Валидол-АВ
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Валидол-АВ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Тіл астына салатын таблеткалар 60 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: изовалериан қышқылының ментил эфиріндегі левоментол ерітіндісі (валидол) – 60 мг
қосымша заттар: сахароза (қант), кальций стеараты.
Сипаттамасы
Ақ түсті, ойығы және сызығы бар, ментолдың өзіне тән иісімен, жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар. Сарғыш рең мен сұр теңбілдерінің болуына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да біріктірілген препараттар
АТХ коды СО1ЕХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тіл астына пайдаланғанда ауыз қуысының шырышты қабығынан сіңіп, бауырда метаболизденеді, глюкуронидтер түрінде бүйректермен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Тыныштандырғыш әсер көрсетеді, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіруіне байланысты орташа рефлекторлы қантамырларын кеңейтетін әсерге ие. Қантамырларының өткізгіштігін реттеуге, ауыру сезімдерінің қалыптасуына белсенді қатысатын энкефалиндер, эндорфиндер және басқа пептидтер қатарының, гистаминнің, кининдердің босап шығуын ынталандырады (ауыз қуысы шырышты қабатының рецепторларын тітіркендіру арқылы).
Тіл астына салу арқылы қабылдағанда емдік әсері орташа 5 минуттан соң орын алады, бұл кезде препараттың 70%-ы 3 минут ішінде босап шығады.
Қолданылуы
- функциональдік кардиалгияларда
- невроздарда
- теңіз және әуе ауруларында құсуға қарсы дәрі ретінде.
Қолдану тәсілі мен дозалары
Валидолды ас қабылдауға байланыссыз тіл астына тағайындайды. Таблетканы ауызда тіл астында толық ерігенше ұстау керек. 1 таблеткадан күніне 2-3 рет қабылдайды. Тәуліктік жиілігі және препаратты қабылдау ұзақтығы емнің тиімділігіне байланысты анықталады. Әсері жеткілікті білінбеген жағдайда немесе кейбір ауруларда препаратты қабылдағаннан кейін жуық арадағы 5 минут ішінде әсері байқалмаса, басқа ем тағайындауы үшін емдеуші дәрігерге қаралу керек.
Жағымсыз әсерлері
Ұзақ уақыт қабылдағанда байқалуы мүмкін:
- жеңіл жүрек айнуы
- жас ағуы
- бас айналуы
Бұл құбылыстар әдетте өздігінен қайтады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
сахараза/изомальтаза тапшылығы (фруктозаны көтере алмаушылық, глюкозо-галактоза мальабсорбциясы)
-
18 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бәсеңдететін типтегі әсер ететін нейротропты препараттармен бір мезгілде қолданғанда соңғыларының ОЖЖ әсерін күшейтеді, ұйқыға және оның терең ағымына ықпал етеді. Валидолды нитраттармен бір мезгілде қабылдағанда, оларды қабылдаудан болған бас ауыруын азайтады.
Айрықша нұсқаулар
Қант диабетімен науқастар
Таблетка құрамында қант болғандықтан, инсулин қабылдайтын қант диабетімен науқастарда, НБ ескеріп (1таблетка құрамында 0,115 нан бірлігі) көміртегі мөлшерін есептеу керек.
Жүктілік және лактация кезінде қолданылуы
Жүкті әйелдерде қолдануға қатысты арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Препараттың жүктілерге теріс әсері туралы деректер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат бас айналуын туындатуы мүмкін болғандықтан сақтық шараларын сақтау керек.
Артық дозалануы
Ұзақ уақыт қабылдағанда жоғарыда аталған жағымсыз әсерлер байқалуы мүмкін. Препаратты қабылдауды тоқтатқанда осы құбылыстар әдетте өздігінен қайтады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
6 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
Пішінді ұяшықты қаптамалар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың тең санымен топтық қаптамаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босату шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Алтайвитамины» ЖАҚ
Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69
Телефон: (3854) 326-946, 338-719
Факс: (3854) 327-640
Тіркеу куәлігінің иесі
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Алтайвитамины» ЖАҚ
Мекенжайы: 659325, Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69
Телефон: (3854) 326-946, 338-719
Факс: (3854) 327-640
E-mail: office@altayvitamin.ru