Бронхикум® С (сироп)

МНН: Тимьяна обыкновенного травы экстракт
Производитель: А.Наттерманн энд Сие ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Отхаркивающие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019584
Информация о регистрации в РК: 22.11.2022 - 22.11.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Бронхикум® С

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 мл шәрбат

Құрамы

100 мл шәрбаттың құрамында

белсенді зат - жебіршөп шөбінің сұйық сығындысы - 15 г (1:2-2.5) (экстрагент: 10 % аммиак ерітіндісі – глицерин 85 % - этанол 90 %– тазартылған су (1:20:70:109)),

қосымша заттар: раушан майы, бал хош иістендіргіші, натрий бензоаты, концентрацияланған шие шырыны, инвертті шәрбат 74/95, сұйық декстроза (сұйық глюкоза), сахароза ерітіндісі 67%, лимон қышқылының моногидраты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдірден сәл бұлыңғырға дейінгі қызғылдау-қоңыр ерітінді (жарамдылық мерзімінің соңына қарай сілкіген кезде еріп кететін шөгінді болуына жол беріледі).

 

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдары және жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар

АТХ коды R05CА

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың қақырық түсіретін, түйілуді басатын және бактерияға қарсы әсері бар.

Қақырық түсіретін әсері асқазанның шырышты қабығында кезбе жүйкенің рефлекторлы ынталануы және өкпе экскретімен резорбциядан кейін серозды без жасушаларының тікелей көтермеленуі салдарынан бронх эпителийі цилиарлы белсенділігінің күшеюіне негізделген.

Жебіршөп шөбінің сұйық сығындысы түйілуді басатын әсерге ие.

Қолданылуы

Бронхикум® С шәрбаты тыныс алу жолдары шырышты қабықтарының қабынуы кезінде қолдануға арналған өсімдіктен алынған дәрілік препарат болып табылады.

Бронхикум® С шәрбаты суық тию салдарынан тұтқыр шырыш түзілуімен қатар жүретін тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында, жедел бронхит симптомдарын жеңілдету үшін қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

1-ден 4 жасқа дейінгі балаларға (шамамен 8-15 кг): 5 мл-ден тәулігіне 3 рет. Жалпы тәуліктік дозасы 15 мл.

5-тен 12 жасқа дейінгі балаларға (шамамен 19-43 кг): 7,5 мл-ден тәулігіне 3 рет. Жалпы тәуліктік дозасы 22,5 мл.

13 жасар балалардан бастап, жасөспірімдерге және ересектерге: 10 мл-ден тәулігіне 3 рет. Жалпы тәуліктік дозасы 30 мл.

Мүмкіндігінше, қабылдаулар арасындағы тұрақты аралықты сақтай отырып, күні бойына бөліп қабылдау керек. Қолданар алдында сілку керек. Орташа емдеу курсы 10-14 күнді құрайды. Дәрігердің ұсынымы бойынша қайталау курсын жүргізуге және оны ұзартуға болады.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

- ентігу, тері бөртпесі, есекжем сияқты аллергиялық реакциялар, сондай-ақ Квинке ісінуі.

Осы жағымсыз реакциялардың қандай да бірі пайда болған жағдайда препарат қабылдауды тоқтатып, бұл туралы дереу емдеуші дәрігерге хабарлау қажет.

Егер жағымсыз реакциялардың қандай да бірі қиындай бастаса, немесе осы нұсқаулықта айтылмаған қандай болсын жағымсыз әсерлері біліне бастаса, бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлау қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жебіршөпке немесе басқа да ерін гүлдес өсімдіктерге (lamiaceae) немесе басқа препарат компоненттерінің қайсы біріне белгілі жоғары сезімталдық

- сирек тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, глюкоза мен галактоза сіңуінің бұзылуы немесе сахароза және изомальтаза жеткіліксіздігі бар науқастар

- 1 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Егер бір аптадан аса шағымданып жүрсе немесе ентігу, жоғары температура немесе іріңді не қанды қақырық болған жағдайда науқастар тез арада дәрігерге қаралуы қажет.

Препарат құрамында жалпы алкоголь 4,9 %. 10 мл шәрбаттың құрамында 0,6 НБ (нан бірлігі) бар. Бұл деректі қант диабеті бар науқастарға қатысты жағдайда ескеру қажет.

Шәрбатты 1 жастан кіші балаларға қолдану жөнінде жеткілікті ақпарат жоқ. Осы себепті препаратты 1 жастан кіші балаларға тағайындамаған дұрыс.

Жүктілік және лактация

Жебіршөпті дәрілік препарат ретінде және тамақ өнімдерінде кеңінен қолдану барысында жүкті және емшек емізетін әйелдер үшін қатері туралы хабарланбаған. Алайда, бұл популяцияда жаңа клиникалық зерттеулердің нәтижелері жоқ. Демек, мұндай жағдайларда Бронхикум® С шәрбатын қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бронхикум® С шәрбаты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Жебіршөппен немесе оның сығындыларымен кездейсоқ артық дозаланудан кейінгі уыттану симптомдары белгісіз.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл-ден бұралып кигізілетін пластмасса қалпақшасы бар түссіз шыныдан жасалған құтыда. Құты қақпағына қосымша пластмасса өлшеуіш-стақан орналастырылған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құты ашылғаннан кейін жөтелге қарсы шәрбат 25 °С-ден аспайтын температурада сақталған жағдайда 6 ай бойына қабылдауға болады

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

А. Наттерманн энд Сие ГмбХ

Орналасқан мекенжайы: Nattermannallee 1, D-50829 Koln, Germany

Тіркеу куәлігінің иесі

Санофи, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050016, Алматы, Қонаев к-сі 21Б

телефон: 8-727-244-50-96

факс: 8-727-258-25-96

e-mail: quality.info@sanofi.com

 

Прикрепленные файлы

345234791477976970_ru.doc 51.5 кб
636499571477978133_kz.doc 60 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники