Буфомикс Изихейлер
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Буфомикс Изихейлер, ингаляцияға арналған ұнтақ 80 мкг/4,5 мкг, 60 және 120 доза
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ингаляцияға арналған ұнтақ 80 мкг /4.5 мкг
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Адренергиялық, ингаляциялық. Кортикостероидтармен немесе басқа дәрілік препараттармен бріктіріліген адренергиялық препараттар, антихолинергиялық түрлерін қоспағанда. Формотерол және будесонид.
ATХ коды R03AK07
Қолданылуы
Буфомикс Изихейлер 80 мкг / 4,5 мкг ересектерге, жасөспірімдерге және 6 жастан бастап және одан үлкен балаларға арналған.
Буфомикс Изихейлер біріктірілімді (ингаляциялық кортикостероидтарды және ұзақ әсер ететін β2-адренорецепторлардың агонистерін) пайдалану орынды саналған жағдайда бронх демікпесін ұдайы емдеу үшін қолданылады:
- «қажеттілігіне қарай» ингаляциялық кортикостероидтар және қысқа мерзімдік әсер ететін β2-адренорецептор агонистері жәрдемімен талапқа сай бақылауға қол жеткізе алмаған пациенттерде,
немесе
- ингаляциялық кортикостероидтарды да, сонымен қатар ұзақ әсер ететін β2-адренорецепторлар агонистерін де қолданған кезде талапқа сай бақылауға қол жеткізген пациенттерде.
Буфомикс Изихейлер 80 мкг / 4,5 мкг демікпенің ауыр түрі бар пациенттерге жарамайды.
Қолдануды бастағанға дейінгі қажетті мәліметтер тізімі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- будесонидке, формотеролға жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды (құрамында лактоза бар).
- 6 жасқа дейінгі балаларға.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Препараттан бас тартқанда дозаны біртіндеп төмендету ұсынылады және қабылдауды күрт тоқтатпау керек.
Егер пациенттер емдеудің тиімді еместігін, немесе Буфомикс Изихейлер препаратының ұсынылған ең жоғары дозасы артық кеткенін байқаса, олар дәрігерге қаралуы керек. Бронх демікпесін бақылаудың кенеттен және үдемелі нашарлауы өмір үшін қауіпті, сондықтан пациент шұғыл түрде медициналық тексерілуден өтуі тиіс. Мұндай жағдайда кортикостероидтармен емдеуді, мысалы, оральді кортикостероидтар курсын күшейту немесе, инфекция бар болса, антибиотиктермен емдеу қажеттілігін қарастыру керек.
Пациенттерге өзін құтқарушы ингаляторды – немесе Буфомикс Изихейлер препаратын (демеуші және жеңілдететін ем ретінде Буфомикс Изихейлер препаратын пайдаланатын, бронх демікпесі бар науқастар үшін), немесе тез әсер ететін жекелей бронходилататорларды (тек демеуші доза ретінде Буфомикс Изихейлер препаратын пайдаланатын барлық пациенттер үшін) өзімен бірге үнемі алып жүру қажеттілігін алдын ала ескерту керек.
Пациенттерге Буфомикс Изихейлер препаратының демеуші дозасын, тіпті симптомдар жоқ болғанның өзінде, рецептіге сәйкес қабылдауы қажет екендігін есіне салған жөн. Буфомикс Изихейлер препаратын, мысалы, дене жүктемесі алдында, профилактикалық пайдалану зерттелген жоқ. Буфомикс Изихейлер препаратымен жеңілдететін ингаляцияларды бронх демікпесінің симптомдарына жауап ретінде жасау керек, мұндай кезде ол мысалы, дене жүктемесі алдында ұдайы профилактикалық қолдануға арналмаған. Әрбір ретте пайдалану үшін тез әсер ететін жекелей бронходилататорды қарастыру керек.
Бронх демікпесінің симптомдары бақылауға алынғаннан кейін Буфомикс Изихейлер препаратының дозасын біртіндеп төмендету мәселесін қарастыру керек. Дозаны төмендету шамасын ұдайы қарап байқау маңызды. Буфомикс Изихейлер препаратының тиімді ең төмен дозасын пайдаланыңыз.
Буфомикс Изихейлер препаратымен емдеу кезінде бронх демікпесімен байланысты күрделі жағымсыз құбылыстар және өршулер туындауы мүмкін. Пациенттерге, егер бронх демікпесінің симптомдары бақыланбаса немесе, ол Буфомикс Изихейлер препаратын қабылдауды бастағаннан кейін нашарласа, емдеуді жалғастыру және дәрігерге бір мезгілде қаралу қажеттілігі туралы мәлімдеу керек.
Ингаляциялық емдеудің басқа түрлеріндегі сияқты, бронхтың әдеттен тыс түйілуінің даму қаупі бар. Осындай жағдайда дозаны қабылдап болысымен пациентте бірден қарлығу және ентігу ұлғаяды. Егер пациентте бронхтың әдеттен тыс түйілуі пайда болса, Буфомикс Изихейлер препаратын қабылдауды дереу тоқтату, пациентті тексеріп байқау және қажет болған жағдайда баламалы ем тағайындау керек. Бронхтың әдеттен тыс түйілуі тез әсер етуші ингаляциялық бронходилататорларға жауап береді және оны кідіртпей емдеу керек.
Ингаляциялық кортикостероидтарды қабылдаудың жүйелік зардаптары, атап айтқанда, жоғары дозаларды ұзақ уақытқа тағайындағанда байқалуы мүмкін. Бұл зардаптар, оральді кортикостероидтарды қабылдау зардаптарына қарағанда, айтарлықтай азырақ болуы ықтимал. Болуы мүмкін жүйелік әсерлерге Кушинг синдромы, кушингоидтық сыртқы түр, адренальді супрессия, балалар мен жасөспірімдерде бойдың өсуінің кідіруі, сүйектердің минералды тығыздығының төмендеуі, катаракта, глаукома және, едәуір сирек, психомоторлы аса жоғары белсенділікті, ұйқының бұзылуын, үрейленуді, депрессияны немесе озбырлықты қоса, (әсіресе балаларда) әртүрлі психологиялық және мінез-құлықтық ауытқулар жатады.
Көрудің бұзылулары кортикостероидтарды жүйелік және жергілікті қолданған кезде мәлімделуі мүмкін. Егер пациентте көрудің көмескіленуі немесе көрудің басқа да бұзылулары сияқты симптомдар пайда болса, катарактаны, глаукоманы немесе орталық сероздық хориоретинопатия (CSCR) сияқты жүйелік және, жергілікті кортикостероидтарды пайдаланудан кейін мәлімделген сирек ауруларды қамтуы мүмкін себептерге баға беру үшін пациент офтальмологқа жіберілуі тиіс.
Сүйектердің тығыздығына, әсіресе ұзақ уақыт бойы жоғары дозаларды қабылдап жүрген және остеопороздың даму қаупінің қатар жүретін факторлары бар пациенттерде, потенциалды ықпалын қарау керек. Ингаляциялық будесонидке жүргізілген ұзақ зерттеулер тәуліктік орташа 400 мкг дозада (өлшенген доза) немесе ересектерде тәуліктік 800 мкг дозада (өлшенген доза) сүйектердің минералды тығыздығына елеулі ықпал ететіндігін көрсеткен жоқ. Жоғары дозалардың ықпалы туралы ақпарат жоқ.
Егер алдын ала жүйелік стероидтық ем арқылы бүйрекүсті бездері қыртысының функциясы нашарлаған деп болжам жасауға негіздер бар болса, пациенттерді Буфомикс Изихейлер препаратымен емдеуге ауыстырған кезде сақ болған жөн.
Ингаляциялық будесонидпен емдеудің артықшылықтары әдетте оральді стероидтарға қажеттілікті барынша ең төменге азайтады, алайда оральді стероидтардан ауысатын пациенттердің ұзақ уақыт бойы бүйрекүсті бездері қыртысы резервінің төмендеу қаупіне ұшырауы жалғасуы мүмкін. Қалпына келуі оральді стероидтармен емдеуді тоқтатқаннан кейін көп уақыт алуы мүмкін, сондықтан оральді стероидтармен емдеуге тәуелді және ингаляциялық будесонидке ауысатын пациенттер бүйрекүсті бездері қыртысы резервінің төмендеу қаупіне ұзақ уақыт ұшырауы мүмкін. Мұндай жағдайда «гипоталамус - гипофиз – бүйрекүсті бездері қыртысының» функцияларын ұдайы бақылау керек.
Ингаляциялық кортикостероидтардың жоғары дозаларымен ұзақ уақыт емдеу бүйрекүсті бездері қыртысы функциясының клиникалық тұрғыдан едәуір бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан ауыр инфекциялар және жоспарлы операциялар сияқты күйзеліс кезеңдерінде кортикостероидтармен қосымша жүйелік ем жүргізуді қарастыру керек. Стероидтардың дозасын тез төмендету бүйрекүсті бездері қыртысы функциясының жедел жеткіліксіздігін өршітуі мүмкін. Бүйрекүсті бездері қыртысы функциясының жедел жеткіліксіздігі бар болғанда байқауға болатын симптомдар және белгілер біршама анық болмауы мүмкін, алайда оларға анорексия, іштің ауыруы, салмақтың жоғалуы, шаршау, бас ауыру, жүректің айнуы, құсу, сана деңгейінің төмендеуі, ұстамалар, гипотония және гипогликемия жатуы мүмкін.
Қосымша жүйелік стероидтармен немесе ингаляциялық будесонидпен емдеуді күрт тоқтатуға болмайды.
Оральді препараттардан Буфомикс Изихейлер препаратына ауысқан кезде стероидтардың жалпы төмен жүйелік әсері байқалады, бұл ринит, экземалар, бұлшықеттердің және буындардың ауыруы сияқты аллергиялық немесе артриттік симптомдардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда спецификалық ем жүргізуді бастау керек. Егер жекелеген жағдайларда шаршау, бас ауыру, жүректің айнуы және құсу сияқты симптомдар пайда болса, глюкокортикостероидтардың жалпы әсері жеткіліксіз деп күдіктену керек. Мұндай жағдайларда кейде оральді глюкокортикостероидтардың дозасын уақытша арттыру қажет болады.
Оральді кандидоздың даму қаупін азайту мақсатында пациенттер демеуші дозамен ингаляциядан кейін ауыз қуысын мұқият шаюы керек. Оральді кандидоз пайда болған жағдайда пациенттер ингаляциядан кейін де талапқа сай ауыз қуысын шаюы тиіс.
Итраконазолмен, ритонавирмен немесе CYP3A4 басқа күшті тежегіштерімен бір мезгілде емдеуге жол бермеу керек. Егер бұған мүмкіндік болмаса, өзара әрекеттесетін препараттарды қабылдау арасына барынша ең жоғары аралықтарды белгілеу керек.
CYP3A4 күшті тежегіштерін қолданатын пациенттер үшін демеуші және жеңілдететін ем ұсынылмайды.
β2-адренорецепторлар агонистерінің жоғары дозаларымен емдеген кезде өмір үшін потенциалды қауіпті гипокалиемия дамуы мүмкін. β2-адренорецепторлар агонистерінің ықтимал гипокалиемиялық әсері β2-адренорецепторлар агонистерін гипокалиемияны туындатуы немесе гипокалиемиялық әсерді күшейтуі мүмкін дәрілік заттармен, мысалы, ксантин туындыларымен, стероидтармен және диуретиктермен бір мезгілде емдегенде күшеюі мүмкін. Қорғайтын бронходилататорларды тұрақты пайдаланбағандықтан бронх демікпесі тұрақсыз болғанда, ауыр жедел бронх демікпесінде аса сақ болу керек, өйткені осымен байланысты қауіп гипоксиямен, сондай-ақ гипокалиемия қаупі жоғарылайтын басқа жағдайларда күшеюі мүмкін. Мұндай жағдайларда қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау ұсынылады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер
CYP3A4 күшті тежегіштері (кетоконазол, итраконазол, вориконазол, посаконазол, кларитромицин, телитромицин, нефазодон, кобицистат және АИТВ протеаза тежегіштері) қан плазмасында будесонидтің деңгейін үлкен мүмкіндікпен арттыруы мүмкін, сондықтан оларды бір мезгілде қолдануға жол бермеу керек. Егер бұған мүмкіндік болмаса, өзара әсер етуші препараттарды қабылдау арасындағы аралықтарды барынша ең жоғары етіп белгілеу керек. CYP3A4 күшті тежегіштерін қолданатын пациенттер үшін демеуші және жеңілдететін ем ұсынылмайды.
CYP3A4 күшті тежегіші кетоконазол тәулігіне бір рет 200 мг дозада қан плазмасында будесонидтің деңгейін арттырады, ол бір мезгілде орта есеппен алты рет пероральді түрде (жекелеген дозасы 3 мг) қабылданады. Кетоконазолды будесонидтен кейін 12 сағаттан соң қабылдаған кезде концентрациясы орта есеппен тек үш есе артты, бұл енгізу уақыттарын бөлу қан плазмасындағы жоғарылауды төмендетуі мүмкін екендігін айғақтайды. Ингаляциялық будесонидтің жоғары дозаларының өзара әрекеттесуі туралы шектеулі деректер тәулігіне бір рет 200 мг доза итраконазолды ингаляциялық будесонидпен (жекелеген дозасы 1000 мкг) бір мезгілде қабылдағанда қан плазмасындағы деңгейінің едәуір жоғарылайтындығын (орта есеппен төрт есе) көрсетеді.
Құрамында кобицистат бар өнімдермен бірге емдеу жүйелік жағымсыз әсерлер қаупін арттырады деп күтіледі. Бұл біріктірілімге, егер кортикостероидтардың тек пайдасы жүйелік жағымсыз әсерлерінің жоғары қаупінен басым болса ғана, жол бермеу керек, және мұндай жағдайда пациенттер жүйелік кортикостероидтардың жағымсыз әсерлерінің бар-жоқтығына қатысты бақылануы тиіс.
Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер
Бета-адреноблокаторлар формотеролдың әсерін бәсеңдетуі немесе басуы мүмкін. Сондықтан Буфомикс Изихейлер препаратын, егер оларды қолдану үшін талас тудыратын себептері жоқ болса, β-адреноблокаторлармен (соның ішінде көзге тамызатын дәрілермен) бірге қолданбау керек.
Хинидинмен, дизопирамидпен, прокаинамидпен, фенотиазиндермен, антигистаминдік препараттармен (терфенадинмен) және трициклдік антидепрессанттармен бір мезгілде емдеу QTc аралығын ұзартуы және қарыншалық аритмияның даму қаупін арттыруы мүмкін.
Бұдан басқа, леводопа, левотироксин, окситоцин және алкоголь жүректің β2-симпатомиметиктерге толеранттылығын нашарлатуы мүмкін.
МАО тежегіштерімен, соның ішінде қасиеттері ұқсас фуразолидон және прокарбазин сияқты дәрілермен бір мезгілде емдеу гипертониялық реакцияларды туындатуы мүмкін.
Галогенделген көміртектермен анестезия жүргізу аясында аритмиялардың даму қаупі ұлғаяды.
Басқа β-адренергетиктерді немесе антихолинергиялық препараттарды бір мезгілде қолдану бронхты кеңейтетін әсерін потенциалды түрде күшейтуі мүмкін.
Оймақгүл гликозидтерімен емделіп жүрген пациенттерде жүрек аритмияларына бейімділігі жоғарылауы мүмкін.
Гипокалиемия β 2-агонистерімен емдеу нәтижесінде туындауы және ксантин туындыларымен, кортикостероидтармен және диуретиктермен қатар емдеу күшейтілуі мүмкін.
Будесонидтің және формотеролдың бронх демікпесін емдеу үшін пайдаланылатын қандай да бір басқа дәрілермен өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.
Балалар
Препараттың басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулерін зерттеу ересектерде ғана берілген.
Арнайы ескертулер
Буфомикс Изихейлер препаратын тиреотоксикозы, феохромацитомасы, қант диабеті, емделмеген гипокалиемиясы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатиясы, қолқаның идиопатиялық клапан асты стенозы, ауыр гипертензиясы, аневризмасы немесе жүрек-қантамырлық басқа да жүректің ишемиялық ауруы, тахиаритмия және жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі сияқты ауыр бұзылыстары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
QTc аралығы ұзарған пациенттерді емдеген кезде сақтық таныту керек. Формотерол QTc аралығының ұзаруын туындатуы мүмкін.
Өкпе туберкулезінің белсенді немесе белсенді емес түрлері, тыныс алу жолдарында зеңдік және вирустық инфекциялары бар пациенттерде ингаляциялық кортикостероидтардың қажеттілігіне және дозасына қайталап баға беру керек.
β2-адренорецепторлардың барлық агонистері сияқты, қант диабеті бар науқастарда қандағы глюкоза концентрациясына қосымша бақылау жүргізу ұсынылады.
Педиатрияда қолданылуы
Ингаляциялық кортикостероидтармен ұзақ ем қабылдап жүрген балалардың бойының өсуін ұдайы өлшеу ұсынылады. Егер бойдың өсуі баяуласа, ингаляциялық кортикостероидтың дозасын, мүмкіндігінше, бронх демікпесінің барысын тиімді бақылануын қамтамасыз ету үшін ең төменге азайту мақсатында, емдеу сызбасын қайта қарау керек. Кортикостероидтармен емдеудің артықшылықтарын және бойдың өсуін бәсеңдететін ықтимал қауіпті мұқият екшеу керек. Бұдан басқа, пациентті педиатр-пульмонологқа жіберу қажет.
Ұзақ емдеудің шектеулі деректері ингаляциялық будесонидпен емделуден өткен көптеген балалар мен жасөспірімдер ақырында ересек жастағы бойдың мақсаттық өсуіне қол жеткізгенін айғақтайды. Мұндайда бастапқыда бойдың өсуі (шамамен 1 см-ге) уақытша төмендегені байқалды. Көпшілігінде ол емдеудің алғашқы жылы ішінде болады.
Жүктілік
Буфомикс Изихейлер препараты үшін немесе формотеролмен және будесонидпен бір мезгілде емдеудің жүктілікке ықпал етуі туралы клиникалық деректер жоқ. Егеуқұйрықтарда эмбрион-шарананың дамуын зерттеу деректері біріктірілімнің ешқандай қосымша әсерін көрсеткен жоқ.
Жүкті әйелдерде формотеролды пайдалану туралы жеткілікті деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде формотерол жүйелік әсер етудің өте жоғары деңгейлерінде ұрпақ өрбіту жүйесіне ықпалына жүргізілген зерттеулерде жағымсыз әсерлерді туындатты.
Жүктіліктің шамамен 2000 зерттелген жағдайларының деректері ингаляциялық будесонидті пайдаланумен байланысты тератогендік қауіптің жоғарылауын көрсеткен жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде ГКС-тің даму қаупін туындатқаны көрсетілді. Бұл ұсынылған дозаларды қабылдап жүрген адамдарға қатысты болмауы ықтимал.
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде тератогендік дозалар ауқымынан төмен концентрацияларда перинатальді глюкокортикоидтардың шамадан тыс мөлшерінің бойдың өсуінің жатырішілік кідіруіне, ересектерде жүрек-қантамырлық ауруларға, глюкокортикоидтар рецепторлары тығыздығының қайтымсыз өзгеруіне, нейромедиаторлардың айналымына және мінез-құлыққа ықпалы байқалды.
Жүктілік кезінде Буфомикс Изихейлер препаратын, егер күтілетін пайдасы потенциалды қаупінен басым болса ғана, қолдану керек. Бронх демікпесін талапқа сай бақылауды демеу үшін будесонидтің тиімді ең төмен дозасын пайдалану керек.
Лактация кезеңі
Будесонид емшек сүтіне өтеді. Алайда емдік дозаларда емшек еміп жүрген нәрестеге ешқандай да ықпалы күтілмейді. Формотеролдың емшек сүтіне өтетіні-өтпейтіні белгісіз. Егеуқұйрықтардың аналық сүтінде формотеролдың аздаған мөлшері табылды. Буфомикс Изихейлер препаратын емшек емізетін әйелдердің қабылдауын, егер ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қаупінен басым болғанда ғана, қарастыру керек.
Фертильділік
Будесонидтің фертильділікке потенциалды ықпалына қолжетімді деректер жоқ. Жануарларға формотеролмен жүргізілген репродукциялық зерттеулер жоғары жүйелік экспозицияда егеуқұйрықтардың еркектерінде фертильділіктің біршама төмендегенін көрсетті.
Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқару немесе машинаны пайдалану қабілетіне Буфомикс Изихейлер препаратының ешқандай да ықпалы жоқ немесе осы ықпалына мән бермеуге болады.
Қосымша заттарға қатысты айрықша нұсқаулар
Буфомикс Изихейлер препаратының бір ингаляциясында шамамен 4 мг лактоза бар. Әдетте мұндай мөлшер лактоза жақпаушылығынан зардап шегіп жүрген адамдарда қиындық туындатпайды. Қосымша зат лактоза құрамында сүт ақуыздарының аздаған мөлшері бар, олар аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Бронх демікпесі
Буфомикс Изихейлер бронх демікпесінің бастапқы еміне арналмаған. Буфомикс Изихейлер препаратының компоненттері әр адамға жекелей дозаланады және оны аурудың ауырлығына қарай түзету керек. Мұны препарат біріктірілімімен емдеуді бастағанда ғана емес, сонымен қатар демеуші дозаны түзеткенде де ескеру керек. Егер жеке пациент ингалятордағы біріктірілімнен айырмашылықтары бар дозалар біріктірілімін керек етсе, жекелеген ингаляторлардағы β2-адренорецепторлар агонистерінің және/немесе кортикостероидтардың тиісті дозаларын жазып беру керек.
Дозаны ең төмен дозаға дейін титрлеу керек, мұндайда симптомдарды тиімді бақылау қамтамасыз етіледі. Препаратты дәрігер жазып берген Буфомикс Изихейлер дозасы тиімді болуы үшін пациент медицина маманынан ұдайы тексерілуден өтуі тиіс. Ұсынылатын ең төмен доза симптомдарды ұзақ уақыт бақылауға мүмкіндік берсе, келесі адым тек бір ғана ингаляциялық кортикостероидты сынауды қамтуы мүмкін.
Буфомикс Изихейлер препараты үшін емдеудің екі нұсқасы бар:
А. Демеуші ем: Буфомикс Изихейлер препаратын құтқарушы зат ретінде тез әсер ететін жекелей бронходилатормен ұдайы демеуші ем түрінде қабылдайды.
В. Демеуші және жеңілдететін ем: Буфомикс Изихейлер препаратын ұдайы демеуші ем түрінде және симптомдардың пайда болуына жауап беру қажеттілігіне қарай қабылдайды.
А. Демеуші ем. Пациенттерге құтқаруға қолдану үшін тез әсер ететін жекелей бронходилататордың өзінде болуына кеңес беру керек.
Ұсынылатын дозалар:
Ересектер (18 жас және одан үлкен): тәулігіне екі рет 1-2 ингаляция. Кейбір пациенттерге тәулігіне екі рет 4 ингаляция (ең жоғары доза) қажет болуы мүмкін.
Жасөспірімдер (12–17 жас): тәулігіне екі рет 1-2 ингаляция.
Балалар (6 жас және одан үлкен): тәулігіне екі рет 2 ингаляция.
Әдеттегі іс тәжірибеде, тәулігіне екі реттік режимде симптомдарды бақылауға қол жеткізген жағдайда, тиімді ең төмен дозаға дейін титрлеу Буфомикс Изихейлер препаратын тәулігіне бір рет қолдануды қамтуы мүмкін, препаратты жазып берген медицина маманының пікірі бойынша, бақылауды демеу үшін ұзақ әсер ететін бронходилататор керек болады.
Тез әсер ететін жекелей бронходилататорды пайдаланудың өсуі негізгі аурудың нашарлағанын айғақтайды және бронх демікпесін емдеуді қайта қарау қажеттілігін көрсетеді.
6 жасқа дейінгі балалар: шектеулі ғана деректер бар болғандықтан, Буфомикс Изихейлер 80 мкг / 4,5 мкг препараты 6 жастан кіші балалар үшін ұсынылмайды.
В. Демеуші және жеңілдететін ем
Пациенттер Буфомикс Изихейлер препаратының күндізгі демеуші дозасын қабылдайды және симптомдардың пайда болуына жауап беру қажеттілігіне қарай қосымша Буфомикс Изихейлер препаратын қолданады. Пациенттерге құтқарушы зат ретінде Буфомикс Изихейлер препараты өзінде үнемі болу қажеттілігі туралы алдын ала ескерту керек.
Демеуші және жеңілдететін емді әсіресе мына пациенттерде қарастыру керек:
• талапқа сай бақылауға қол жеткізе алмаған және жеңілдететін дәрілерді жиі қажет ететіндерде
• бұрын медициналық араласымды қажет ететін бронх демікпесінің өршулері болғандарда.
Буфомикс Изихейлер препаратымен ингаляция санын қажеттілік бойынша көбірек жасайтын пациенттерде дозамен байланысты жағымсыз әсерлерді мұқият бақылау керек.
Ұсынылатын дозалар:
Ересектер және жасөспірімдер (12 жас және одан үлкен): ұсынылатын демеуші доза тәулігіне таңертең және кешке бір ингаляция ретінде немесе таңертең немесе кешке екі ингаляция ретінде қолданылатын 2 ингаляцияны құрайды. Пациенттер симптомдардың пайда болуына жауап беру қажеттілігіне қарай қосымша 1 ингаляция жасауы тиіс. Егер симптомдар бірнеше минуттан соң жоғалмаса, тағы да бір ингаляция жасау керек. Әрбір жекелеген жағдайда 6 ингаляциядан асырмай жасауға жол беріледі.
Жалпы тәуліктік 8 ингаляциядан артық доза әдетте қажет болмайды, алайда шектеулі кезең ішінде 12 ингаляцияға дейін жалпы тәуліктік доза пайдаланылуы мүмкін. Тәулігіне 8 ингаляциядан көбірек жасалатын пациенттерге дәрігерге қаралу табанды түрде ұсынылады.
Оларға қайтадан тексеру жүргізу және демеуші ем қолдануды қарастыру керек.
12 жасқа дейінгі балалар: балалар үшін демеуші және жеңілдететін ем ұсынылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары:
Егде жастағы пациенттер үшін дозалауға ерекше талаптар жоқ. Буфомикс Изихейлер препаратын бауыр немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану туралы деректер жоқ. Будесонид және формотерол көбіне организмнен бауыр метаболизмі арқылы шығарылатын болғандықтан, бауыр циррозының ауыр дәрежесі бар науқастарда әсерінің жоғарылайтынын күтуге болады.
Енгізу әдісі және жолы
Ингаляциялық
Буфомикс Изихейлер препаратын тиісінше пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Ингалятор деммен тартылатын ауа ағынымен басқарылады. Бұл пациент ауаны мундштук арқылы деммен алған кезде, зат тыныс алу жолдарына деммен тартылатын ауамен бірге түсетіндігін білдіреді.
Ескертпе: Пациенттің келесі жайттарға көңіл бөлуі маңызды:
- Әрбір Буфомикс Изихейлер препаратымен бірге қаптамаға салынған, пациентке арналған ақпараты бар қосымша парақтағы пайдалану жөніндегі нұсқаулармен мұқият танысып шығу керек.
- Әрбір ингаляция алдында құрылғыны сілкілеу және оны іске қосу керек.
- Заттың оңтайлы дозасының өкпеге түсуін қамтамасыз ету үшін, оны мундштук арқылы деммен барынша белсенді түрде және терең тарту керек.
- Мундштук арқылы дем шығармау керек, өйткені бұл жеткізілетін дозаның төмендеуіне әкеледі. Егер бұл бәрібір орын алған болса, мундштуктен ұнтақты шығару үшін ингаляторды столдың бетіне немесе алақанға қойып жай ұрғылау қажет, содан кейін препаратты қабылдау процедурасын қайталау керек.
- Құрылымды ұнтақ ингаляциясынсыз бір реттен артық іске қосуға болмайды. Егер бұл бәрібір орын алған болса, пациент мундштуктен ұнтақты шығару үшін ингаляторды столдың бетіне немесе алақанға қойып жай ұрғылау қажет, содан кейін препаратты қабылдау процедурасын қайталау керек.
- Құрылымнан ұнтақтың кездейсоқ шашылуына (ол артық дозалануға немесе кейін пайдаланғанда ингаляцияда препараттың жеткіліксіз болуына әкелуі мүмкін) жол бермеу үшін, ингаляторды пайдаланып болғаннан кейін шаңнан қорғайтын қалпақшаны әрдайым орнына қою керек (егер ол пайдаланылатын болса, қорғаныш қақпағын жабу керек).
- Тағайындалған дозамен ингаляциядан кейін, ауыз қуысы кандидозының даму қаупін барынша ең төменге жеткізу үшін, ауызды шаю керек. Егер ауыз қуысының кандидозы пайда болса, пациенттер ингаляциядан кейін ауызды қажетінше сумен шаюы тиіс.
- Мундштукті ұдайы құрғақ шүберекпен тазалап отыру керек. Тазарту үшін суды пайдалануға болмайды, өйткен ұнтақ ылғал сіңіргіш.
- Буфомикс Изихейлер ингаляторын, есептеуіште нөл саны пайда болған кезде, тіпті құрылым ішінде әлі де ұнтақтың белгілі бір мөлшері бар екені көрініп тұрса да, алмастыру керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет шаралар
Симптомдары: Формотеролмен артық дозалану үлкен ықтималдылықпен әдетте β2-адренорецепторлары агонистері артық дозаланған кезде қатар байқалатын симптомдармен: тремормен, бас ауырумен, жүрек қағысының жиілеуімен қоса жүреді. Жекелеген жағдайларда тахикардия, гипергликемия, гипокалиемия, QTc аралығының ұзаруы, аритмия, жүректің айнуы және құсу сияқты симптомдар туралы мәлімделді. Бронхиальді обструкциясы бар пациенттерде үш сағат ішінде қабылданған 90 мкг доза қауіпсіздік проблемаларын туындатқан жоқ.
Будесонид қатты артық дозаланған жағдайда, тіпті шамадан тым тыс дозаларда, клиникалық проблемалар күтілмейді. Шамадан тыс дозаларды ұзақ пайдаланған жағдайда гиперкортицизм және бүйрекүсті бездері қыртыстары функциясының басылуы сияқты глюкокортикостероидтық әсерлер пайда болуы мүмкін.
Егер Буфомикс Изихейлер препаратымен емдеуді дәрілік заттың формотеролдық компонентінің артық дозалануына байланысты тоқтату керек болса, ингаляциялық кортикостероидтармен тиісінше емдеуді қамтамасыз етуді қарастыру керек.
Емі: Демеуші және симптоматикалық ем қолданылуы мүмкін.
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевтіге барыңыз.
Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Буфомикс Изихейлер препаратының құрамында будесонид те, сонымен қатар формотерол да бар болғандықтан, осы екі зат үшін тән жағымсыз әсерлердің жиынтығы болуы мүмкін. Екі қосылысты бір мезгілде қабылдағаннан кейін жағымсыз реакциялар жиілігінің жоғарылағаны байқалған жоқ. Көбіне дәрілік затпен байланысты жағымсыз құбылыстар фармакологиялық тұрғыдан болжамды жағымсыз, тремор және жүрек қағысының жиілеуі сияқты β2-агонисттерімен сәйкес келеді, әдетте болар-болмас болады және бірнеше күннен кейін жоғалады.
Төменде будесонидпен немесе формотеролмен қатысы бар жағымсыз реакциялар ағзалар жүйесінің класы және байқалу жиілігі бойынша берілген. Жиілік санаттары келесі шартты белгілерге сәйкес белгіленеді: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000).
Жиілік санаттары келесі шартты белгілерге сәйкес белгіленеді: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000).
Жиі (пациенттердің шамамен 1%-нан көбінде, бірақ 10%-нан азында кездеседі):
- бас ауыру
- жүрек қағысының жиілеуі
- тремор
- орофарингеальді кандидоз
- жөтел, сырылдар, тамақтың жеңіл тітіркенуі
Жиі емес (пациенттердің шамамен 0,1%-нан көбінде, бірақ 1%-нан азында кездеседі):
- тахикардия
- жүректің айнуы
- бұлшықет құрысулары
- агрессия, психомоторлы аса жоғары белсенділік, үрейлену, ұйқының бұзылуы
- қанталаулар
- бас айналу
-көрудің көмескіленуі
Сирек (пациенттердің шамамен 0,01%-дан көбінде, бірақ 0,1%-дан азында кездеседі):
- бөртпе, есекжем, қышыну, дерматит, ангионевроздық ісіну және анафилаксиялық реакция сияқты жоғары сезімталдықтың жылдам немесе баяу реакциялары
- бронхтың әдеттен тыс түйілуі
- гипокалиемия
- аритмия, соның ішінде жүрекшелердің фибрилляциясы, суправентрикулярлық тахикардия, экстрасистолия
Өте сирек (пациенттердің шамамен 0,001%-дан көбінде, бірақ 0,01%-дан азында кездеседі):
- гипергликемия
- синдром Кушинг синдромы, бүйрекүсті бездері қыртысы функциясының бәсеңдеуі, сүйектің минералды тығыздығының төмендеуі
- катаракта, глаукома
- депрессия, мінез-құлықтың өзгеруі (көбіне балаларда)
- дәмнің бұзылулары
- стенокардия, QTс аралығының ұзаруы, артериялық қысымның құбылулары.
Дәрілік заттардың шөгуінен туындаған орофарингеальді кандидоз. Әрбір дозадан кейін қауіпті барынша азайту үшін пациентке ауыз қуысын сумен шаюға кеңес беру керек. Орофарингеальді кандидоз әдетте ингаляциялық кортикостероидтарды тоқтату қажеттілігінсіз зеңге қарсы жергілікті емге жауап береді.
Ингаляциялық емдеудің басқа түрлеріндегі сияқты, сирек жағдайларда бронхтың әдеттен тыс түйілуі дамуы мүмкін, ол 10 000-нан 1-уін зақымдайды. Мұндай жағдайда пациентте дозаны қабылдау бойына бірден қарлығу және ентігу ұлғаяды. Бронхтың әдеттен тыс түйілуі тез әсер ететін бронходилататорларға жауап береді, және оны кідіртпей емдеу керек. Буфомикс Изихейлер препаратын қабылдауды дереу тоқтату, пациенттерді тексеріп қарау және қажет болса, баламалы ем тағайындау керек.
Ингаляциялық кортикостероидтарды қабылдаудың жүйелік зардаптары, атап айтқанда, жоғары дозаларды ұзақ уақытқа тағайындағанда, байқалуы мүмкін. Бұл зардаптар оральді кортикостероидтарды қабылдау салдарларына қарағанда азырақ ықтимал. Болуы мүмкін жүйелік әсерлерге Кушинг синдромы, кушингоидты келбет, адренальді супрессия, балалар мен жасөспірімдерде бой өсуінің кідіруі, сүйектердің минералды тығыздығының төмендеуі, катаракта, глаукома жатады. Инфекцияларға сезімталдықтың жоғарылауы және күйзеліске бейімделу қабілетінің нашарлауы байқалуы мүмкін. Бұл әсерлер, сірә, дозаға, әсер ету уақытына, стероидтарды бір мезгілде немесе алдын ала қабылдауға және жекелей сезімталдыққа байланысты.
β2-агонистерімен емдеу инсулиннің, бос май қышқылдарының, глицериннің және қандағы кетондық денелердің деңгейлерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Балалар
Ингаляциялық кортикостероидтармен ұзақ ем қабылдап жүрген балаларда бойдың өсуін ұдайы бақылау ұсынылады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 ингаляция (мундштуктен шығарылатын доза) құрамында
белсенді заттар - будесонид - 80 мкг
формотерол фумараты дигидраты – 4,5 мкг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Құрамында дисперсияланбайтын агломераттары жоқ, ақ немесе сарғыш реңді ақ ұнтақ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ламинацияланған пакетте қорғаныш қалпақшасы бар ингаляторда 60 дозадан немесе 120 дозадан.
Ламинацияланған 1 пакет және ингаляторға арналған қорғаныш контейнер медициналық қолданылуы жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Ламинацияланған пакетте қорғаныш қалпақшасы бар ингаляторда 60 немесе 120 дозадан.
Ламинацияланған 1 пакет медициналық қолданылуы жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Ламинацияланған пакетті ашқаннан кейін 4 ай ішінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
Орион Корпорейшн
Орионинтие 1, 02200 Эспоо, Финляндия
Tel:+358104262033
Fax +358-(0)10-6118865
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Орион Корпорейшн
Орионинтие 1, 02200 Эспоо, Финляндия
Tel:+358104262033
Fax +358-(0)10-6118865
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«ORION PHARMA EAST (ОРИОН ФАРМА ИСТ)» ЖШС
050000, Алматы қ., Төле би к-сі, 69 үй, 19кеңсе
Тел.: 8 (727) 272-61-10, 272-61-11
Факс: 8(727) 272-62-09
Электронды поштасы: assel.alshynbayeva@orionpharma.com