Валерианы настойка (30 мл, Борисовский завод медицинских препаратов ОАО)

МНН: Валерианы лекарственной корневища с корнями
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020170
Информация о регистрации в РК: 15.09.2023 - 15.09.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Шүйгіншөп тұнбасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тұнба

Құрамы

100 мл тұнбаның құрамында

белсенді зат – шүйгіншөптің ұнтақталған тамырымен тамырсабағы 20 г

қосыма заттар: 70 % этил спиртi

Сипаттамасы

Өзіне тән хош иісі бар қызғылт-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да препараттар.

АТХ коды N05CM

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Шүйгіншөп тұнбасын ішу арқылы қабылдаудан кейін шүйгіншөп қышқылының (белсенді компоненттерінің бірінің) ең жоғары концентрациясына 1-2 сағаттан кейін жетеді және 0,9-2,3 мг/мл құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі - 1,1 ± 0,6 сағат. Шүйгіншөп тұнбасын көп рет қолданған кезде оның құрамына енетін компоненттерінің фармакокинетикасы өзгермейді. Қайталап қолданған кезде шүйгіншөп қышқылының жинақталуы байқалмаған. Шүйгіншөп тұнбасын қайталап қолданған кезде дәрілік затты метаболиздейтін CYP 2D6 және 3A4 цитохромдары негізгі изотүрлерінің белсенділігіне әсер етпейді.

Фармакодинамикасы

Өсімдік текті дәрі. Тыныштандырғыш әсер етеді.

Әсері құрамында құрамының көп бөлігін құрайтын борнеол мен изошүйгіншөп қышқылының күрделі эфирі, борнеол ацетаты құрайтын эфир майының (0,2-2,8%) болуына байланысты. Препараттың маңызды компоненті шүйгіншөп құрамындағы сексвитерпендер мен монотерпендер: β-кариофиллен, валеранон, валеренал, шүйгіншөп қышқылы, сондай-ақ валепотриаттар (0,05-0,67%) – валтрат пен изовалтрат болып табылады. Бастапқы қосылыстардың гидролизі болып есептелетін балдринал, гомобалдринал мен валтроксал валепотриаттар ыдырауының негізгі өнімдері болып табылады. Шүйгіншөп тұнбасы ГАМҚ-рецепторлардың γ-аминмайлы қышқылдың әсеріне сезімталдығын жоғарылатады, бұл ми қыртысындағы тежегіш үдерістерді күшейтеді. Ми қыртысының нейрондар синапсында синтез бен ГАМҚ секрециясының артуы бір мезгілде байқалады. Бұл әсер шүйгіншөп тұнбасының құрамындағы заттар қосындысының ықпалымен көрініс береді және эфир майын, сексвитерпендерді немесе валепотриаттарды жекелей оқшау енгізген кезде байқалмайды.

Шүйгіншөп тұнбасын қолданған кезде тыныштандыратын әсер баяу байқалады, бірақ ол жүйелі де, ұзақ курстық емдеу кезінде ғана жеткілікті түрде тұрақты және толық дамиды. Сыртқы тітіркендіргіштерге организмнің реакция байқату жылдамдығы төмендейді, табиғи жолмен келетін ұйқы жеңілдейді.

Валепотриаттар және шүйгіншөп қышқылы түйілуді басатын әсерге ие, әсіресе өт жолдарының түйілуі және гипермоторлы дискинезиясында жеңіл өт айдағыш әсер етеді.

Дәрілік шүйгіншөп биологиялық белсенді заттарының кешені өт айдағыш әсер етеді, асқазан-ішек жолы шырышының секреторлық белсенділігін күшейтеді, жүрек ырғағын баяулатады және тәждік тамырларды кеңейтеді.

Жүрек қызметіне әсері нейрорегуляторлы механизмдер және жүректің автоматизмі мен өткізгіш жүйесі арқылы жүзеге асады.

Қолданылуы

  • неврастения мен басқа да невротикалық бұзылуларда (невроздарда)

  • жүйке стресінің, ұзақ уақыттық жүйке-психикалық қатты қозудың салдарынан болатын ұйқы бұзылуында

  • жүрек-қан тамыр жүйесі (невроздар) мен ас қорыту жүйесі тарапынан жеңіл функциональдық бұзылулар (асқазан-ішек жолының түйілу) кешенді ем құрамында

Қолдану тәсiлi және дозалары

Ішу арқылы, ересектерге күніне 3-4 рет 20-30 тамшыдан, оны 50 мл (¼ стақан) ауыз суда ерітеді, қажет болғанда барынша жоғары – күніне 3-4 рет 5 мл (1 шай қасық) дозаға дейін арттырады, оны 50 мл ауыз суда ерітеді. 12 жастан үлкен балаларға өмірінің бір жылына 1 тамшыдан күніне 3-4 рет 50 мл ауыз суда ерітіп тағайындайды. Құрамында этил спиртінің концентрациясы жоғары болатындықтан тұнбаны сұйытылмаған түрінде балаларға қолдануға болмайды.

Бауыры мен бүйрегінің қызметі бұзылған адамдарға дозаны түзету қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

- бас айналуы

- қолдың дірілдеуі

- мидриаз

- жүрек айнуы, іштің ауыруы

- ұзақ уақыт қолданған кезде – іш қату

- жоғары сезімталдық реакциялары

- енжарлық, тұнжырау, әлсіздік, жұмыс қабілетінің төмендеуі (жоғары дозада қабылдаған кезде)

- сирек – аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдық

  • 12 жасқа дейінгі балалар

  • тетурамды, нитромимдазол мен нитрофуран препараттарын, ІІ-ІІІ буынды цефалоспориндік антибиотиктерін (шүйгіншөп тұнбасы құрамындағы этил спиртіне жедел уыттылық реакцияның өршу ықтималдығына байланысты) қолдануда.

Дәрілермен өзара әрекеттестігіШүйгіншөп тұнбасы басқа да тыныштандыратын және ұйықтататын дәрiлердiң, наркозға арналған дәрілердің, психотроптық препараттардың, сондай-ақ түйілуді басатын дәрілердің әсерiн көтермелейді.

Айрықша нұсқаулар

Шүйгіншөп тұнбасын қолдану кезінде қандағы алкоголь құрамын анықтау тестіне оң нәтиже алынуы мүмкін.

Автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері

Шүйгіншөп тұнбасын қолдану кезінде автокөлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқаруға болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдар – жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емі – симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұралып жабылатын қақпағы және тамшылатқыш-тығыны немесе тұмшалағыш элементі бар тығынмен тығындалған құтыда 30 мл-ден.

Құтыларды пәшкеге салмай-ақ медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С–ден аспайтын температурада.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27, тел/факс 8-(10375177) 735612

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27,

тел/факс 8-(10375177) 735612, электрондық поштасы

market@borimed.com

Прикрепленные файлы

928689331477976843_ru.doc 51.5 кб
780822721477978003_kz.doc 58.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники