиялық ем режимімен біріктірілімде («Айырықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

мКРО бар пациенттердегі Вектибикс пен иринотеканның өзара әрекеттесулеріне жүргізілген зерттеулер иринотекан және оның белсенді SN-38а метаболиті фармакокинетикалық қасиеттерінің препараттарды бір мезгілде енгізген кезде өзгермейтінін көрсетті. Айқаспалы салыстырмалы зерттеулер нәтижелері иринотекан қамтылатын режимдердің (ИФЛ немесе FOLFIRI) панитумумабтың фармакокинетикалық қасиеттеріне ықпал етпейтінін көрсетті.

Вектибиксті ИФЛ сызбасы бойынша химиялық ем режимдерімен және бевацизумаб қамтылатын химиялық ем режимдерімен үйлестіріп пайдалану ұсынылмайды. Панитумумаб ИФЛ-мен біріктіріліп тағайындалғанда ауыр дәрежелі диарея жиілігінің жоғарылауы байқалды және панитумумабты бевацизумаб қамтылған химиялық ем режимімен біріктіріп тағайындағанда уыттану мен өліммен аяқталу жиілігі көбейді («Айрықша нұсқаулар» және «Фармакодинамика» бөлімдерін қараңыз).

Вектибикс RAS мутантты генімен мКРО бар пациенттерге немесе RAS статусы нақтыланбаған жағдайда құрамында оксалиплатин бар химиялық еммен біріктіріп тағайындауға болмайды. Клиникалық зерттеу барысында панитумумаб пен FOLFOX алған мутантты типті KRAS гені бар пациенттерде үдеусіз тірі қалу және жалпы тірі қалу көрсеткіштерінің нашарлауы болды («Айрықша нұсқаулар» және «Фармакодинамикаcы» бөлімдерін қараңыз).

Айрықша нұсқаулар

Жұмсақ тіндер және тері жабындары тарапынан жағымсыз реакциялар

Фармакологиялық қасиеттермен шартталған ЭӨФ рецепторы тежегіштерінің класс-әсері – жеңіл және орташа дәрежелі дерматологиялық реакциялар Вектибикс алған пациенттердің бәрінде дерлік (шамамен 90%) байқалды. 34% пациентте ауыр тері реакциялары (NCI-CTC бойынша 3 ауырлық дәрежесі) және Вектибиксті химиялық еммен біріктіріп (n=1536) алған < 1% пациентте өмірге қатерлі тері реакциялары (NCI-CTC бойынша 4 ауырлық дәрежесі) хабарланды («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Ауыр дерматологиялық реакция дамыған жағдайда (≥ 3 дәреже) Вектибикс препаратының дозасын реттеу қажет болады («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Сирек жағдайларда өліммен аяқталуға әкелетін сепсис пен некрозданатын фасциитті қоса, ауыр дерматологиялық реакциялардың (стоматиттерді қоса), инфекциялық асқынулар және операциялық араласулар талап ететін жергілікті абсцесстердің дамуы жөнінде хабарланды. Вектибикспен емделу аясында ауыр дерматологиялық реакциялар және жұмсақ тіндер тарапынан болатын реакциялар дамыған немесе дерматологиялық реакциялар ағымы нашарлаған пациенттер қабыну немесе инфекциялық асқынулардың дамуы тұрғысынан қадағалануы тиіс (целлюлит және некрозданатын фасциит); қажет болса, осындай пациенттерге тиісінше ем тағайындалу керек. Вектибикс алған пациенттерде, некрозданатын фасциит пен сепсисті қоса, өмірге қатер төндіретін және өлімге ұшырататын асқынулар байқалды. Дағдылы клиникалық практикада Вектибикс алған пациенттерде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз дамуының сирек жағдайлары байқалған. Ауыр немесе өмірге қатерлі қабыну немесе инфекциялық асқынулармен байланысты жұмсақ тіндер немесе тері жабындары тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда Вектибикспен емдеуді кейінге қалдыру немесе тоқтату қажет.

Дерматологиялық реакцияларды емдеу көріністер ауырлығына негізделуі тиіс және өзінде ылғалдандыратын, күннен қорғайтын заттар (күннен қорғайтын сүзгі > 15 УФА және УФВ), сондай-ақ зақымданған жерлерге қолданатын стероидты кремдер (гидрокортизон пайызы 1%-дан жоғары емес) және/немесе ішуге арналған антибиотиктерді қамтиды. Сонымен бірге, бөрту/дерматологиялық уыттану белгілері бар пациенттерге күннен қорғайтын заттар мен бас киімдер пайдалануға, күн сәулесі кез келген тері реакцияларын күшейтуі мүмкін екендіктен күн астында болуды шектеуге кеңес беріледі.

Теріге алдын ала күтім жасауға ылғалдандыратын, күннен қорғайтын заттар (күннен қорғайтын сүзгі > 15 УФА және УФВ), стероидты кремдер (гидрокортизон пайызы 1%-дан жоғары емес) және дерматологиялық реакцияларды емдеуге пайдаланылатын ішуге арналған антибиотиктер (мысалы, доксициклин) кіреді. Емделіп жүрген кезде пациенттер бет, қол, аяқ, мойын, арқа және кеуделеріне әр таңертеңгілік ылғалдандыратын және күннен қорғайтын заттар жағып, ал түнге қарай бет, қол, аяқ, мойын, арқа және кеуделеріне стероидты крем жаққандары жөн.

Өкпе тарапынан болатын асқынулар

Сыртартқысында интерстициальді аурулары немесе өкпе фиброзы бар пациенттер клиникалық зерттеулерге алынбаған. Өкпенің интерстициальді ауруларының өліммен аяқталған және онсыз жағдайлары, негізінен, жапон қауымында болды. Өкпе симптомдары пайда болғанда немесе нашарлағанда Вектибикспен емдеуді тоқтата тұрып, анықталған сиптомдар шұғыл және мұқият зерттелуі тиіс. Өкпенің интерстициальді ауруларына диагностика жасағанда Вектибиксті уақытша тоқтатып, пациентке тиісінше ем тағайындау керек. Сыртартқысында интерстициальді пневмонит немесе өкпе фиброзы болған немесе интерстициальді пневмонит немесе өкпе фиброзы бар пациенттерде препарат қолданудың ықтималды пайдасы мен өкпе тарапынан асқынулардың дамуын бағалау қажет.

Электролитті теңгерім бұзылулары

Кейбір пациенттерде ауыр гипомагниемияға (4 ауырлық дәрежесі) алып келген сарысулық магний концентрацияларының үдемелі төмендеуі білінді. Вектибикспен емделуді бастар алдында және ол аяқталғаннан кейін 8 апта бойы мезгіл-мезгіл пациенттерге гипомагниемия мен қатарлас гипокальциемияның дамуы тұрғысынан мерзім сайын мониторинг жасау қажет («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Қажет болса, магний препараттарын қабылдау ұсынылған.

Гипокалиемияны қоса, басқа электролиттер теңгерімінің бұзылуы да білінді. Жоғарыда аталған мониторингті жүргізіп, осы электролиттерді талапқа сай тиісінше ұстап тұруға кеңес беріледі.

Инфузиялық реакциялар

Монотерапия мен мКРО біріктірілген емінің (n=2588) клиникалық зерттеулерінің бәрінде инфузиялық реакциялар (инфузиядан кейін 24 сағат ішінде пайда болған) Вектибикс алған 4% пациентте білінді, олардың

< 1% ауыр сипатта (NCI-CTC бойынша 3 және 4 ауырлық дәрежесі) болды.

Дағдылы ағымдағы клиникалық практикада қолданғанда, өліммен аяқталған сирек хабарламаларды қоса, күрделі инфузиялық реакциялар хабарланды. Инфузия кезінде немесе одан кейін ауыр немесе өмірге қатерлі реакциялар пайда болған жағдайда [мысалы, бронх түйілуі, ангионевроздық ісіну, препараттарды парентеральді қолдану қажет болатын гипотензия немесе анафилаксия пайда болғанда] Вектибикс қабылдауды уақытша тоқтату керек.

Жеңіл немесе орташа (CTCAE v 4.0 бойынша 1 және 2 ауырлық дәрежесі) инфузиялық реакциялары болған пациенттерде бүкіл инфузия бойына инфузия жылдамдығын азайту керек. Барлық кейінгі инфузиялар барысында инфузия жылдамдығын төмен күйде сақтауға кеңес беріледі.

Инфузиядан кейін 24 сағаттан астам уақыт өткен соң дамитын өліммен аяқталған ангионевроздық ісінуді қоса, инфузиядан кейін 24 сағаттан астам уақыт өте пайда болған аса жоғары сезімталдық реакциялары хабарланды. Пациенттерге реакциялардың кешірек дамуы мүмкін екенін ескертіп, аса жоғары сезімталдық реакцияларының симптомдары пайда болған жағдайда өз емдеуші дәрігеріне хабарласу қажеттілігі туралы нұсқау беру керек.

Жедел бүйрек жеткіліксіздігі

Жедел бүйрек жеткіліксіздігі ауыр диареясы мен дегидратациясы бар пациенттерде білінген. Ауыр диареясы бар пациенттер шұғыл дәрігерге хабарласу қажеттілігі жөнінде нұсқау алуы тиіс.

Вектибиксті иринотекан, 5-фторурацил (болюсті) және кальций фолинаты (ИФЛ) негізіндегі химиялық ем режимімен біріктіріп қолдану

Вектибиксті ИФЛ негізіндегі химиялық ем режимімен біріктіріп [болюсті 5-фторурацил (500 мг/м2), кальций фолинаты (20 мг/м2) және иринотекан (125 мг/м2)] қабылдаған пациенттерде ауыр дәрежелі диарея пайда болу жиілігінің жоғары екені байқалды. Осыған орай, Вектибиксті ИФЛ-мен біріктіріп қолданудан аулақ болу қажет.

Вектибиксті бевацизумаб негізіндегі химиялық ем режимімен біріктіріп қолдану

Клиникалық зерттеуде Вектибиксті бевацизумаб негізіндегі химиялық ем режимімен біріктіріп қолданғанда үдеусіз тірі қалудың қысқаруы және өліммен аяқталудың көбеюі байқалды. Сонымен бірге, Вектибиксті бевацизумаб негізіндегі химиялық ем режимімен біріктіріп қолданғанда өкпе эмболиясы, инфекциялық асқынулар (негізінен дерматологиялық), диарея, электролиттік теңгерім бұзылулары, жүрек айну, құсу және дегидратацияның пайда болу жиілігі көбейді. Вектибиксті бевацизумаб және оксалиплатин негізіндегі химиялық ем режимімен біріктіріп қолданғанда KRAS генінің жабайы типіндегі пациенттерде тірі қалудың төмендеу екпіні байқалды; Вектибиксті бевацизумаб пен иринотекан негізіндегі химиялық ем режимімен біріктіріп қолданғанда да мКРО бар пациенттерде, KRAS гені мутациясы статусына тәуелсіз тірі қалудың нашарлау екпіні байқалды. Сондықтан, Вектибикс бевацизумаб негізіндегі химиялық ем режимімен біріктіріліп қолданылмауы тиіс («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Мутантты типті RAS генімен мКРО бар немесе ісіктің RAS статусы нақтыланбаған пациенттерде оксалиплатин негізіндегі химиялық ем режимімен біріктірілген Вектибикс

RAS мутантты генімен мКРО бар пациенттерге немесе ісіктің RAS статусы нақтыланбаған жағдайда Вектибиксті оксалиплатин негізіндегі химиялық ем режимімен біріктіріп тағайындауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Фармакологиялық қасиеттері» бөлімдерін қараңыз). Зерттеуді біріншілік талдауда панитумумаб пен FOLFOX (n=221) және тек FOLFOX (n=219) алған KRAS мутантты гені бар пациенттерде үдеусіз тірі қалудың (ҮТҚ) едәуір қысқаруы және жалпы тірі қалу уақытының (ЖТУ) азаюы болды.

Жабайы типті KRAS (2 экзон) генімен мКРО бар 656 пациенттің 641-дегі алдын ала анықталған ретроспективті талдау пациенттердің 16%-да (n=108)

RAS (KRAS [3 және 4 экзондары] немесе NRAS [2, 3, 4 экзондары]) қосымша мутациясын анықтады. ҮТҚ және ЖТУ қысқаруы мутантты типті RAS генімен мКРО бар панитумумабтың FOLFOX (n = 51) біріктірілімін қабылдаушы пациенттерде FOLFOX (n= 57) монотерпиямен салыстырғанда бақыланды.

RAS гендерінің мутациясы статусын анықтауды валидацияланған әдістемені пайдаланып, тәжірибелі зертханашы-дәрігерлер жүргізуі тиіс («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Вектибиксті FOLFOX-пен біріктіріп қолданған жағдайда, RAS гені статусын немесе тиісті анықтау бағдарламасына қатысатын зертханада мутантты статусты анықтау ұсынылады немесе геннің жабайы типі екі мәрте қайталанатын сынақ жүргізумен расталуы тиіс.

Офтальмологиялық уыттану

Дағдылы ағымдағы клиникалық практикада қолданғанда кератиттердің және ойық жаралы кератиттердің күрделі жағдайлары өте сирек хабарланды.

Төменде аталған: көздің қабыну аурулары, көзден жас ағу, жарыққа сезімталдық, анық көрудің төмендеуі, көздердің ауырсынуы және/немесе қызаруы сияқты жедел түрдегі кератит белгілері мен симптомдары немесе жай-күйінің нашарлауы байқалатын пациенттер дереу офтальмолог-дәрігер тексеруінен өтуге жіберілуі тиіс.

Ойық жаралы кератит диагнозы расталса, Вектибикс қолдану тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы тиіс. Кератит диагнозы расталса, «пайда-қауіп» арақатынасы негізінде емдеуді жалғастыру мүмкіндігі жөнінде шешім қабылдау қажет.

Кератит, ойық жаралы кератит немесе ауыр дәрежедегі көздің құрғау синдромы сыртартқысында бар пациенттер Вектибиксті абайлап қолдану керек. Жанаспалы линзалар пайдалану кератиттер мен ойық жаралы кератиттерді туындататын қауіп факторы болып табылады.

Химиялық еммен біріктірілген Вектибикспен емделген ECOG шкаласы бойынша 2 функционалдық статусы бар пациенттер

мКРО және ECOG 2 статусы бар пациенттер үшін Вектибиксті химиялық еммен біріктіріп қолдану басталғанша «пайда-қауіп» арақатынасына баға беру ұсынылады. ECOG 2 статусы бар пациенттерде оң «пайда-қауіп» арақатынасы анықталмаған.

Егде жастағы пациенттер

Вектибикс монотерапиясын алған егде жастағы пациенттерде (≥ 65 жас) қауіпсіздік пен тиімділік айырмашылықтары байқалмаған. Алайда Вектибиксті FOLFIRI немесе FOLFOX химиялық ем режимімен біріктіріп алған егде жастағы пациенттерде, тек химиялық ем режимін қолданумен салыстырғанда, күрделі жағымсыз реакциялар санының көбеюі тіркелген.

Басқа да сақтандыру шаралары

Препараттың құрамында 1 мл концентратқа 0.150 ммоль натрий бар (бұл 3.45 мг натрийге сәйкес келеді). Мұны қатаң түрде натрийлі диета ұстанатын пациенттер ескеру керек.

Жүктілік және бала емізу кезеңі

Жүктілік

Вектибиксті жүкті әйелдерде қолдануға қатысты деректер саны жеткілікті емес. Жануарларға жасалған тәжірибелер ұрпақ өрбітуде уыттану болатынын көрсетті. Адам үшін әлеуетті қатері белгісіз. Препаратты жүктілік уақытнда қолдану ұсынылмайды. ЭӨФ рецепторы ұрықтың перинатальді дамуын бақылауға қатысады және дамушы эмбрионның қалыпты органогенез, пролиферация және жасушалар дифференциялануы үдерістерінде белгілі бір рөл атқарады. Осылайша, Вектибикс жүкті әйелдерге тағайындалған кезде ұрыққа зор зиянын тигізуі мүмкін.

Адамның IgG антиденелерінің плацентарлық бөгет арқылы өтуге қабілетті екені белгілі, сондықтан панитумумаб ана организмінен ұрықтың дами бастаған организміне өте алады. Сондықтан ұрпақ өрбіту функциясы сақталған әйелдер Вектибикспен емделу кезінде және ол аяқталғаннан кейін 2 ай бойы контрацепцияның сенімді құралдарын пайдалануы тиіс. Вектибикс жүктілік кезінде қолданылғанда немесе егер жүктілік препаратпен емделу аясында дамыса, пациент әйелге жүктілікті үзудің қатері зор екенін және ұрыққа әлеуетті қауіп төнетінін түсіндіру қажет.

Вектибикс препаратымен емделу кезінде жүкті болып қалған пациент әйелдерге Амджен компаниясының Жүктілікті бақылау бағдарламасына тіркелуін өтінеміз. Бақылау бағдарламасына тіркелу үшін пациент әйелдер және оларды қадағалайтын дәрігерлер осы нұсқаулық соңында көрсетілген телефон бойынша қоңырау соға алады.

Бала емізу кезеңі

Панитумумабтың емшек сүтіне өту-өтпеуі белгісіз. Адамның IgG антиденелері ана сүтіне өтетіндіктен, панитумумаб та емшек сүтіне өтеді деп жорамалдауға болады. Препараттың сіңу мүмкіндігі және оның сәбиге ықтималды залалы анықталмаған. Вектибикспен емделу кезеңінде және ол аяқталғаннан кейін 2 ай бойы емшек емізбеуге кеңес беріледі.

Вектибикс препаратымен емделу кезінде бала емізетін пациент әйелдерге Амджен компаниясының Бала емізуші әйелдерді бақылау бағдарламасына тіркелуін өтінеміз. Бақылау бағдарламасына тіркелу үшін пациент әйелдер және оларды қадағалайтын дәрігерлер осы нұсқаулық соңында көрсетілген телефон бойынша қоңырау шала алады.

Фертильділік

Жануарларға жасалған тәжірибелерде препараттың етеккір оралымына қайтымды әсер етуі және ұрғашы маймылдар фертильділігінің төмендеуі көрсетілген. Осыған орай, панитумумаб әйелдердегі жүктіліктің даму мүмкіндігіне ықпал етуі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көру мүшелері тарапынан жағымсыз реакциялар дамыған және/немесе зейін шоғырландыру қабілеті мен реакциялар жылдамдығы төмендеген жағдайда пациенттерге көлік құралдарын басқарудан немесе препараттың аталған жағымсыз реакциялары басылғанша күрделі құрылғымен жұмыс істеуден бас тартуға кеңес беріледі.

Артық дозалануы

Симптомдары: клиникалық зерттеулерде 9 мг/кг дейінгі дозалар тағайындалған. Ұсынылған емдік дозасынан (12 мг/кг) 2 есе асып кеткен жағдайлар сипатталған. Анықталған жағымсыз реакцияларға тері тарапынан уыттану реакциялары, диарея, дегидратация және қатты қажу жатады, бұл ұсынылған дозадағы препараттың қауіпсіздік бейініне сәйкес келеді.

Емі: артық дозалану жағдайында симптоматикалық емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 20 мг/мл концентрат.

Құтының ішінде инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 5 мл (100 мг/5 мл) немесе 20 мл (400 мг/20 мл) концентрат бар.

13 мм эластомер тығыны, алюминий қалпақшасы және сындырылатын полипропилен қалпақшасы бар I гидролитикалық класты мөлдір шыны құтыда. 1 құтыдан пішінді ұяшықты қаптамаға, сонан соң медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады. Әр қорапшаға алғашқы ашылуын бақылау үшін ұзына бойы түсті жолағы бар екі мөлдір қорғағыш заттаңба жапсырылады.

Сақтау шарттары

2C-ден 8C-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Жарықтан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Вектибикс құрамында микробқа қарсы консерванттар немесе бактериостатикалық агенттер жоқ. Препарат сұйылтылғаннан кейін бірден пайдаланылуы тиіс. Егер препарат бірден пайдаланылмаса, оны келесі пайдаланылуға дейін сақтау уақыты мен шарттары үшін жауапкершілік пайдаланушыға жүктеледі, бірақ 2C – 8C температурада 24 сағаттан асырылмайды. Сұйылтылған ерітіндіні мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Амджен Мэньюфэкчуринг Лимитед

Роуд 31, Километр 24.6

Джанкос, PR 00777‑4060

Пуэрто-Рико, АҚШ

Қаптаушы

Амджен Еуропа Б.В.

Минервум 7061

NL- 4817 ZK Бреда

Нидерланды

Тіркеу куәлігінің иесі

Амджен Еуропа Б.В.

Нидерланды

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар және жағымсыз әсерлер жөніндегі хабарламалар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Глобал Мед» ЖШС

Астана, 010000, Тұран даңғылы, 34, Қазақстан

Тел./Факс: +7 717 290 17 21

email: info@globalmed.kz

 

Прикрепленные файлы

237761381477976857_ru.doc 225.5 кб
141307891477978016_kz.doc 235.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники