Бронхалис-Хеель

Производитель: Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018180
Информация о регистрации в РК: 16.09.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

БРОНХАЛИС-ХЕЕЛЬ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетка құрамында

белсенді заттар:

Atropa bella-donna D4

30.0 мг

Bryonia D4

60.0 мг

Hyoscyamus niger D4

60.0 мг

Kalium stibyltartaricum D4

30.0 мг

Kreosotum D5

30.0 мг

Lobelia inflatа D4

30.0 мг

Lobaria pulmonaria D4

30.0 мг

Psychotria ipecacuanha D4

30.0 мг

қосымша зат: магний стеараты.

Сипаттамасы

Ақтан сарғыш-аққа дейінгі, дөңгелек пішінді, жалпақ бетті, ойығы бар, креозот иісі бар таблеткалар. Сақтағанда уақыт өте келе иіссіз болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдарын жоюға арналған басқа да біріктірілген препараттар.

АТХ коды R05X

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкіндігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Бронхалис-Хеель – гомеопатиялық препарат, қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, бронхолитикалық, жөтелге қарсы, иммун модуляциялаушы әсері бар.

Препарат әсері организмнің қорғаныс күшін белсенділендіруге және препарат құрамына кіретін өсімдік және минерал текті заттар есебінен бұзылған функцияларды қалыпқа түсіруге негізделген.

Қолданылуы

- темекі шегетіндердегі катаральді бронхитті қоса алғандағы жедел және созылмалы бронхитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Бір реттік доза: ересектер мен балаларға 6 жастан бастап - 1 таблетка тіл астына сублингвальді (толық сорылғанға дейін), 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларда– таблетканың ½ ұнтақталып ұнтақ түрінде, 1 шай қасық суға ерітіледі. Күніне 3 рет тамақ алдында 15-20 минут бұрын немесе тамақтан кейін 1 сағаттан соң қабылдау.

Ауру жедел басталған жағдайда бір реттік дозаны әрбір 15 минут сайын 2 сағат бойы қабылдау керек. Одан әрі қарай күніне 3 рет қабылдауға көшу керек.

Емдеу курсы – 2-4 апта.

Дәрігер қабылдау жиілігін күніне 1-2 ретке дейін азайта алады, қажет болғанда емдеу курсын 2-3 аптадан кейін қайталайды.

Жағымсыз әсерлері

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық салдарынан аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне ас жоғары сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат басқа дәрілік заттармен үйлесімді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты өндіріс үдерісінде лактоза пайдаланылады, сондықтан лактозаны көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге препаратты қолдануға болмайды.

Педиатрияда қолданылуы

3 жасқа дейінгі балаларға осы препаратты пайдалану тәжірибесінің жеткілікті мақұлданған құжат жоқ, сондықтан осы жас тобындағы балаларға препаратты қолданбау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Алдын ала дәрігер кеңесінен кейін ғана қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайы туралы сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полипропиленнен жасалған тығын-қақпақты полипропилен контейнерге 50 таблеткадан салынған.

1 контейнерден медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 9 °С-ден 29 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия.

Тіркеу куәлігінің иесі

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия.

Қазақстан Республикасы аумағында: тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«AEM Services» ЖШС

050040, ҚР, Алматы қ-сы, әл-Фараби д-лы, 75А үй, 102-103 кеңсе

aemservices@mail.ru

+7 707 798 83 83

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

131113981477976122_ru.doc 47 кб
254022551477977451_kz.doc 52.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники