Валерианы настойка (25 мл, Химфарм АО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Шүйгіншөп тұндырмасы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Тұндырма 25 мл
Құрамы
1 л препараттың құрамында: белсенді зат – шүйгіншөп тарамтамырлары – 200.0 г, қосымша зат – 70% этанол бар.
Сипаттамасы
Қызылдау қоңыр түстен күңгірт қоңыр түске дейінгі, өзіне тән хош иісі, тәттілеу-ашқылтым татымды дәмі бар мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да препараттар
АТХ коды N05CM
Фармакологиялық қасиеттері
Өсімдік тектес тыныштандыратын дәрі. Әсері құрамында эфир майының болуына байланысты, оның көп бөлігін борнеол мен шүйіншөп қышқылының күрделі эфирі, сондай-ақ валеопотриаттар мен алкалоидтар (алерин және хотенин) құрайды. Осы биологиялық белсенді заттар кешені құрамының арқасында, препарат орталық жүйке жүйесінің рафлекторлық қозғыштығын азайтады, тыныштандыратын және түйілуді басатын әсер береді. Тыныштандырғыш әсері баяу білінеді, бірақ айтарлықтай тұрақты. Шүйгіншөп қышқылы мен валеопотриаттар асқазан-ішек жолы мүшелерінің тегіс бұлшық еттері мен несеп шығару мүшелеріне қатысты түйілуді басатын әлсіз әсер етеді. Дәрілік шүйгіншөптің биологиялық белсенді заттар кешені өт айдағыш әсер береді, асқазан-ішек жолы шырышты қабығының сөлініс белсенділігін күшейтеді, жүрек ырғағын баяулатады және жүрек қан тамырларын кеңейтеді. Жүрек қызметіне әсері нейрореттеуші механизмдері арқылы жүреді.
Қолданылуы
- орталық жүйке жүйесінің функционалдық бұзылыстарында (көңіл-күйдің жоғары қозғыштығы, ашушаңдық, ұйқының бұзылуы, невроздар, бас сақинасы, истерия)
Кешенді ем құрамында
- жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық бұзылыстарында (нейроциркуляторлық дистония)
- асқазан-ішек жолы мүшелерінің функционалдық бұзылыстарында (түйілулер)
Қолдану тәсілі және дозалары
Тұндырманы ас ішкеннен кейін, азғантай су мөлшерімен сұйылтып ішке қабылдайды.
Ересектерге тәулігіне 3-4 рет 20-30 тамшыдан тағайындайды.
12 жастан асқан балаларға – күніне 2-3 рет 15-20 тамшыдан.
Емдеу курсының ұзақтығын әр емделуші үшін жекелей, аурудың сипатын, ауырлық дәрежесін және ағымының ерекшеліктерін, препараттың қол жеткізілген емдік әсерінің тұрақтылыған және жағымдылығын ескере отырып белгілейді.
Жағымсыз әсерлері
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (тері бөртпесі, қышыну, гиперемия, ісіну)
- жабығу, әлсіздік, ұйқышылдық, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі (жоғары дозаны ұзақ қолданғанда)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- депрессия, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуімен қатар жүретін аурулар
- эпилепсия
- гепатит, асқазан мен он екі елі ішктің ойық жаралы ауруы, созылмалы маскүнемдік
- жүктілік және лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препарат ұйықтататын дәрілер мен орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін өзге де дәрілік препараттардың әсерін күшейтеді.
Шүйгіншөп препараттары жүрекке арналған, анальгетикалық, спазмолитикалық препараттардың әсерін әлеуеттендіруге қабілетті.
Айрықша нұсқаулар
Шүйгіншөп тұндырмасы күн сәулесінің әсерінен күңгірттене түседі, бұл оның тиімділігіне әсер етпейді.
Құрамында этил спирті бар болғандықтан, маскүнемдікке шалдыққан тұлғаларға препаратты қабылдауға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.
Шүйгіншөп препараттарымен емдеу кезінде психомоторлық реакциялардың төмендеуі мүмкін, соған байланысты көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тарту керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, белсенділендірілген көмірді қабылдау, белгілеріне қарай емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 мл препараттан тамшылатқыш тығындармен және бұрандалы полимер қақпақтармен тығындалған, шыны массадан жасалған тамшылатқыш құтыларда.
Құтыларды медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қораптарға салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 8°С-ден 18°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882
Тіркеу куәлігінің иесі
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,
Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882
Телефон нөмірі 7252 (561342), факс нөмірі 7252 (561342)
Электронды поштасы standart@santo.kz