Валавир®

МНН: Валацикловир
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Valaciclovir
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015856
Информация о регистрации в РК: 10.06.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 269.27 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Валавир

Халықаралық патенттелмеген атауы

Валацикловир

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 500 мг таблеткалар

Құрамы

1 таблетканың құрамында

белсенді зат - валацикловир гидрохлориді - 556 мг,

100% сусыз затқа валациклавирге шаққанда - 500 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (101), повидон, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, кросповидон, магний стеараты;

қабық құрамы: Sepifilm 050: метилгидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, ацетилденген (немесе сірке қышқылы эфирлері) моно- және диглицеридтер; кандурин: калий-алюминий силикаты Е 555, титанның қостотығы Е 171.

Сипаттамасы

Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, сызығы бар, ақ түсті дерлік үлбірлі перламутр қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар. Жаңа әсер ететін препараттар. Нуклеозидтер. Нуклеотидтер. Валацикловир

АТХ коды J05AB11.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Валацикловир жақсы сіңеді, тез және толық дерлік ацикловир мен валинге айналады. 1 г валацикловир қабылдағанда ацикловир биожетімділігі ас ішуге байланыссыз 54% құрайды. Бір реттік 250-2000 мг дозасын қолданудан кейінгі ацикловирдің орташа жоғары шекті концентрациясы қолданғаннан кейін 1-2 сағаттан соң 10-37 мкмоль (2,2-8,3 мкг/мл) құрайды. Плазмадағы валацикловирдің жоғары шекті концентрациясы ацикловир концентрациясынан 4% құрап, орта есеппен, 30-100 минуттан соң жетеді, ал 3 сағаттан соң өлшенген мөлшерлерінен төмен шамаға дейін азаяды. Бір рет және қайта енгізуден кейінгі валацикловир мен ацикловирдің фармакокинетикалық бейіндері ұқсас. Валацикловирдің плазма ақуыздарымен байланысуы өте төмен – 15%.

Ацикловирдің жартылай шығарылу кезеңі 3 сағатқа жуық құрайды, ал бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы науқастарда – шамамен 14 сағат. Валацикловир, ең алдымен, ацикловир түрінде (80%-дан аса дозасы) және оның 9-карбоксиметоксиметилгуанин метаболиті түрінде несеппен шығарылады.

Тәулігіне 4 рет 2 000 мг дозада валацикловир алған ағзалар трансплантаттары реципиенттерінде ацикловирдің ең жоғары концентрациясы препараттың осындай дозасын алған дені сау еріктілердегі сол мәнмен теңесті немесе одан асып кетті, ал «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының тәуліктік көрсеткіштері едәуір ауқымды болды.

Фармакодинамикасы

Валацикловир – пуринді (гуанин) нуклеозид аналогы болып табылатын ацикловирдің L-валинді эфирі. Валацикловир бауырда валацикловиргидролаза көмегімен ацикловир мен валинге айналады. Ацикловир – І және ІІ типті қарапайым герпес вирустарына, Varicella zoster вирусына, цитомегаловирусқа, Эпштейн-Барр вирусына және VI типті адам герпесі вирусына қарсы іn vitro  белсенділігі бар герпес вирустарының спецификалық тежегіші. Ацикловирдің белсенді түрі жасушаішілік киназалардың (вирустық тимидинкиназа (ТК)) қатысуымен фосфорлану арқылы түзілетін ацикловир трифосфаты болып табылады. Ацикловирдің спецификалық вирустық ферментпен едәуір дәрежеде белсенділенуі оның селективтілігін түсіндіреді. Ацикловир трифосфаты вирустық ДНҚ-полимеразаны бәсекелі тежейді және вирустық ДНҚ құрылымына біріктіріледі.

Төзімділігі тимидинкиназа-вирус тапшылығымен шартталған, бұл қожайын организмінде вирустың шектен тыс таралуына әкеледі. Кейде ацикловирге сезімталдықтың төмендеуі вирустық ТК немесе ДНҚ құрылымының бұзылуымен вирус штаммдарының туындауынан болады.

Иммунитеті қалыпты науқастарда ацикловирге сезімталдығы төмен вирус айрықша сирек кездеседі және кейде иммунитетінің бұзылуы ауыр науқастарда ғана анықталады.

Қолданылуы

- белдемелі герпесті (herpes zosterі) емдеуде

- қарапайым герпес вирусы туғызған, алғашқы және қайталанатын генитальді герпесті қоса, терінің және шырышты қабықтардың жұқпаларын емдеуде

- лабиальді герпесті (ерін қызбасы) емдеуде

- генитальді герпесті қоса, қарапайым герпес вирусы туғызған тері және шырышты қабықтар жұқпаларының қайталануларын превентивті емдеуде (супрессия)

- қауіпсіз секс ережелерінің сақталу шартымен супрессиялық ем ретінде Валавир қолдану кезінде генитальді герпес вирусының сау жұптасқа берілуін азайтуда

- цитомегаловирустық жұқпаның және ағзалар транспланттауынан кейінгі аурулардың алдын алуда. Препаратты ЦМВ жұқпасы кезінде алдын алу мақсатында тағайындау трансплантаттың жедел  ажырауының (бүйрек трансплантаттары бар емделушілерде), оппортунистік жұқпалардың және басқа да герпестік вирустық жұқпалар (ҚГВ, ВЗВ) реакцияларының айқындылығын әлсіретеді.

Қолдану тәсілі және дозалары

Белдемелі герпесті емдеу: 7 күн бойы күніне 3 рет 1000 мг (2 таблетка) Валавир®.

Қарапайым герпес вирусы туғызған жұқпаларды емдеу: күніне 2 рет 500 мг (1 таблетка) Валавир®. Қайталану жағдайларын емдеу курсы - 3 немесе 5 күн. Ауыр болуы мүмкін аурудың бастапқы ағымында емдеуді 5-тен 10 күнге дейін ұзарту керек. Емдеуді мүмкіндігінше ертерек бастаған жөн. Жұқпалар қайталануларында препаратты продромальді кезеңде немесе алғашқы симптомдар білінгеннен кейін бірден қолданған дұрыс. Егер емдеу аурудың бастапқы симптомдары білінген соң бірден басталса, Валавир® жұқпа қайталанулары кезінде зақымданулардың дамуынан сақтандыра алады.

Баламалы түрде лабиальді герпесті емдеу үшін Валавирдің® тиімді дозасы 1 күн ішінде күніне 2 рет 2000 мг (4 таблетка) болып табылады. Бірінші дозаны қабылдағаннан кейін шамамен 12 сағаттан соң (6 сағат өткен соң барып) екінші дозаны қабылдау керек. Осындай дозалау режимінде емдеу ұзақтығы 1 күннен аспауы тиіс, өйткені ұзағырақ қолдану емнің клиникалық тиімділігін арттырмайды. Емдеуді лабиальді герпестің алғашқы ерте симптомдары (ерін аумағындағы шымылдату, қышыну немесе ашыту сезімі) білінгенде бастау керек.

Қарапайым герпес вирусы туғызған жұқпалардың қайталануын супрессиялау:

  • иммунитеті қалыпты науқастарға күніне 1 рет 500 мг (1 таблетка) Валавир® тағайындалады;

  • иммунитет тапшылығы бар науқастарға күніне 2 рет 500 мг

(1 таблетка) тағайындалады.

Генитальді герпес вирусының берілуін азайту. Жылына 9 ретке дейін өршуі болатын иммунитеті қалыпты ересек гетеросексуалдарға Валавир® күніне 1 рет 500 мг дозада тағайындалады.

Генитальді герпес вирусының басқа қауымдардағы науқастарға берілуінің азаюы жөнінде деректер жоқ.

Цитомегаловирустық жұқпаның алдын алу. Ересектерге Валавир® трансплантациядан кейін мүмкіндігінше ертерек күніне 4 рет 2000 мг (4 таблетка) дозада тағайындалады. Бүйрек жеткіліксіздігінде дозаны азайтады. Емдеу ұзақтығы, әдетте, 90 күн құрайды, бірақ жоғары қауіп дәрежесіндегі емделушілерге арттыруға болады.

Бүйрек функциясының бұзылуында дозалау. Бүйрек функциясы бұзылған науқастарға валацикловир абайлап тағайындалу қажет. Организм гидратациясын міндетті түрде талапқа сай деңгейде қамту керек. Дозалау режимі креатинин клиренсі мен көрсетілімдерге байланысты.

Herpes zoster вирусы және қарапайым герпес вирусы туғызған жұқпаларды емдеу және алдын алу

Емдік көрсетілімдер

Креатинин клиренсі, мл/мин

Валавир® дозасы

Herpes zoster

15-30

күніне 2 рет 1000 мг

15-тен аз

күніне 1 рет 1000 мг

Herpes simplex (емдеу)

15-тен аз

күніне 1 рет 500 мг

Herpes labialis (емдеу)

31-49

1 күн ішінде

күніне 2 рет 1000 мг

15-30

1 күн ішінде

күніне 2 рет 500 мг

15-тен аз

бір рет 500 мг

Herpes simplex

(алдын алу)

   

- қалыпты иммунитет

15-тен аз

күніне 1 рет 250 мг*

- иммунитет тапшылығы

15-тен аз

күніне 1 рет 500 мг

Herpes genitalis вирусының берілуін азайту

15-тен аз

күніне 1 рет 250 мг*

* Препарат тиісті дозалануында қолданылады.

Гемодиализде жүрген емделушілерге Валавирді® креатинин клиренсі 15 мл/мин аз емделушілердегі дозаларында қолдану ұсынылады. Доза гемодиализ жасалған соң тағайындалуы тиіс.

Цитомегаловирустық жұқпаның алдын алу

Креатинин клиренсі, мл/мин

Валавир® дозасы

75 және одан көп

күніне 4 рет 2000 мг

50-ден 75 дейін

күніне 4 рет 1500 мг

25-тен 50 дейін

күніне 3 рет 1500 мг

10-нан 25 дейін

күніне 2 рет 1500 мг

10-нан аз немесе диализ

күніне 1 рет 1500 мг

Гемодиализде жүрген емделушілерге Валавир® гемодиализ сеансы жүргізілгеннен кейін тағайындалады. Креатинин клиренсі, әсіресе, бүйрек функциясы тез өзгеруі мүмкін кезеңдерде, мысалы, трансплантациядан соң бірден тұрақты бақылануы тиіс. Соған сәйкес Валавир®дозасын өзгерту керек.

Бауыр функциясының бұзылуында дозалау. Жеңіл немесе орташа дәрежедегі циррозға шалдыққан (бауырдың синтездеуші функциясы сақталған) науқастарға дозаны өзгерту қажет емес. Цирроздың кеш сатыларында (бауырдың синтездеуші функциясы бұзылған және портальді бөгеліс белгілері бар) препаратты клиникалық қолдану тәжірибесі шектеулі, бірақ фармакокинетика көрсеткіштері дозаны өзгерту қажет еместігін айғақтайды. Аса жоғары дозаларын (күніне 4000 мг және одан көп) қолдану жөнінде деректер жоқ.

Егде жастағы науқастар. Бүйрек функциясының бұзылу мүмкіндігіне жол бермеу үшін Валавир® дозасын түзету қажет болады. Организм гидратациясын талапқа сай деңгейде қамту қажет.

Жағымсыз әсерлері

Пайда болу жиілігі бойынша жағымсыз реакциялар мынадай санаттарға бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1000 және <1/100), сирек (≥1/10000 және <1/1000), өте сирек (<1/10000).

Өте жиі (≥ 1/10)

- бас ауыру

Жиі (≥1/100-ден ≤ 1/10 дейін)

- жүрек айну, құсу, диарея

- бас айналу

- терінің бөртуі, фотосезімталдықты, қышынуды қоса

Жиі емес (≥1/1000-нан ≤ 1/100 дейін)

- лейкопения, тромбоцитопения (лейкопения көбінесе иммунитеті төмен емделушілерде білінеді)

- сананың шатасуы, елестеулер, мәңгіру, тремор, қозу

- ентігу

- эпигастрий аумағындағы жайсыздық

- функционалдық бауыр тестілері көрсеткіштерінің қайтымды жоғарылауы

(билирубин, бауыр ферменттері)

- есекжем

- бүйрек аумағындағы ауыру, несептегі қан (әдетте, бүйрек тарапынан болатын басқа да бұзылулармен байланысты)

Сирек((≥1/10000-нан ≤ 1/1000 дейін)

- анафилаксия, ангионевротикалық ісіну

- атаксия, дизартрия, құрысулар, энцефалопатия, кома, психоздық симптомдар, делирий

- бүйрек функциясының бұзылуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі (әсіресе, егде жастағы емделушілерде немесе ұсынылуынан асып кететін дозалар қабылдайтын бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде)

Бірлі-жарым жағдайлар

- ацикловирдің бүйрек өзекшелерінде кристалдар түрінде жиналуы.

Емделу кезінде жоғалған сұйықтықтың талапқа сай толықтыруды қамтамасыз ету қажет. Неврологиялық бұзылулар (кейде ауыр) энцефалопатиямен байланысты болуы мүмкін және сананың шатасуы, қозу, құрысулар, елестеулер және кома түрінде көрініс береді. Аталған симптомдар негізінен қайтымды, әрі әдетте бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде немесе өзге де болжанатын жай-күйлер аясында байқалады. Ағза трансплантациясы жасалған және ЦМВ алдын алу үшін валацикловирдің жоғары дозаларын (8000 мг/тәулік) алатын емделушілерде неврологиялық реакциялар төменірек дозаларын қабылдау кезіндегіден жиірек дамиды.

Иммунитет тапшылығының ауыр түрлеріне шалдыққан, әсіресе, клиникалық зерттеулердегі ұзаққа созылған уақыт кезеңінде жоғары дозаларда (8000 мг/тәулік) валацикловир алған АИВ жұқпасының кеш0 сатыларындағы емделушілерде бүйрек жеткіліксіздігі, микроангиопатиялық гемолитикалық анемия және тромбоцитопения (кейде біріктірілген) жөнінде хабарламалар алынған. Осындай бұзылулар осыған ұқсас иммунологиялық статусы және қатарлас аурулары бар валацикловир қабылдамаған емделушілерде білінді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне және ацикловирге жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

- АИВ жұқпасының клиникалық айқын түрлері (СД4 саны + ˂100

жасушадан аз)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қандай да бір клиникалық мәні бар өзара әрекеттесу түрлері анықталмаған.

Валацикловир белсенді өзекшелік секреция есебінен несеппен шығарылады, сондықтан осы шығарылу механизмі үшін бәсекелесетін өзге дәрілік заттар бір немесе екі препараттың және олардың метаболиттерінің концентрациясын арттыруы, плазмадағы деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Циметидин, пробенецид ацикловирдің бүйректік клиренсін біршама төмендетеді, дегенмен де препарат дозасын түзету қажет емес.

Микофенолат мофетилімен (ағзаларды ауыстырып салудан соң қолданылатын иммуносупрессиялық препарат) бір мезгілде қолданғанда ацикловирдің және микофенолат мофетилі белсенді емес метаболитінің плазмадағы деңгейі артады. Сонымен қатар, Валавирдің® жоғары дозаларын (4 г және одан көп) және бүйрек функциясына әсер ететін басқа препараттарды (мысалы циклоспорин, такролимус) бір мезгілде тағайындағанда сақ болу керек.

Айрықша нұсқаулар

Гидратация. Дегидратация қаупі жоғары науқастарда, әсіресе, егде жастағы науқастарда енгізілетін сұйықтықты талапқа сай деңгейде қамту керек.

Бүйрек функциясының бұзылуында және егде жастағы науқастарға қолдану. Валацикловир бүйрекпен шығарылады, сондықтан бүйрек функциясы бұзылған науқастарға валацикловир дозасын азайту керек («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз). Егде жастағы науқастарда бүйрек функциясы төмендеген, сондықтан оларға дозаны түзету қажет. Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде және егде жастағы науқастарда неврологиялық асқынулардың даму қаупі жоғарылайды, сондықтан олар мұқият медициналық бақылауда болады. Жоғарыда аталған реакциялар көпшілік жағдайларда емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды болады.

Бауыр жеткіліксіздігі және бауыр трансплантациясында Валавирдің® жоғарырақ дозаларын (тәулігіне 4 г және одан көп) қолдануға қатысты деректер жоқ. Сондықтан ондай науқастарға Валавирдің® аса жоғары дозаларын абайлап тағайындау қажет. Валацикловирдің жоғары дозалары көмегімен алдын алу емінің жұқпа жұқтыру жиілігін және цитомегаловирус туғызған ауруларды азайтатыны анықталған.

Генитальді герпес вирусының берілуін азайту. Валацикловирмен супрессиялық ем генитальді герпестің берілу қаупін азайтады. Ол герпес жұқпасын емдемейді, сондай-ақ вирустың берілу қаупін толық жоққа шығармайды. Валавирмен® емге қосымша, науқастарға қауіпсіз секс ережелерін сақтауға кеңес беріледі.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолдану

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде, егер емдеудің әлеуетті пайдасы ұрыққа немесе сәбиге төнетін ықтимал қауіптен артық болса, Валавир® қолдануға болады.

Педиатриялық тәжірибеде қолдану

Препаратты балаларға қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты осы жас санатындағы емделушілерге тағайындауға болмайды. Цитомегаловирустық жұқпаның алдын алу үшін препарат 18 жастан асқан тұлғаларға тағайындалады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Психомоторлық реакциялар шапшаңдығына теріс ықпалы туралы деректер жоқ, бірақ препаратты қабылдау кезінде емделушінің клиникалық жағдайын және болуы мүмкін жағымсыз әсерлерді ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну, құсу, жедел бүйрек жеткіліксіздігі мен неврологиялық симптомдардың дамуы, сананың шатасуын, елестеулер, ажитация, естен тану және команы қоса.

Емі: симптоматикалық, гемодиализ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 500 мг таблеткалар. Поливинилхлоридті түссіз үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 6 немесе 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 7 қаптамадан (6 таблеткадан) немесе пішінді ұяшықты 1 қаптамадан (10 таблеткадан) медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., индекс 050012, Амангелді к-сі 59 "А", «Шартас» бизнес орталығы, 9 қабат.

Тел.: +7 (727) 267 64 63, факс: +7 (727) 267 63 73, электронды пошта: a.liadobruk@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

317054921477976436_ru.doc 88.5 кб
942980731477977708_kz.doc 128 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники