Валерианы настойка (25, 40 мл; Фармацевтическая компания Ромат )

МНН: Валерианы лекарственной корневища с корнями
Производитель: Фармацевтическая компания Ромат , завод медицинских препаратов ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Снотворные и седативные средства
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010590
Информация о регистрации в РК: 01.02.2013 - 01.02.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Шүйгіншөп тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

25 мл, 40 мл тұндырма

Құрамы

1 л препараттың құрамында

белсенді зат – 200.0 г шүйгіншөп тамырлары

қосымша зат – 70% этанол 1 л-ге дейін.

Сипаттамасы

Өзіне тән хош иісі мен тәттілеу-ащы, татымды дәмі бар қызылдау- қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да препараттар.

АТХ коды N05C

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес зат. Құрамында басты бөлігін борнеол мен изовалериан қышқылының күрделі эфирі құрайтын эфир майы, борнеол, органикалық қышқылдар (оның ішінде ауыруды басу әсерін беретін шүйгіншөп қышқылы), алкалоидтар (валерин және хатинин), иіткіш заттар, қант және басқа заттар бар. Тыныштандыру әсері баяу түрде, бірақ айтарлықтай тұрақты байқалады. Дәрілік шүйгіншөптің биологиялық белсенді заттары кешені өт айдайтын әсер береді, асқазан-ішек жолы шырышының сөлініс белсенділігін күшейтеді, жүрек ырғағын баяулатады және коронарлық тамырларды кеңейтеді.

Қолданылуы

- жүйке қозуында

- ұйқысыздықта

- жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметтерінің бұзылуында

- асқазан-ішек жолы түйілулерінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, ересектерге күніне 3-4 рет тамақтануға дейін бір қабылдауға 1/4-1/3 стақан суға 20-30 тамшыдан, балаларға 12 жастан бастап 1/4 стақан суға әр жылына 1 тамшы есебінен ерітіп.

Жағымсыз әсерлері

- жоғары сезімталдық реакциясы

- енжарлық, тұнжыраушылық, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі - ұйқышылдық

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

- эпилепсия

- гепатит, асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы, созылмалы маскүнемдік

- тетурамды, нитроимидазол мен нитрофуран препараттарын, II–III буынды цефалоспорин антибиотиктерін қолдану (шүйгіншөп тұндырмасы құрамындағы этил спиртіне жедел уытты реакциялардың даму мүмкіндігіне байланысты)

Дәрілермен әрекеттесуі

Препарат ұйықтататын, тыныштандыратын, жүрек дәрілерінің, спазмолитиктердің, психотропты препараттардың үдетеді.

Айрықша нұсқаулар

Шүйгіншөп тұндырмасы күн сәулесінің әсерінен қараяды, бірақ оның тиімділігіне әсер етпейді.

Автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі

Шүйгіншөп тұндырмасын қолдану кезеңінде автокөлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға жол берілмейді.

Шүйгіншөп тұндырмасын пайдалану кезінде қандағы алкоголь құрамын анықтау тестінің нәтижелерінің оң болу мүмкіндігі бар.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі.

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пластмасса қақпағы немесе алюминий қалпақшасы бар полимерлі тығынмен тығындалған 25, 40 мл шыны массадан жасалған құтыларда.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік, орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен гофрланған картоннан жасалған тұғырға салынады және жылу ұстағыш үлбірмен тартып орайды немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау мерзімі

Жарықтан қорғалған жерде, 8 °С-ден 18 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар

 

зауыты, Семей қ., Қазақстан Республикасы, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

 

Прикрепленные файлы

996743901477976926_ru.doc 40 кб
791206381477978086_kz.doc 69 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники