Валидол®

МНН: Левоментола раствор в ментил изовалерате
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие комбинированные препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003485
Информация о регистрации в РК: 25.11.2015 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Валидол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тіл астына салатын таблеткалар, 0,06 г

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - изовалериан қышқылының ментильді эфирдегі ментол ерітіндісі (табиғи ментол- жалбыз сығындысы - 4,9 %) 0,06 г;

қосымша заттар: ұнтақталған қант (қант опасы), кальций стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы және сызығы, ментолға тән иісі бар, ақ немесе сарғыш-ақ түсті таблеткалар. Таблеткалардың бетінде сұр теңбілдері мен қант опасы ұнтағының дақтарына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да біріктірілген препараттар

АТХ коды С01Е Х

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Валидолды® тіл астына салып пайдаланғанда ауыз қуысының шырышты қабығынан сіңеді. Емдік әсері шамамен 5 минуттан соң басталады. Сіңгеннен кейін бауырда биологиялық өзгеріске ұшырайды және несеппен глюкуронидтер түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Препарат орталық жүйке жүйесіне тыныштандыратын әсер етеді, сондай-ақ ауыз қуысының шырышты қабығының сезімтал жүйке рецепторларына тітіркендіретін («салқындық») рефлекстік жолмен ықпал етуі орташа рефлекстік тамыр кеңейтетін (коронаролитикалық) әсер береді. Рецепторлар стимуляциясы ауыру сезімін азайтуда, қантамырлар өткізгіштігінің қалыпты болуына және жүрек-қантамыр және жүйке жүйесінің функциялық басқа маңызды механизмдерін реттеуде маңызды рөл атқаратын эндорфиндер, энкефалиндер, динорфиндер және басқа да пептидтердің, гистаминнің, кининдердің босап шығуын индукциялаумен қатар жүреді.

Қолданылуы

– ауырлығы жеңіл дәрежелі стенокардия ұстамаларында

– теңіз және әуе ауруларында

– истерияда

– неврозда

– нитраттар қабылдаумен байланысты бас ауыруында

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблеткаларды толық ерігенше ауызда (тіл астында) ұстау керек.

Ересектер үшін бір реттік доза 1-2 таблетка; тәуліктік – 2-4 таблетканы құрайды.

Қажет кезде тәуліктік дозасын арттыруға болады. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 600 мг.

Емдеу курсы – 7 күнге дейін.

Жағымсыз әсерлері

Ұзақ қолданғанда кей кезде, өздігінен жылдам қайтатын жеңіл жүрек айнуы, іштегі жайсыздық, көзден жас ағуы, бас айналу, қысқа мерзімді артериялық гипотензия, ұйқышылдық байқалады.

Аллергиялық реакциялар, оның ішінде Квинке ісінуі, есекжем, бөртпе, қышыну дамуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • айқын артериялық гипотензия

  • жедел миокард инфарктісі

  • 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданғанда Валидол® психотропты заттардың, апиынды анальгетиктердің, алкоголь мен наркозға арналған заттардың тыныштандыратын әсерін күшейтеді.

Валидолмен® бір мезгілде қолданғанда гипертензияға қарсы препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Валидол® нитраттар қабылдаудан болған бас ауыруы айқындылығын азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қабылдағаннан кейін жүрек тұсының ауыруы қайтпайтын болса, жедел коронарлық синдромды жоққа шығару үшін міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.

Препараттың құрамында қант бар, осыны қант диабеті бар науқастар ескерулері керек.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балаларды емдеуге қолдану тәжірибесі жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолданылуы

Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде, дәрігердің пікірі бойынша, егер ана үшін күтілетін оңды әсері ұрыққа және/немесе нәрестеге төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін болса, қоланылуы мүмкін.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қабылдағаннан кейін алғашқы сағаттарда көлік құралдарын басқарғанда немесе жоғары зейін қоюды қажет ететін жұмыстармен шұғылданғанда жағымсыз әсерлер болу мүмкіндігіне (бас айналу және ұйқышылдық) байланысты сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауыру, жүрек айну, қозу, жүрек қызметінің бұзылуы, артериялық қысымның түсіп кетуі, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну, есекжем, қышыну, бөртпе).

Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан түссіз полимер үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

10 таблеткадан түссіз поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада, қорапшаға салынбаған.

200 немесе 300 пішінді ұяшықты қаптамадан топтық қаптаманы тұтынушымен келісілген медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен гофрокартоннан жасалған жәшікке салуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 15 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 74.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ., Амангелді к-сі 59 "А" "Шартас" бизнес орталығы, 9 қабат.

Тел +7 (727) 267-64-63, факс +7 (727) 267-63-73, электрондық поштасы: a.liadobruk@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

267392931477976327_ru.doc 67 кб
202054051477977581_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники