Бронхостоп® Капли

МНН: Гвайфенезин, Тимьяна обыкновенного травы экстракт
Производитель: Квизда Фарма ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020029
Информация о регистрации в РК: 25.07.2013 - 25.07.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Бронхостоп® Тамшылары

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар, 50 мл

Құрамы

100 г препараттың құрамында:

белсенді заттар – 25.00 г жебіршөптің сұйық сығындысы,

5.00 г гвайфенезин,

қосымша заттар: тармақты анис майы, кристалданбайтын сорбиттің 70 % ерітіндісі (Е 420), 96 % этанол, тазартылған су, дәріханалық түймедақ гүлдерінің сұйық сығындысы.

құрамы

(1 : 2.35 : 18.82 : 38.76).

Дәріханалық түймедақ гүлдерінің сұйық сығындысы (жебіршөп мөлшеріне арақатынасы 1 : 4) жебіршөптің сұйық сығындысын өндіру үдерісінде хош иістендіргіш ретінде пайдаланылады.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию және жөтел симптомдарын жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.

АТХ коды R05CА10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гвайфенезин ішу арқылы қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан жылдам (15–30 минуттан кейін) сіңеді. Плазма ақуыздарымен байланысуы орташа алғанда 37% құрайды. Гвайфенезин метаболизмі негізінен бауырда жүреді, негізгі метаболиті β-(2-метоксифенокси) сүт қышқылы болып табылады. Гвайфенезиннің қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1 сағатты құрайды. Гвайфенезин метаболиттер түрінде бүйрекпен жылдам және толық дерлік шығарылады.

Фармакодинамикасы

Бронхостоп® Тамшылары – қақырық түсіретін, муколитикалық, бронхолитикалық әсері бар біріктірілген препарат.

Жебіршөптің сұйық сығындысы құрамындағы эфир майының қақырық түсіретін қасиеттері бар, қақырықты сұйылтады, секреторлық бөліністер мөлшерін ұлғайтады, оның шығарылуын және қақырық түсуін жеңілдетеді. Микробтарға қарсы әсерінің нәтижесінде жебіршөптің эфир майлары бактериялардың өсуі мен көбеюін басады.

Гвайфенезин тұтқыр бронх шырышын сұйылтады, сонысымен қақырық түсіруді жеңілдетеді, және де тамақтағы тітіркену сезімін азайтады. Жөтелдің өнімсізден өнімдіге ауысуына ықпал етеді. Бұған қоса, гвайфенезин бронхолитикалық әсерін қамтамасыз ете отырып, бронх бұлшықеттерін босаңсытады.

Қолданылуы

- қақырығы қиын шығарылатын жөтелмен қатар жүретін жоғарғы тыныс алу жолдарының қабыну ауруларын кешенді емдеуде қақырық түсіретін дәрі ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішуге арналған.

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға: 20 тамшыдан тәулігіне 3-5 рет. 1 мл құрамында шамамен 30 тамшы болады.

Қолданар алдында препаратты сұйықтықпен (шай, жеміс шырыны) араластыру ұсынылады. Емдеу ұзақтығы 5 күннен аспайды, егер ауру симптомдары қайтпаса, дәрігермен кеңесу керек.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі әдетте былайша жіктеледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 - >1/10), жиі емес (≥1/1000 - <1/100), сирек (≥1/10 000 - <1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (туындау жиілігі қолдағы деректер негізінде бағалана алмайды).

Сирек

- асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар (мысалы, асқазанның ауыруы)

Өте сирек

- жүрек айнуы, құсу

- жоғары сезімталдық реакциялары (брадикардиямен, бронхтың түйілуімен, тыныс алудың қиындауымен)

- шаршау, бас айналу, бағдарсыздық, реакцияның төмендеуі

- аллергиялық реакциялар (мысалы, қызару және қышыну)

- гранулоцитопения.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- асқазан-ішек жолы тарапынан ауыр бұзылулар

- фруктозаны көтере алмаушылық

- 12 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бронхостоп® Тамшыларын жөтелге қарсы басқа препараттармен бір мезгілде қолданбаған жөн, өйткені бұл жөтел рефлексі бәсеңдеуінен шырыштың жиналуын туындатуы, осылайша бронхтың бітелу және респираторлық жұқпалардың даму қаупін арттыруы ықтимал.

Салицилаттармен, фенилбутазонмен немесе оксифенбутазонмен бір мезгілде қолданғанда осы препарат құрамындағы гвайфенезин асқазаннның тітіркену әсерін күшейтуі мүмкін.

Бронхостоп® Тамшыларын алкогольмен немесе орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттармен бір мезгілде қолданбаған жөн.

Тыныштандыратын препараттармен және миорелаксанттармен бір уақытта қолданған кезде соңғыларының фармакологиялық әсері күшейеді.

Айрықша нұсқаулар

Егер респираторлық аурулар тыныс алудың қиындауы, қызба немесе іріңді қақырықпен қатар жүретін болса, дәрігерге көріну керек.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары немесе бронх түйілуі туындаған жағдайда емдеуді дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.

Препаратты асқазан-ішек бұзылыстары, миастения, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, эпилепсиясы бар емделушілерге қолданғанда сақтық танытқан жөн.

Гвайфенезиннің метаболиті 5-гидроксииндолилсірке қышқылы мен ванилилминдаль қышқылына зертханалық талдаулардың жалғаноң нәтижелеріне әкелуі мүмкін.

Бронхостоп® Тамшылары құрамында сорбит бар. Сирек туа біткен фруктозаны көтере алмаушылығы бар емделушілерге бұл препаратты қолдануға болмайды.

1 мл препараттың құрамында 170 мг этанол бар, сондықтан препаратты алкогольге тәуелділігі бар адамдарда қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Клиникалық деректер болмағандықтан жүктілік кезінде немесе бала емізу кезеңінде Бронхостоп® Тамшыларын қабылдауға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бұл дәрілік заттың құрамындағы спирттің мөлшері көлік құралдарын басқару немесе әр түрлі механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Артық дозалануы

Препаратты дозалау тәртібін қатаң ұстанған жөн.

Симптомдары: артық ауыр дозалану жағдайында асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылыстар (жүрек айнуы, құсу), неврологиялық симптомдар, сондай-ақ бұлшықет әлсіздігі және тахикардия пайда болуы мүмкін.

Тәулігіне 50 мл препаратқа сәйкес 20 г сорбиттен артық қолдану іш жүргізетін әсерін туындатуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын, полиэтиленнен дайындалған бұрандалы қақпағы бар қоңыр шыны тамшылатқыш-құтыда. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Квизда Фарма ГмбХ,

Эффингергассе 21, 1160, Вена, Австрия

Тіркеу куәлігінің иесі

Квизда Фарма ГмбХ,

Эффингергассе 21, 1160, Вена, Австрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Дельта Медикел Промоушнз АГ (Швейцария) өкілдігі

050040, Алматы қ., Бостандық ауданы, Байзақов к-сі, 280 үй

Tел./факс +7 (727) 332 20 79 Электронды пошта: PVG@deltamedical.com.ua

 

 

 

Прикрепленные файлы

528271211477976858_ru.doc 80 кб
572501461477978017_kz.doc 61 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники