Валордин
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Валордин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
25 мл, 50 мл ішуге арналған тамшылар
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді заттар – α-бромизовалериан қышқылының этил эфирі - 2,00 г , фенобарбитал - 2,00 г
қосымша заттар – бұрыш жалбызының майы, құлмақ майы, этанол, тазартылған су
Сипаттамасы
Өзіне тән хош иісі бар мөлдір түссіз сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Ұйықтататын және седативті дәрілер. Барбитураттар басқа да препараттармен біріктірілімде
АТХ коды: N05CB02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Фенобарбитал тікелей асқазанда жылдам сіңеді. Фенобарбиталдың шамамен 35%-ы плазма ақуызымен байланысады. Ақуызбен байланыспаған бөлігі бүйрекпен сүзіледі және қышқылдылығы төмен болғанда қайтара сіңеді. Осы кері диффузияны несептің сілтіленуі қиындатады. Плазмада фенобарбиталдың жартылай ыдырау уақыты
3 күнді құрайды. 30% фенобарбитал несеппен өзгеріссіз шығарылады, оның тек аздаған көлемі бауырда тотығады. Ұзақ қолданғанда плазмада концентрациясының жинақталуы, сондай-ақ бауырда энзимді индукция байқалады. Индукция барбитураттардың және дәрілік заттардың басқа да компоненттерінің ыдырауын тездетеді. Бромизовалериан қышқылы – этил эфирінде байланысқан бром өте баяу бөлінеді. Ұзақ қолданған кезде бром жинақталады және ОЖЖ жинақталады, бұл броммен созылмалы уыттануға әкеледі.
Фармакодинамикасы
Құрамында α-бромизовалериан қышқылының этил эфирі мен фенобарбитал бар біріктірілген дәрілік зат. Дозаға байланысты осы заттың екеуі де седативті, гипнозды әсер етеді, ал жоғары дозаларда есірткілік әсерін байқатады. Дәрілік заттың құрамына кіретін жалбыз майы рефлекторлы тамыр кеңейткіш және түйілуді басатын әсер береді.
Қолданылуы
- жүрек-қантамыр жүйесінің қызметтік бұзылыстары кезінде (оның ішінде тахикардия)
- қатты ашушаңдықпен неврозда
- ұйқыға кетудің бұзылуында
- вегетотамырлық дистонияда
Қолдану тәсілі және дозалары
Этанолдың мөлшері 55 % кем емес. 1 мл ішінде 30 тамшы болады.
Валординді ішке, тамақтану кезінде, аздаған сұйықтық мөлшерімен қабылдайды.
Дозалау әр адамға жекелей белгіленеді.
Ересектерге әдетте 15-20 тамшыдан күніне 3 рет тағайындайды.
Ұйқыға кету бұзылған кезде бір реттік дозаны 30 тамшыға дейін арттыруға болады.
Препаратты қолданудың ұзақтығы әр адамға жекелей белгіленеді.
Жағымсыз әсерлері
ОЖЖ тарапынан: бас айналу, әлсіздік, естен тану ахуалы, координацияның бұзылуы.
Тірек-қимыл аппараты тарапынан: құрысулар.
Ас қорыту жүйесі тарапынан: жүрек айну, құсу, іш қату, ұзақ қолданған кезде – бауыр қызметінің бұзылуы.
Қан түзу ағзалары тарапынан: агранулоцитоз, мегалобласттық анемия, тромбоцитопения.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: артериялық қысымның төмендеуі, тромбофлебит, аллергиялық реакциялар.
Басқалары: көрудің бұзылуы.
Ұзақ қолданған кезде – дәріге тәуелділік.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- бромға, дәрілік препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
- бауыр және бүйрек қызметінің ауыр бұзылуы
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар
- қант диабеті
- депрессия
- алкоголизм
- медикаментозды және есірткілік тәуелділік
- ентігу және обструктивті синдромы бар респираторлық аурулар
- бауыр және/немесе бүйрек қызметінің айқын бұзылулары
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Валординді седативті дәрілермен бір мезгілде қолданғанда әсерінің күшеюі байқалады. Дәрілік зат компоненттерінің әрқайсысының әсерін нейролептиктермен, МАО тежегіштерімен және транквилизаторлармен бір мезгілде қолдану күшейтеді, ал орталық жүйке жүйесінің стимуляторларымен қолдану нашарлатады. Алкоголь Валординнің әсерін күшейтеді және оның уыттылығын жоғарылатуы мүмкін. Валордин құрамында фенобарбиталдың болуы бауыр ферменттерін индукциялауы мүмкін, осыған байланысты оны бауырда метаболизденетін препараттармен бір мезгілде қолданбаған дұрыс, өйткені олардың концентрациясы, сәйкесінше тиімділігі де, анағұрлым жылдам метаболизмнің (тікелей емес антикоагулянттар, антибиотиктер, сульфаниламидтер және т.б.) нәтижесінде төмендейді. Құрамында капроин қышқылы бар дәрілік заттар барбитураттардың әсерін күшейтеді. Кумарин туындыларымен, гризеофульвинмен, глюкокортикоидтармен немесе ішілетін контрацептивтермен үйлесімде Валордин құрамында фенобарбиталдың болуына байланысты олардың жағымсыз өзара әрекеттесуі тұрғысында жоғарыда аталған препараттар әсерінің жылдам әлсізденуі байқалуы мүмкін. Құрамында метотрексат бар дәрілік заттардың уыттылығын күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Валордин құрамында этанолдың 55 көлемді %-ы және фенобарбитал бар, сондықтан Валординді қабылдайтын емделушілерге жоғары зейін мен психикалық және қозғалыс реакцияларының жылдамдығын қажет ететін қызметпен айналысуға болмайды.
Валординді ұзақ қолданған кезде дәріге тәуелділік қалыптасуы мүмкін организмде бромның жиналуы және онымен уланудың дамуы ықтимал.
Артық дозалануы
Симптомдары
жеңіл және орташа ауырлықтағы уыттану кезінде: бас айналу, шаршау, терең ұйқы
жедел ауыр уыттану кезінде: тіндік гипоксиямен, басында жиілеп, кейіннен баяулайтын беткейлік тыныс алумен қатар жүретін терең кома. Жүрек қағуының жиілеуі, жүрек аритмиясы, артериялық қысымның төмендеуі, қантамырлық жеткіліксіздік, рефлекстердің бәсеңдеуі немесе олардың болмауы.
Егер уыттануды емдемесе, қантамырлық жеткіліксіздік салдарынан өлімнің, тыныс алудың салдануы немесе өкпе ісінуі орын алуы мүмкін.
Емі: дәрігерге дейінгі көмек асқазанды натрий сульфатымен (20-30 г натрий сульфаты қосылған 400 мл – 500 мл су және белсендірілген көмір қабылдау (1 таблетка / 10 кг дене салмағына) шаю болып табылады. Қажет болғанда тыныс алу мен қан айналымын қалыпқа келтіруге негізделген дәрігерлік көмек көрсеткен жөн. Тыныс алудың жеткіліксіздігі жасанды тыныс алуды жүргізу жолымен, шок – плазма препараттарының немесе плазма көлемін ұлғайту үшін қосылатын заттар инфузиясы жолымен түзетіледі. Организмнен барбитураттың шығарылуын жеделдету үшін қарқынды сілтілендіруші диурез және гемодиализ және/немесе гемоперфузия тағайындайды.
Броммен уланудың симптомдары: сананың шатасу жағдайы, атаксия, апатия, депрессиялық көңіл-күй, конъюнктивит, суық тию, акне немесе пурпура.
Броммен улануды емдеу: ас тұзы ерітіндісін (250 мл суға 6-12 г немесе 1-2 шай қасық) салуретиктермен бір мезгілде қабылдау, бұл организмнен бром иондарының шығарылуын жылдамдатады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 және 50 мл бұрандалы қақпақтары бар тамшылатқыш-тығынмен немесе П8 типті тығынмен тығындалған полиэтилентерефталаттан жасалған құтыларда. Әр құты қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады. Құтыларды П8 типті тығынмен тығындаған жағдайда пәшкеге тамшылатқыш-тығын салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 8 °С-ден 15 °С-ге дейінгі температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Фармтехнология» ЖШҚ, Беларусь Республикасы
Тіркеу куәлігінің иесі
«Фармтехнология» ЖШҚ, Беларусь Республикасы
Қаптаушы
«Фармтехнология» ЖШҚ, Беларусь Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«АМАНАТ» ЖШС, 100026, Қарағанды қ., Гапеев к-сі, 9/2
телефоны: (7212) 77 02 00, 77 02 02