Валерианы экстракт №50 (20 мг, Борисовский завод медицинских препаратов)

МНН: Валерианы лекарственной корневища с корнями
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Valerian
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004432
Информация о регистрации в РК: 17.01.2022 - 17.01.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Шүйгіншөп сығындысы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

20 мг қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - қою шүйгіншөп сығындысы – 20 мг

қосымша заттар: негізгі магний карбонаты, картоп крахмалы, тальк, желатин

қабық құрамы: негізгі магний карбонаты, ара балауызы, титанның қостотығы (Е171), хинолинді сары (Е104), қант, тальк, коллоидты кремнийдің қостотығы, желатин, күнбағыс майы, парафин

Сипатамасы

Екі беті дөңес, сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында екі қабат көрінеді.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да препараттар

АТХ коды N05CM09

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Шүйгіншөптің фармакокинетикасы толық тексеріліп бітпеген, ол препарттың бастапқы әсерін анықтай алмағандықпен байланысты. Құрғақ шүйгіншөп сығындысының 600 мг ішке қабылдағаннан кейін шүйгіншөп қышқылының (құрамдас бөлігінің белсенді деп саналатын түрі) ең жоғарғы концентрациясына 1-2 сағаттан соң жетеді және 0,9-2,3 нг/мл құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі - 1,1+0,6 сағат. Препаратты бірнеше рет қайталай қабылдағанда оның фармакокинетикасы өзгермейді.

Фармакодинамикасы

Өсімдік тектес дәрі. Тыныштандыратын әсері бар.

Әсер ету механизмі оның құрамындағы эфир майларына байланысты (0,2-2,8 ), оның көпшілік бөлігі борнеол мен изошүйгіншөп қышқылының күрделі эфирі - борнеол ацетаты. Шүйгіншөптің тамырындағы келесі сексвитерпендер мен монотерпендер: -кариофиллен, валеранон, валеренал, шүйгіншөп қышқылы, сондай-ақ валепотриаттар (0,05-067) - валтрат және изовалтрат препараттың маңызды компоненттері болып табылады. Валепотриаттар деградациясының негізгі өнімдері болып балдринал, гомобалдринал және валтроксал саналады. Шүйгіншөп сығындысы -аминомайлы қышқылдың әсеріне деген ГАМҚ- рецепторларының (гамма-аминомайлы қышқылының рецепторлары) сезімталдығын арттырады, ол өз тарапынан ми қыртысындағы тежелу үдерістерін күшейтеді. Мұнымен бір мезгілде ми қыртысының синапстарында ГАМҚ синтезі мен секрециясы көбейеді. Мұндай әсер шүйгіншөп сығындысы құрамындағы заттар қосындысының әсер етуінен туады, және оларды жеке эфир майлары, сексвитерпендер немесе валепотриттар енгізгенде анықтау мүмкін емес. Шүйгіншөпті пайдалану барысында оның тыныштандыратын әсері баяу басталады да бірақ тұрақты түрде және толық әсер береді және мұндай әсерге жүйелі түрде, ұзақ уақыт бойы дәріні курспен пайдаланғанда ғана қол жеткізуге болады. Сыртқы ортаның тітіркендіруші күштеріне организм реакциясы жылдамдығы төмендеп, табиғи ұйқының орын алуы жеңілдейді. Әсіресе өт шығару жолдарының гипермоторлы дискинезиясы мен түйілуі орын алғанда валепотриаттар мен шүйгіншөп қышқылының спазмолитикалық әсері бар болғандықтан, аздаған өт айдайтын әсер береді. Шүйгіншөптің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттар нейрогуморальді механизмдер арқылы миокардттың өткізгіш жүйесіне әсер етіп жүрек қызметін реттеп, жүректің соғу жылдамдығын азайтады, аздап коронарлық қантамырларын кеңейтеді.

Қолданылуы

  • неврастения, жүйке-психика тарапынан болған ұзақ қозулармен байланысты жай-күйлерде

  • стресс, асқын қозудың салдарынан пайда болған ұйқысыздықта

  • жүрек-тамыр және ас қорыту жүйесі тарапынан пайда болған жеңіл функционалдық өзгерістерде ( кешенді емнің құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге 40-80 мг-ден (2-4 таблеткадан) күніне 3 рет. Керек болған жағдайда тәуліктік дозаны 1000 мг дейін көтеріп, бірнеше рет (әдетте 4-5 рет) қабылдауға болады. Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған ауруларға дозаны түзетудің қажеті жоқ. Емдеу курсы 1 айға дейін.

Жағымсыз әсерлері

  • сылбырлық, көңіл-күйдің төмендеуі, әлсіздік, жұмыс атқару қабілетінің төмендеуі

  • іш қатуы

Жекелеген жағдайларда: аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдай

  • шүйгіншөпке және препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттестуі

Шүйгіншөп басқа тыныштандыратын және ұйықтататын, наркоздық, психотроптық, сондай-ақ спазмолитикалық дәрілердің әсерін күшейтеді.

Айырықша нұсқаулар

Жүктілікте және лактация кезеңінде

Шүйгіншөп сығындысын жүктілік кезінде қабылдағанда тератогендік әсер бермейді. Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып лактация кезеңінде қолданған кезде сақтық таныту керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Шүйгіншөпті қабылдағаннан кейін пайда болатын сылбырлық, қоршаған ортадан түсетін әсерлерге деген реакциясының төмендеуі емделушінің автокөлік жүргізу мүмкіндігіне, басқадай операторлық жұмыс атқаруына әсерін тигізбейді. Дегенмен шүйгіншөпті құрамында алкоголь бар сусындармен немесе орталық жүйке жүйесіне әсер ететін басқадай заттармен бірге қабылдағанда сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: өте жоғарғы дозаларда қабылдағанда (ұсынылатын ең жоғарғы дозадан 20 еседен артық дозаны тағайындағанда) орталық жүйке жүйесінің қызметін төмендететін спецификалық емес белгілер пайда болады: сылбырлық, тежелушілік, ұйқышылдық. Ауыр жағдайларда брадикардия және аритмия орын алуы мүмкін

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, белсенділендірілген көмірді қолдана отырып, асқазан-ішек лаважын жүргізу, препараттың ішекке сіңуін тоқтату және іш жүргізетін әсерін қамтамасыз ету үшін магний сульфатын ішке қабылдау. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольга негізіндегі иілгіш қаптамадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Тығыздағыш элементі бар тығынмен тығындалған шыныдан жасалған құтыларда 50 таблеткадан.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге топтық қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы.

Минск обл., Борисов қ, Чапаев көшесі, 64, тел/факс +375(177)734043.

Тіркеу куәлігі иесінің

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік

қоғамы, Беларусь Республикасы,

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ. Чапаев к. 64,

тел/факс +375(177)734043,

Электронды поштасы market@borimed.com

 

Прикрепленные файлы

858373341477977158_ru.doc 59.5 кб
977757101477978318_kz.doc 86.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники